«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге Тараптар деп аталатын, «Қазақстан темір жолы»



бет6/8
Дата19.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#147984
1   2   3   4   5   6   7   8
Арал өңіріндегі аудандар



Экологиялық апат аймағы

Қызылорда облысы:

аудандар:

Арал, Қазалы
Ақтөбе облысы:

Шалқар ауданы



Құрлық станциясы (қосқ.) – Төретам станциясы (қоспағ.)

Сексеуіл станциясы – 16 разъезд (қосқ.)

№59 разъезд (Біршоғыр) – Шоқысу – 82 разъезд,

Шалқар станциясы – Тассай станциясы (қосқ.)


1,5 *


коэффициент


12 күнтізбелік күн

қосымша демалыс,

жалақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек

Экологиялық дағдарыс аймағы

Қызылорда облысы:


Төретам станциясы– Бесарық станциясы



1,3 *

коэффициент





9 күнтізбелік күн

қосымша демалыс, жалақы немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек



Ақтөбе облысы:

аудандар: Темір,

Байғанин,

Мұғалжар


Қарағанды облысы:

Ұлытау ауданы


Оңтүстік Қазақстан облысы:

аудандар:

Арыс, Отырар, Түркістан


Темір (қоспағ.) – Сағыз (қоспағ.)

Құдық станциясы – №59 разъезд (қоспағ.)

Ст. Промежуточная – рзд 16 (қоспағанда)

Рзд. Жаркум (қоспағ.)

Рзд. Сағыр (қосқанда)

12 разъезд – Жезқазған станциясы (қоспағ.)


Монтайтас станциясы (қосқ.) - Бесарық (қоспағ.) станциясы



1,2 *

коэффициент





7 күнтізбелік күн

қосымша демалыс, айлық немесе бір айлық тарифтік ставка мөлшерінде материалдық көмек



Ескертулер:

1. Қосымша демалыстың ұзақтығы қолданылмаған демалыс үшін өтемақы төлегенде ескеріледі және мерекелік және демалыс күндерінің санына арттырылмайды.


Қызметкердің келісімімен еңбек демалысынан кері шақыртқан жағдайда, пайдаланылмаған қосымша демалыс ағымдағы жылы беріледі немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосылады. Пайдаланылмаған қосымша демалыс үшін өтемақы төлеу жүргізілмейді. Материалдық көмек демалыс берумен бір уақытта жүргізіледі және пайдаланбаған демалыс үшін өтемақы төленгенде берілмейді.

2. Арал өңіріндегі экологиялық дағдарыс аймағында тұрғаны үшін еңбек ақыға коэффициенттер жұмыскердің тарифтік ставкасына (лауазымдық ақысына) нақты жұмыс істеген уақыты үшін есептеледі. Төленетін үстеме ақылардың бір айға есептегендегі мөлшері: (К-1) х (Т/Н х Тфакт) құрайды, ондағы:

К – экологиялық қасірет аймақтарында белгіленген коэффициент;

Т (теңге) – жұмысшының айлық тарифтік ставкасының (лауазымдық еңбекақысының) мөлшері;

Н (сағат) – аталған жылдағы жұмыстың сағаттар санының есептік балансына сәйкес сағат шамасының көрсеткіші;

Тфакт (сағат) – осы айдағы нақты жұмыс істеген сағат саны.

3. Радиациялық қатерлі және экологиялық қасірет аймақтарында тұрғаны үшін үстеме ақылар әлеуметтік төлемдер болып табылады, еңбекақыны есептегенде жаңа тарифтік ставканы (жалақыны) құрамайды және аудандық коэффициентті есептеуге арналған сомаға қосылмайды. Экологиялық қасірет аудандарындағы жеңілдіктермен көзделген еңбекақыға қосымша ақылар тек осы өңірлерде тұратын қызметкерлерге ғана белгіленеді.

________________________________________






«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

мен оның еңбек ұжымы

арасындағы 2015-2017 жылдарға

арналған ұжымдық шартқа

4-қосымша




Жүріп-тұру сипатындағы жұмыс не болмаса өңірдің қызмет көрсету

шекарасында қызметтік жол жүрумен байланысты жұмыс үшін

үстеме ақы төленетін кәсіптер мен лауазымдар

тізбесі
1. Компанияның филиалдарының («ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Магистральдық желі дирекциясы», «Ақпараттық технологиялар дирекциясы», «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция», «Жобалау және күрделі құрылыс жөніндегі дирекция» филиалдарының қызметкерлерінен басқа), департаменттері мен дербес басқармалары өңірлік бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері филиалдың шекарасы шектерінде;

2. Барлық атаудағы ревизорлық аппараттың қызметкерлері.

3. Вагон-зертханалардың және арнайы тағайындалған вагондардың, қалпына келтіру, өрт, сумен жабдықтау, қызмет көрсету учаскесі (өңір) шекараларында қызметтік сапарға шығатын поездардың қызметкерлері;

4. Қызметтік вагондар жолсеріктері, почталық экспедиторлар;

5. Жабдықтау жөніндегі агенттер, автомашиналардың жүргізушілері мен материалдық-техникалық жабдықтау және қызмет көрсетілетін өңір шекараларында жол жүргенде жүктерді экспедициялау мәселелерімен айналысатын басқа да қызметкерлер.

6. Станциялар бойынша запастағы кезекшілер, бағыттама қосынының кезекшілері, сигнал берушілер, филиалдың шекараларында орналасқан станцияларға жол жүргенде жүк поездарының кондукторлары.

7. Машиналандырылған жол дистанциялары, рельсдәнкерлеу кәсіпорындарының, көпрілік отрядтың және мөлшерлегіш зарылдауық хоппер қызметкерлері, тікелей зерттеу жұмыстарымен, дефектограммаларды ашып жазумен, талдаумен, диагностикамен және жол күйін бақылаумен айналысатын қызметкерлер (қызмет көрсету шекаралары Қазақстан Республикасының бүкіл теміжол желісі болып табылатын).

8. Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол учаскелеріне қызмет көрсетуге шығатын қызметкерлер.


Ескертулер:

1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұратын сипатта болатын, олар қызмет көрсетін учаскелер шегінде қызметтік жол жүретін қызметкерлердің шығыстарын өтеу мақсатында7-тармақта аталған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде үстеме ақы төленеді.

Компанияның Ресей Федерациясының аумағында орналасқан филиалдарында Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен, үстеме ақы төленеді.

Осы қосымшаның 7, 8-тармақтарында аталған қызметкерлерге Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген 2 АЕК мөлшерінде үстеме ақы төленеді.

2. Қызметтік сапарлар кезіндегі жұмыстар орындау орнына барумен және тұрғын жайды жалға алумен байланысты шығыстар ұсынылған төлем құжаттарына сәйкес Жұмыс берушінің іссапарлар туралы актісінде көзделген мөлшерлер шектерінде өтеледі.

3. Жылжымалы құрамды жөндеуге тапсыру және қабылдап алу үшін жөндеу пунктінде тұрған уақыты үшін және Қазақстан Республикасының аумағында жолаушы болып жүргенде қызметтік іссапарларға көзделген тәуліктік шығындар толық мөлшерде төленеді, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларының аумағында осындай шығыстар шетелге уақытша іссапарларға шығатын қызметкерлер үшін белгіленген нормалар бойынша өтеледі.

4. Егер қызметкерлердің жұмыс орнына және кері қайтуға жұмыс уақытында емес жол жүруінің ұзақтығы бір күнде 3 сағаттан артық болса, үстеме ақыны төлеу 0,1 айлық есептік көрсеткіш, ал екі сағаттан артық болса АЕК-тің 0,075 мөлшерінде жүргізіледі.

5. Қызметкерлердің шыққан сәттен бастап тұрақты жұмыс орнына (тұратын жеріне) қайтқанға дейінгі жол ұзақтығы 12 сағаттан артық, бірақ толық тәуліктен аз болатын немесе екі күнтізбелік күні 12 сағаттан артық қызметтік сапарда болған уақыты бір тәулік ретінде есептеледі.

6. ФРУ № 12-нысанды жүріп-тұруларды есепке алу тізімдемесі, маршруттық қағаз немесе іссапар куәлігі, сондай-ақ жүріп-тұруларды есепке алу кітаптары үстеме ақы төлеу үшін негізгі құжаттар болып табылады.

7. Жүріп-тұру сипатындағы жұмыс үшін үстеме ақылар уақытша жұмысқа жарамсыз күндері үшін тұрақты тұратын жерінен тыс жерде төленеді.

8. Сыртқы сауда жүктерін және жылжымалы құрамды берумен айналысатын шекаралық станциялардың ауысымдық қызметкерлеріне, сондай-ақ шетелде орналасқан қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі жұмыс орындарын автоматтандыруда қызмет көрсетумен айналысатын өңірлік ақпараттық-есептеу орталықтары ақпараттық жүйелерінің желілік бөлімшелерінің қызметкерлеріне жүріп-тұру сипатындағы жұмысы үшін үстеме ақы шетелдік валютамен, төмендегі мөлшерлерде төленеді:

1) шетелдік темір жолдың іргелес шекаралық станциясында болған әр тәулік үшін – 60 пайыз, 4 сағаттан артық, бірақ бір тәуліктен кем болғанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетелге уақытша іссапарларға баратын қызметкерлерге белгілеген тәуліктік шығындар нормасынан 15 пайыз;

2) 4 сағаттан кем болғанда үстеме ақы төленбейді.





«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған

ұжымдық шартқа

5-қосымша





Еңбек демалыстарының ұзақтығы



Лауазымдардың атауы

Демалыстың күнтізбелік күндерінің

саны

1

2

Компанияның орталық аппараты

Басшылық

30

Барлық атаудағы басшылар мен мамандар

30

Барлық мамандықтардың техниктері

24

Компанияның филиалдары

Басқару аппаратының басшылары мен мамандары

28

Филиалдардың – орталық зертханалардың, цехтердің, өндірістік учаскелердің, зертханалардың, орталықтардың бөлімдерінің, секторларының басшылары мен мамандары, кешенді-жол машиналарының бастығы

28


Орталық зертханалардың басшылары мен мамандары

28

Жол дирекциясының аға диспетчерлері, диспетчерлері

28

Ауысымдық кезекшілік етпейтін операторлар

24

Бригадир, комендант, қойма, мұрағат, бюро меңгерушілері

24

Бөлімше бойынша аға диспетчерлер, диспетчерлер, кезекшілер

28

Жол бөлімшелерінің ревизорлары (аға), нұсқаушылар, инспекторлар және ревизорлар (барлық атаулардағы); локомотивтерді, вагондарды, жол жөндеу сапасы жөніндегі қабылдаушылар

28


Заң кеңесшілері, аудармашылар

24, 28*

Барлық мамандықтардың техниктері, ауысымдық кезекшілік етпейтін операторлар

24

Басшылар: қалпына келтіру поезының, қайта тиеу базасының; вагондарға техникалық қызмет көрсету, вагондарды тасымалдарға дайындау, вагондардың орнын ауыстырып қою пункттерінің; жолаушылар вагондары жолсеріктерінің резерві, материалдық-техникалық жабдықтау базаларының

28


Басшылар: түйіспе желісі, электрмен жабдықтау аудандарының; тартымдық қосалқы станциясының, электрмен жабдықтау дистанцияларының жөндеу-ревизиялау учаскесінің, механикаландырылған (автоматтандырылған) сұрыптау дөңестерінің, электр техникалық зертхананың

28


Басшылар: айналым локомотив депосының, локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерінің, жолаушылар вагондарына қызмет көрсету базасының, тиеу-түсіру жұмыстары өндірістік учаскесінің, контейнерлік тасымалдар бөлімшесінің, рельс-ажарлау поезының, рефрижераторлық поездың (секцияның), отын-есеп айырысу кеңсесінің, қалалық тауар станциясының, зерттеу, сынақ станцияларының (барлық атаулардағы), жол машина станцияларының бастықтары

28


Басшылар: жуу-булау станцияларының (пункттерінің), дистанциялық шеберханалардың, карьердің (дербес теңгеріміндегі емес), материалдық-техникалық жабдықтау базаларының, темір жол станциясының жүк ауданының және темір жол станциясының тауарлық кеңсесінің, шекаралық станциядағы вагондарды беру пунктінің, кондукторлық бригадалар резервінің, локомотив бригадалары резервінің, рефрижераторлық поездар (секциялар) бригадалары резервінің, отын базасының, мұнай өнімдері базасының, паравоздарды жылы жуу пунктінің, локомотивтерді жарақтау пунктінің, жылдам бұзылатын жүктер мен құстар тасымалдарына қызмет көрсету пунктінің, орман тұқымбағының, тораптық есептеу тобының, локомотивтер, вагондар қоры базасының

28


Басшылар: пакгауздың, сұрыптау платформасының, контейнерлік алаңның, бланктер қоймасының

28


Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі отрядының бастығы

28

Өртке қарсы отряд бастығы

28

Өрт сөндіру поезының бастығы

24, 28

Бөлімше (қарауыл) бастығы

24

Шебер (аға), жол шебері (аға), көпір және тоннель шебері, өндірістік оқыту шебері, прораб, жолаушылар поезының бастығы, механик-бригадирі, машинист-нұсқаушы

28


Сигнализация және байланыс дистанцияларының, электрмен жабдықтау учаскелерінің ауысымдық кезекшілік етпейтін электр механигі (аға), электр монтері

24, 28*


Босатылған бригадир

24

Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі мен өртке қарсы қызмет отрядтарындағы барлық атаулардағы (аға) нұсқаушы, инспектор

24, 28*


Энергия диспетчері (аға)

24, 28*

Диспетчер: электрлендірілген электрмен жабдықтау дистанциясының, жол дистанциясының, сигнализация және байланыс дистанциясының, пайдалану вагон депосының

24

Өрт байланысы орталық пунктінің диспетчері

24

Өртке қарсы отряд диспетчері

24

Өрт жеңдерін жөндеу және өрт техникасына қызмет көрсету жөніндегі шебер

24

Газтүтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) шебері

24

Өрт автомобилінің жүргізушісі

24

Өрт сөндіруші (аға)

24

Кезекшілер: станция, маневрлік дөңес, орталықтандырылған қосындар бойынша (кластан тыс станцияларда, 1-класты станцияларда), маневрлік диспетчер

24, 28*


Депо (локомотив бригадаларының негізгі және айырбастау пункттерінің) бойынша кезекші

28

Локомотив (поездар) бригадалары демалыс үйлерінің кезекшісі

24

Кезекшілер: станция, орталықтандырылған қосындар бойынша (2-5 класты станцияларда)

24

Басшылар (меңгерушілер): бюроның, топтардың, кассалардың; қоймалардың, вокзалдар бастықтарының кезекші көмекшілері

24, 28*

Бас кітапхана-ақпараттық орталығының директоры, бөлім, сектор меңгерушісі

28

Вагондарды аға қарап тексеруші; жол құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, оператор (техникалық кеңселердің, станциялардың және т.б.); ауысымдық кезекшілік етпейтін локомотив бригадаларының наряд жабушысы (аға наряд жабушыларды қоса алғанда)

24, 28*


Меңгерушілер: өңірлік ақпараттық-техникалық кітапхана-ғылыми-техникалық ақпарат кабинетінің, қол багажын сақтау камерасының, демалыс бөлмелерінің, Локомотив бригадалары демалыс үйінің, мұрағаттың, шаруашылықтың, қойманың, агенттіктің, бюроның, почта экспедициясының; библиограф, кітапханашы (бас)

24, 28*

Кассир, инкассатор, инспектор, стенографист, машинкамен басушы, комендант, экспедитор, тауар танушы; тізім жасаушы, барлық мамандық техниктері, агент, кассир, инкассатор

24


Қызметтік жеңіл машина жүргізуші

28

Хатшы-референт

28

Хатшы

24

Ведомстволық бағыныстағы санаторий-профилакторийдің медициналық персоналы (дәрігер, медбике, (барлық атаулардағы), массаж жасаушы, санитарка)

24

Жұмысшылар

24

Вагон депосының операторы

24

Басшылар кәсіподақ комитеттерімен келісу бойынша еңбек шарттарын жасасқан кезде, жұмыс учаскесінің жұмыс жүктемелігіне қарай мамандар мен қызметшілерге еңбек демалысының ұзақтығын дербес 24 немесе 28 күнтізбелік күн мөлшерінде белгілейді.

Ресей Федерациясының аумағында орналасқан филиалдардың қызметкерлеріне еңбек демалысының ұзақтығы басшыларына күнтізбелік 3 қосымша демалыс күн бере отырып, 28 күнтізбелік күн болып белгіленеді. Бұл ретте жұмыс өтілі үшін қосымша демалыс берілмейді.
____________________________________________

«Қазақстан темір жолы» ұлттық

компаниясы» акционерлік қоғамы

мен оның еңбек ұжымы арасындағы

2015-2017 жылдарға арналған

ұжымдық шартқа

6-қосымша

Толық материалдық жауапкершілік

туралы үлгі шарт
_________ қаласы 200 жылғы «__» ___________
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, _____________________________ негізінде іс-әрекет ететін _____________________________ бір жағынан және ____________жылы берілген жеке куәлігінің №_____________ бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын екінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1.1. Қызметкер осы шарттың жағдайларына сәйкес Жұмыс берушінің алдында, оған өндіріс процесінде Мүлікті сақтаумен, өңдеумен, сатумен (босатумен), тасымалдаумен, қолданумен (кажеттісінің астын сызыңыз) тікелей байланысты жұмыстарды орындау үшін, Жұмыс беруші берген мүлікті (бұдан әрі – Мүлік) сақтауға толық материалдық жауапты болуға міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Қызметкер:

2.1.1. Мүліктің сақталуы үшін Жұмыс берушінің алдында толық материалдық жауапты болуға;

2.1.2. Мүлікті ұқыпты ұстауға және Мүлікке зиян келтірудің алдын алуға шаралар қабылдауға;

2.1.3. Жұмыс берушіге Мүлікті сақтауды қамтамасыз етуге қатер төндіретін барлық жағдайлар туралы уақытында хабарлауға;

2.1.4. Мүлікті есепке алуды жүргізуге, Жұмыс берушіге белгіленген тәртіппен тауарлық-ақшалық және Мүліктің қозғалысы және қалдықтары туралы басқа да есептерді жасауға және беруге;

2.1.5. Мүлікті түгендеуге қатысуға;

2.1.6. Жұмыс берушінің бірінші талап етуі бойынша Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

2.2. Жұмыс беруші:

2.2.1. Қызметкерге Мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасауға;

2.2.2. Қызметкерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, өндіріс процесінде Мүлікті қабылдау, сақтау өңдеу, сату (босату), тасымалдау және қолдану тәртібін реттейтін, сондай-ақ Мүлік сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда Қызметкердің материалдық жауакершілігін көздейтін Жұмыс берушінің жергілікті актілерімен таныстыруға міндетті.

2.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімінің 2.2-тармағында аталған міндеттерді Жұмыс берушінің орындауын талап етуге құқығы бар.

2.4. Жұмыс беруші:

2.4.1. кез келген уақытта Мүлікті түгендеуді жүргізуге;

2.4.2. Қызметкердің кінәсінен Мүліктің зақымдалуы, жойылуы, жоғалуының салдарынан келтірілген зиянның орнын толтыруды Қызметкерден талап етуге;

2.4.3. Қызметкердің осы Шарттың 2-бөлімі 2.4.-тармағының 2.4.2-тармақшасында аталған Жұмыс берушінің талаптарын дұрыс мерзімде қанағаттандырмаған жағдайда осы талаптарды сотқа беру арқылы қанағаттандыру жөнінде шаралар қабылдауға құқығы бар.
3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4. Тойтарылмас күш жағдайлары
4.1. Егер оларды орындау, табиғи зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың актілері және т.б. сияқты тойтарылмас күш жағдайларының салдары болып Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен жағдайда, Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды.

4.2. Тойтарылмас күш жағдайларының пайда болу себебінен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындай алмайтын Тарап, басқа Тарапқа тойтарылмас күш жағдайларының басталуы/аяқталуы туралы, бірақ олардың басталуы/аяқталуынан кейін 3 (үш) күннен қалмай дереу жазбаша нысанда хабарлауы, сондай-ақ осындай жағдайлардың басталуы және аяқталу фактісін растайтын құжаттарды беруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет