Қазақстандағы баптизмнің тарихи-мәдени ерекшелігі


Тақырыптың деректік негізі



бет3/12
Дата02.10.2022
өлшемі122.15 Kb.
#461765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстандағы баптизмнің таралуы мен мәдени ерекшелігі

Тақырыптың деректік негізі. Зерттеу тақырыбымыздың ғылыми аясының әлі де тар болуына байланысты көптеген деректер толық жарияланды деп айта алмаймыз. Әйтсе де, біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірқатар дереккөздерді топтастыруға болады. Деректердің бірінші тобына ресми архив құжаттары, қаулылар және өңірлік деңгейдегі дін істері агенттіктерінің мәліметтері жатады [13]. Екінші топқа деректердің евангелдік шіркеу мүшелерінің естеліктері мен қысқаша өмірбаяны, мәліметтері жатады. Үшінші деректер тобына соңғы жылдары баспасөз материалдары, арнайы діни сайттардағы мәліметтер және т.б. жатады [14].
Бірінші топ деректеріне жататын архив құжаттары Павлодар, Ақтөбе облыстық архивтерінде сақталған. Сонымен қатар, екінші деректер тобына евангелдік қауымдастық мүшелерінің естеліктерін қарастырса болады. Мысалы, 2019 жылы баптист Болат Жүнісовтың «Нужен ли казаху Иисус?» атты естелігі жарық көрді. Мұнда ол өзінің баптизмге қалай келгені және ол қауымдастықтардың ерекшелігіне тоқталады [14]. Деректердің үшінші тобына баптистік шіркеулер мен қауымдастықтардың арнайы сайты мен әлеуметтік желілердегі каналдары жатады. Сонымен қатар, 1995 жылдан бастап шығып отырған «Жизнь веры» сияқты баспасөз беттері, балаларға арналған танымдық әдебиеттері мен діни насихат бағытындағы материалдары жатады [15].
Тақырыптың хронологиясы. Қазақстанға келген алғашқы баптистер мен баптистік ұйымдардың құрылуы тарихына және қазіргі даму эволюциясына қарай зерттеу жұмысымыздың тақырыптық хронологиясы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап – қазіргі кезеңге дейінгі діни, тарихи және мәдени-әлеуметтік үрдістерді қамтиды.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты елімізге XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қоныс аударып келген немістердің діни сенімі болған баптизм тарихының таралуы мен даму эволюциясын қарастыру. Осы мақсаттың үдесінен шығу үшін алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:

  • Қазақстанға XIX ғасырдың екінші жартысында жер аударылған шаруалардың алып келген баптистік сенімнің алғышарттарын анықтау;

  • XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы баптистік қауымдастықтардың әртарапты жетілгенін және дамығанын көрсету;

  • Еліміздегі баптистік ұйымдардың діни және мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерін айшықтау;

  • Қазақстандағы діни ағымдар мен баптизмдегі жаңа бағыттар мен үрдістерді талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет