«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге Тараптар деп аталатын, «Қазақстан темір жолы»


V бөлім. Құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер



бет3/8
Дата19.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#147984
1   2   3   4   5   6   7   8

V бөлім. Құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер

11. Жұмыс беруші:

1) жасы келуі, 1 және 2-топ мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған кезде теміржол көлігі ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жыл және одан да артық қызметкерлерге лауазымдық жалақысы (тарифтік ставкасы) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеуге.

Теміржол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтіліне байланысты, толық 10 жыл үшін 17 еселенген АЕК мөлшерінде, ал орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен қосымша жәрдемақы төлеуге. Әр келесі толық 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін өткен кезеңнің қосымша жәрдемақысының 30 пайызына өсіруге. Толық емес 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін сараланған түрде төлеуге. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерге есептелген бір жолғы және қосымша жәрдемақының сомасын 50 пайызға ұлғайтуға.

Жәрдемақы мөлшерін белгілеу үшін еңбек қызметіндегі үзілістеріне қарамастан, жұмыс өтіліне теміржол көлігі ұйымдарындағы барлық жұмыс уақыты кіргізіледі.

Теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл және жұмыстан өзі босаған және жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің тағайындалуына байланысты, зейнеткерлік жасына жетуі бойынша жұмыстан босатылып, осы тармақшаның жоғарыда көрсетілген абзацтарымен көзделген бір жолғы жәрдемақыны алмаған қызметкерлерге төлем сәтіне қалыптасқан бір айлық тарифтік ставка (лауазымдық жалақы) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеуге, ал «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға бір жолғы жәрдемақы мөлшерін 50 пайызға ұлғайтуға;

2) мыналарға:

а) 15 еселенген АЕК мөлшерінде – жұмыс істемейтін зейнеткер-теміржолшы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе оны жерлеуді жүзеге асыратын адамға;

б) Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген АЕК мөлшерінде, рубльмен – орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы жұмыс істемейтін зейнеткер-теміржолшы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе оны жерлеуді жүзеге асыратын адамға материалдық көмек көрсетуге;

3) Көлік қызметкерлері күніне қарай темір жол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл және жасы бойынша зейнеткерлікке темір жол көлігі ұйымынан шыққан жұмыс істемейтін зейнеткерлерге жыл сайын 2 АЕК мөлшерінде, ал темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл болатын, Ресей Федерациясының аумағындағы орналасқан Компания филиалдарының жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне Қазақстан Республикасымен белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде бір жолғы материалдық көмекті рубльмен беруге;

Жұмыс өтіліне қарамай және Компания құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің тағайындалуына байланысты жұмыстан шыққан Компния қызмектерлеріне 2 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге.

Темір жол көлігіндегі жұмыс өтіліне қарамай, жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің тағайындалуына байланысты жұмыстан шыққан және Компания құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған зейнеткерлерге 2 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге.

Жеңіс күнін тойлау қарсаңында, Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халық комиссариаттарының арнайы құрылымдарына қатысқан жұмыс істемейтін зейнеткерлерге 30 АЕК мөлшерінде, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Компания филиалдарының Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халық комиссариаттарының арнаулы құрылымдарына қатысқан зейнеткерлеріне Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен, бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

4) Компания қызметкерлерінің және олардың асырауындағы адамдардың біреуінің (баласын үш жасқа дейін тәрбиелеуіне байланысты жұмыс істемейтін жұбайы асырауындағы адам болып танылады) Қазақстан Республикасының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағы бойынша жылына, «Тальго» вагондарынан құрастырылған жүрдек поездарды қоспағанда, купелік вагонда жылына бір рет ақысыз жол жүру (баратын жеріне және кері қарай) жөніндегі шығыстарын өтеуге.

Жылына бір рет ақысыз жол жүруге құқығы бар тұлғаларға бір жылдық мерзімге жолаушылар және қала маңындағы қатынас поездарында жүруге арналған шығыстарды өтеуге рұқсат беруге. Билеттің құнын өтініште көрсетілген (бір бағытта 150 км-ден артық болмайтындай), айына үш рет жүру есебінен, билет берілген күні қолданылатын тариф бойынша белгілеуге.

5) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарды қоспағанда, зейнеткерлікке теміржол көлігі кәсіпорындарынан шыққан және олардағы жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне, жылына бір рет Қазақстан мен Ресей Федарациясы темір жолдары бойынша («Тальго» вагондарынан құрастырылған жүрдек поездарды қоспағанда) купелік вагонда жылына бір рет ақысыз жол жүруге кеткен 10 АЕК артық болмайтындай, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Компания филиалдарында Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен шығыстарын өтеуге.

«Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған жұмыс істемейтін зейнеткерлерге ақысыз жүру құқығын «Құрметті теміржолшы» белгісі туралы ережеге сәйкес беруге;

6) Қазақстанның және жақын және алыс шетелдегі елдердің сауықтыру орталықтарында қызметкерлер мен зейнеткерлерді санаторлық-курорттық сауықтыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жыл сайын сатып алуға;

темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл және еңбекақысы 50 еселенген АЕК мөлшерінен төмен, ал орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы филиалдарда - Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльден төмен қызметкерлерге медициналық көрсетілімдері, толтырылған санаторлық картасы, жолдама үшін төленген шоты болған жағдайда, санаторлық-курорттық емделуге (санаторлық-курорттық сауықтыру қызметтерін көрсететін санаторийлерге Компания жеңілдікпен беретін жолдамалардан басқа) 17 еселенген АЕК мөлшерінде және Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен материалдық көмек көрсетуге.

7) жиырма төрт айда бір рет тістерін протездеуге (қымбат металдармен протездеуді қоспағанда) ақы төлеуді жүргізуге:

теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 20 жыл қызметкерлерге жылына 15 (он бес) еселенген АЕК мөлшерінде және орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы филиалдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен;

зейнеткерлікке теміржол көлігі ұйымынан шыққан, сондай-ақ орналасқан жері Ресей Федерациясы аумағындағы ұйымнан шыққан, теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі: әйелдер – 20 жыл, ерлер – 25 жыл, зейнеткер- теміржолшыларға тиісінше 10 (он) еседен аспайтын АЕК мөлшерінде және Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен төлем жасауға;

8) Қазақстан Республикасына көшіп келген, зейнеткерлікке Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің теміржол ұйымдарынан зейнеткерлікке шыққан, жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл зейнеткер-теміржолшылардың Компания филиалдарында тұрғылықты жері бойынша есепке қойылуын қамтамасыз етуге және оларға осы Шартта көзделген жеңілдіктерді беруге;

9) мүгедектігіне байланысты еңбек шарты бұзылған кезде 1, 2-топ мүгедектігін алған қызметкерлерге зейнеткер-теміржолшыларға сияқты жеңілдіктер беріліп, Компанияның филиалдарында есепке қойылуын қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлерді үкіметтік және салалық наградалармен марапаттауға ұсынуларды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша әзірленген Жұмыс берушінің актілерін кәсіподақ органдарымен келісуге;

11) шағын станцияларда, разъездерде тұратын қызметкерлерді ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту бағдарламасын әзірлеуге және іске асыруға;

12) 3, 4, 5-класс станцияларына, озу пункттері мен разъездерге жұмысқа келген жас маман - теміржолшыларға орналасу үшін 25 АЕК мөлшерінде, ал орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы 3, 4, 5-класс станцияларына, озу пункттері мен разъездерге келгендеріне Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен, материалдық көмек көрсетуге;

13) 3, 4, 5-класс станцияларына және бөлу пункттеріне жіберілген жас мамандардың тарифтік ставкаларына (жалақыларына) жұмысының алғашқы екі жылы ішінде 20 пайыздық үстеме ақы төлеуге;

14) желілік станцияларда және бөлу пункттерінде кадрларды бекіту үшін оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар көздеуге;

15) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің және олардың балаларының темір жол бейініндегі жоғары және орта арнайы кәсіби білім беру ұйымдарында оқуына қаражат бөлуге;

16) бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, әкелерге (бала асырап алушыларға) баласын тамақтандыру үшін жұмыстың әр 3 сағат сайын ұзақтығы кем дегенде отыз минут еңбекақысы төленетін қосымша үзілістер беруге;

17) жұмыс өтілі еркектер үшін – кем дегенде 20 жыл, әйелдер үшін - кем дегенде 15 жыл болған жағдайда, әйелдердің - 55 жасқа, ерлердің - 60 жасқа толуына байланысты бір айлық тарифтік ставка (еңбекақы) мөлшерінде бір жолғы көтермелеуді жүргізуге;

Компанияның бюджетінен бөлінген шектерде, 4 АЕК мөлшерінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне әйелдерді бір жолғы көтермелеуді жүргізуге;

18) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Қазақстан және жақын және алыс шет елдерінің сауықтыру демалыс орталықтарында Компания қызметкерлері балаларын, ілесіп жүретін медициналы қызметкерін, мектеп каникулдары кезеніндегі сауықтыру демалысын ұйымдастыруға және апарып, алып келуге, ақша бөлуге;

балалар сауықтыру демалыс орталықтарында болған кезеңде жолдама құнының есебінен жазатайым оқиғалардан балаларды ерікті сақтандыруды қамтамасыз етуге;

19) кластан тыс және бірінші класты станцияларда жұмыс істейтін Компания филиалдары қызметкерлерінің балаларына жаңа жылдық ертеңгіліктерді ұйымдастыру үшін, бір жастан он жастағы балаларды қоса есептегенде, бір балаға бір АЕК-тың 50 пайызынан кем болмайтын мөлшерде, ал 2, 3, 4, 5 класты станцияларда және разъездерде жұмыс істейтін филиалдардың қызметкерлеріне, Жаңа жылға қарсы, бір балаға бір АЕК-тың 50 пайызынан кем болмайтын мөлшерде материалдық көмек көрсетуге қаржы қарастыру.

Бюджетте қызметкерлердің он жасқа дейінгі балаларын қоса есептегенде, бір балаға бір сыйлықтың бағасы бір АЕК-тен кем болмайтындай, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға қаржы қарастыру.

Егер де баланың ата-анасының екеуі де Компанияның қызметкері болған жағдайда, жаңа жылдық сыйлық және жаңа жылдық ертеңгілікке билет/материалдық көмек олардың біреуіне ғана көрсетіледі;

20) теміржол көлігі қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау үшін жыл сайын ақша бөлуді қарастыру;

21) Орталық, өңірлік және Астана станциясындағы торпатық ардагер-теміржолшылар кеңестерінің, жол бөлімшелерінің, Илецк және Восточный темір жол учаскелері ардагер-теміржолшылар кеңестерінің шығындарына ардагер-теміржолшылар кеңестерінің төрағаларына 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде

ай сайын материалдық көмек көрсетуге.

Орталық ардагер-теміржолшылар кеңесінің төрағасына 12 АЕК мөлшерінде, Орталық ардагер-теміржолшылар кеңесі төрағасының орынбасарларына 10 АЕК мөлшерінде, Орталық ардагер-теміржолшылар кеңесінің хатшысына 7 АЕК мөлшерінде ай сайын материалдық көмек көрсетуге.

Компанияның «Ақмола жол бөлімшесі», «Павлодар жол бөлімшесі», «Қарағанды жол бөлімшесі», «Қостанай жол бөлімшесі», «Семей жол бөлімшесі», «Защита жол бөлімшесі», «Алматы жол бөлімшесі», «Жамбыл жол бөлімшесі», «Шымкент жол бөлімшесі», «Қызылорда жол бөлімшесі», «Ақтөбе жол бөлімшесі», «Орал жол бөлімшесі», «Атырау жол бөлімшесі», «Маңғыстау жол бөлімшесі», «Достық станциясы», «Восточный темір жол учаскесі», «Илецк темір жол учаскесі» филиалдарында құрылған өңірлік ардагер-теміржолшылар кеңестерінің, «Астана станциясындағы торпатықардагер-теміржолшылар кеңестерінің» (бұдан әрі - Кеңестер) төрағаларына 10 АЕК мөлшерінде, Кеңестер төрағаларының орынбасарларына 8 АЕК мөлшерінде, Кеңестер хатшыларына 5 АЕК мөлшерінде ай сайын материалдық көмек көрсетуге.

22) қызметкерлер-донорларға тексерілген және қайта құю үшін қан тапсырған күндері үшін жұмыс орнын (лауазымын) және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

23) жол бөлімшелері мен Астана, Илецк торабының ардагерлер кеңесіне «Қазақстан теміржолшысы» салалық газетіне жазылу үшін ақша бөлуге;

24) еңбектің зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларымен байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысы қауіпсіздігімен жұмыстар істейтін зейнеткерлік жасқа кем дегенде 3 жыл қалған қызметкерлерге салалық жәрдемақы төлеуді енгізу мүмкіндігін қарауға;

25) Компанияның филиалында және орталық аппаратында құрылатын әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді қарау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына, көзделмеген шығындарға апаратын айырықша маңызды оқиғалар туындаған жағдайда, қызметкерлерге және Компания филиалдарында есепте тұрған зейнеткерлерге 200 АЕК-тен аспайтын мөлшерде материалдық көмек көрсетуге.

Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Компания филиалдарының қызметкерлеріне, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Компания филиалдарында есепте тұрған зейнеткерлерге және өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Компания филиалдарының қызметкерлерінің отбасыларына Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен материалдық көмек көрсетуге.

26) теміржол көлігіндегі еңбек өтілі кем дегенде 25 жыл зейнеткерлерге, сондай-ақ жұмыс өтіліне қарамай, өндірістік жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жұмыстан шыққан зейнкетерлерге, олар 70, 80, 90 және 100 жасқа толған кезде 7 (жеті) еселенген АЕК мөлшерінде, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген АЕК-ке балама мөлшерде, рубльмен, бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

27) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен кәсіподақ комитеттері ардагерлер кеңестеріне зейнеткер-теміржолшыларды жерлеуді ұйымдастыруға және қажетінше зейнеткерлермен олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша жұмыс істеу үшін автокөлік бөлуде көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;

28) әлеуметтік қолдау, жоғары білікті кадрларды тарту және тұрақтандыру мақсатында Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге жеңілдікпен меншікке тұрғын үй беруге;

29) Компанияда есепте тұрған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір ардагерге айына 50 кВт есебінен жылына тұтынылған электр энергиясы мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

30) жұмыс орындарын (лауазымдарын) және еңбекақыларын сақтай отырып, қызметкерлердің әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, Компания өткізетін жастар форумдарына, конференцияларға, тренингтерге және Компанияның құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге;

31) Компанияның бюджетінде қаржы болған жағдайда, барлық қызметкерлерге медициналық қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етуге;

32) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған байланысты табысты жоғалтқан жағдайда, әлеуметтік төлем сомасын ұстап қалып, орташа еңбекақыны сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеуге;

33) материалдық көмек көрсетуге:

1 қыркүйекке – оқушы балалары бар қызметкерлерге әр оқушы балаға 2 АЕК есебінен;

мүгедектер күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар қызметкерлерге 10 АЕК мөлшерінде.

Егер баланың екі ата-анасы да Компания қызметкері болып табылатын болса, материалдық көмек тек қана олардың біреуіне ғана беріледі;

34) жас қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында төмендегілерді жүргізуге:

- Компания бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде «Сен болмасаң, Кім?» девизімен жас теміржолшылардың копоративтік лагерінің жыл сайынғы сессияларын, «Жастар – темір жол болашағы!» жас қызметкерлердің өңірлік және республикалық форумдарын;

- «Жас кәсіби маман» жыл сайынғы жастар премиясын беру жөніндегі конкурстарды;

35) жол бөлімшелерінің және/немесе магистральдық желі, сондай-ақ Илецк, Восточный темір жол учаскесі және Достық станциясы жастары істері жөніндегі кеңесінің ең белсенді өңірлік өкілдеріне Компания бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

36) Отбасы күніне жыл сайын, Компания бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде, төрт және одан артық баласы бар көп балалы отбасының ата-аналарына 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

37) Балаларды қорғау күніне жыл сайын Компания бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде жалғыз басты аналарға, және 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған өзге тұлғаларға 10 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

38) Жастар күніне Компания бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде жыл сайын Компания филиалдары қызметкерлерінің ішінен «Мерейлі жас теміржол отбасы» конкурсының жеңімпаздары болып танылған жас отбасыларына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

Конкурстың тәртібі мен ережелері Компанияның жергілікті актілерімен белгіленеді;

39) Көлік қызметкерлері күніне жыл сайын Компания бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде қарттар үйінде тұрып жатқан 10 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндеттенеді.



VІ бөлім. Кәсіподақтың міндеттері
12. Кәсіподақ:

1) Жұмыс берушіге:

еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуда;

еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуде;

вокзалдар мен поездарда жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жоғарылатуда;

сенім мен өзара түсіністік негізінде әлеуметтік әріптестікті дамытуда жәрдемдесуге;

2) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін:

олардың өмір сүру деңгейін көтеру;

жұмыстан босату және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

жұмыс уақыты және демалыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша қорғауға;

3) салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізуге, кадрлық құрылым қызметкерлерімен бірлесе отырып, Компания қызметкерлеріне жолдамалар бөлуге, балалардың демалуы мен сауығуын ұйымдастыруға қатысуға, бұл ретте әлеуметтік әділдік және Компанияның барлық өңірін біркелкі қамту қағидаттарының сақталуын бақылай отырып, Компания қызметкерлері мен оның балаларының сауықтыру демалысы бойынша талдау жасауға;

4) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларының жасалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды болғызбау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысуға;

5) зардап шеккен қызметкерлерге және өндірісте қаза болғандардың отбасыларына ақысыз консультациялар мен Жұмыс берушінің қызметкердің мертігуіне немесе оның еңбек міндеттемелерін орындауына байланысты денсаулығының басқа зақымдалуымен келтірілген зиянды дер кезінде және толық өтеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір жолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетуге;

6) берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік билік органдарында, Жұмыс берушіде, сотта және басқа органдарда Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, сотқа талап арыздармен жүгіну, Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін құқықтық және нормативтік актілерге наразылық білдіру туралы прокуратураға өтініш жасауға;

7) Кәсіподақ мүшелеріне ұйымдастырушылық, консультативтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге;

8) еңбек туралы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру, еңбек дауларын қарауда ақысыз құқықтық көмек көрсетуге және даулы мәселелерді келісім комиссиясының қарауына шығаруға;

9) мемлекеттік органдарға теміржолшыларды экономикалық және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

10) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мәселелері бойынша актілерді, еңбекті, қызметкерлердің тұрмысы мен денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және келісуге қатысуға;

11) осы Шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына баруға;

12) осы Шарттың жағдайлары орындалған кезде еңбек дауларының пайда болуына және жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге;

13) Компания қызметкерлерінің балаларына демалыс орындарына дейін және кері қайтқанда бірге еріп баруды ұйымдастыруға, балалар жақын және алыс шет елдерде демалған жағдайларда қалаға дейін және кері қарай шығарып салуды қамтамасыз етуге міндеттенеді;

VІІ бөлім. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
13. Жұмыс беруші:

1) Кәсіподақтың құқықтарын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасауға;

2) кәсіподақ органдарына олардың қызметі үшін қажетті жайлар мен байланыс құралдарын пайдалануға ақысыз беруге;

3) Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне, семинарларына жіберілген және өндірістік жұмыстан босатылмаған делегаттарға, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелік вагонда жол жүру құжаттарына төлем жасалуын және іссапармен байланысты шығыстарды өтеуді қамтамасыз етуге;

4) Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша олардың еңбекақысынан мүшелік жарналарды ұстауға және бухгалтерия арқылы кәсіподақ ұйымдарының есеп шотына аударуға;

5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге және еңбекті қорғау жағдайына, оны жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргізуге қатысушы Кәсіподақ өкіліне теміржолдық көлік шығыстарын өтеуге;

6) негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын қызметкерлерді:

Кәсіподақтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес олардың қоғамдық міндеттерін орындауы үшін (айына 8 сағатқа дейін);

Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын съездерге, конференцияларға, семинарларға, сондай-ақ олардың кеңестерінің жұмысына қатысу үшін орташа еңбекақысын сақтап еңбек міндеттерін орындаудан босатуға;

7) осы Шартта көзделген Жұмыс берушінің міндеттерін орындауы туралы Кәсіподаққа қажетті ақпарат беруге;

8) кәсіподақ органдарына сайланбалы лауазымдарға сайланғандықтан өндірістік жұмыстан босатылған қызметкерлерге олардың сайланбалы өкілеттіктері аяқталғаннан кейін бұрынғы жұмысын (лауазымын), ал ол болмаған жағдайда – сол немесе, қызметкердің келісімі бойынша, басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге;

9) негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіпорын толық таратылған жағдайлардан басқа, жоғары тұрған кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығармауға;

10) қосымша ақыларды, үстеме ақыларды, коэффициенттерді, сыйақыларды, сыйлықақыларды есептеу тәртібі мен механизмдерін регламенттейтін Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақпен келісуге;

11) осы кезеңге дейін Компания филиалдарында жұмыс істеген, теміржол көлігінде кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар Кәсіподақтың сайланбалы органдарынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлердің Компанияның филиалдарында бекітілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.


VІІІ бөлім. Тараптардың қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілігі
14. Осы Шарт бойынша міндеттемелерінің бұзылуына немесе орындалмауына кінәлы лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет