«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге Тараптар деп аталатын, «Қазақстан темір жолы»



бет7/8
Дата19.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#147984
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Шарттың қолданылу мерзімі
5.1. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзім ішінде қолданылады.

6. Қорытынды шарттар
6.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері Шарт Тараптарының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

6.2. Осы Шарттың жағдайлары әр үшінші Тарапқа құпия болып табылады.

6.3. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.

6.4. Осы Шартпен байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

6.5. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар, екі сәйкес келетін данада, әр Тарап үшін бір данадан жасалған.
7. Тараптардың мекенжайлары және қолдары

Жұмыс беруші: Қызметкер:

(орналасқан мекенжайы, (тұрғылықты мекенжайы,

қолы, мөр) қолы)»





«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға

арналған ұжымдық шартқа

7-қосымша






Сақтау, өңдеу, сату (жөнелту), тасымалдау немесе өндіріс барысында қолдану үшін берілген құндылықтардың (мүліктің) сақталуын қамтамасыз етуге толық материалдық жауапкершілігі туралы олармен жазбаша шарттар жасасылатын темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының

тізбесі


Лауазымдардың атауы

Қызметкерлерге бекітілетін мүліктің, құралдардың негізгі түрлері

1. Компанияның филиалдардың және құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары, басшылардың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарлары, бас бухгалтерлері және белгіленген тәртіппен олардың орнын басатын тұлғалар

Ақша қаражаты және басқа мүлік

2. Пайдалану жөндеу локомотив деполарының, жөндеу зауыттарының, басқа да шаруашылықтардың цех бастықтары, аға шеберлері, шеберлері, бригадирлері


Жабдық, станоктар, материалдар, қосалқы бөлшектер, саймандар, басқа мүлік

3. Жол дистанцияларының, жол машина станцияларының, жол шаруашылығының жөндеу бөлімшелерінің аға жол шеберлері, жол шеберлері, көпір шеберлері, машиналар мен механизмдерді жөндеу жөніндегі шеберлер, бригадирлер

Жолдың үстіңгі құрылыс материалдары, жабдық, машиналар, механизмдер, қосалқы бөлшектер, саймандар, басқа мүлік

4. Сигнализация және байланыс, электрмен жабдықтау дистанцияларының аға электрмеханиктері, электрмеханиктері, аға шеберлері, шеберлері, бригадирлері

Жабдық, материалдар, басқа мүлік

5. Сумен, жылумен жабдықтау және санитарлық-техникалық құрылғылар дистанциялары учаскелерінің бастықтары, аға шеберлері, шеберлері, бригадирлері
6. Жол машиналары кешенінің бастығы

Жол машиналарының инженер-технологы



Ғимарат, құрылыс, жабдық, материалдар, өндірістік мүкәммал, басқа мүлік

Жабдық, станоктар, материалдар, қосалқы бөлшектер, саймандар, басқа мүлік




7. Бастықтар: жол шеберханаларының, жол машиналарының, бақылау-өлшеу және сынау-тексеру вагондарының; зертханалардың, тексеру және сынау станцияларының

Жабдық, материалдар, басқа мүлік

8. Бастықтар: тартым қосалқы станцияларының, түйіспелік желі аудандарының, жөндеу-ревизиялау учаскелерінің


Жабдық, материалдар, басқа мүлік

9. Локомотивтер, вагондар қоры базаларының бастықтары; қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының бастықтары

Локомотивтер, вагондар, басқа мүлік

Есеп айырысушылық емес станциялардың бастықтары

Материалдық құндылықтар, материалдар

10. Вокзалдардың бастықтары

Жабдық, материалдар, басқа мүлік

11. Билет кассаларының меңгерушілері

Ақша қаражаты, мүлік

12. Гараждардың бастықтары, механиктер, бригадирлер, шаруашылықтардың жүргізушілері, мотор-көлік құралдарының машинистері

Жабдық, автомашиналар, материалдар, отын, қосалқы бөлшектер, саймандар, басқа мүлік

13. Барлық атаулардағы жолаушы вагондарының жолсеріктері


Жабдық, төсек-орын жабдықтары, басқа мүлік

14. Аға қабылдап-тапсырушылар, қабылдап-тапсырушылар

Материалдық құндылықтар

15. Қорғағыш екпе ағаштар дистанциясы учаскелерінің бастықтары, шеберлері, бригадирлері


Учаскедегі негізгі құралдар, материалдар, басқа мүлік

16. Инженерлер, жабдықтау жөніндегі агенттер,

экспедиторлар



Материалдар, жабдық және басқа мүлік

17. Аға қоймашылар, қоймашылар


Материалдық құндылықтар: отын, шикізат, жартылай фабрикаттар, тетіктер, материалдар, жабдық, саймандар, дайын өнім, басқа мүлік

18. Ақпараттық-есептеу орталықтарының бөлім бастықтары, бөлім бастықтарының орынбасарлары

Есептеу техникасы, материалдық құндылықтар, басқа мүлік

19. Басшылардың кадрлар жөніндегі көмекшілері


Еңбек кітапшалары, мүлік

20. Атқыштар, өрт сөндіру командаларының, атқыштар, өрт сөндіру топтарының бастықтары

Қарауыл жайлары, казармалар, қызметтік иттердің қорықшалары, жабдық, шаруашылық мүкәммал, басқа мүлік

21. Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі отряд бастықтарының көмекшілері


Материалдар, жабдық, отын, қосалқы бөлшектер, басқа мүлік

22. Аға атқыштар, атқыштар


Қару, күзетілетін жүктер, объектілер

23. Өңірлік ғылыми-техникалық, рационализациялау және кітапханалық қызмет көрсету орталықтарының бастықтары, бас кітапханашылар, техникалық ақпарат кабинеттерінің меңгерушілері

Мүлік, материалдық құндылықтар



24. Аға кассирлер, кассирлер, аға бақылаушы - кассирлер, бақылаушы-ревизорлар, инкассаторлар, тауартанушылар


Ақша қаражаты, материалдық құндылықтар

25. Күзетшілер, вахтёрлер

Күзетілетін ғимараттар, қоймалар, кәсіпорындардың аумақтары, басқа объектілер


26. Шаруашылық меңгерушілері, ғимараттардың коменданттары


Материалдық құндылықтар, мүлік

27. Қол багажын сақтау камерасының, вокзалдардағы жолаушылардың демалыс бөлмелерінің меңгерушілері


Материалдық құндылықтар

28. Киім қабылдаушылар, күтуші әйелдер


Материалдық құндылықтар

____________________________________________




"Қазақстан темір жолы"

ұлттық компаниясы"

акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы

2015-2015 жылдарға

арналған ұжымдық шартқа

8-қосымша


Кәсіптік одақ органының уәждемелік пікір

беру тәртібі
Жұмыс беруші кәсіптік одақ органына Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша кәсіподақ мүшесімен еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату оқиғасы бойынша уәждемелік пікір беру туралы қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш береді.

Кәсіподақ органы өтінішті тіркейді, отырыс күнін белгілейді. Өтініш жеті жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Кәсіподақ органының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысатын болса, заңды деп саналады.

Өтініш Жұмыс беруші өкілінің және өзіне қатысты материалдар берілген қызметкердің – кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қаралады.

Қызметкер кәсіподақ органының отырысына дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда мәселе қаралмайды.

Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.

Кәсіподақ органының қаулысына қатысып отырған мүшелер қол қояды.

Хаттамадан алынған үзінді көшірмеге кәсіподақ органының төрағасы қол қояды және шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде Жұмыс берушінің өкіліне ұсыну үшін қызметкерге беріледі.


«Қазақстан темір жолы»

ұлттық компаниясы»

акционерлік қоғамы

мен оның еңбек ұжымы арасындағы

2015-2015 жылдарға арналған

ұжымдық шартқа

9-қосымша


Аттестация өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аттестация өткізу ережелері (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Компания) қызметкерлерін аттестациялау тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Аттестация Қаақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. Аттестация:

қызметкердің білім деңгейі мен кәсіби біліктілігінің өзінің лауазымына сәйкестілігін анықтау;

қызметкердің кәсіби өсуін ынталандыру;

қызметкердің біліктілігін арттыру, кәсіби даярлау немесе қайта даярлау қажеттілігін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Аттестациялауға:

1) Компанияның орталық аппараты мен филиалдарының – «Тасымалдау процессі дирекциясы», «Магистралдық желі дирекциясы», «Ақпараттық технологиялар дирекциясы», «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының»:

қызметі мен құзыреттілігінің тиімділігі рейтингтерінің жиынтық кестесінің 6-дан 9-ға дейінгі топтарына жатқызылған;

нәтижелілік және/немесе құзыреттілік бағалары болмайтын қызметкерлер жатады.

2) осы шарттың 1) тармақшасында аталмаған филиалдардың қызметкерлері жатады.

Конкурстық іріктеу бойынша жаңадан қабылданған (тағайындалған) қызметкерлер жұмысқа қабылданған күннен кем дегенде үш жылдан кейін аттестациядан өтеді.

4. Аттестациялауға:

1) Компания басшылары;

2) қызметі мен құызреттілігінң тиімділігі рейтингтерінің жиынтық кестесінің 1-ден 5-ке дейінгі топтарына жатқызылған, Компания орталық аппаратының және филиалдарының - «Тасымалдау процесі дирекциясы», «Магистральдық желі дирекциясы», «Ақпараттық технологиялар дирекциясы», «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалдарының қызметкерлері;

3) жүкті әйелдер;

4) жүктілігі мен босануына байланысты демалыстағы әйелдер;

5) бала үш жасқа толғанға дейін оны күту жөніндегі демалыстағы қызметкерлер;

6) қатарынан 2 ай уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бар қызметкерлер жатпайды.

Осы тармақтың 4, 5 және 6-тармағында көрсетілген қызметкерлерді аттестациялау, олар жұмысқа шыққаннан кейін кем дегенде алты айдан кейін өткізіледі.

5. Кезекті аттестация алдындағы аттестация өткізілгеннен кейін кем дегенде үш жылдан кейін өткізіледі.

6. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзу оқиғалары болған жағдайда, қызметкерге, оны өткізуден он күнтізбелік күн бұрын хабарлай отырып, қызметкерлердің кезектен тыс аттестациясы Компания басшылығының шешімі бойынша өткізіледі.

7. Аттестация келесі жүйелі кезеңдерден тұрады:

1) аттестацияны өткізуге дайындық;

2) аттестациялауға жататын қызметкердің өзін өзін бағалау бланкін толтыруы арқылы өзін өзін бағалау (1-қосымша) және тікелей басшының аттестациялауға жататын қызметкерді бағалауы (2-қосымша);

3) аттестациялауға жататын қызметкердің жағдайлық тапсырманы шешуі;

4) аттестациялық комиссияның аттестациялауға жататын қызметкермен сұхбаттасуды өткізуі;

5) аттестациялық комиссияның шешім шығаруы.

8. Осы ережелерде төмендегі негізгі ұғымдар қолданылады:

жағдайлық тапсырмаларды шешу – қызметкерлердің біліктілік білімдерін, логикалық ойлау білуін анықтайтын және қызметкерге, өзінің өндірістік жағдайларда шешімдер табу қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жағдайларды талдау әдісі;

басшы – вице-президенттер, Басқарушы директоры – Аппарат басшысы, Басқарушы директоры – Бас инженер, басқарушы директорлар, Бас бухгалтер, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және/немесе олармен құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жағдайлық тапсырмаларды шешу бағасын жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалар, директорлар, директорлардың орынбасарлары, атқарушы директорлар, бас инженерлер, бас бухгалтерлер, Компания филиалдарының басшылары және олардың орынбасарлары.
2. Аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру
9. Аттестация өткізу туралы шешімді қабылдайды:

1) Компанияның Президенті, вице-президенті, Басқарушы директоры – Аппарат басшысы, Басқарушы директоры – Бас инженері және басқарушы директорлары мыналарға қатысты:

- орталық аппараттың әкімшілік қызметкерлеріне;

- Компания филиалдарының қаржы-экономикалық, заң, кадрлық, бухгалтерлік қызметтерінің қызметкерлеріне, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік ревизорларға, өңірлік ревизиялар бөлімдерінің ревизорларына, өңірлік статистика бөлімдерінің қызметкерлеріне, Басқарушылық есептілікті басқару департаментінің оперативтік бағынысындағы өңірлік бөлімдер мен секторларының қызметкерлеріне;

- қызметін Компанияның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы үйлестіретін және Компанияның Персоналды басқару жөніндегі департаменті (бұдан әрі - Департамент) және Компанияның «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» (бұдан әрі - Орталық) филиалы ұйымдастыратын Компания филиалдарының басшыларынан басқа Компания филиалдарының басшыларына;


  • кластан тыс станциялар бастықтарына;

2) «Магистральдық желі дирекциясы» және «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалдарын қоспағанда, Компания филиалының директоры, филиалдың қаржы-экономикалық, заң, кадрлық, бухгалтерлік қызметтерінің қызметкерлерін, филиалдың директорын, директордың орынбасарын, филиалдың бас инженерін, бас бухгалтерін, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік ревизорларды, өңірлік ревизиялар бөлімдерінің ревизорларын, өңірлік статистика бөлімдерінің қызметкерлерін, Басқарушылық есептілікті басқару департаментінің оперативтік бағынысындағы өңірлік бөлімдер мен секторларының қызметкерлерін, қызметтеріне кадрларды өндірістік оқыту кіретін және осы филиалдың персоналды басқару жөніндегі қызметі ұйымдастыратын қызметкерлерді қоспағанда, филиал қызметкерлеріне, тіркелген штатқа қатысты;

3) Компанияның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры мыналарға қатысты:

- филиалдың қаржы-экономикалық, заң, кадрлық, бухгалтерлік қызметтерінің қызметкерлерінен және филиалдың бас бухгалтерінен басқа;

- қызметін Компанияның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы үйлестіретін және Компанияның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының персоналды басқару жөніндегі қызметі ұйымдастыратын Компания филиалдарының директорларына, директордың орынбасарларына, бас инженеріне, қызметтеріне кадрларды өндірістік оқыту кіретін қызметкерлерге;

4) «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының директоры филиалдың қаржы-экономикалық, заң, кадрлық, бухгалтерлік қызметтерінің қызметкерлерін, филиалдың директорын, директордың орынбасарын, филиалдың бас инженерін, бас бухгалтерін, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік ревизорларды, өңірлік ревизиялар бөлімдерінің ревизорларын, өңірлік статистика бөлімдерінің қызметкерлерін, Басқарушылық есептілікті басқару департаментінің оперативтік бағынысындағы өңірлік бөлімдер мен секторларының қызметкерлерін, қызметтеріне кадрларды өндірістік оқыту кіретін және «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалының персоналды басқару жөніндегі қызметі ұйымдастыратын қызметкерлерді қоспағанда, филиал қызметкерлеріне, тіркелген штатқа қатысты;

10. Аттестация өткізу туралы шешім Компанияның Президенті, вице-президенті, Басқарушы директоры – Аппарат басшысы, Басқарушы директоры – Бас инженері және басқарушы директорлары мен филиалдар директорлары бұйрығымен ресімделеді, онда мыналар бекітіледі:

1) аттестацияға жататын қызметкерлердің тізімі;

2) аттестациялық комиссия/аттестациялық комиссиялар құрамы;

3) өткізілетін жері мен күні көрсетілген аттестация жүргізу графигі.

11. Аттестация өткізуге дайындық келесі іс-шаралардан тұрады:

аттестацияға жататын қызметкерлердің тізімін дайындау және тексеру;

аттестацияланатын қызметкерлердің қажет құжаттарын (лауазымдық нұсқаулықтарын, аттестациялық парақ бланкілерін, аттестациялауға жататын қызметкерлердің өзін өзі бағалау бланкілерін, аттестацияланатын қызметкерлердің тікелей басшыларының бағалауы, жағдайлық тапсырмаларды шешу бланкілерін) және қайталап аттестациялаған жағдайда, алдында өткен аттестация қортындылары туралы ақпаратты (аттестациялық парақ), болған жағдайда, дайындау;

аттестация өткізу графигін әзірлеу;

аттестациялық комиссия/аттестациялық комиссиялардың құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;

аттестация өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

құрылымдық бөлімшелер бойынша аттестация өткізу бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;

осы ережелерде белгіленген тәртіппен бұйрық дайындау және аттестацияға жататын қызметкерлерді хабардар ету;

аттестациялық комиссия/аттестациялық комиссиялардың отырысының хаттамасын дайындау.

Аттестацияға жататын қызметкерлердің аттестациялық парақтарын, өзін өзі бағалау бланкілерін, аттестацияланатын қызметкерлердің тікелей басшыларының бағаларын, аттестацияланатын қызметкерлердің белгіленген нысанда бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарының көшрмелерін, және қайталап аттестациялаған жағдайда, алдында өткен аттестация қортындылары туралы ақпаратты (аттестациялық парақ), болған жағдайда, дайындау үшін тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы және осы құрылымдық бөлімшенің персоналды басқару жөніндегі қызметінің жауапты қызметкері жауапты болады.

Хабарламамен танысқаннан кейін қызметкер аттестацияға келу үшін жауапкершілікте болады. Қызметкерге алда болатын аттестация туралы хабарлаған тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы қызметкердің аттестацияға келуін қамтамасыз етеді және қызметкердің аттестацияға келуі үшін жауапкершілікте болады. Орталық аппараттағы аттестацияланатын қызметкер жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелердің басшысы, қызметкердің аттестацияға келуін қамтамасыз етеді және қызметкердің аттестацияға келуі үшін жауапкершілікте болады.

12. Аттестациялық комиссия, қызметкер аттестациялық комиссия отырысына дәлелді себептермен (науқастануы, іссапар бойынша, оқуға жіберілгені және құжаттармен расталған өзге жағдайларда) келмеген жағдайда, ол жұмысқа шыққан бойда оның аттестациядан өтуі туралы шешімді қабылдау құқығы бар.

13. Алда болатын аттестация туралы аттестацияға кем дегенде екі апта қалғанда, қызметкрлерге хабарланады:

орталық аппаратта –Департамент;

филиалдарда – лауазымдар номенклатурасына сәйкес филиалдардың басшылары.

Хабарламада: аттестацияларды өткізу мерзімдері, оларды қолдануы бойынша жағдайлық тапсырмалар шешілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық актілерінің және жұмыс берушінің актілерінің тізбесі көрсетіледі.
3. Аттестациялық комиссия
14. Аттестациялық комиссия комиссия төрағасы мен оның орынбасарын қоса алғанда кем дегенде 7 адамнан тұрады.

Аттестациялық комиссияның құрамына мыналар кіреді:

аттестациялық комиссияның төрағасы - Вице-президент (жетекшілік етуі бойынша) немесе Басқарушы директор - Аппарат басшысы/ Басқарушы директор – бас инженер/ басқарушы директор (жетекшілік етуі бойынша), немесе Компания филиалының басшысы;

аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары - Басқарушы директор - Аппарат басшысы/ Басқарушы директор – бас инженер/басқарушы директор (жетекшілік етуі бойынша), немесе орталық аппарат құрылымдық бөлімшесінің бастығы/Компания филиалдары бөлімшелерінің басшысы және оның орынбасарлары;

аттестациялық комиссияның мүшелері - Компанияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің (лауазымы бас менеджерден төмен болмайтын), Компания филиалдарының (лауазымы басқарма және дербес бөлімдер бастықтарынан төмен болмайтын) қызметкерлері, кәсіподақтың, Департаменттің, Орталықтың және/немесе Компания филиалдарының персоналды басқару жөніндегі қызметтерінің, сондай-ақ Құқықтық қамтамасыз ету және соттық-талаптық жұмыстар департаментінің және/немесе Компания филиалының заң қызметтері өкілдерінің соттық-талаптық жұмыс жөніндегі топтары.

Филиалдардың бас бухгалтерлерін қоспағанда, филиал басшыларын аттестациялаған кезде, аттестациялық комиссияның құрамына тиісті филиалдарға жетекшілк ететін басқарушы директорлар енгізіледі.

Аттестациялық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттерін аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

Аттестациялық комиссияның хатшысы - аттестациялық комиссияның мүшесі болып табылмайтын, Департаменттің, және/немесе Компания филиалдарының персоналды басқару жөніндегі қызметтерінің қызметкері.

Аттестация өткізілетін кезеңде аттестациялық комиссияның мүшелері өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады.

15. Аттестациялық комиссия төрағасының және/немесе төрағасы орынбасарының шешімі бойынша аттестациялық комиссияның отырысына аттестацияланатын қызметкердің тікелей немесе жетекшілік ететін басшысы қатыса алады (кеңесу дауыс беру құқығымен).

16. Аттестациялық комиссияның мүшелері аттестациядан жалпы негізде өтеді және өздеріне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

17. Аттестациялық комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса құқылы деп саналады. Аттестациялық комиссияның аттестацияланатынның бағасы туралы қорытынды шешімі ашық дауыспен, аттестациялық комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестациялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

18. Аттестациялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған аттестациялық комиссияның төрағасы және/немесе төрағасының орынбасары, қатысып отырған мүшелері мен хатшысы қол қояды.

19. Аттестациялық комиссия хатшысының міндетіне аттестациялық комиссияның отырыстарын дайындау, аттестациялықотырыстар хаттамаларын жүргізу және аттестациялық парақтарды (3-қосымша) ресімдеу кіреді.

20. Компанияда бірнеше аттестациялық комиссия құрылуы мүмкін.
4. Аттестация өткізу
21. Аттестацияланатын қызметкер өзін өзі бағалау бланкісін толтырады.

22. Аттестацияланатын қызметкердің тікелей басшысы аттестацияланатын қызметкердің тікелей басшысының бағалауы бланкісін толтырады. Бағалау бланкісінде қызметкердің аттестацияланатын уақыт кезеңіндегі қызметінің объективті бағасы, оның жетістіктері мен кәсіби дамуына шолу болуы тиіс.

23. Аттестацияланатын қызметкерге тікелей басшысымен бағалау кезіндегі 1 және 5 бағасын қою, аталған бағаларды негіздейтін жазбаша түсініктемелер мен мысалдардың міндетті түрде болуын қарастырады.

24. Аттестацияланатын қызметкерлер аттестация өткізгенге дейін олар өздерінің тікелей басшысының бағалауы бланкісімен танысуы тиіс.

25. Жағдайлық тапсырмаларды шешу компьютерде және қағазда жүргізілуі мүмкін.

Аттестацияланатын қызметкер жағдайлық тапсырмаларды шешу алдында Аттестациялық комиссияның төрағасының атына жағдайлық тапсырмаларды шешетін тілді –мемлекеттік немесе орыс тілін таңдайтыны туралы өтініш жазады (4-қосымша).

26. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, құқықтық, нормативтік-техникалық актілер және жұмыс берушінің актілерін қолдана білу бойынша жағдайлық тапсырмаларды, басшылары әзірленген жағдайлық тапсырмалардың мазмұны және құпиялылығы үшін жауапты болатын Компанияның құрылымдық бөлімшелері олардымемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді.

Қажет болғанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, құқықтық, нормативтік-техникалық актілер және жұмыс берушінің актілерін қолдана білудің жағдайлық тапсырмаларын мамандандырылған ұйымдар әзірлеуі мүмкін, олардың қызметтерін заңнамада белгіленген тәртіппен компания сатып ала алады.

27. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, құқықтық, нормативтік-техникалық актілерінің және жұмыс берушінің актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) жалпы және кәсіби блоктардан тұрады.

Жалпы блок бойынша актілер тізбесі осы ережелердің 5-қосымшасымен анықталған.

Кәсіби блок бойынша актілер тізбесі, жағдайлық тапсырмалар саны және жағдайлық тапсырмаларды шешу үшін қызметкерге бөлінетін уақыт аттестациялық комиссияның шешімімен бекітіледі.

Жағдайлық тапсырмалардың саны тақ болуы шарт.

28. Компанияның орталық аппаратының қызметкерлері мен филиалдары басшыларының жағдайлық тапсырмаларды шешуін Орталық ұйымдастырады.

Филиалдар қызметкерлерінің, соның ішінде Компанияның тіркелген штатының қызметкерлерінің жағдайлық тапсырмаларды шешуін Орталықтың ұйымдастырушылық-әдістемелік көмегімен филиалдардың персоналды басқару жөніндегі қызметтері ұйымдастырады.

Жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері нысан (6-қосымша) бойынша ресімделеді және оларға қызметкер қол қояды.

Басшы аттестациядан өткен қызметкердің жағдайлық тапсырмаларды шешуін бағалайды, әр жағдайлық тапсырмаларды шешу бойынша бағаны бөлек, сосын жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері бойынша қорытынды бағаны жариялайды және аттестациядан өткен қызметкердің жағдайлық тапсырмаларды шешу бланкісіне қол қояды.

Жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері бойынша қорытынды бағаны аттестациялық комиссияның хатшысы аттестациялық параққа енгізеді.

29. Аттестациялық комиссияның хатшысы аттестациялық комиссия отырысының алдында келесі құжаттарды дайындауы тиіс:

белгіленген тәртіппен бекітілген қызметкердің лауазымдық нұсқаулығын;

аттестацияланатын қызметкер толтырған өзін-өзі бағалау бланкісін;

аттестацияланатын қызметкердің тікелей басшысы толтырған бағалау бланкісін;

аттестацияланатын қызметкердің жағдайлық тапсырмаларды шешетін тілді (мемлекеттік немесе орыс) таңдайтыны туралы өтінішін;

жағдайлық тапсырмаларды шешу қорытындысын;

аттестациялық парақты;

аттестациялық комиссия отырысы хаттамасының бланкісін;

аттестация қайталанып өткізілетін жағдайда, алдында болған аттестацияның нәтижелерін (аттестациялық парақты).

30. Аттестациялық комиссия жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері бойынша қорытынды бағаның және сұхбаттасудың негізінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

алып отырған лауазымына лайықты;

қайталап аттестациядан өтуге жатады;

алып отырған лауазымына лайықты емес.

Аттестациялық комиссияның жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері мен сұхбаттасу нәтижелері бойынша шешім қабылдаумен қатар, қызметкерге біліктілігін артыруға, тиісті білім алуға ұсыну құқығы бар.

31. Аттестациялық комиссия біліктілігін артыруға, даярлауға, қайта даярлауға ұсынған қызметкер үшін оқыту іс-шараларын жүргізуді Департамент және/немесе Компания филиалы берген қажеттілік негізінде Орталық ұйымдастырады.

32. Осы Ережелердің 30-тармағында көрсетілген шешімді қабылдау үшін аттестациялық комиссия, жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері бойынша қорытынды бағаға қарамай, аттестациядан өтетін қызметкермен сұхбаттасу өткізеді.

33. Қайталап өткізілетін аттестация аттестациялық комиссия оны өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін алты айдан кейін, осы Ережелерде белгіленген тәртіппен қайталап өткізіледі.

34. Аттестациялық комиссия қайталап аттестациялау туралы шешімді қабылдаған жағдайда қызметкер аттестациялаудан қайта өткенге дейін ол жоғары тұрған лауазымға ауыстырылуы мүмкін емес.

35. Қайталап аттестациялаудан өткен кезде, аттестациялауға жататын қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісі мен оны бағалау бланкісін, сондай-ақ жағдайлық тапсырмаларды қайталап шешу қажет емес.

36. Аттестациялық комиссия қайталап аттестациялауды жүргізіп, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

алып отырған лауазымына лайықты;

алып отырған лауазымына лайықты емес.

37. Аттестациялық комиссияның хатшысы қызметкердің аттестациялық парағына комиссияның шешімдері мен ұсыныстарын тиісті хаттаманың күні мен нөмірін көрсете отырып енгізеді және аттестациялық параққа қатысып отырған аттестациялық комиссия мүшелерінің қолын қойғызады.

38. Аттестациялық комиссия отырысының хаттамасын хатшы ресімдейді және қатысып отырған комиссия мүшелері, комиссия төрағасы және/немесе төрағасының орынбасары қол қояды.

Осы Ережелердің 9-тармағының 1) тармақшасында аталған қызметкерлерді аттестациялау жөніндегі аттестациялық комиссия отырысының хаттамалары Департаментте сақталады.

Осы Ережелердің 9-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған қызметкерлерді аттестациялау жөніндегі аттестациялық комиссия отырысының хаттамалары тиісті филиалдардың персоналды басқару жөніндегі қызметтерінде сақталады.

39. Аттестациялық комиссияның хатшысы өткізілген аттестацияның қорытындылары бойынша тиісті персоналды басқару жөніндегі қызметтер қызметтерге аттестациялық парақтың көшірмесін, аттестациялауға жататын қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісі мен оны тікелей басшыларының бағалауы бланкісін, сондай-ақ аттестациялық комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелерін қызметкердің жеке ісінде сақтау үшін береді.

40. Аттестациялық комиссиялардың жұмыстарының нәтижелері, аттестациялық комиссиялар шешімдерін мониторингтеу, талдау және бақылау және орындау үшін Департаментте қорытылады.

41. Қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Компанияның аттестация нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне шағымдану құқығы бар.

__________________________________




Аттестация өткізу ережелеріне

1-қосымша




Аттестациялауға жататын қызметкердің

өзін-өзі бағалау бланкісі
Қызметкердің Т.А.Ә. __________________________________

Лауазымы ________________________________________________________

Құрылымдық бөлімше _____________________________________________
Өзін-өзі бағалауды жүргізетін қызметкерге арналған нұсқаулық. Сізден 5 балдық жүйемен төменде келтірілген әрбір тармақ бойынша Өзіңіздің жеке және іскерлік қасиеттеріңізді бағалауды өтінеміз
5- өте жақсы, әрқашанда;

4 – жақсы, көпшілік жағдайларда, жиі;

3 – орташа, кейде;

2 – орташадан төмен, сирек;

1 – қанағаттанарлықсыз, ешқашан


Құзыреттер

Бағалау варианттары

Негізгі құзыреттер




1. Құндылықтарды ұстану

1. Корпоративтік құндылықтарды ұстану және Компания мүдделеріне берілгендік

2. Компания қағидаттарын ұстанамын



1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

2. Нәтижеге бағытталғандық

1. Алда тұрған мақсаттарға жетемін

2. Жұмысты өз бетіммен орындаймын, жұмысқа жауапты қараймын

3. Жұмыс барысында туындайтын мәселелерді өз бетіммен шешемін


1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

3. Жұмысты ұйымдастыру

1. Қызметіме жүйелі түрде қараймын, әзірленген жоспарға сәйкес жұмыс істеймін.

2. Қызметкерлердің дербестігін және өздігінен ұйымдастырылуын құптаймын (басшылар үшін)

3.Өз жұмысымның мақсаттары мен әдістерін өз бетіммен белгілеймін. Бастамашылық жасаймын және қандай да болмасын жағдайларда өз бетіммен әрекет етемін


1 2 3 4 5
1 2 3 4 5


1 2 3 4 5

4. Дамуға бағдарлану

1. Қызметкерлердің креативтілігін құптаймын және жаңа идеялар үшін үнемі ашықпын, қызметкерлердің креативтік қабілеттерге жетуіне және дамытуға, жетілуге талпынысын ынталандыратын жағдай жасаймын (басшылар үшін)

2. Жаңа құзыреттіліктерді, білімдерді, дағдыларды игеремін және пайдаланамын; үнемі оқимын және өз бетіммен оқимын және де жұмыста өзімнің және бөтен тәжірибені пайдаланамын (мамандар үшін)





1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

5. Өзара әрекеттесу және ынтымақтасу

1. Іскерлік қарым-қатынас дағдыларын игергенмін, қоршаған адамдармен араласқан және өзара әрекеттескен кезде позитивті байланыстарды орнатамын және қолдап отырамын

2. Сынды конструктивті қабылдаймын және өз тәртібімді кеңеске сәйкес өзгертемін





1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

6. Ықпал ету

1. Басқа қызметкерлерге қолдау және кәсіби көмек көрсетемін, өз білімім мен жетістікті тәжірибеммен бөлісемін

1 2 3 4 5

7. Клиентке бағдарлану

1. Сыртқы және ішкі клиенттердің қажеттілігіне бағдар аламын. Клиенттермен конструктивті қарым-қатынастарды дамытамын және қолдап отырамын (басшылық, жұмыс бойынша әріптестер ішкі клиенттер ретінде қаралады)



1 2 3 4 5


Арнайы құзыреттер (басшылар үшін)

1. Лидерлік




1. Ресурстарды, жүйелерді және процестерді басқаруда жемісті нәтижелерге жетемін, қызметкерлерді тиімді жұмысқа ынталандырамын

2. Шешімдерді қабылдаймын, келісемін және өзімнің бағынышты қызметкерлеріммен бірлесіп мақсаттар қоямын

3. Бастамашылық және белсенділік танытамын, басқаларға бастамашылық жасауға көмектесемін

4. Бағынышты қызметкерлерімнің арасында нақты міндеттер бөлемін



1 2 3 4 5

1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

2. Жұмыс сапасы

1. Жұмыс уақытын, ақашалай және басқа да қаражаттарды тиімді жоспарлаймын және ұтымды пйдаланамын, міндеттерді дер кезінде орындаймын, тиянақтымын, қате жібермеймін, басымдылықтарды белгілеймін.

2. Жеке және кәсіби мақсаттарға жету үшін жеке жауапкершілікте боламын.



1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

3. Стресске төзімділік

1. Жұмыстағы қалыптасқан қолайсыз жағдайларда эмоцияларымды басқар аламын


1 2 3 4 5

Арнайы құзыреттер (мамандар үшін)

  1. Жұмыс стандарттарын сақтау

1. Тапсырмалар мен жұмыстарды белсенді, ұқыпты және жүйелі орындаймын

2. Жұмыс нәтижелерін белгіленген мерзімдерде ұсынамын

3. Жұмысты сапалы –дер кезінде, тиянақты, қатесіз орындаймын

4. Жұмыс уақытын басымдылықтарды белгілей отырып жоспарлаймын және оңтайлы пайдаланамын



1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

2. Командалық жұмыс

1. Командада жұмыс істей аламын, әріптестеріме көмек беруге дайынмын

1 2 3 4 5

3. Кәсіби білімдер және дағдылар




1. Арнайы сараптау білімдерін және тар шеңберлі (экономика, қаржы, іс-жүргізу және басқалары) бағдар дағдыларын көрсете білемін

2. Жұмыста белсенділік пен бастамашылық көретемін



1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

4. Стресске төзімділік




1. Жұмыстағы қалыптасқан қолайсыз жағдайларда эмоцияларымды басқара аламын


1 2 3 4 5

____________________ ___________ 20 __ж. «_____»_____

Қызметкердің Т.А.Ә. /қолы/










20 __ жылғы __________№_______

Аттестация өткізу ережелеріне

2-қосымша




Тікелей басшысының аттестацияланатын қызметкерді бағалау бланкісі
Басшының Т.А.Ә._____________________________________________________

Лауазымы___________________________________________________________

Қызметкердің Т.А.Ә.__________________________________________________

Лауазымы_________________________________________________________

Құрылымдық бөлімше______________________________________________
Бағалаушыға арналған нұсқаулық. Аттестациялануға тиісті қарамағыныздағы қызметкердің жеке және іскерлік қасиеттерін төменде келтірілген әрбір тармақ бойынша 5-балдық жүйемен бағалауыңызды сұраймыз:

5- өте жақсы, әрқашанда;

4 – жақсы, көпшілік жағдайларда, жиі;

3 – орташа, кейде;

2 – орташадан төмен, сирек;

1 – қанағаттанарлықсыз, ешқашан


Құзыреттер

Бағалау варианттары

Негізгі құзыреттер




1. Құндылықтарды ұстану

1. Корпоративтік құндылықтарды ұстанады және Компания мүдделеріне берілген

2. Компания қағидаттарын ұстанады



1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

2. Нәтижеге бағытталғандық

1. Алда тұрған мақсаттарға жетеді

2. Жұмысты өз бетіммен орындайды, жұмысқа жауапты қарайды

3. Жұмыс барысында туындайтын мәселелерді өз бетіммен шешеді


1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

3. Жұмысты ұйымдастыру

1. Қызметіме жүйелі түрде қарайды, әзірленген жоспарға сәйкес жұмыс істейді.

2. Қызметкерлердің дербестігін және өздігінен ұйымдастырылуын құптайды (басшылар үшін)

3. Өз жұмысының мақсаттары мен әдістерін өз бетіммен белгілейді. Бастамашылық жасайды және қандай да болмасын жағдайларда өз бетіммен әрекет етеді


1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

4. Дамуға бағдарлану

1. Қызметкерлердің креативтілігін құптайды және жаңа идеялар үшін үнемі ашық, қызметкерлердің креативтік қабілеттерге жетуіне және дамытуға, жетілуге талпынысын ынталандыратын жағдай жасайды (басшылар үшін)

2. Жаңа құзыреттіліктерді, білімдерді, дағдыларды игереді және пайдаланады; үнемі оқиды және өз бетіммен оқиды және де жұмыста өзімнің және бөтен тәжірибені пайдаланады (мамандар үшін)





1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

5. Өзара әрекеттесу және ынтымақтасу

1. Іскерлік қарым-қатынас дағдыларын игерген, қоршаған адамдармен араласқан және өзара әрекеттескен кезде позитивті байланыстарды орнатады және қолдап отырады

2. Сырттан жасалған сынды конструктивті қабылдайды және өз тәртібін кеңеске сәйкес өзгертуге қабілетті





1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

6. Ықпал ету

1. Басқа қызметкерлерге қолдау және кәсіби көмек көрсетеді, өз білімі мен жетістікті тәжірибесімен бөліседі

1 2 3 4 5

7. Клиентке бағдарлану

1. Сыртқы және ішкі клиенттердің қажеттілігіне бағдар алады. Клиенттермен конструктивті қарым-қатынастарды дамытады және қолдап отырады (басшылық, жұмыс бойынша әріптестер ішкі клиенттер ретінде қаралады)



1 2 3 4 5


Арнайы құзыреттер (басшылар үшін)

1. Лидерлік




1. Ресурстарды, жүйелерді және процестерді басқаруда жемісті нәтижелерге жетеді, қызметкерлерді тиімді жұмысқа ынталандырады

2. Шешімдерді қабылдайды, келіседі және өзінің бағынышты қызметкерлеріммен бірлесіп мақсаттар қояды

3. Бастамашылық және белсенділік танытады, басқаларға бастамашылық жасауға көмектеседі

4. Бағынышты қызметкерлердің арасында нақты міндеттер бөледі



1 2 3 4 5

1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

2. Жұмыс сапасы

1. Жұмыс уақытын, ақашалай және басқа да қаражаттарды тиімді жоспарлайды және ұтымды пйдаланады, міндеттерді дер кезінде орындайды, тиянақтымын, қате жібермейді, басымдылықтарды белгілейді.

2. Жеке және кәсіби мақсаттарға жету үшін жеке жауапкершілікте болады.



1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

3. Стресске төзімділік

1. Жұмыстағы қалыптасқан қолайсыз жағдайларда эмоцияларымды басқара алады


1 2 3 4 5

Арнайы құзыреттер (мамандар үшін)

  1. Жұмыс стандарттарын сақтау

1. Тапсырмалар мен жұмыстарды белсенді, ұқыпты және жүйелі орындайды

2. Жұмыс нәтижелерін белгіленген мерзімдерде ұсынады

3. Жұмысты сапалы –дер кезінде, тиянақты, қатесіз орындайды

4. Жұмыс уақытын басымдылықтарды белгілей отырып жоспарлайды және оңтайлы пайдаланады



1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

2. Командалық жұмыс

1. Командада жұмыс істей алады, әріптестеріне көмек беруге дайын

1 2 3 4 5

3. Кәсіби білімдер және дағдылар




1. Арнайы сараптау білімдерін және тар шеңберлі (экономика, қаржы, іс-жүргізу және басқалары) бағдар дағдыларын көрсете біледі

2. Жұмыста белсенділік пен бастамашылық көретеді



1 2 3 4 5
1 2 3 4 5

4. Стресске төзімділік




1. Жұмыстағы қалыптасқан қолайсыз жағдайларда эмоцияларды басқара алады


1 2 3 4 5

________________________ 20 __ж. «_____»_____

(басшының қолы)
Тікелей басшының бағалауымен таныстым
________________________ 20 __ж. «_____»_____

(қызметкердің қолы)













Аттестация өткізу ережелеріне

3-қосымша






АТТЕСТАЦИЯ ПАРАҒЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________

2. Туған күні _______________________________________________________

3. Білімі туралы мәліметтер_____________________________________________

(не бітірді, қашан, мамандығы, біліктілігі)

4. Жалпы еңбек өтілі _______________________________________________

5. Темір жол саласындағы еңбек өтілі _________________________________

6. Аттестация жүргізу кезіндегі лауазымы және осы лауазымға тағайындалған күні _______________________________________________________________

7. Жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері бойынша қорытынды баға (дұрысының астын сызу керек):

______________________________________________

9. Аттестацияланатын қызметкердің біліктілік талаптарына лайықтылығы:

жоқ, иә (дұрысының астын сызу керек).

10. Аттестациялық комиссияның шешімі (дұрысының астын сызу керек):

а) алып отырған лауазымына лайықты;

б) қайталап аттестациядан өтуге жатады;

в) алып отырған лауазымына лайықты емес.

11. Қайта аттестациялау кезіндегі аттестациялық комиссияның шешімі (дұрысының астын сызу керек):

а) алып отырған лауазымына лайықты;

б) алып отырған лауазымына лайықты емес.

12. Аттестациялық комиссияның ұсыныстары:

біліктілікті арттыруды, кәсіби дайындықты, қайта дайындауды қажет етеді (дұрысының астын сызу және қандай салада екендігін жазу керек);

тиісті білім алуды қажет етеді (қандай мамандық бойынша екендігін көрсету керек).
Аттестациялық

комиссияның төрағасы (қолы)
Аттестациялық комиссия

төрағасының орынбасары (қолы)
Аттестациялық комиссия мүшелері (қолы)
Аттестациялық комиссияның

хатшысы (қолы)
Аттестация күні 20 ______жылғы "______"____________
Аттестациялық комиссия отырысының

_______хаттамасы


Аттестациялық парақпен таныстым (қызметкердің қолы және күні) (қызметкердің қолы мен күні)

20__ жылғы __________№_______

Аттестация өткізу ережелеріне

4-қосымша


Аттестациялық

комиссияның төрағасына

________________________



_________________________

(лауазымы, Т.А.Ә)




Өтініш
Қызметкрелердің аттестациялау ережелерімен таныстым.

Аттестация өткізу күнімен, аттестациялық комиссияның құрамымен, оларды қолдануы бойынша жағдайлық тапсырмалар шешілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық актілерінің және жұмыс берушінің актілерінің тізбесімен таныстым.

Жағдайлық тапсырмаларды мемлекеттік/орыс тілінде (дұрысының астын сызу керек) шешуге тілек білдіремін.

________________________ 20 ____ жылғы «______»____________

(қызметкердің қолы)


_______________________




20__ жылғы __________№_______

Аттестация өткізу ережелеріне

5-қосымша



Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы

2) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы

3) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы

4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы

5) «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы

6) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі

7) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт

8) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамында құжаттама жасау қағидасы

9) Іскерлік этика кодексі

10) Корпоративтік басқару кодексі

11) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының саясаты – Корпоративтік идеология және бизнес филисофиясы.
_______________________

20__ жылғы __________№_______

Аттестация өткізу ережелеріне

6-қосымша

1 жағдайлық тапсырма
Бастапқы деректер (персоналды басқару жөніндегі Орталық/қызмет толтырады): _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырманы (персоналды басқару жөніндегі Орталық/қызмет толтырады): ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шешімді (қызметкер толтырады): _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Басшының бағасы:

А) Дұрыс


Ә) Қанағаттанарлық

Б) Қанағаттанарлықсыз


Басшының түсініктемелері: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2 жағдайлық тапсырма


Бастапқы деректер (персоналды басқару жөніндегі Орталық/қызмет толтырады): _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырманы (персоналды басқару жөніндегі Орталық/қызмет толтырады): ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Шешімді (қызметкер толтырады): _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Басшының бағасы:

А) Дұрыс


Ә) Қанағаттанарлық

Б) Қанағаттанарлықсыз


Басшының түсініктемелері: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______ жағдайлық тапсырма


______ жағдайлық тапсырма
______ жағдайлық тапсырма

Қызметкердің қолы ______________________



(қолы, Т.А.Ә., күні)
Жағдайлық тапсырмаларды шешу нәтижелері бойынша қорытынды баға:

А) Дұрыс


Ә) Қанағаттанарлық

Б) Қанағаттанарлықсыз


Басшының қолы ______________________

(қолы, Т.А.Ә., күні)


___________________________





"Қазақстан темір жолы"

ұлттық компаниясы"

акционерлік қоғамы мен оның

еңбек ұжымы арасындағы

2015-2017 жылдарға

арналған ұжымдық шартқа

10-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет