Тақырыптың әдіс-тәсілдері. Қазақстандағы баптизмнің таралу аймағы мен кезеңдерін және даму эволюциясын қарастырғанда бірқатар ғылыми методтарға арқа сүйейміз. Соның ішінде бұл тақырыпты пәнаралық зерттеу методологиясы тұрғысынан қарастыру ұтымды болады деп есептейміз. Диплом жұмысының алғашқы тарауын жазу барысында тарихи деректер мен арнайы әдебиеттерді жинақтау, арнайы жүйелеу, тарихи салыстырмалы әдістер, тарихи шынайылық деңгейін анықтау, деректердің ішкі және сыртқы сынын анықтау сияқты әдістер қолданылды. Ал зерттеу жұмысымыздың екінші тарауы баптизмнің қазіргі кезеңдегі көріністері мен бағыттарын анықтайтын болғандықтан, мұнда пәнаралық дискурсивті әдістермен талдау жасалынды. Соның ішінде кроссмәдени зерттеу әдістері, этнологиялық бақылау, контент сараптама жасау және т.б. методтар пайдаланылды.
Қазақстандағы баптизмнің қазіргі даму ерекшеліктерін анықтау үшін арнайы баптистік ұйым өкілдерінен сұрақнамалық бағдарлама арқылы сұхбат алынды. Сонымен қатар, еліміздің тұрғындары арасында баптизмге байланысты сауалнама алынды (сауалнама қосымшада берілген). Сауалнама Алматы қаласы төңірегінде жүзеге асырылды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Қазақстандағы баптизмнің таралуы және оның даму эволюциясы тақырыбына дипломдық жұмысты жазу барысында қолданған арнайы әдебиеттер мен тарихи деректерді саралай келе және оны әртүрлі әдістермен зерттеу нәтижесінде келесідей жаңалықтарға қол жеткізіп отырмыз:
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейден Қазақстанға жер аударылған шаруалардың баптистік шіркеудің алғышарты екені анықталды;
Қазақстандағы баптистік қауымдастықтардың жан-жақты қалыптасқаны белгілі болды. Мысалы, елімізге алғаш қоныс аударған шаруалардың ішіндегі баптистер өз қауымдастықтарын Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Жаңаөзен, Жетісу, Түркістан және т.б. аймақтардан құра бастағанын көруге болады.
Еліміздегі баптистік ұйымдардың діни және мәдени-әлеуметтік ықпалын, сонымен қатар олардың даму фазасы анықталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан тұрады. Әр тарау бірнеше параграфтарға бөліп қарастырылған. Сонымен қатар, қорытынды бөлім мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысы 62 бетті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |