Қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы


«Қайта құру және тәуелсіз Қазақстандағы аз ұлттардың ішкі қатынастары (1980-2009 жж.)»



бет3/4
Дата26.02.2016
өлшемі281 Kb.
#27008
түріДиссертация
1   2   3   4

«Қайта құру және тәуелсіз Қазақстандағы аз ұлттардың ішкі қатынастары (1980-2009 жж.)» деп аталған үшінші тарауда 1980-2009 жж. Қазақстандағы аз ұлттардың саяси тағдыры мен олардың мәдени даму үрдісі мұрағат материалдары және ғылыми зерттеулер арқылы айқындалып, баға беріледі.

Кеңес Одағы басшылары ашықтай іске асырған, қол астындағы халықтарға қарсы күштеп қоныс аудару - қылмыс деп қарау ХХ ғасырдың 50-жылдарында басталды. Әкімшіл - әміршіл басқару жүйесінің сеңі қозғалған «қайта құру» мен жаңаша ойлау үрдісі 1985 жылдың сәуір Пленумынан басталды. Сол 80-90 жылдары ұлттардың өзін-өзі басқару құқығымен, одақтас республикалардың мемлекеттік дербестігі деген мәселе көтерілді. «20-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тұзақтарының қиянаты мен әуре-сарсаңына ұшырағандар құқығын қалпына келтіру жайында» КСРО Бас хатшысы М.С. Горбачевтің Жарлығында, 1990 ж. 13 тамызында «Правда» газетінде жарияланды. Ресми Жарлықтың 1-тармағында (1990 жыл 13 тамыз) «Кеңес Одағының зорлық-зомбылыққа, қуғын-сүргінге ұшыраған барлық халықтарының азаматтық құқығын қайта қалпына келтіру керек делінді 34.

Күштеп көшірілген ұлттар мен этностардың құқықтарының сақталмауының және ұлттық мемлекеттік автономияларының жойылуына негіз болып отырған, мемлекеттің Жоғарғы органдарының ақтілері күшін жойды, өзгертілді. Оларда қойылған еріктен тыс талаптар мен шектеулер алынып тасталды. Негізінде арнайы қоныс аударылғандардың құқықтық жағдайларынан кейбір шектеулерінің алынуы турасында 1954 жылдың 5 шілдесінде КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысында оларға қолданылған бұрынғы құқық нормаларының шектеулерін қажетсіз деп тауып, осы қаулыға сәйкес мынандай мәселелерден шектеулерді алды. Осы қаулы шыққанан кейін республика бойынша шешендер мен ингуштердің көшу үрдісі байқалды. 1955 жылы қоныс аударылған ұлттар мен этностардың құқықтық жағдайларының бірқалыпқа келтіріліп, кейбір шектеулерінің алынуы туралы қаулы шығып, осы кейбір ұлттар арасында бір облыстардан екінші облыстарға, туған туыстарына жақынырақ, өз атамекендеріне көшу басталды.

1989 жылы 14 қарашада «Күштеп жер аударылған халықтарға қарсы қуғын-сүргін актілерінің заңсыздығын мойындау және олардың құқықтарын қамтамасыз ету» жөнінде КСРО Жоғарғы кеңесінің Декларациясы, ал 1990 жылғы 11 желтоқсанда РКФСР халық депутаттарының съезі «РКФСР-дағы саяси қуғын-сүргін құрбандары», 1991 ж. 26 сәуірде РКФСР Жоғарғы Кеңесі «Қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды ақтау» жөнінде заң қабылданды. Бұл заңдар қалған шектеуліктердің барлығын алып тастады. 1993 ж. 14 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» жөніндегі қаулысының негізінде шешен-ингуштер саяси қуғын-сүргін құрбандары болып есептеліп, ақталынды. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ұлттар мен этностар сталиндік зобалаң нәтижесінде небір қиыншылықтардың басынан кешіріп, тек өздерінің жігерінің, қайсарлығының, еңбеккерлігінің арқасында ғана үлкен жеңістерге жетті.

1990 ж. бас кезінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканың барлық ұлттық мәдени қозғалыстарын бір ұйымға – Қазақстан Халқы Ассамблеясына біріктіру туралы ұсыныс жасап, 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халық Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халқын бірлікке шақыратын қоғамдық институттың ары қарай да жемісті жұмыс істеуі үшін 2002 жылы 26 сәуірде Елбасы «Қазақстан Халқы Ассамблеясының стратегиясы мен ережесі туралы» жарлығын шығарды. Аталған құжатта Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтудағы Қазақстан Халқы Ассамблеясының рөлін одан әрі көтеру мақсатындағы қаулысында Қазақстан халықтарының 2011 жылға дейінгі стратегиясы, мақсат-міндеттері, мемлекеттік ұлттық саясатты қалыптастыру мен іске асыру жөніндегі Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже, Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясын іске асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар қолданылуы сияқты мәселелерді көтерді. Одан кейінгі жылдарда да қабылданған Жарлықтарда ұлтаралық қатынастар саласындағы жұмыс басшылыққа алынып, Қазақстандағы ұлттық қарым-қатынасты дамытудағы жалпы азаматтық тенденцияларды күшейту іс-шаралары қойылды [35].

Қазақстанның ұсынысы және қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының тарапынан қолдау тапқан бастамалардың бірі – 2010 жыл «Халықаралық мәдениеттер жақындастығы жылы» деп жариялануы. Осыған байланысты өткен маусым айында Астанада өткен Халықаралық форумға Парламент депутаттары, Франция, Түркия, Ресей сияқты алыс-жақын шетелдерден келген өкілдер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, жазушылар мен сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері бас қосты. Қазақстан халық Ассамблеясы көпұлтты елдің тұрақтылығын, бірлігін сақтауға ұйытқы болды. Қазіргі кезде республикада 46 этностық топқа жататын 621 ұлттық-мәдени бірлестіктер бар. Олардың барлығында шығармашылық өнерпаз ұжымдар жұмыс істейді. Өздерінің кәсіби театры (қазақ, өзбек, корей, неміс, ұйғыр) театрлары бар, ана тілінде газет-журналдар шығарылып, радио хабарлар жүргізілуде. Жыл сайын этностық топтардың өмірі туралы 10-20 кітап жарық көреді 36, 76-б..

Бұл ұлттық-мәдени орталықтардың қызметі ұлттық мәдениет пен өнер саласында этносқа, мәдениетке қызмет етуге бағытталған. Ұлттық орталықтар қоғамдық ұйымдардың елеулі бір бөлігі болып табылады. Ақмола қаласында 1989 жылы «Тіл және мәдениет» қазақ қоғамы, «Видебург» неміс қоғамы, «Дружба» кәріс қоғамы, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы, «Ватра» украин қоғамы, «Полония» поляк қоғамы, «Таң» татар-башқұрт қоғамдары құрыла бастады. Қазіргі таңда Астана қаласында 22 ұлттық-мәдени орталықтар әділет басқармасынан тіркеуден өткен және толыққанды жұмыс істеуде.

Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар бүгінгі күні барлық қоғамдық, мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Наурыз мейрамы, «Қазақстан халықтары достығы фестивалі», «Тілдер мерекесі», сонымен қатар «Масленница», «Рождество» сияқты мерекелерді де өткізеді.

Алматы қаласында корей, неміс, украин, ұйғыр, түрік және басқа тілдерде газеттер шығып тұрады. «Қазақстан – 1» ұлттық радиожелісі ұйғыр тіліндегі «Алитағ», корей тілідегі «Коре сарам», неміс тіліндегі «Гутен Абенд» сияқты хабарлар таратып отырады. Соның ішінде Қазақстан республикасында тұрып жатқан әртүрлі ұлттар мен этностардың тарихына, мәдениетіне арналған «Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты хабар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыста бола отырып «Евразия» халықаралық желісі жеті тілде хабар таратады. «Алматы ақшамы», «Вечерняя Алма-Ата» газеттері «Мы – народ Казахстана», «Мы – казахстанцы», «Казахстан – наш общий дом» сияқты ҰМО-дың қызметі, көркемөнер ұжымдарының концерті, ғылым мен мәдениет қайраткерлерімен кездесу сияқты іс-шаралар жөнінде ақпараттар беріп отырады 37, 11-б..

Ұлттық-мәдени орталықтар Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қазақстан-2030» страгетиясын жүзеге асыруда ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуда, халықтар достығы мәселелері аясында көптеген қоғамдық-саяси және көпшілік-мәдени іс-шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар Қазақстан Халқы ассамблеясы аясында облыстардағы Кіші ассамблеяның аудандық, қалалық, облыстық ұлттық-мәдени орталықтары қызмет атқаруда.



Қорытынды бөлімде диссертацияда алынған нәтижелер нақтыланып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тұжырымдар жасалды.

Қазақстанда ғасырлар бойы түрлі этностардың бірге тұруы айрықша қазақстандық менталитетті қалыптастырды. Осы заманғы Қазақстанның бірегейлігі этностық сан алуандығында. Бұл қазақстандықтарға басқа халықтармен құнды мәдени жетістіктерді алмасу мүмкіндігін беретін біздің бүкіл қоғамның орасан зор байлығы, ортақ жетістігі.

Күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. республикаларға бөлініп-бөлініп орналастырылды. Туған жерінен, елінен айрылған әртүрлі ұлттар қалай болғанда да келген жеріне, ортаға бейімделуге мәжбүр болды. Тек бірнеше жылдардан кейін ғана құқықтық шектеулері алынып, өз атамекендеріне оралуға мүмкіндік туды. Осы аралықта олардың этнос ретінде мәдениетіне, тіліне, салт- дәстүріне, экономикалық дамуына және ұлттық құрамының жетілулеріне қиянат келтіріліп, бірлігіне орасан зор нұқсан келді. Дегенмен, адамзаттың әділет күресі мен жарқын өмірге ұмтылысының нәтижесінде, заман ағымының әрі қарай аяқ басуы, олардың еріксіз келген орында шегерілмей, атамекендеріне оралуы немесе тұрақтап қалған жерлерінде, олардың осы елдің азаматтары ретінде қайта қалыптасуына септігін тигізді. Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударылған ұлттар мен этностар халық шаруашылығының әр саласында ауыр да, өте қиын жұмыстарды атқарып, еңбек етті. Әртүрлі ұлт өкілдері: корей, неміс, шешен, ингуш, түрік, қалмақ, қарашай халықтарының көпшілігі т.б., ауыл шаруашылығының әртүрлі саласында, өнеркәсіп орындарында, құрылыста, мәдени-ағарту мекемелерінде еңбек етіп, алдыңғы қатардан табылды. Олардың арасынан шыққан танымал өнер қайраткерлері, ғылымға үлесін қосқан көрнекті ғалымдар, жазушылар, республиканың озат педагогтары, мәдениет, қоғам қайраткерлері де аз емес.

Тарихи Отанына қайта алмай, тұрақтап қалған аз ұлт өкілдерінің көпшілігі Қазақстан жерінде өніп-өсіп, өркендеп отыр. Келмеске кеткен тоталитарлық жүйе, жер аударылған халықтардың трагедиялық тарихына қиянаты, ойланбай істелген іс - шаралары арқылы жазылмас жара, өшпес із қалдырды. Қазір қазақ жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері өмір сүріп, еңбек етуде.

Қорыта айтарымыз, сонау бір отты жылдарда Отандарынан айырылып, айдауға түскен, еріксіз жер аударылғандардың өздерінің де, ұрпақтарының да, бүгінде жолдары ашық, болашақтары ел келешегімен бірге екені баршаға мәлім. Өйткені, сол бір қиын-қыстау кезең, Қазақстанның барлық ұлттарына бірдей сын болып, оны бәрі бірге көтерген ұлттар мен ұлыстар, болашағының тек қана бірлікте екенін жете ұғып отыр. Осы жолдан таймастары да хақ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Н. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы / Жалпы редакциясын басқарған Ж.Ә. Әлиев. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 212 б.

2 Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университеті, 1992. – 272 б.

3 Базанова Ф.Н. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР (национальный аспект). Алма-Ата: Казахстан. 1987. – 52 с.; Бугай Н.Ф. Правда о депортации чеченского и ингушского народа // Вопросы истории. – 1990. – № 7. – С.32-44; Его же. 40-е годы: Автономию немцев ликвидировать… // История СССР. – 1991. – № 2. – С.172-179; Земсков В.Н. Спецпоселенцы в СССР 1930 - 1960 гг. – М.: Наука, 2003. – 306 с.; Некрич А.М. Наказанные народы: (к истории депортаций народов в СССР в годы сталинщины, в том числе в Казахстане) // Нева. –1993. – № 9. – С. 223 - 260.

4 История Казахстана. Хрестоматия /Авт. сост. Козыбаев М., Козыбаев И.А. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. – 256-б.; Козыбаев М. История и современность. – Алматы: Ғылым, 1991. – 252 с.; Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. – А., 1992. – 272 б.

5 Омарбеков Т. Қазақстанға қанша халық көшіп келген? // Ақиқат, 1994. -№ 1. 44 б.; Соныкі. Депортация: корейлер қасіреті // Ақиқат, 1997. -№6. -35-38- бб.; Соныкі. Депортация: Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарын қуғындау // Ақиқат, 1997. -№ 4. -19-23-бб.; Алдажуманов К.С. Күштеп көшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет // Қазақ тарихы, 1997. - № 4. - 33-б.; Его же. Депортация народов в Казахстан // Наука Казахстана, 1996. -1-15 февраля.

6 Баймаханов М.Т. Государственно-правовые проблемы общенационального согласия и реабилитации жертв политических репрессий. – А.: «XXI », 1998. – 311с.

7 Бургарт Л.А. Немцы в Восточном Казахстане: (депортация и жизнь в условиях режима спецпереселения (1941-1956 гг.). Восточный Гуманитарный институт. – Усть-Каменогорск: Упрполиграфиздат, 1997. – 320 с.; Кичихин А.Н. Советские немцы: откуда, куда и почему? // Военно-исторический журнал, 1990. – № 8. – С.32-38; Там же. – № 9. – С.28-38.; Вормсбехер Г. Немцы в СССР // Знамя. – 1988. – №11. – С. 193-203 ; Фитц А.В. Боль в наследство: Советские немцы: история через судьбы. – Ташкент: Еш гвардия, 1990. – 110 с.

8 Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980). –Алма-Ата: Ғылым, 1991. –185с.; Алексеенко А.Н. Сельское население Казахстана 1920-1990 гг. – Алматы, 1994. – 125 с.; Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар). – Алматы: Өркениет. 2005. –160 б.; Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. – Алматы: Атамура, 1995. – 28 с.;

9 Алдажұманов Қ. Күштеп көшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет // Қазақ тарихы. – 1997. – № 4. – 32-36 б.; Дильманов С.Д. Исправительно - трудовые лагеря на территории Казахстана (1930-1956 г.г.) Алматы: 2002. – 350 с.; Бельгер. Г. Автобиографические эскизы. – Алматы: Жібек жолы, 2004. –117 с.; Кульбаев Т., Хагай А. Депортация. – Алматы: Дәнекер, 2000. – 272 с.; Орымбаев А.Т. Депортация чеченского и ингушского народов в Казахстан в годы Великой Отечественной войны и их положение в послевоенные годы. – Астана: Парасат Әлемі. 2006. – 84 с.

10 Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. –Алматы: Арыс, 1998. – 428 с.

11 Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В., Алексеенко А.Н., Баратова Г.С. История Казахстана. Народы и культуры. Учебное пособие. –Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2000. – 599 с.; Машимбаев С.М., Исова Л.Т. Проблема истории польских переселенцев в Казахстане (1936-1946.). Алматы, 2000. – 46 с.

12 Надиров Н. Мы, курды – казахстанцы. – Алматы: б.и., 2003. – 556 с.; Мамедов М.М. Курды СНГ: состояние и тенденции развития / Отв. ред. М.Б. Татимов. – Алматы: Б.и., 2000. – 216 с. Кригер В. Рейн – Волга – Иртыш: из истории немцев Центральной Азии. / Отв. ред. И.В. Ерофеева. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 276 с.

13 Калыбекова М.Ч. История депортированных народов Казахстана. –Алматы: 2008.

14 Мажитов С.Ф. Социализм в судьбе Казахстана // Историческое пространство. Проблемы истории стран СНГ. - 2008 - № 1-4. - С.150-159; Мажитов С.Ф. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет // Қазақ әдебиеті.- 2009. - 14 ақпан; Агаев И. «За что их не любить?»: В Казахстане живут около 20 тыс. беженцев из Чечни // Новости недели. – 2003. – 8-14 января; Бугай Н.Ф. Правда о департации чеченского и ингушского народа // Вопросы истории. – 1990. – № 7. С. 32-44; Галиев Т.У. Депортация и размещение чечено-ингушского населения на территории Республики Казахстан // Пенитенциарная система Казахстана и ее соответсвтие международным стандартам: Материалы междунар. науч.-практ. конф. (31 окт. 2008 г.) / Под общ. ред. М.А. Аюбаева. – Костанай, 2008. –С. 517-520.

15 Ермекбаев Ж.А. Чеченцы и ингуши в Казахстане. История и судьбы. –Алматы: 2009. – 508 с.; Осадчий Ф. Рабы безумной власти или горькая исповедь обреченных. – Алматы, 2009. – с.

16 Насекин Н. Корейцы Приамурского края // Журнал Министерства народного просвещения. – 1904. – №3. – С.1-61; Ким Сын Хва. Очерк по истории советских корейцев. –Алма-Ата: Наука, 1965. – 252 с.

17 Ли Гван Гю, Тен Генг Су. Советские корейцы. – Сеул. 1993. – 438 с.; Ким П.Г., Банг Сен Хен. История переселения советских корейцев. –Сеул, 1994. – 392 с.; Кан Г.В. Корейцы Казахстана. – Алматы: Казахстан, 1994. – 240 с.; Кан Г.В. Исторические связи корейцев с Казахстаном // Проблемы истории Казахстана. – Алматы, 1996. – С.18-21; Кан Г.В. Корейцы в Казахстане: трагедия переселения и обретение новой родины // Мысль. – 1994. – №4. – С.13-25; Его же. История переселения корейцев в Казахстане // Евразийское сообщество: Экономика, политика, безопасность. – 1995. – №6-7. - С.116-124 и др.;

18 Ким Г.Н. О структуре и содержании этнического самосознания корейской диаспорты Казахстана // Этническое самосознание зарубежной корейской диаспоры. Традиция и трансформация. Материалы международного научного семинара, посвященного 10-летию Ассоциации корейцев Казахстана. – Алматы: 2000. 1-3 июня. – С.7-9; Хан Г., Ким Г.Н. Социально - культурное развитие корейцев Казахстана. – Алматы: 1989. – 260 с. и др.

19 Мин Л.В. Семейные традиции и обычай корейцев, проживающих в Казахстане. – Алма-Ата, 1992. – 98 с. Ионова Ю.В. Обряды обычай и их социальные функции в Корее середине ХІХ – начало ХХ в. – Москва: Наука, 1982. – 232 с.; Корейские обычай и традиции (Сост. Цой Ен Гын, Ян Вон Сик). – Алматы: Sansam, 2007. – 256 с.

20 Дильманов С.Д. Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана (1930-1956 г.г.) Автор. дисс….д.и.н. – Алматы, 2002. – 57 с.; Қожаханова Қ.К. Қазақстанға жер аударылған халықтар және олардың республиканың халық шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі (1946-1960 жылдар) Т.ғ.к…. дис. авторефераты. – Алматы, 2007. – 30 б.; Абуов Н.А. Депортация народов в Казахстан 1936-1957 гг. (на материалах Северо-Казахстанской и Кокчетавской областей. Караганда, 2008; Ем Н.Б. Межнациональные браки корейцев Казахстана в 30-90-е годы ХХ века (историко-демографический аспект). – Алматы, 2004. – 28 с.

21 Мен Д.В. Корея и корейская диаспора Казахстана: политический аспект. Монография. – Алматы: Ғылым, 2008. – 336 с.; Народы Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы: Издательство «Арыс», 2003. – 352 с.

22 За мир и согласие в нашем общем доме: Материалы первой Ассамблеи народов Казахстана / ААНК. – Алматы: Казахстана, 1995. – 160 с.; Ассамблея народов Казахстана: Сб. Материалов (1996 г.)/ Сост.: О.Г. Дымов и др. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 96 с.

23 История Российских немцев в документах (1763-1992 г.г.). – М., МИГУП. 1993. Т. 1. – 448 с.; Сборник документов. Из истории поляков в Казахстане (1936-1956 г.г.). – Алматы: ТОО «Издательский дом», 2000. – 334 с; Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и реабилитаций жертв политических репрессий. – М.: 1993. – 223 с.; Белая книга. Из истории выселения чеченцев и ингушей. 1944-1957 гг. Воспоминания, архивные материалы, фотодокументы. – Грозный – Алма-Ата, 1991. – 372 с.

24 Волков А. Қазақстандағы поляктар // NOMAD – KAZAKHSTAN. –2006. – №2 (8). – 42-46-бб.

25 Белая книга о депортации корейского населения России в 30-40-х годах. Кн. первая. – М., 1992. – 372 с.

26 ҚРОММ. 1987-қ., 1-т., 10-іс. 15- п.

27 Бугай Н.Ф. 40-е годы: «Автономию немцев Поволжья ликвидировать...» // История СССР. – 1991. – №9.

28 ҚРОММ. 1987-қ., 1-т., 16-іс. 6-7-пп.

29 Алдажұманов Қ. Күштеп көшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет // Қазақ тарихы. – 1997. – № 4. –32-36-б.

30 Ермолов Л.Б., Панеш Э.Х. Месхетинские турки // Центральная Азия и Кавказ. – 1999. – №1 (2).

31 ҚРОММ. 1987-қ., 1-т., 16-іс, 13-п.

32 ҚРПМ. 708-қ., 10-т., 1381-іс, 15-п

33 С-ҚОММ. 1189-қ., 1-Ап. 444-іс, 66-п.

34. Назарбаев Н. Тәуелсіздіктің он жылы: Бейбітшілік, прогресс және келісім. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халықтары Ассамблеясының сегізінші сессиясындағы баяндамасы // Егеменді Қазақстан. – 2001. – 24 қазан.

35 Н. Назарбаев - Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2006. – 163 б.

36. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және этномәдени бірлестіктер // Қазақстан мектебі. – 2009. – №3.

37 Береке басы бірлікте // Астана хабары. – 2006. –29 сәуір. – №58-59.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН

ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ
1 Center for Asia-Pacific Studies (Kyung Hee University), The Japan Center for Area Studies, Toyota Foundation (Қазақ көшпенді халқының дәстүрлі жерлеу рәсімі (Корей мен Жапон тілінде) // Өзгеріп жатқан Орта Азияны зерттеудың дамуы: халықаралық конференция материалдары. Сеул, 2003 жыл. 11 сәуір. – Сеул, 2003. – 12-18-бб.

2 Корея мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік пен мәдени алмасудағы жәрдемдесуі (aғылшын тілінде), International Symposium «Kazakhstan and Korea: Multidimensional Cooperation and Cultural Interactions», The L.N.Gumilyov Eurasian National University Center for International and Regional Studies and Embassy of the Republic of Korea in Republic of Kazakhstan. 2009 жыл, 09 Сәуір. – 51-56-бб.

3 Корея мен Қазақстан арасындағы өзара мәдени түсіністік және екі жақты мәдени байланыстың даму жолдары (қазақ тілінде) // Материалы Международной Казахстанско-корейской научной конференция «Республика Казахстан и Республика Корея: от установления дипломатических отношений до стратегического партнерства», Алматы, 2009 жыл, 8 желтоқсан. – Алматы, 2008. – 25-31-бб.

4 Оңтүстік Кореяда Орталық Азия мен Қазақстанды зерттеудің жағдайы және болашығы (қазақ тілінде) // «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы: ғылыми қауымдастық серіктестігі» атты халықаралық (ӘСЗИ - Қазақстан) бірлескен Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылына арналған ғылыми семинар. – Алматы, 2010 жыл, 26 наурыз. – Алматы, 2010. – 43-47-бб.

5 Қазақстандағы 1916-жылғы көтеріліске Кореяның көзқарасы // «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тарихы және қазіргі заман» атты Әбдіғапар Жанбосыновтың туғанына 140-жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010 жыл, 29 мамыр. – Алматы: Тарих тағылымы, 2010. – 33-37-бб.

6 Көшпелі Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті (корей тілінде) // Korea International Labour Foundation, 2006. – pp.105-119.

7 Қазақстандағы «орыс мәселесі» және қазақтандыру саясаты (корей тілінде) // The Journal of the Institute of the Middle East Studies, vol. 25-2, Hankuk University of Foreign Studies, Korea, 2007. – PP.117-150.

8 Қазақстанға жер аударылған ұлттардың әлеуметтік-саяси тағдырын зерттеудегі өзекті мәселелер // «Қазақ Ұлы Отан соғысында: тарихы, зерттеу әдіснамасы және замануи көзқарас» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 1-ші бөлім. Өскемен, 29-30 сәуір, 2010 ж.. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2010. - 93-100 бб.

9 Қазақстандық ұлттардың бірлестігіндегі қазақ тілінің рөлін зерттеу (корей тілінде) // The Jounal of the Institute of the Middle East Studies, vol. 27-3, Hankuk University of Foreign Studies. – Korea, 2009. – pp.155-179.

10 Қазақ ұлттық салт-дәстүрлеріндегі мәдени мағынасын түсіну (корей тілінде) // The Korean Journal of Central Asian & Caucasian Studies. vol. 1-1, Hankuk University of Foreign Studies. – Korea, 2009. – pp.55-75.

11 Корея мен Қазақстан арасындағы өзара мәдени түсіністік және екі жақты мәдени байланыстың даму жолдары // Известия Корееведения в Центральной Азии. Центр Корееведения (КазНУ им.аль-Фараби). – Алматы, 2010. – Выпуск 9(17). – 139-149-бб.

12 Қазақстан астанасын көшіруі және оның маңыздылығы (корей тілінде // The Journal of the Institute of the Middle East Studies, vol. 28-3. Hankuk University of Foreign Studies. – Korea, 2010. – pp.221-254.

13 Кәрістердің Қазақстанға келуі // Ақиқат. – 2010. – № 4. – 28-29-бб.

14 Қазақстанның кәрістері: кешесі және бүгіні // Қазақ тарихы. – 2010. – № 3(102). – 24-25-бб.

15 Кәрісше-қазақша тілашар. – Aлматы: Сөздік-Славарь, 2003. – 147 б.

16 Republic of Kazakhstan', Cultural Guide Book for Migrant Works in Korea // Ministry of Culture and Tourism. Korea, 2006. – рр. 125-132

17 Орта Азиятануға кіріспе (корей тілінде). – Seoul: HUFS Press, 2009. – 3-8 -бб.

18 Көшпелі қазақ халқын түсіну (корей тілінде). – Kazakhstan: Eursian Golden Hub, Seoul: Common Life Books, 2010. – РР.97-103.

19 Қазақстанға жер аударылған кәрістердің кеңес заманында білім алуы тарихынан // Отан тарихы. – 2010. - №1. – 113-119 бб.

20 Peculiarities of Diasporic Elite Formation in the Post-Soviet Space (aғылшын тілінде, проф. Ким Германмен бірге) // The Jounal of the Institute of the Middle East Studies, Vol. 29-1, Hankuk University of Foreign Studies, Korea, 2010. - PP.69-90.




РЕЗЮМЕ

Автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности

07.00.02.- Отечественная история (История Республики Казахстан)
СОН ЕН ХУН
Взаимоотношения и социально-политическая история

малых народов Казахстана (1935-2009 гг.)
Актуальность исследования. Для любого многонационального государства, в том числе и Казахстана, совместное проживание и равноправное развитие людей разных национальностей и народностей является важной проблемой. В работе исследована история народов разных национальностей, поселившихся на территории Казахстана с начала ХХ века, которые внесли свой вклад в ускоренное развитие казахстанской экономики, социально-политической системы республики.

Люди разных национальностей и народностей, переселенные в Казахстан в 30-е годы прошлого века и в суровые годы Великой Отечественной войны, несмотря на политические гонения и трудности, совместно с местным населением внесли большой вклад в восстановление народного хозяйства в послевоенные годы, в освоении целинных и залежных земель. Также после приобретения независимости они трудятся во благо процветания нашего государства.

После приобретения независимости на основе Конституции Республики Казахстан у представителей малых народов появилась возможность развивать родной язык, культуру, обычаи и традиции, защищать свою собственность, добиться успехов в области образования и науки. Конституция Республики Казахстан создала основу государственной политики урегулирования межэтнических отношений и установления межэтнического согласия. Поэтому актуальность исследуемой темы бесспорна.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет