Қазақстандағы баптизмнің тарихи-мәдени ерекшелігі


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет2/12
Дата02.10.2022
өлшемі122.15 Kb.
#461765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстандағы баптизмнің таралуы мен мәдени ерекшелігі

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандағы баптизмнің таралуы мен даму эволюциясы мәселесіне қатысты зерттеулерді ірі екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа ресейлік авторлардың еңбектері жатады, яғни Қазақстандағы баптизмнің таралуы жолын жан-жақты қарастыруға болады. Оның бірі әртарапты евангелия сенімінің Қазақстан территориясына кіре бастағанын көруге болады. Бұл XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап еліміздің әр аймағынан баптистік ұйымдардың өкілдері пайда бола бастады. Бұл кезегінде баптистік ұйымдар мен қауымдастықтардың қанат жайып таралуына негіз болды. Мұның алғашқысы Батыс Қазақстан аймағынан болса, кейінгі бөлігі Солтүстік Қазақстан шекара аймағынан тарала бастады. Соған сәйкес Қазақстандағы баптистік ұйымдардың таралуы үрдісін Ресей патшалығындағы баптистік қауымдастықтардың дамуымен байланыстырамыз. Тарихи деректер мен арнайы әдебиеттердің көпшілігі екі елдің шекаралық аямағындағы діни үрдістерді баяндайды. Мысалы, П.П. Вибенің «Образование и становление немецких колоний в Западной Сибири в конце XIX – начале XX вв. атты еңбегінде Батыс Сібірдегі немістердің діни және әлеуметтік жағдайы сипатталады [1]. Сонымен қатар, И.Н. Чернованың Религиозный фактор в социалных отношениях у немцев Алтайского края» атты мақаласы Алтай аймағындағы баптизмнің таралуы алғышарттарындағы негізгі факторларды көрсетеді [2]. Ал, XX ғасырдағы евангелия шіркеуінің жай-күйіне О.А. Лиценбергердің «Евангелистическо-лютеранская церковь и советское государство (1917–1938)» атты еңбегі арналады [3]. Оның сыртында В.Диктің «Свет Евангелия в Казахстане. История возвещения Евангелия и распространения общин баптистов и меннонитов в Казахстане (первая половина ХХ века)» атты еңбегі Қазақстандағы баптистік ұйымдардың қалыптасуын жан-жақты көрсетеді [4]. Сонымен қатар, А.И. Клибановтың «История религиозного сектанства в России (60 - годы XIX в. – 1917 г.)» атты еңбегінде XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдегі баптизмнің таралуын сипаттай келе, оның Қазақстанға әсеріне тоқталады [5]. Ю.И. Подопригораның «История формирования конфессионального состава немцев Павлодарского Прииртышья в XX–XXI вв.» атты мақаласында Павлодар облысындағы алғашқы баптистік қауымдастықтардың құрылуымен қазіргі өзгерістерін, даму эволюциясын көрсетеді [6].
Жалпы, Қазақстандағы баптистік ұйыммдардың қызметін жан-жақты басқа да ТМД елдеріндегі діни үрдістерімен салыстыра зерттеуге болады.
Еліміздегі баптизм мәселесін қарастырған келесі топ отандық зерттеушілерден тұрады. Әйтседе баптизм мәселесіне арнайы зерттеу жүргізілмегенімен осы тақырыпқа арнайы тоқталған авторларды көрсетуді жөн көрдік. Соның ішінде Қ.М. Борбасованың «Қазақстандағы жаңа діни бірлестіктер және ұлттық қауіпсіздік мәселесі» атты докторлық диссертациясы жатады. Автор зерттеу жұмысында Қазақстандағы діни ағымдарды анықтай келе олардың қоғам өміріне тигізіп отырған әсеріне талдау жасайды [7]. Сондай-ақ, Д.С. Утебаеваның «Қазақстандағы миссионерлік: тарихы және қазіргі заман (дінтанулық талдау)» атты PhD докторы дәрежесін алуға арналған диссертациясы қорғалды [8]. Бұл диссертациялық жұмыста да Қазақстанға алғаш тарала бастаған христиандық діни бағыттардың тарихы беріліп, олардың қазіргі замандағы миссионерлік жұмыстары қарастырылады. Оның қатарына, А.Г. Косиченконың «Қазақстандағы ислам және православие: өзара әрекеті тарихы мен концептуалды мәселелері» атты мақаласында 19 ғасырда Қазақстан жеріне келе бастаған діни ағымдардың тарихына шолу жасайды. Соның ішінде 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы Түркістан өлкесіндегі протестанттық ағымдарға патшалық үкіметтің қатынасын сипаттайды [7]. Ал А. Андрецовтың 2004 жылы «История протестантских конфессий в Казахстане (вторая половина XVIII –1917 г.)» атты кандидаттық диссертациясы жатады [8]. Ертіс бойындағы немістердің баптистік ұйымдары жөнінде Ю. Яковенконың «Этноконфессиональный состав немцев Павлодарского Прииртышья: история формирования (ХХ век)» атты мақаласында жан-жақты қарастырылады [9]. Сонымен қатар, Б.А. Досованың «Новые (нетрадиционные) религии: миссия на территории Казахстана» атты мақаласында қазіргі елімізде «насихат» жүргізіп отырған секталар мен діни ағымдардың қоғамға теріс ықпалын түсіндіреді [10]. Ал Қ. Смагуловтың «Современная религиозная ситуация в Казахстане» атты мақаласында Қазақстандағы христиандық және ислам дінін жамылған секталардың жұмысына тоқталады. Соның ішінде протестанттық шіркеулердің белсенділігін анықтайды [11]. Еліміздегі қазіргі протестанттық ағымдар жөнінде А.Н. Жолдасбекованың «Протестантизм в современном Казахстане» атты мақаласы өте өзекті болып табылады. Зерттеуші өз еңбегінде қазіргі ЕХБ шіркеулердің жұмысына, олардың саны мен құрамына статистикалық материалдар арқылы сипаттама берген [12, с.167-170].
Осы сияқты аталмыш тақырып әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдарында қысқаша анықтамалық мәлімет ретінде көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет