Қазақстандағы баптизмнің тарихи-мәдени ерекшелігі


Қазіргі Қазақстандағы баптизмдегі жаңа тенденциялар



бет9/12
Дата02.10.2022
өлшемі122.15 Kb.
#461765
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақстандағы баптизмнің таралуы мен мәдени ерекшелігі

2.2. Қазіргі Қазақстандағы баптизмдегі жаңа тенденциялар

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздің территориясында жаңа, дәстүрлі емес, діни ағымдар таралуы белең алды. «Жаңа» дегенмен бұл ағымдардың басым көпшілігінің пайда болғанына біршама уақыт болған, тек қазақ даласына өзге елдерден келген, сол себепті еліміз үшін жаңа әрі дәстүрлі емес болып табылатын діни ағымдар. Ағылшын әлеуметтанушысы А. Беркер алғашқы болып «жаңа діни ағымдар» терминінің анықтап, олардың бірқатар белгілерін атап өтті. Оның айтуынша жаңа діни ағымдар 20 ғасырдың 50 жі жылдары пайда болған дін, философия және рухани өмір сияқты фундаменталды сұрақтарға жауап беруге тырысатын діни сенімдер. Олардың негізгі белгілері: экзотикалық шығу тегі; өмір салтының жаңа мәдени стилі; харизматикалық көшбасшысының болуы; қоғамның назарын өзіне аударатындай ерекшелігінің болуы; халықаралық деңгейде қызмет ету және т.б [22].


1992 жылғы заңдағы діни сенім бостандығы Қазақстан жерінде әр түрлі діни ұйымдардың көбеюіне және миссионерлердің уағыз-насихат жұмыстарының көбеюіне алып келді. Көптеген христиандық, ислами және басқа да діни ұйымдар өз қатарларын неофиттермен толықтыру мақсатында белсенді миссионерлік қызметпен айналыса бастады. Қазақстан азаматтары, оның ішінде жастар деструктивті культтер мен ұйымдарға кіріп, қоғамдағы діни негіздегі қақтығыстардың туындауына себепші болды. Сол себепті зерттеу барысында елімізде тіркелген діни ұйымдар мен бірлестіктер санын анықтау аса маңызды.
Деректерге сүйенсек, еліміздің аумағында 1989 ж. 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни діни бірлестік болса, 2008 ж. 46 конфессияға тиесілі 4000-нан астам діни бірлестіктер жұмыс істеген екен [17, 3-4 бб.]. 1992 жылғы дін туралы заңның жұмсақтығы діни конфессиялар мен бірлестіктердің санының артуына алып келді. Ал 2011 жылғы заңға дейін болса, ел аумағында 4551 діни бірлестіктер тіркелген екен. Діни ұйымдардың көбеюі, миссионерлердің белсенді әрекеті, дінге қатысты заңды қайта қарап, өзгерту қажеттігін тудырды. Соның нәтижесінде, 2011 жылы 11 қазанда «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды [20]. Аталған заңға сәйкес діни ұйымдар 2012 жылдың қазан айына дейін орталық немесе жергілікті билік органдарында қайта тіркеуден өтуі тиіс болды. 2012 жылы қазан айында, тіркелген діни конфессиялар саны 46-дан 17-ге дейін қысқарды, тіркелген діни бірлестіктер саны 4551-ден 3088-ге азайды. Ал, 2014 жылдан бері қарай болса, конфессиялар саны 18-ге жетті. 3-кестеде елімізде 2011-2017 жж. аралығында тіркелген конфессиялар мен діни бірлестіктердің саны берілген.
Кесте 1. – Қазақстан Республикасындағы конфессиялар мен діни бірлестіктердің өсу динамикасы [12]



Конфессиялар

01.01.2011

25.10.2012

01.01.2014

20.04.2017

1

Елуіншілер шіркеуі

400

189

230

219

2

Інжілдік христиан-баптистер

364

100

185

181

3

Пресвитериандық шіркеу

229

55

92

106

4

Жетінші күн адвентистері

67

42

42

42

5

Інжілдік-лютеран шіркеуі

32

13

13

14

6

Методистер

18

11

12

13

7

Жаңа апостол шіркеуі

47

8

25

26

8

Иса Мәсіхтің соңғы қасииетті күндері (мормондар) шіркеуі

1

2

2

2

9

Меннониттер

6

11

4

4




Барлығы

1164

431

605

607

Қарап отырсақ, 2012 жылы қайта тіркеуден өткеннен тіркелген діни бірлестіктер саны біршама төмендеп, қайта өсімін жалғастырып келеді екен. Бұл әсіресе, 2017 жылғы мәліметтен анық байқалады.


Тәуeлcіз Қaзaқcтaн Pecпубликacы үшін миccиoнepлік қызмeттің өткeнін жәнe бүгінгі кeлбeтін зepттeу aca мaңызды. Ceбeбі миccиoнepлік қызмeтті қaдaғaлaу іcі ұлттық қaуіпcіздікті caқтaумен тікeлeй бaйлaныcты. Қaзaқcтaн Pecпубликacының «Діни қызмeт жәнe діни біpлecтіктep туpaлы» зaңының 1- бабының, 5-тармағында миccиoнepлік ұғымынa мынaдaй aнықтaмa бepілгeн:
«Миccиoнepлік қызмeт – Қaзaқcтaн Pecпубликacы aзaмaттapының, шeтeлдіктepдің, aзaмaттығы жoқ aдaмдapдың, Қaзaқcтaн Pecпубликacындa тіpкeлгeн діни біpлecтіктepдің aтынaн Қaзaқcтaн Pecпубликacының aумaғындa діни ілімді тapaтуғa бaғыттaлғaн қызмeті». Онымен қоса, Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызмет жүргізудің талаптарына қатысты, заңның 8-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлік қызметті тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады» деп бекітілген [20]. Заңға сәйкес, миссионерлер жыл сайын тіркеуден өтіп отыруы тиіс. Тіркеуге рұқсатты діни әдебиеттер мен діни материалдарды дінтанулық сараптамадан өткеннен кейін береді. Дінтанулық сараптамадан өтпегендер және Қазақстанның конституциялық құрылымына, қоғамдық тәртіпке, адам құқықтары мен бостандықтарына, денсаулығына зиян келтіруі мүмкін тақырыптарды насихаттайтын миссионерлер тіркеуден өтпейді. Олар Қазақстан территориясында миссионерлік қызмет жүргізе алмайды [20]. Егер діни ұйымдардың іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмесе, мемлекет оның ішкі қызметіне араласпайды. Сол себепті мемлекет миссионерлік әдістерге қатысты ешқандай критерий белгілемейді. Діни сенімді тарату барысында миссионер өзі жұмыс жасайтын ұйымның жарғысын басшылыққа алады. Ал, жарғы болса, діни ұйымдарды тіркеу кезінде дінтанулық сараптамадан өтеді. Сонымен бірге, жоғарыда айтқанымыздай, діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы материалдар да дінтанулық сараптамадан өтеді. Дінтанулық сараптама заңмен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі [13]. Діни ритуалдар, құлшылық және миссионерлік қызметті өткізуге қатысты мәселелер де заңмен бекітілген. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның 7-бабына сәйкес: «Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі... Ал, Қарулы Күштер, әскери құрылымдар, сот және құқық қорғау органдары, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты қызметтер мен діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында жол берілмейді» делінген [20]. Аталған заң нормалары халықаралық ұйымдар тарапынан көптеген сынға ұшырады. Дегенмен өзгерістер қоғамдағы дін рөлін реттеуге байланысты шаралар болатын. Биылғы 2017 жылы да дін туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып жатыр. Жалпы алғанда, мұндай өзгерістердің болуы заман талабы, әлемдік қауымдастық пен қазақстандық қоғамда орын алуы мүмкін қауіптердің алдын-алуға ықпал етеді.
Еліміздегі діни жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 2016 жылы 13 қыркүйекте Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ашылды. Жаңа министрліктің міндеті діни сенім бостандығы саласында азаматтардың құқығын қорғау, өкіметтік емес сектормен, жастармен жұмыс жасау, жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады [19]. Жаңа министрліктің мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы діни ахуалды тұрақты деп сипаттауға болады.
Зерттеу жұмысы аясында еліміздің аумағында тіркелген миссионерлер санын анықтау аса маңызды болды. Осыған орай біз Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне ресми сұраныс жіберіп, қажетті мәліметтерді алдық. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 01.01.2011 жылы Қазақстан аумағында 255 миссионерлер тіркелген екен. Оның ішінде, 6 ислам, 46 православиелік, 142 католиктік, 64 протестантық және 1 буддисттік миссионерлер тіркелген екен. Ал, 2011 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңынан кейін 25.10.2012 жылы қайта тіркеуден өткен миссионерлер саны 379-ға жетіпті. Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, 2011 жылы ел аумағында протестанттық діни ұйымдар атынан 64 миссионер тіркелген екен [15]. Тіркелген миссионерлер санының өсу динамикасын 4- кестеден көруге болады.
Миссионерлер жыл сайын тіркеуден өтетіндіктен, тіркелген миссионерлер саны өзгеріп отырады. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтындағы биылғы 2017 жылғы 20 сәуірде жарияланған соңғы мәліметтерге сүйенсек, 495 миссионердің тіркелгені, басым көпшілігі 238 католик шіркеуінің өкілдері, ал 87 миссионер православие өкілдері екендігін көреміз [16].
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңында «мемлекеттің діннен бөлінгендігі» және «ханафиттік ислам мен православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуындағы тарихи рөлін танитыны» жөнінде айтылады. Аталған екі діни сенім дәстүрлі діндер деп аталады. Сондай-ақ, еліміздің аумағында «дәстүрлі» немесе «ұлттық» болып есептелетін діни сенімдер бар. Олар христиандықтың католицизм бағыты, протестанттық Інжілдік лютеран шіркеуі және тағы басқалар. посткеңестік Орта Азия мемлекеттерінде дінді белгілі бір этносқа тән деп қарау үрдісі қалыптасқан деп айтуға болады. Мәселен, орыстар православтар, қазақтар мұсылмандар, немістер лютерандар, поляктар католиктер деген түсінік. Сондықтан біз тақырып аясында жаңа діни ұйымдардың миссионерлігін қарастырмас бұрын, аталған екі діни сенімдердің миссионерлік қызметіне шолу жасауды жөн көрдік.
Қазақстан жеріне алғашқы католик миссионерлері ХІІ-ХІІІ ғғ. келді. Рим папасының арнайы тапсырмасымен Джованни дель Плано Карпини мен Гильом Рубрук сияқты францискандық орден монахтары Орта Азияға жіберілді. Ал, XVIII-XX ғғ. миграция салдарынан католик сенімін ұстанушылар қазақ жеріне қоныстана бастады. Бірақ, бұл кезеңдерде католик діні жергілікті халық арасында таралмады.
Тәуелсіз Қазақстанда Католик шіркеуінің қызметі қайта жанданып, қауымдар мен шіркеулер ашылып, діни құлшылықтар мен миссионерлік жүргізу ісі қолға алынды. 1991 жылы Орта Азия мен Қазақстан католиктері үшін Апостолдық Администратура құрылды. 1999 жылы Қазақстанның Апостолдық Администратурасы Қарағанды епархиясына айналып, үш жаңа Апостолдық Администратура пайда болды: Астаналық, Алматылық және Атыраулық деп аталды. Ал, 2003 жылы болса, Қазақстан территориясы католик митрополиясы құрамына кірді. Митрополия архиепархия, екі епархия және апостолдық администратура болып бөлінді:
Астанадағы Әулие Мария архиепархиясы бес деканаттан құралған: Астаналық; Көкшетау; Қостанай; Павлодар; Петропавл.
Сондай-ақ, католик митрополиясы Қарағанды епархиясы, Алматыдағы Әулие Үштік Епархиясы және Атыраудағы Апостолдық Администратура сияқты құрылымдардан тұрады [17].
3-4-кестелерде көрсетілген «Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің» мәліметіне сүйенсек, республика көлемінде тіркелген діни бірлестіктер саны 85, ал тіркелген миссионерлер саны 238-ді құрайды [15]. Католицизмді ұстанушылардың ұлттық құрамы немістер, поляктар, украиндықтар, орыстар, корейлер және т.б. құралады.
Католик шіркеуі миссионерлікке ерекше маңыз береді. Себебі, миссионерлік христиандықтың, оның ішінде католицизмнің негізін құрайды. Қазақстандағы католик шіркеуінде жұмыс істейтін діни қызметкерлер шетелдік миссионерлер. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Миссионерлік қызмет оқу-ағарту жұмыстары арқылы жүргізіледі. Католик шіркеулеріндегі діни рәсімдер мен іс-шаралар орыс, украин, неміс, ағылшын және поляк тілдерінде өткізіледі. Қазақстандағы 1998 жылы ашылған «Мария – Шіркеу Анасы» атты рухани семинариясы – Қазақстандағы алғашқы католиктік жоғарғы оқу орны болды. Бұл оқу орнында католик шіркеуіне қажетті дін қызметкерлері даярланады.
Католик шіркеуі еліміздегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мәселен, 1994 жылы «Caritas» атты қайырымдылық жобасы аясында қайырымдылық амбулаториясы мен асхана өз жұмысын бастады. Сонымен бірге, «Кредо» газеті шығарылады [18].
Інжілдік лютеран шіркеуіне келер болсақ, шіркеудің негізі XVI ғасырда қаланған. Інжілдік лютеран шіркеуі еліміздің аумағында тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны және Кеңес билігі кезінде қоныс аударғандар арқылы келгені белгілі. Қазақ жеріндегі алғашқы лютеран қауымы 1957 Ақмолада тіркелді. Ал, 1991 жылы лютеран қауымының саны 223-ке жетті [17, 24 б.]. Алайда, немістердің тарихи отандарына көшуі нәтижесінде, қауымдар саны азайды. Бүгінгі таңда, еліміздің аумағында Інжілдік лютеран шіркеуінің 14 бірлестігі тіркелген [19]. Олар Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, ал орталығы Астана қаласында орналасқан.
Інжілдік лютеран шіркеуінің миссионерлік қызметіне келер болсақ, Қазақстан аумағында 2 миссионер тіркелген екен. Шіркеу Бүкіләлемдік лютеран федерациясының құрамына кіреді. ТМД елдеріндегі Інжілдік лютеран шіркеуінің одағының орталығы Санкт-Петербург қаласында орналасқан. Сол себепті олардың қызметі туралы мәліметті ТМД елдеріне ортақ www.elkras.ru сайтынан алуға болады. Сондай-ақ, Шіркеу одағының ресми басылымдары бар. Олар «Der Bote/Вестник» журналы, аталған журналдың «Bote Spezial» атты ақпараттық қосымшасы, «Лютеранские вести» газеті, «Слово божье на Каждый день/Losungen» жинағы. «Der Bote/Вестник» журналы 1992 жылдан бастап орыс және неміс тілдерінде шығады. «Bote Spezial» атты ақпараттық қосымша неміс тілінде шығады. ТМД елдеріндегі шіркеулердің қызметімен шетелдегі лютерандарды таныстыруға арналған. «Лютеранские вести» газеті 2000 жылдан бері шіркеу жаңалықтары, дінбасылармен сұхбаттар және аналитикалық мақалалар жарияланады. «Слово божье на Каждый день/Losungen» жинағында Көне және Өсиеттен алынған қанатты сөздер мен литургиялық оқылымдар жарияланады. Жинақ неміс тілді «Losungen» басылымының орыс тілді нұсқасы 2002 жылдан бастап шыға бастады [19]. Заманауи қоғамда миссионерлікте интернетті, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдалану кеңінен өріс алған. Лютеран шіркеуінің «Facebook (https://www.facebook.com/elkrk), вконтакте (https://vk.com/kazluther)» әлеуметтік желілерінде өз парақшалары бар.
Шіркеу әйелдер, жастар және балалармен жұмыс жасауға көп көңіл бөледі. Вюртемберг, Саксония, Штутгарт, Лейпциг қалаларында әйелдер бөлімі және жастар бөлімі жұмыс істейді. Аталған қалалардағы бөлімдер ТМД елдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Түрлі конференциялар ұйымдастырылып,
«Шіркеу зорлық-зомбылыққа қарсы» акциялары өткізіледі. Інжілдік-лютеран орталық одағының басты оқу орны Новосаратовск қаласында орналасқан теологиялық семинариясы болып табылады. Семинария Ресей, Қазақстан, Украина және Орта Азия елдеріне пасторлар, шіркеу қызметкерлері және миссионерлерін дайындайтын негізгі оқу орны [19]. Жалпы алғанда, католицизм мен Інжілдік лютеран шіркеуі Қазақстан Республикасындағы татулық пен рухани келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени іс-шараларға белсене араласады. Олардың қоғамдық белсенділігінің айқын көрінісі әлемдік және дәстүрлі көшбасшылар Съезіне қатысуы деп айтуға болады.
Сонымен қатар біздің пікірімізше жаға діни ағымдардың маңызды ерекшеліктерінің бірі миссионерлік қызмет болып табылады. Десе де, жаңа діни ұйымдар қз қатарын сенушілермен толтыруға айрықша көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасының аумағындағы діни ахуал соған байланысты
көп ұлтты құрам. Ел халқының жартысынан көбі мұсылмандар. Этникалық қазақтар (халықтың 50%), сондай-ақ өзбектер, татарлар мен ұйғырлар (шамамен 10%) - ханафи мазхабының сүннит мұсылмандары. Сондай-ақ бар шафии мазхабының сүнниттері (шешендер), шии әзірбайжандары және аз Ахмади қозғалысының тобы (интеллигенцияның шағын тобы – тумалары барлық дәстүрлі мұсылман халықтарының). Республикада тұратын орыс, украин және беларуссиялықтардың көп бөлігі өздерін Мәскеу Патриархаты Орыс Православие Шіркеуімен сәйкестендіру, тіркелген 270 қоғамдастықпен (2009 жылдың басындағы мәліметтер).
Қазақстан Республикасының аумағындағы Рим-католик шіркеуінің 166 приходының шіркеуі (2009 жылдың басындағы мәліметтер) - этникалық немістер, поляктар, сонымен қатар украиндар және Белорустар. Соңғы екі этностың өкілдері, әдетте, дәстүрлі грек католиктері, дегенмен, қажетті мөлшердің болмауына байланысты
Грек католиктерінің рухани пасторлық құрылымдары, бұл адамдар Римге барады Католик шіркеуі. Немістердің арасында лютерандар, сонымен қатар баптистер мен жетінші күн адвентистер бар. Соңғы екі діни топқа украиндардың белгілі бір бөлігі де кіреді.
Мемлекеттік статистикаға сәйкес, протестанттық қауымдастықтардың саны әр түрлі конфессиялар православиелік және католиктік қауымдастықтардың жалпы санынан асып түседі, бірақ бұл протестанттардың ізбасарларының саны жағынан басым екенін білдірмейді. Елде 953 протестанттық қауымдастық және 145 шетелдік миссия тіркелген. Еврейлер халықтың 1% -дан азын құрайды. Белсенді христиандық және жаңа діни ағымдарға қатысты Інжілдік сенімдердің христиандарының бір бөлігі болып табылатын Қазақстанды (елуінші күндер) деп атауға болады харизматика, сондай-ақ «Соңғы күндердің әулиелері Мәсіхтің шіркеуі» (мормондар), Иегова куәгерлері, Кришнаның сана қоғамы (Вайшнавалар), Бахайлар, қозғалыс бірлестіктер »(Муниц) және бірқатар өте кішкентай діни топтар [9]. Жалпы, саны Қазақстандағы діни бірлестіктер төрт мыңға жетеді [3].
КСРО-ның ыдырауы коммунистік идеологияның күйреуіне алып келді. Білім жаңа тәуелсіз мемлекеттер ұлттық белсенді өсуіне ықпал етті өзін-өзі тану, идеологиялық вакуумда бұл бастауға әкелді діни құндылықтар мен дәстүрлердің жаппай жаңғыруы. Сонымен қатар, болды ислам мен христиан діндері үшін дәстүрлі ғана емес, жақтастарының өсуі.
Дәстүрлі емес жақтаушылар арасында жылдам, спазмодикалық өсу байқалды діндер республикалары. Бірінші пайда болған дәстүрлі емес сенім республиканың аумағы «Кришнаның сана қоғамы» болды. Ерте қолдаушылар бұл сенім 1982 жылы Алматыда пайда болды.
КСРО Ғылым академиясының Болат және қорытпалар институтының қызметкерлері мен аспиранттары. Осы секцияны ұстанушылардың әлеуметтік құрамы - зиялы қауым өкілдері, студенттер, аспиранттар.
Шамалы құрамы шамамен бірдей (максимум - 20-ға дейін) адамдар) шығыстанушы және нео-ориенталистік діни бірлестіктер - Будда діни бірлестігі, Трансцендентальды медитация, Әлем Қазақстанда 3-4-тен аспайтын біріктіру шіркеуі және т.б. Бөлігі оларды дәстүрлі түрде буддизмді ұстанған халықтардың өкілдері біріктірді, бірақ жалпы, бұл діни және дінге жақын бірлестіктердің де ерекшеліктері бар, өз мүшелерінің рухани ізденісіне негізделген ұйымдарға тән.
Содан кейін, 80-ші жылдардың аяғында - 90-шы жылдардың басында. Сатанистер де пайда болады, олар, жастарға тән романтизмді және белгісізді аңсауды қолдана отырып, олар одан алыстай алды 60-70-ші жылдар аралығында жаттығады. «Ауыл» бақсылық сиқыры. Деректер білім Шайтан шіркеуі кіретін дәрежеде ұйымдастырушылық тұрғыдан қалыптасты
Сарани, 90-жылдардың ортасында Қарағанды облысы. ресми байланысқа шықты тіркеуді сұрайтын тіркеу органдары [7].
Протестанттық культ ең жылдам дамып келе жатқан түрге айналды діни бірлестіктер. Протестанттық діни бірлестіктер санының өсу динамикасы Қазақстан (сәйкесінше 1 қаңтардағы саны туралы мәліметтер) 1993 жылмен салыстырғанда қауымдастықтардың саны шамамен үш есеге өсті Иегова куәгерлерінің жақтаушылары; 1997 жылдан 1999 жылға дейін, саны Адвентисттік жетінші күндік қауымдастықтар; қауымдастық тұрақты өсуді көрсетеді.
Евангелиялық христиан баптисттері, елуінші күндер. Теріс динамиканы лютерандықтардың діни бірлестігі көрсетеді және бұл лютерандар негізінен немістердің өкілдері болғандығына байланысты Германияға тұрақты тұруға (тұрақты тұруға) кеткен халық. Дегенмен, әртүрлі түрлердің жаппай өсуіне назар аударуға болады жаңадан пайда болған конфессиялар. Ең көп және «Благодать-Грейс» (Алма-Ата және Қарағанды қ.), «Жаңа өмір» филиалдары бар, Агапе және басқалары, негізінен АҚШ пен республиканың миссионерлері Кореяда құрды [7].
Бұқаралық ақпарат құралдарында бұл нанымдардың пайда болуы күш-жігердің арқасында деген пікір бар шетелдік миссионерлер. Әрине, бұл фактіні ескермеуге болмайды. Бірақ егер бұл дайын түрдегі бұқаралық базаның болуы болмаса, екенін атап өткім келеді. Құтқарудың батыстық рецепті және, ең соңында, өркендеу, бұл тікелей дамыған елдерде кең таралған діни ағымдармен байланысты, миссионерлік жұмыс ешқашан мұндай нәтижеге жетпейтін еді [1].
Өз қатарына белсенді түрде жинап жатқан бірқатар бірлестіктер екенін есте ұстаған жөн Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың жақтаушылары «тоталитарлық секталар» беделіне ие және «Деструктивті культтер». Атап айтқанда, бұл Ехоба куәгерлері сияқты секталар, «Сайентология шіркеуі» және т.б., олар кез-келген жердегі үкіметті жоққа шығарады онымен байланысты: азаматтық борыш, әскери қызмет, мемлекеттік мерекелер, беру мемлекеттік рәміздерге құрмет, неке қию, медициналық қабылдау Көмектесіңдер. Олар өз мүшелерін ел заңдарын сақтамауға, жалтаруға бағдарлайды әскери қызметтен және басқа азаматтық мінез-құлық нормаларынан [8].
Жалпы қазіргі Қазақстандағы жағдай өте күрделі анық емес. Егер радикалды ислам ілімдерінің таралуы заңды түрде болса тыйым салынған, содан кейін христиандық бағыттағы түрлі тоталитарлық секталар әрекет етеді жеткілікті заңды. Мемлекет бірнеше қадам жасағанда дәстүрлі емес ілім қызметін құқықтық салада сақтау, бойынша Батыс серіктестерді көбіне ар-ождан бостандығын бұзды деп айыптайды республика. Иеһова Куәгерлері сияқты культтар арқылы, «Сайентологтар», «Благодать», «Агапе» және басқалар. «Тыныш экстремизм »деп аталады. Олар террористік актілерге шақырмайды, ұлтаралық араздыққа шақырмайды. Бірақ олардың қоңыраулары қоғамның шоғырлануына ықпал етпейді, керісінше, олар жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Бірқатар дәстүрлі емес діни бағыттағы қызмет ұйымдар рухани-адамгершілік даму процесіне теріс әсер етеді Қазіргі қоғамда қиын қазақ қоғамы ұлтаралық және. шиеленісуінің алғышарттарын жасауға ықпал етеді конфессияаралық қатынастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет