«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге Тараптар деп аталатын, «Қазақстан темір жолы»



бет2/8
Дата19.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#147984
1   2   3   4   5   6   7   8

ІV бөлім. Еңбекті қорғау

10. Жұмыс беруші:

1) еңбекті қорғау шарттарын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге:

а) жұмыс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға жыл сайын мақсатты түрде арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке қорғану құралдары (дәрі-дәрмек немесе алғашқы медициналық көмек қобдишалары, емдік-профилактикалық тамақ – сүт, шырындар, жуғыш заттар) шығындарын есептемегенде, еңбекақы төлеу қорынан кем дегенде 1 пайыз мөлшерінде қаражат бөлуге;

б) тұрақты жұмыс орындарының еңбек жағдайлары бойынша аттестациясын кем дегенде бес жылда бір рет өткізуге;

в) еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыс орындарын жою жөнінде шаралар қолдануға;

г) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелері бойынша еңбек жағдайлары зиянды, ыстық және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерге жұмыстың зияндылық деңгейіне сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар беруге, зиянды химиялық заттармен жұмыс істейтін қызмекерлерге профилактикалық мақсатта сүт немесе оған теңестірілген басқа өнімдерді беруге. Химиялық заттарды өндірумен немесе ларды қолданумен байланысты жұмыстарда нақты жұмыс істеген күндері ауысым кезінде оның ұзақтығына қарамастан 0,5 литрден сүт беруге. Қорғасынның органикалық емес қосылыстарымен жұмыс істейтін қызметкерлерге сүтке қосымша 0,25-0,30 литр мөлшерінде табиғи жеміс шырынын жемісімен бірге беруге (10-қосымша). Осы Шарттың 10-қосымшасына толықтырулар жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша енгізіледі;

д) жұмыс істеушілер саны әр өзгерген сайын, цехтердің, учаскелердің және жұмыс орындарының технологиялық процестеріне тиісті түзетулер енгізуге;

2) жұмыс орындарында:

еңбектің қауіпсіз жағдайларын;

қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайларды;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күйіне бақылау жасауды;

еңбек қауіпсіздігі, жағдайлары және еңбекті қорғау күйі туралы еңбек ұжымына дер кезінде хабарлауды қамтамасыз етуге;

Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайлары қамтамасыз етілмеген жағдайда, қызметкерлерді міндеттерін орындауға тартпау.

Әйелдер мен жасы 18-ге толмаған тұлғаларды ауыр жұмыстарға және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға уәкілетті органның нормативтік актілеріне сәйкес қабылдауға жол бермеуге;

3) қызметкерлердің белгіленген нормалар бойынша жуғыш, дезинфекциялаушы құралдармен және басқа да жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен мына мерзімдерге: жазғыларымен – 15 сәуірге дейін, қысқыларымен – 1 қазанға дейін қамтамасыз етілуін жүзеге асыруға.

Зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерге оның келісімі бойынша берілген арнайы киімді және арнайы аяқ киімді қалдық құнын төлетіп, өзінде қалдыруға.

Жеке қорғану құралдары уақытынан бұрын тозған жағдайда, оларды мерзімінен бұрын ауыстыруды жүргізуге.

Дене мен қолдың кірлеуіне байланысты жұмыстарда сабын берудің бір айға мынадай нормаларын бекітуге: жұмысшылар үшін – 200 г, қызметшілер үшін – 50 г (құрылымдық бөлімшенің басшылығы мен кәсіподақ комитетінің шешімі бойынша жұмысшылардың жекелеген санаттарына дене мен қолдың қатты кірленуіне байланысты жұмыста қосымша айына 400 г сабын берілуі мүмкін).

Кәсіптерді қоса атқарғанда, негізгі жұмысты орындауға қатысы жоқ технологиялық, жөндеу-құрылыс және басқа да қосалқы-көмекші жұмыстарға тартылған кезде, сол жұмыстарды орындау үшін нормалармен көзделген қосымша жеке қорғану құралдарын беруге;

4) жұмысы поездар қозғалысымен және жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты, Компанияның жергілікті актілеріне сәйкес жұмыс уақытында нысандық киім кию міндетті болып табылатын қызметкерлерге белгіленген нормативтер бойынша нысандық киімді көзделген айырым белгілерімен және аксессуарларымен (фуражка, бөлік-құлақшын, дөңгелек жұмсақ және фетрден жасалған берет) ақысыз беруді жүргізуге;

5) берілген арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғану құралдарын пайдаланбайтын адамдарды жұмысқа жібермеуге;

6) жұмысқа жаңа келгендерден басқа, желілік станцияларда тұратын құрылымдық бөлімшелердің, филиалдардың қызметкерлеріне кезекті міндетті медициналық тексеруден өту кезінде іссапар шығыстарын (тәуліктік ақы, жол ақысы, тұру ақысы) төлеуге және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

7) Уәкілетті органдарда қайта куәландырудан өткен кезде кезекті медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізетін күндері мүгедекке еңбекақыны сақтауға. Бұл ретте төлемді кем дегенде екі күннен артық болмайтындай жүргізуге;

8) өндірістегі жазатайым оқиғаның немесе кәсіби аурудың нәтижесінде жұмыс істеу қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан қызметкерге немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда оны алуға құқығы бар тұлғаларға. Мынадай мөлшерде:

қызметкердің он еселенген жылдық табысын – ол қайтыс болған жағдайда;

бес еселенген жылдық табысын - 1 немесе 2-топ мүгедегі болып танылған қызметкерге;

екі еселенген жылдық табысын – 3-топ мүгедегі болып танылған қызметкерге;

жылдық табысын – қызметкерге, мүгедектікті тағайындамай, жұмыс істеу қабілетін тұрақты жоғалтқаны белгіленген жағдайда біржолғы жәрдемақы төлеуге.

Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда, бір жолғы жәрдемақының мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.

9) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды, сондай-ақ, егер, зардап шегуші, осы көмек түрлеріне мұқтаж деп танылса және оларды ақысыз алмаса, денсаулығының зақымдануынан туындаған емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмектер сатып алуға, протездеуге, басқа адамның қарауына, санаторлық-курорттық емделуге, арнаулы көлік құралдарын сатып алуға, басқа кәсіпке дайындалуға және т.б. байланысты шығыстарын өтеуге.

Емдеуге, протездеуге, санаторлық-курорттық емдеуге арналған шығыстарды төлеуді растайтын құжаттарды ұсынған еңбек міндеттерін орындаған кезде келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға нақты шығындары бойынша шығыстарын өтеуге. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан санаторийлерге жолдамалар бойынша, сондай-ақ, егер, зардап шегуші денсаулығының жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында көрсетілмейтін санаторлық-курорттық ем алуға мұқтаж болған жағдайда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан санаторийлерге жолдамалар бойынша санаторлық-курорттық емдеуге арналған шығыстарды өтеуге.

Өзінің еңбек міндеттерін орындаған кезде оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар қызметкердің протездеуге шығыстарын төлеу үшін осы шарттың 13-қосымшасында белгіленген нысан бойынша келісім жасалады.

Күтімді әлеуметтік қызметкер, сондай-ақ, отбасы мүшесі жүзеге асыра алады. Күтім үшін шығыстар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы №1400 қаулысымен белгіленген 1 жылға дейінгі жұмыс өтілі жағдайында азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициентке көбейтілген базалық лауазымдық жалақыға тең болатын, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкердің бір айлық жалақысы мөлшерінде өтеледі.

Көмектің бірнеше түріне мұқтаж зарадапшекеен адамға көмектің әр түрін алумен байланысты шығыстар белгіленеді.

Шығыстар мөлшері талап етілетін күтімнің сипатына байланысты анықталады және медициналық күтімге мұқтаж мүгедектер үшін мүгедектің тұрған жері бойынша күтімді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің жалакысынан немесе тарифтік ставкасынан кем болмайтындай етіп, ал тұрмыстық күтімге мұқтаж адамдар үшін, сондай қызметкердің тарифтік ставкасының (жалақысының) 50 пайызынан кем болмайтындай етіп белгіленеді.

Еңбек міндеттерін орындауына байланысты жұмыс барысында мертіккен немесе кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектерге, осы Шарттың 11-қосымшасына сәйкес тәртіппен және мөлшерлерде, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, оларды қолмен басқаруға қайта жабдықтауға, және күрделі жөндеуге және бензинге ақшалай қаражат бөлуге;

10) өндірістік жарақат алған 3-топ мүгедектерінің жұмысқа орналастырылуын, қажет болғанда қайта оқытылуын қамтамасыз етуге;

11) кәсіби ауруы анықталған кезде медициналық қорытындыға сәйкес қызметкерді жұмыс істеу қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектігі тағайындалғанға дейін орташа еңбекақысын сақтап, басқа жұмысқа ауыстыруға;

12) еңбек міндеттерін орындаған кезде қызметкердің мертігуіне, кәсіби ауруға шалдығуына немесе денсаулығының басқаша зақымдалуына байланысты келтірілген залалды өтеу есебінен төленетін сомалардың қайта есептелуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізуге;

13) жылдың суық кезінде ашық ауада жұмыс істейтін қызметкерлерге әрбір сағат сайын жылынуға он минут беруге. Бұл уақытты жұмыс уақытына кіргізуге. Аталған қызметкерлердің жылынуы және демалуы үшін жабдықталған жаймен қамтамасыз етуге;

14) басқа ұйымдармен көліктік қызмет көрсетуге шаруашылық шарттар жасасқан кезде олардың қаражаты есебінен еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақыларды көздеуге;

15) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талабы бойынша жұмыс тоқтатылған жағдайда, орташа еңбекақысын сақтай отырып, қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстыруға;

16) мыналарды:

поездардың қозғалысын қалпына келтіру үшін қармен күресу, құммен күресу, сумен күресу және басқа табиғи апаттардың салдарларын жою жөніндегі жұмыстарды орындайтын Компания қызметкерлерін;

қалпына келтіру, жөндеу, өрт сөндіру және басқа да апаттық жұмыстарды орындау кезінде қалпына келтіру, өрт сөндіру поездарының қызметкерлерін жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін қосымша ақы төлеп;

машиналандырылған жол дистанциялары қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз етуге.

Осы жұмыстарға тартылатын әр қызметкерге тәулігіне кем дегенде 4 сағаттық үздіксіз жұмыс кезінде кем дегенде Қазақстан Республикасында белгіленген 0,3 АЕК мөлшерінде тамаққа қаражат қарастыруға;

17) аралықтардағы жұмыстарды орындайтын Компания филиалдарының қызметкерлерін ауыз сумен қамтамасыз етуге;

18) қызметкер жұмыс орнынан 2 километрден астам қашықтықта тұратын және қоғамдық көлік болмаған жағдайда, 2, 3, 4, 5-клас станцияларында, Жаңаарқа станциясында жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмыс орнына, ал жұмыс аяқталған соң тұратын жеріне қызметтік көлікпен жеткізуге. Қызметтік немесе кезекші көлік болмаған жағдайда 2 АЕК мөлшерінде ай сайын үстеме ақы белгілеуге;

19) зардап шегуші немесе оның туысқаны өз өкілін белгілеген жағдайды қоспағанда, кәсіподақ қызметкерін Кәсіподақ мүшесі болып табылатын зардап шегуші қызметкердің уәкілетті өкілі деп санауға;

20) жаңадан ұйымдастырылған өндірістерде олардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, арнайы киім мен арнайы аяқ киім беру нормаларын тағайындауға;

21) кәсіподақ органымен келісу бойынша еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен үлгі нұсқаулықтардың қайта өңделуін қамтамасыз етуге;

22) қызметкерлердің жазатайым оқиғалардан сақтандырылуын қамтамасыз етуге;

23) поездар қозғалысымен тікелей байланысты ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің кезеңдік медициналық тексерулерін және тексерулерін өткізуді және қауіптілігі жоғары жұмыстармен, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ауысым алдындағы медициналық куәландыруын, сондай-ақ, науқастары Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті медициналық тексеру нәтижесінде анықталған қызметкерлерді сауықтыру (амбулаторлық, стационарлық тексеру/ емдеу) жөніндегі қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етуге;

24) еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларға негізгі жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысын сақтау арқылы еңбекті қорғаудың сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін айына 8 сағат беруге.

Ерекше көзге түскен еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды құрылымдық бөлімше басшысының және кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұсынуы бойынша ақшалай сыйлықақымен көтермелеуге міндеттенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет