Профилактикалық мақсатта сүт немесе
соған тең бағалы тағамдарды пайдалану ұсынылатын
еңбектің зиянды жағдайларымен байланысты кәсіптердің
тізбесі
Кәсіптердің атауы |
Олармен жұмыс істеу сүт немесе
соған тең бағалы тағамдарды алуға құқық беретін зиянды химиялық заттардың тізбесі
|
1
|
2
|
Аккумуляторшы
Химиялық, сумен тазалау аппаратшысы
Арнайы киімді химиялық тазалау аппаратшысы
Бандажшы
Ассенизациялау машинасының жүргізушісі
Гальваншы
Қорғасын-қалайы құймасын құюшы
Кабельді балқытып қосқыш Компрессоршы
Зертханашы
Қазандық машинисі (оператор), қазаншы
Нитроэмальдермен жұмыс істейтін сырлаушы
Жуу машинасының машинисі
Сорғы қондырғысының машинисі
Ауыр үлгідегі машиналар машинисі
|
Күкірт қышқылы, сілті
Қышқыл, сілті, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
Үшхлорэтилен, перхлорэтилен
Акролеин
Күкіртсутек
Хром және оның қосылыстары
Қорғасын және оның органикалық емес қосылыстары, тұз қышқылы
Қорғасын, қалайы қосылыстары
Акролеин
Қорғасын, қышқылдар, сілті, май аэрозолі, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
Көміртегі тотығы, көмір шаңы
Ацетон, нитробензол, нитрометан
Хлор және оның қосылыстары
Күкіртсутек, аммиак, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
Азот тотығы, көміртегі тотығы, көмірсутек
|
Металдандырғыш
Механик-реттеуші
Моторист
Балғашы
Жылжымалы құрамды жуушы (жинаушы)
Мыстаушы
Дәнекерлеуші
|
Марганец тотықтары
Акролеин
Мыс және меконит шаңы
Көміртегі тотығы, көмір шаңы
Керосин, шектелген және шектелмеген көмірсутектер
Қорғасын және оның қосылыстары
Күкіртті ангидрид, көміртегі тотығы, азоттың қос тотығы, көмір шаңы
|
Ақаутапқы арбашасының операторы мен оператордың көмекшісі Цистерналарды жуушы - булаушы
Полимерлерді престеуші
Сіңдіруші
Сынама іріктеуші
Кесушілер
Мұнай өнімдерін құюшы-таратушы, жабдықтаушы
Реостаттық сынаулар слесарі
Тепловоздарды металл сынықтарына кесу жөніндегі слесарь
Шыныпластик қаптамаларды жөндеу жөніндегі слесарь
Капрон бөлімінің аэроаспаптарын жөндеу жөніндегі слесарь
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі
Мұнайұстағыштың жұмысшылары
Өрт сөндіргіштерді зарядтау жөніндегі слесарь
Слесарь-сантехник
Слесарь-моторист
Қазандық жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
Отын аппаратурасын, КР-1 циклымен көмекші машиналарды, жол өлшеу машиналарын жөндеу жөніндегі слесарь
|
Ацетон, метил спирті
Ацетон, күрделі эфирлер
Формальдегидтер, акролеин
Бензол, толуол, ксилол
Сілтілер, толуол, ксилол
Азоттың қос тотығы, дәнекерлеуші аэрозоль, марганец тотығы, фторлы сутек, хром
Метан қатарының көмірсутектері: пентан және изопентан
Нитробензол, органикалық тотықтар
Азот тотығы, хлорлы сутек
Ацетон, капролактам
Капролактам, шектелген көмірсутектер
Аммиак, күкіртсутек
Акролеин, мұнай өнімдері
Борсутектер
Күкіртсутектер
Метанол
Көмірсутектер, көмірсутегі тотығы
Шектелген және шектелмеген көмірсутектер, май аэрозолі
|
Аунақшалы мойынтіректерді жөндеу жөніндегі слесарь
|
Фосфамид
|
Тоңазытқыш секцияларын жөндеу жөніндегі слесарь
|
Хлорлы сутек, қорғасын
|
Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь
Қозғалтқыштарды жөндеу жөніндегі слесарь-дизельші
|
Ксилол, толуол
Күкіртсутек, аммиак
|
Токарь
Металл және қорытпаны өңдеуші, құюшы
Хромдаушы
Дәретхана жинаушы
Электрмен, газбен дәнекерлеуші
ТЭД-ті бояумен айналысатын электр жүрушілер
|
Қорғасын, көміртегі тотығы, металл шаңы
Алюминий тотығы, темір тотығы, қышқыл
Хром және оның қосылыстары
Хлор, бутан
Хлорлы сутек, азот, темір, көміртегі тотығы
Ацетон, бензол, ксилол, толуол
|
Ескерту.
Басшылар кәсіподақ комитеттерімен келісу бойынша осы Тізбені жұмыс орындарының аттестациялау негізінде толықтыра алады.
"Қазақстан темір жолы"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамы мен
оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға
арналған ұжымдық шартқа
11-қосымша
Еңбек міндеттерін орындаумен байланысты жұмыс барысында
мертіккен немесе кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектерге арнайы көлік құралдарын сатып алуға, арнайы көлік құралдарын
күрделі жөндеуге және бензинге ақша бөлу
тәртібі
Еңбек барысында мертіккен немесе кәсіби аурудан мүгедек болған қызметкерлер, өздері олармен еңбек қатынастарында болған Компанияның қаражаты есебінен арнайы (көлік) құралдармен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектерге арнайы көлік құралдарын сатып алуға ақша бөлу, базалық жинақталымды «DAEWOO MATIZ» автомашинасының құны есебінен, кедендік шығыстарды есепке ала отырып, сатып алған сәттегі автосалондардың бағалары бойынша, өндірістегі жазатайым оқиға туралы актінің болуы, медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша медициналық көрсетілімдері және көлік құралдарын сатушы кәсіпорынның төлеуге берген шоты болған жағдайда, сондай-ақ тиісті ұйымдардан ақысыз алмаған жағдайда жүргізіледі.
Арнайы (көлік) құралдарының бірнеше түрін алуға құқығы бар мүгедектерге сол түрлердің біреуін ғана сатып алуға ақша бөлінеді. Аяқтары зақымдалған мүгедектерге, мамандандырылған ұйымның шоттарына және автомашинаның құрылымын өзгертуге рұқсат ресімделген құжаттарға сәйкес автокөлікті қолмен басқару үшін қайта жабдықтауға қаражат бөлінеді.
Мүгедектер арнайы (көлік) құралдарын медициналық көрсетілімдері бойынша, он жыл пайдалану мерзіміне сатып алады.
Арнайы (көлік) құралдарын күрделі жөндеу техникалық тексеру орталықтары жасаған техникалық акт негізінде жасалады, олар берілген күннен бастап он жыл мерзімде бір рет зиян келтіруші Компанияның қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, жөндеу арнайы (көлік) құралы құнының 50% шегінде жүргізіледі.
Мүгедек тілегі бойынша арнайы (көлік) құралын күрделі жөндеу шығындарының өтемақысын ақшамен ала алады.
Өз иелігінде арнайы автокөлік құралдары бар мүгедектерге ағымдағы айдың бірінші күніне, шығыстарының өтелуіне құқығы бар тұлға тұратын аумақта қалыптасқан мұнай өнімдерін сатып алудың босату бөлшек сауда бағалары бойынша АИ-92 бензинінің 75 литрінің құны мөлшерінде бензин шығындарына ай сайын ақшалай қаражаттар беріледі, сонымен қатар мүгедекке бензиннің бағасы туралы анықтаманың құны қайтарылады.
______________
"Қазақстан темір жолы"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамы мен
оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға
арналған ұжымдық шартқа
12-қосымша
Кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын қызметкерлердің
Ұжымдық шартқа қосылу
ТӘРТІБІ
«Қазақстан Республикасы теміржолшыларының кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – кәсіподақ) кәсіптік одағының мүшесі болып табылмайтын, бірақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың әрекеті оған қатысты болуын қалайтын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) қызметкерінің Ұжымдық шартқа жазбаша өтініш негізінде қосылу құқығы болады.
Ұжымдық шартқа қосылуға ниет білдірген Компания қызметкері тиісті өтінішті (осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес жазбаша түрде) Компанияның орталық аппаратының/ филиалының кадрлық қызметіне жұмыс беруші мен кәсіподақ комитетінің төрағасының атына жолдайды.
Өтініш Компанияның орталық аппаратының/ филиалының кадрлық қызметінде тіркеледі, одан кейін өтініш жұмыс берушінің және кәсіподақ комитетінің өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыста қаралады, бұл ретте өтініш қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) айдан артық болмауы тиіс.
Қызметкерлер өкілдері қызметкердің Ұжымдық шартқа әрекетіне қосылуымен келіспейтін болса, жұмыс беруші еңбек шартына қосымша жеңілдіктер мен өтемақыларды көздейтін толықтыруларды енгізе алады.
Кәсіподақ кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын, Ұжымдық шартқа жазбаша өтініш негізінде қосылған Компания қызметкерлерінің тізімдерін жасайды және тиісті деректерді Компанияның орталық аппаратының/ филиалының кадрлық қызметіне береді.
________________________________________'>________________________________________
Кәсіподақ мүшесі болып табылмайтын қызметкерлердің
Ұжымдық шартқа қосылу тәртібіне
қосымша
ҮЛГІ
Филиал директорына
_____________________
Кәсіподақ комитетінің
төрағасына
_____________________
кімнен__________________
Өтініш
Сізден «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт әрекетінің маған қатысты болуын сұраймын.
Қолы күні ТАӘ
"Қазақстан темір жолы"
ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамы мен
оның еңбек ұжымы арасындағы
2015-2017 жылдарға
арналған ұжымдық шартқа
13-қосымша
Борышты аудару туралы келісім
Астана қаласы 20 __ жылғы «___»____________
Бұдан әрі «1-Тарап» деп аталатын ____________ (еңбек міндеттерін орындаған кезде оның денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаның Т.А.Ә. жеке куәлігін № мен берілген күні), бір жағынан, бұдан әрі «2-Тарап» деп аталатын, ____________ негізінде әрекет ететін ____________ тұлғасында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, екінші жағынан, және бұдан әрі «3-Тарап» деп аталатын, ____________ негізінде әрекет ететін ____________ тұлғасында, ____________ (еңбек міндеттерін орындаған кезде оның денсаулығына келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаға протез жасау жөніндегі қызметтерді көрсететін субъектінің атауы), үшінші жағынан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, борышты аудару туралы осы келісімді (бұдан әрі - Келісім) төмендегілер туралы жасасты.
1. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес 1-Тарап, 1-Тарап пен 3-Тарап арасында жасалған____________ жылғы №___ ____________ шартта көзделген ____________ үшін ____________ мөлшеріндегі соманы төлеу (бұдан әрі төлем сомасы) жөніндегі борышын 2-Тарапқа аударады және 2-Тарап төлем сомасын толық мөлшерде жүргізуге міндеттенеді.
2. 1-Тарап осы Келісімнің шарттарын іске асыру мақсатында 2-Тарапқа төмендегі құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті:
1) Н-1 нысанды жазатайым оқиға туралы акт, не болмаса, жазатайым оқиға немесе қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерімен байланысты келтірілген өзге зақымдалулар туралы актінің;
2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының;
3) Шарттың;
4) 3-Тараптың протез дайындауға шот-төлемінің;
5) жеке куәлігінің
3. 2-Тарап пен 3-Тарап өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін қол қою арқылы Келісмге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзара тиісті есептерді жүргізуге міндеттенеді.
4. Тараптар, 1-Тараптың өзінің Шартта көзделген төлем бойынша міндеттемелерін орындауы есебінен осы соманы алу үшін 3-Тараптың 2-Тараптан төлем сомасын алатынымен келісті.
5. 1-Тарап 2-Тараптың Келісім бойынша міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
6. Егер оларға Тараптардың өкілдері тиісті түрде қол қойған болса, мөр бедерлері басылған болса, осы Келісімге жазбаша нысанда енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар іс жүзінде болады.
7. Осы Келісімде көзделген қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
8. Осы Келісім, оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.
9. Келісім, бірдей заңды күші бар, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалған. Әртүрлі оқылған жағдайда, Келісмнің орыс тіліндегі мәтіні басым болып саналады.
10. Тараптардың деректемелері мен қолдары
1-Тарап
__________________
МО
|
2-Тарап
Заңды мекенжайы:
Нақты мекенжайы:
__________________
МО
|
-
3-Тарап
Заңды мекенжайы:
Нақты мекенжайы:
__________________
МО
|
Достарыңызбен бөлісу: |