1.3. Қазақстандағы баптизмнің идеялық және мәдени әлеуметтік ерекшелігі
Евангелизацияны немесе миссионерлікті протестанттық және католиктік шіркеулер белсенді түрде жүзеге асырады. 1965 жылы 2 Ватикан Соборы евангелизацияға байланысты заң шығарды. Онда шіркеулердің миссионерлік қызметі қарастырылды. Орта ғасырда евангеизация сөзі рухани атаққа ие болса, қазіргі таңда католиктік шіркеуі құрайтын «Құдай халқының» христиандардың миссионерлік іс-әрекетіне ұласты. Католицизмде евангелизацияның объектісі жалпы адамзат болғандықтан шіркеу барлық болып жатқан іс-әрекеттерге араласып тұрды. Рим папасы Ионн 2 өзінің көптеген энцикликаларында қазіргі заманғы евангелизацияның негізгі бағыттарын ұсынады. Олар: евангелизацияға қарапайым тұрғындарды тарту, ұлттық мәдениеттерді Евангелия идеяларымен толтыру, жастармен жұмысты күшейту және Мариямның культің кең ауқымды тарату болып табылады [30]. Соңғы жылдары барлық шіркеулер, әсіресе орыс православие шіркеуді евангелизацияны белсенді түрде іске асыруда.
Евангелия шіркеуі – протестанттық және лютерандық шіркеулердің жалпы атауы. 19 ғасырдың басында Германияда діни өмірдің тоқырау салдарынан евангешіл шіркеулердің қалыптасуына алып келген процесс басталды. Бұл процесстің негізінде тек лютерандық әртүрлі партияларын ғана емес, сондай-ақ Ж. Кальвин мен У. Цвинглидің өкілдері біріктірген протестантизмнің алғашқы таралу кезеңіндегі діни өмірді қайта жандандыру концепциясы жатты. Бұл кейбір діни топтарды қанағаттандырмай рациионалистік форманың бір көрінісі ретінде қалыптасты. Бұл концепция белгілі дін өкілдерінің де қолдауына ие болды (Ф. Шлейермахер, Д. Ветте және т.б.). 1817 жылы раформацияның 300 жылдығына орай Германияның көптеген жерлерінде, әсіресе Пруссияда реформаторлар мен лютерандар бірікті. Бұлардың бірлестігі «протестандық бірлестік» деп аталды [30]. Бірақ та бұл атау жалпылай қабылданбады. Барлық протестанттық ұйымдарды біріктіре де алмады. Бұл біріншіден, протестанттық принципке орай қалыптасты. «Ақиқатты танудағы діни сенім бостандығы», діни көзқарастардың әртүрлі бағытта таралуы, дәстүршілдер мен либералдардың арасында қарама-қайшылықтарды туындатты. Лютерандықтар және реформаторлар «құпиялық» және «евхаристия» туралы ілімді өздерінше түсіндірді. Дәстүрлі лютерандар діни ілімдерінде рәміздік кітаптарды пайдаланды. Ал жаңа лютерандар діни қызметкерлер мен шіркеулердің үлесін ұлғайтты. Дәстүршілдердің либералдардан айырмашылығы олар Рим-католик шіркеуіне қатысты толеранттылық бағытты ұстанды. Олар сондай-ақ шіркеулік құпиялылық әдет-ғұрыпқа көп көңіл бөлді. Ортодоксалдық бағытқа евангешіл шіркеуіне либералдық орталары қарсы шықты. Оларға субъективистер деп мінездеме берсек болады. Негізінен, олар спекулятивті теологияның өкілдері, ұрандары жаңа заманғы білімге сүйену және діни көзқарастың дербестігін қалау. Германиядағы ғылым технологиясының өркендеуі евангешіл шіркеулер мен бірлестіктердің құрылуына алып келді. Лютерандар мен реформаторлардың шіркеулері Інжілдік ілімді оқиды және діни ғұрыптарында бірдей рәміздерді қолданады. 1848 жылдың соңында бұл бірлестік Пруссияның үкіметі тарапынан қуғынға ұшырайды. Кейіннен 1855-1857 жж. евангешіл христиандарға Германияда және басқа да мемлекеттерде жиын өткізулеріне рұқсат етілді. Осы жиынға лютерандармен қоса протестанттық мемлекеттердегі реформаторлар да қатысты. Бұл бірлестікті Голландиядағы шіркеулік басқарма, Франциядағы және Швейцариядағы протестанттар, Англиядағы евангелиялық бірлестіктер қолдады. Евангелшілдік шіркеулерге көбінесе 1863 жылы құрылған протестанттық бірлестіктер көп қолғабыс етті. Протестанттық бірлестіктер жаңаланған түрдегі протестантизмді құптады. Олардың ойынша евангелшілдік тек евангелдік түрде болуы керек. Адамдардың діни сенімдері, күнделікті іс-әрекеті тек Исус Христостың атынан, оның ілімінен құрылуы тиіс деп түсінді. Евангелшілдік шіркеулердегі бірлестіктерді сақтап қалу үшін Густав Адольф бірлестіктерді де өз үлестерін қосты. 1850 жылы Пруссияда евангелшіл шіркеудің жоғарғы кеңесшісі құрылды [42]. 1875 жылы Пруссия королі Пруссиядағы евангелшілдік шіркеуде Бас Синод жайындағы заңдарды бекітті. Үкіметпен бірге Бас Синод шіркеулердің біртұтастығын қорғауға, қоғамда қайырымдылық істерді жүзеге асыруға прусстық шіркеулермен өзге де евангелшілдік шіркеулермен қарым-қатынас жасауы тиіс болды. Сонымен қоса, Синод жоғарғы шіркеулік кеңестің кірістері мен шығындарын, қорын қадағалау құқы берілді. Синод алты жылда бір рет жиналды. Төтенше жағдайлар болған кезде корольдің нұсқауымен шақырылды.
XX ғасырдың басында Пруссияда 18000 жиын өткен. 17000 шіреу, 10000 клириктер, 22000 сенушілер тіркелген. 1947 жылы Швецияда евангелшілдік шіркеулер конгресі өтті. Онда олар әлемдік Лютерандық федерация болып бекітілді. Бұл федерацияға 138 евангелшілдік шіркеу кірді. Мүшелер саны 62 млн.. Евангелшілдік шіркеулер протестанттық шіркеулердің тарихында ортақ нәрселер көп болғандықтан, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Қазақстандағы евангелизация саясатының тарихы. 2006 жылы мәсіхшілдік тарихы туралы осы діннің қазіргі уағызшысы Манарбек Бейекеннің «Орталық Азия мен Қазақстанның мәсіхшілдік тарихы» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек, негізінен Қазақстан халқын христиан дініне тарту мақсатында жазылған. Осы мәселені ескерте отырып, біз автордың Қазақстандағы мәсіхшілдік тарихына байланысты келтірген тарихи деректерінің шындыққа жанасатын жерлерін қолдандық: «1869 жылы патшалық Ресей Қазақстанды толық отарлап және Орталық Азияның үлкен бөлігін аулап алды. Әсіресе, қазақ жері бірнеше әкімшілік бөліктерге бөлінді. Ірі қалалар мен» ауылдарда православиелік шіркеулер мен соборлар салынды. Көбінесе діни рәсімдерге бой соққан орыс православиесі ірі өлкедегі жергілікті басқа халықтар тұрмақ, орыс тілді тұрғындардың өзіне де Ізгі Хабарды түсінікті етіп жеткізе алмады» - деп жазады автор. XX ғасырда Еуропадағы ояну толқыны Ресейге де әсер етті. Ресей реформаторлық идеяны таратушы неміс қоныстанушылары пиетистер мен меноиттер болды. меноиттер 1525 жылдан Батыс Еуропа елдеріне тарала бастаған. Інжілдік өрлеу реформациясының ұрпақтары еді. Олар Жаңа Өсиетке сай мәсіхтік қауымдар құрып, бар күшімен Исаның өсиеттері мен аманатын орындауға тырысып, сәби кезінде емес, саналы түрде шомылу рәсімінен өтушілер деп атады. Олар мәсіхшілік қауымдардың мемлекет билігінен тәуелсіз тұруын, Інжілдік талаптарға сай күнә мен зорлық-зомбылықтан аулақ жүруге шақырады.
1872 жылы Ресейдегі немістер Самария губерниясынан Саратов арқылы қазақ даласынан өтіп, Түркістан жеріне енген немістер менониттерінің алғашқы он отбасы, содан кейін он үш отбасы (баптистер) Сарыағаш елді мекені және Ташкент маңында қоныстандырылды. Сондай-ақ Шымкент, Әулие-атаның оңтүстігіне, Талас өзені маңына кейбіреулері Хиуаға өтіп кетеді [2, с. 81–85].
19 ғасырдың соңында неміс менониттерінің қоныстануымен Орталық Азия мен Қазақстанға Ізгі Хабар қайтадан тарала бастады. Ашылып жатқан баптистік қауымдарға орыстар, қазақтар, қырғыздар, өзбектер де бір бірлеп, ондап тіпті жүздеп қосылып жатты. Омбыда өткен баптистер съезінде осы халықтардың өкілдері қатысты. Мәсіх жайлы Ізгі Хабардың Далалық аймақта (Ақмола және Семей облыстары) қатты таралуы, тіпті 1913 жылы Орыс өкіметінің министрлер кеңесінің отырысында қатты талқыланады, «жандармерия мен ішкі істер министрлігінің зерттеу қорытындысы бойынша аумақтағы және Ресейдің көп жерлерінде таралу жағынан ауқымды және қатерлісі - баптизм» деп жарияланды [17]. Клебановтың айтуынша, 1912 жылы Далалық аймақта 8 мыңнан астам баптистер болды, олар енді бірнеше есе өсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы мемлекеттің ішкі ісімен айналысуына мұрсат бермеді, соғыстың тауқыметі барлық халықтарға артылғандықтан арып-ашығандар, шаршағандар, Құдайды іздегендер Інжілдік баптист қауымдарына көптеп қосыла бастады.
«Өзбек, қырғыз, әсіресе, қазақтар арасында елшілікте болғандардың арасында Герман Янтценің (1865–1969) сіңірген еңбегі ерекше болды. 1880 жылы Орталық Азияға қоныс аударылған алғашқы менониттер отбасымен келгендер болды. Жастайынан ол өзбек, қырғыз, қазақ тілін, салт-дәстүрін мәдениетін жақсы меңгеріп, осы халықтармен етене жақындасып алады».
1905 жылы Британ шетел қоғамының Киелі жазбаларды таратушы Герман Янтценмен Ізгі Хабарды таратуда Мартин Тильман, Рудольф Бон, Герхард Регер, бұрынғы молда Ермухамет, Ахмет және ұйғырлар арасында қызмет еткен Хантер т.б. белгілі болды. Большевизмнің келуі Орталық Азиядағы жаңа өмірге деген серпіліспен қатар, діндерге тиым салу мен атеизмнің өркендеуіне, қуғын-сүргін заманына ұласып кетті [45].
Енді қазіргі Қазақстандағы мәсіхшілікті таратушы діни ағымдар шіркеулердің тарихына, іліміне, діни ғұрыптарына жекелей қысқаша тоқталып өтейік.
Евангелшіл христиан-баптистер
Баптистік қауымдар 17 ғасырдың басында пайда болды. Қауымдарда ересектерді суға батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Конфессия атауы да осымен байланысты (грек – baptize суға батыру, шоқындыру). Оның пайда болуы Кембридж университетінің түлегі, дін магистрі, ағылшын шіркеуінің діни қызметкері Джон Смиттің (1554-1612 жж.) есімімен байланысты. Ұзақ уақыт бойы толғаныстан кейін ол 1606 жылы ресми шіркеуден бөлініп, өзін жақтайтын адамдар тобымен Англиядан Голландияға діни еркіндік іздеп кетеді. Амстердамда өзінің ағылшындық шіркеуін құрады.
Ең алғашқы қауымдағылар өздерін баптистер деп санаған жоқ, бірақ болашақ баптистер дін оқуының негізгі элементтерінің бірі шоқынуды анықтап қабылдады. Олар діни сенімді саналы түрде таңдау керек деп есептеді. Баптистер қозғалысының едәуір бөлігі Солтүстік Америкада дамыды. Үстемдік етуші діни-шіркеулік дәстүрі болмаған жаңа құрлықта баптизмнің дамуы жаңа конфессиялардың нығаюының маңызды фактор болды. Олар Еуропа мен басқа елдерге бағытталған өз миссияларын осы құрлықтан бастады. Бұл процесте ревивалистік қозғалыстар (діни қайта жаңғыру), әсіресе, 1720 жылы басталған «ұлы ояну» қозғалысы маңызды рөл атқарды. Сол кездегі көптеген конгрегационалистер баптизмді қабылдады. 19 ғасырдың 70 жылдары Петербургте баптистерге жақын евангелшіл христиан ағымы пайда болды. 1884 жылы Орыс баптистер одағы құрылады. Оны алғаш «Баптист» журналын шығарушы Д.И. Мазаев (1855–1922) пен «Ақиқат сөзі» журналын шығарушы В.Г. Павлов (1854–1924) басқарды.
1905 жылы діни төзімділік туралы жарлық шыққаннан кейін баптистер Одағы мен евангелшілдер Одағы құрылады. 1905 жылы баптистер Бүкіләлемдік Одаққа бірігеді, ал 1909 жылы И.С. Проханов басшылығындағы (1869–1935) Евангелшіл христиандардың бүкілресейлік одағы құрылады.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін екі одақ та өз әрекеттерін жандандырады, 1917–1927 жылдар аралығын бұл қозғалыс өкілдері «алтын он жылдық» деп атайды. Осы жылдар олар ауылшаруашылық қауымдары мен кооперативтер құрып, ауқымды рухани әдебиеттер, газет-журналдар шығарды. Христиан жастар ұйымдары құрылды, уағызшылар дайындайтын библиялық курстар ашылды.
Діни ұйымдарға қатысты саясат өзгергенде евангелшіл христиандар мен баптистер қауымының басым көпшілігі ресми тұрғыда жабылды (1932 жыл). Бірақ Ұлы Отан соғысы жылдары тыйым салу шаралары әлсіреді де, 1944 жылы КСРО-да евангелшілдік христиан баптистер одағы құрылды. 1945 жылы бұл одаққа елуіншілердің бір бөлігі, ал 1963 жылы бауырлас менноиттер кіреді. Ол КСРО-ның құлауына дейін жұмыс істеп, Ресейлік баптистер Одағы болып қайта құрылады.
Дінге қарсы жаңа әкімшілік күрес жанданған 1965 жылдары ЕХБ шіркеуінің Кеңесі басқарған топ бөлініп шықты. Оның жетекшілері балалар мен жастарға діни тәрбие беруді талап етті, діндарлардың азаматтық құқықтары, уағыз айту мен миссионерлік әрекет бостандығы үшін күресті.
Бірқатар қауымдар тәуелсіз ретінде тіркеле бастаған 70 жылдардың екінші жартысында біртіндеп үш тәуелсіз ұйым: ЕХБ Одағы, ЕХБ шіркеу Кеңесі, автономды ЕХБ шіркеулері құрылды. 80 жылдардың соңына қарай ЕХБ Одағынан евангелия сенімі христиандарды (елуіншілер) бөлініп шығып, өз бірлестіктерін құрды. Олардың идеялары негізінен баптистік болғанымен, елуіншілер өздерін баптистер емес, евангелист христиандар деп атайды.
Әлемдегі баптистердің саны туралы мәліметтері бір біріне қайшы келеді. Бүкіл әлемдік анықтамалық «Религии мира (Оксфорд 1994)» бойынша 1993 жылы 38 млн баптист болған. Бұл жас балаларды қоспағандағы саны. Ал әлеуметтаншылар бұл көрсеткішті екіге көбейту керек екенін айтады. «Народы религии мира» энциклопедиясының мәліметтері бойынша, 1996 жылы балаларды қосқанда 75 млн баптист болған.
Баптистер діни еркіндікті, төзімділікті шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Баптизм іліміндегі жеке сенімге және дінді қабылдауға көп көңіл бөледі.
1964 жылы жекелеген баптистердің жеті шіркеуі 15 пункттен тұратын «Сенім ғибадатын» жариялайды. Бұл құжат бойынша алдымен алғаш рет суға толықтай батырылу арқылы шоқындыру «Құдайдан берілген Жаңа Өсиеттік ғұрып» ретінде айқындалғандықтан маңызды болып табылады.
Сондай-ақ «Сенім ғибадатында» бірінші рет ар-ұждан бостандығы принципі нақты көрініс тапты. Аталған еңбектің бір пунктінде «Зайырлы магистр – Құдайдың ұйғарымы, күнәлілерді жазалауға және қайырымдылық істегендерді мадақтауға тағайындалған адам болып табылады: біз Христосқа заңды түрде тек қорыққандықтан емес, ар-ұятымызбен сенуіміз керек» деп мәлімдеді.
Баптистердің діни ілімі православие, католицизм, лютерандық сияқты 3 бөлімнен тұрады.
Біріншісі – ежелгі христиандық. Мұнда ежелгі христиандықты қалыптастырған негізгі 9 діни ілім жинақталған: Библия туралы, жаратыстан тыс ұғымдар (үштік туралы, періштелер, әзәзілдер), пайғамбар, апостолдарды құрметтеу, жан туралы, о дүние туралы, Иисус Христостың табиғаты туралы, Иисус Христостың бірінші келуі, Иисус Христостың екінші келуі, күнәні өтеу туралы.
Ал екінші бөлім протестанттық (лютерандық). Бұған 4 діни ілім кіреді. Алғаш лютерандықтар қалыптастырған жалпы киелілік, библияны оқу және талқылау міндеттілігі, бір сеніммен ақталу, дін ілімінің жалғыз көзі – Қасиетті жазу туралы ілімдер.
Үшінші бөлімге таза баптистік үш діни ілім кіреді: шоқыну, құдай туралы және нан және шараптың дәмін тату.
Баптистік ілімде шоқыну ерекше орын алады. Бұл ілімнің басты идеясы төмендегідей болып қалыптасқан: шоқынудың 3 міндетті шарты бар:
Тек ересек адамдарды ғана шоқындыруға болады. Сәбилерді шоқындыру жарамсыз болып табылады. Осы бірінші шарттан конфессияның аты шыққан. Алғашында олар өздерін жай ғана баптистер деп санады. Англияға көшіп келгеннен кейін, діни бостандық жылдары христиандықтар жаңа діни көзқарастармен ересек адамдарды көпшілік алдында шоқындыра бастады. Осылайша жаңа конфессия өкілдері үгіт-насихат іс-шаралармен қатар шоқындыру салтын өткізді.
Кім өз еркімен шоқынуға келісімін береді, соларды ғана шоқындырады. Бұл шартты баптистер «сенімді саналы түрде таңдау» деп атайды.
Міндетті шарт баптистер тілінде «жоғарғы туған» деп аталады. Бұл ұғымнан біз құдайға деген сенімнің бар екенін білеміз. Шоқыну дінге сенбеушінің сенушіге айналуын білдірмейді. Ең алдымен шоқыну үшін сенуші болу керек. Шоқыну дінге сенушіні діни ұйымға қабылдауды білдіреді. Шоқынудың өзі арнайы су құбырларында немесе арнайы бассейнде өткізіледі.
Құдай туралы ілім. Баптизмде Құдай туралы ілімнің идеясы жалпы христиандық Үштік іліміне қосымша болып табылады. Үштікті барлық христиандар Үштік құдай рухқа және барлық жерде болу қасиетіне ие. Құдайдың рух болу қасиетін православтар, католиктер, лютерандар және тағы көптеген христиан конфессияларымен салыстырғанда баптистер Құдай әке тек рухани табиғатқа ие деп санайды. Ол еш уақытта адам бейнесінде көрінбеген. Құдай әкенің бейнесін православтар мен католиктер иконалардан, шіркеу қабырғаларынан, діни әдебиеттердің суреттерінен көре алады. Ал баптистерде мұндай бейнелерді мүлдем көруге болмайды. Мысалы, А. Мансуров, Б. Араповичтің «Детская Библия» кітабында Құдай әке бейнесі ешқандай суретте бейнеленбеген.
Қазіргі заманғы баптистер де жоғарыда айтылған ілімнің негізінде өмір сүреді. Басқа протестанттар сияқты 66 кітаптан тұратын Библияны – Қасиетті Жазу, Көне өсиет пен Жаңа өсиетті мойындайды. Іс жүзінде, шіркеулік өмірде баптистер жалпы қасиеттілік принципін ұсынады, сондай-ақ әрбірі шіркеулік қауымның дербестігін, тәуелсіздігін жақтайды. Баптистер адамның күші мен ақыл-ойына сенімсіздікпен қарау, қоғамдық мүддеге, ғылым мен мәдениетке нигилистік көзқарасты уағыздайды. Шоқынуды олар рухани қайта түлеу деп түсінеді. Қауым мүшелігіне үміткерлер оған сынақ мерзімінен кейін және дұғалық жиында тәубеге келгеннен соң жіберіледі. Тек суда шоқынуды қабылдағандар ғана қауымның толық мүшесі болып саналады. Шоқыну мен нан үзу Христоспен рухани тұтасуды білдіретін рәсімдер болып саналады. Баптизм өз ізбасарларынан белсенді миссионерлік әрекетті талап етеді. Баптистік қауымдарды сайланбалы пресвитерлер басқарады. Ал оларға дьякондар мен уағызшылар көмектеседі.
Нақты христиандық сенімі бар адамдардың саналы түрде шоқынуын мойындап күнәлі өмір сүруден бас тартады.
Баптистердің құлшылық үйлерінде ешқандай христиандық символикалыр болмайды, тек «Құдай ол махаббат» деген ұрандар мен Інжілден алынған сөздер ғана қабырғаны сәндеп тұрады. Құлшылық тек Інжілге түсіндірмелер берілгенде және өнегелік уағыздарда ғана жүзеге асады. Бұның бәрі ән айтумен және музыкамен сүйемелденеді. Сонымен қатар, тек Иисус Христос есімімен байланысты мерекелер мен Өнім алу және Бірлік күні мейрамы ғана тойланады.
Жалпы христиандық нормалар, көбінесе ішімдіктен, темекі шегуден, есірткі мен бұзықтықтан бас тартуды қатаң сақтауды талап етіледі. Некенің ғұрыптық сипаты үй ішінде шіркеу құру құралы ретінде қарастырылады. Жанұялық қатынастар мен балаларды христиандық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беріледі.
Пресвитер (пастор – қауымның діни қызметкері) абсолюттік билікті иелік етпейді. Шіркеулік кеңесте ең маңызды мәселелер сенушілердің жалпы жиналысында шешіледі. Олардың құдайға құлшылық етуі шығармашылық сипатта болып келеді. Олар уағыздаудың, музыкалық аспаптар сүйемелдейтін әндерден, өз сөзімен шығарылған дұғалар, рухани өлеңдермен поэмаларды оқудан тұрады. Ең бастысы апта сайынғы құдайға құлшылық етуді баптистер жексенбі күндері өткізеді, ал жұмыс күндері дұғаға және Библияны оқу мен талқылауға арналған қосымша жиналыстар ұйымдастырылады.
Баптизмде екі негізгі ағым болған және олар қазір де бар. Олар жалпы және жеке баптистер. Олар күнәні өтеу мәселесіне байланысты екіге бөлінеді. Менноиттер ықпалымен қауымда үлкендерді сенімі бойынша шоқындыру енгізілді. Кейін бұл топ мүшелерінің біразы Англияға оралып онда алғашқы «жалпы баптистер» шіркеуін құрады. Олар құтқарылуға адам еркінің қатысын басшылыққа алып, Иисус Христосқа сенген барлық адамның құтқарылатыны жайлы ілімді ұстанды.
Біраз кейін суға толықтай батыру арқылы шоқындыруды жүзеге асыратын және Құдай тек бірнеше адамды ғана (адамдардың бір бөлігі) «бұл әлем ұлдары» болуға жазған (осы жерге «жеке» деген сөз шығады) деп ұйғарған Кальвин концепциясын ұстанған алғашқы «жеке баптистер» немесе партикулиярлы баптистер қауымы 1638 жылы ағылшын қаласы Сосворкте пайда болады.
Жалпы баптистік қозғалыс діни ілімнің әр түрімен ерекшеленеді. Соның өзінде олар бір бірлестікке әртүрлі іліммен кіре алады. Баптизмнің түрлі бағыттарының арасындағы пікірталастарда қарастырылатын негізгі мәселелері: сенушілерді әлемнен бөлу ілімі (сепаратизм), миссионерлік ұйымға қарым-қатынас және эсхотология мәселесі болып табылады. 20 ғасырда либералдық және консервативтік дін ілімі мен шіркеулік өмір арасындағы айырмашылықтар маңызды мағынаға ие болды. Сондай-ақ кейбір елдерде әртүрлі бірлестіктерде көрсетілген әртүрлі жолды ұстанушылар қауымының бөлінуіне әкеліп соқты.
Қазақстандағы евангелшіл христиан-баптистер
Алғаш баптистер қоғамын Қазақстанда 1903 жылы Қостанай уезінде Николаевка селосында Украинадан жер ауып келген баптистер құрды. 1907 жылы Павлодарда 35 сенушілерден тұратын қауым қалыптасты. Баптистік зерттеушілердің ұйғарымы бойынша, олар Қазақстандағы өз тарихын 1909 жылдан бастайды. Тараз қаласында олар бастапқыда православ шіркеуіне кіріп, онда өз гимндерін айтқан. Тек 1920 жылы ғана қауым үй-жай алып алғаш рет бірнеше сенушіні шоқындыруды бастайды. Алматы қаласында баптистік шіркеу 1917 жылы Украина мен Орынбордан бірнеше баптистік жанұя көшіп келгеннен кейін құрылды. Бірақ жанұялық негізде топтасқан жекелеген топтар кейінірек баптистік ілімді таратуға тырысты деген мәлімет бар.
1940 жылдардан бастап баптистер қауымының діни өмірі қалпына келе бастады. Алматыда, Жамбылда, Қарағандыда және тағы басқа қалалардан қауымдар ашылды. Бұл үрдіс 1960 жылдардың басында жедел дамып, КСРО-ның құлауына дейін жалғасты.
Баптистер мен евангелшіл христиандардың бірігуі нәтижесінде Бүкілодақтық евангелшіл христиан-баптистер кеңесі (БЕХБ) тіркелгеннен кейін 1944 жылы ЕХБ пайда болды. Бұл қауымға елуіншілер қауымының (1946–1947 жж) бір бөлігі және меноиттер бауырластығы (1960) кірді. 1966-1988 жылдары ЕХБ қауымына тіркелген саны Қазақстанда 11-ден 120-ға дейін өсті. Ал, сенушілер саны 5,8 ден 14,8 мыңға жетті. Сонымен қатар, тіркелмеген 100 ден астам топтар болды, ондағы сенушілердің саны 2,5 мың болды. Барлығы 1965-1988 жылдары БЕХБ қауымында 9,8 мың адам шоқынған. Евангелшіл христиан-баптистер қауымының көпшілігін немістер құрады, әсіресе ауылды жерлерде 80 % болды.
1960 жылдардың діни ұйымдарға деген Кеңестің қатал саясатының әсерінен сенуші баптистер бөлігін қабылдамауына байланысты БЕХБ-дан ЕХБ Кеңес шіркеуі бөлініп шығып, Кеңес ұйымына тіркелуден бас тартты. 1965–1985 жылдарда Қазақстанда Кеңес шіркеуі қауымынан барлығы 350 мүше БЕХБ өтті, керісінше КШ ЕХБ тіркелмеген «Христианин» баспасын ашты, «Вестник истины» және «Бюллетень Совета родственников узников ЕХБ в СССР» журналдарын ұдайы шығарып отырды. Бұл журналдарда Кеңес үкіметінің ар-ождан бостандығы принципін бұзғанын және сенушілерді қудалауы сынға алынып отырды. Алайда КШ ЕХБ ұстанушылар саны жай өсті, 1996 жылы 1367 сенушілері бар 25 қауым болса, 1980 жылы 2297-ден тұратын 53 қауым болды. Ал 1986 жылы қауым саны 49-ға дейін төмендеп, адамдар саны 2282 болды.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа облыстарда 80 КШ ЕХБ азғантай қауымның тек 9-дай қызметкерлер қалды. КШ ЕХБ қауымының келушілер саны 800-ден 100 адамға қысқартылды.
Қазір таңда Қазақстанда ЕХБ қауымының көпшілігі ЕХБ одағына бірікті. Рухани орталығы Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан. ЕХБ одағы кезінде Рухани білім беру орталығы 1995 жылы Алматы қаласында шіркеу қызметкерлерін дайындау институты ашылды. СЕО баптистердің (Славян Евангелшіл қоғамы, Алматы қ.) Библиялық миссиясы және 1992 жылдан бері алғашқы білім беретін сырттай Библиялық мектеп қызмет етеді. Ол бастапқы діни білім беретін сырттай Библиялық мектеп қызмет етеді. Ол бастапқыда діни білім береді. Діни әдебиеттерді тарату үшін көптеген құрылымдар құрылған. Олар «Шығыстағы сәуле», «Эммануил», «Әрбір үй Құдай үшін» миссиялары.
Қарағандыда «Источник» баспасында «Жизнь веры» журналы шығарылады. Алматы және Щучинск қалаларындағы Библиялық институттарда шіркеу қызметкерлері дайындалады.
2001 жылдың Қазақстанда 281 шіркеу, 11605 сенуші, 58 пресвитер, 139 диакон бар.
Евангелдік Христиандар - протестантизмдегі баптизмге жақындау бағыттардың бірі. Ресейде 1870 ж. ортасында пайда болған. Алғаш рет Санкт-Петербургтегі аристократиялық топта ағылшын лорды Гренвиль Вальдигрев Редстоктың уағызының ықпалымен пайда болған. Редстокты Ресейге Ресей империясының ресми дін Православиеға көңілі толмаған орыс аристократиялық тобының өкілі Е.И. Чертков шақырған. Редсток Санкт-Петербургте 1874 жылы болған. Жоғары қоғамдағы алғашқы кездесуден кейін А. Пашков, барон М.М. Корф, граф А.П. Бобринский, книгиниялар Ливен мен Гагарина оның ізбасарына айналды. Ресейдің Ішкі істер министрлігі 1894 жылы 4 шілдеден бастап штундиттер сектасымен қоса баптистер мен евангелистік христиандардың құлшылық ету жиналыстары шіркеу және мемлекеттік қарым-қатынасына зиян келтіреді деген қауіппен ұйым жиналыстарының болуына тыйым салынады. Евангелистік христиандардың баптистермен байланысы Евангелистік христиандар баптистерге жақын көзқарастар мен концепцияларды ұстанды. Алайда евангелистердің ерекшелігі мынадай болған: құтқарылу баптистер айтқандай тек қана таңдаулыларға ғана емес, Иисусқа сенгендердің барлығына да мүмкін делінген. Евангелистер сатериологияда бірінші кезекте адамның еркінің бостандығына басымдық берілген. Шоқындыруға қатысты Евангелдік христиандар адамды тек жеңіл-желпі ғана сумен бүрку керек деп есептесе, баптистер суға толықтай түсіру керек деп есептейді. Құлшылықтағы қол қою рәсіміне қатысты да баптистер қатаң түсінікке берілген, яғни пасторлық қызметке қол қойып, бата алу арқылы құлшылық ету міндетті болып табылады. Евангелистік христиандар бұған қатысты біраз либералды болып келеді. Олар мысалы жоғарыдағыдай әртүрлі қызметкерлерге нан үзу, қол қою сияқты маңызды ритуалдарды елемеді. Евангелдік христиандар қауымының демократиялық ұйым болғандығынан бұл оған ұсақ буржуазияның, жұмысшылар мен шаруалардың көп таралуына жол ашты. Евангелдік христиандардың уағыздары алғашқы кезде Мәскеу, Тверь, Тула, Hижегород, Псков және басқа да Ресейдің орталық губернияларына тарады. Евангелистік христиандар концепциясының белсенді таратушысы полковник В.А. Пашков болды. Ол жұмысшылар арасында белсенді жұмыстар жүргізді. Пашков сыртқа жер аударылғаннан кейін Евангелдік христиандар қауымын теология саласында ғылыми ізденістерімен танымал болған И.С. Проханов басқарды. Ол ағылшын тіліндегі христиандық әндерді орыс тіліне аударып, өзінің көптеген жеке ән-псалма жазды. Кейін бұл псалмдарды «Гусли» деген атпен жинақ етіп шығарды. Ол сондай-ақ заңсыз шығып тұрған «Христианин» журналының жарыққа шығуын да ұйымдастырды. Алайда Проханов өзін тек теолог және баспагер ретінде ғана емес, сондай-ақ Евангелдік христиандарды біртұтас діни ұйымға біріктіруші әрі ұйымдастырушы ретінде де танытты. 20 ғасырдың басында Проханов Евангелистердің бүкілресейлік ұйымын құруға бағыт алды. 1905 жылғы революцияда Евангелдік христиандар басшылығында кадеттік көзқарастағы бағытта пайда болды. Осы уақытта Евангелдік христиандар қауымында некеге отыру заңдастырылды (бұған дейін оны зайырлы билік мойындамай келген). 1909 жылы либерализм аясында Евангелистік христиандардың съезі болып, онда Проханов басшылығындағы Бүкілресейлік кеңесі мен жеке діни иерархиясы бар Евангелдік христиандардың Одағы құрылды. Евангелдік христиандар қауымы өміріндегі демократиялық желіні сақтауға деген талпыныстарына қарамастан 1914 жылы қауым бөлініп кетті. Барлық іс бауырластар кеңесінің қарауына өтті, пресвитерлер мен дикондар үлкен ықпалға ие болды. Евангелистер ішінде әлеуметтік алауыздық негізінде күрес басталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде православ дінбасыларының қысымымен Евангелдік христиандар неміс шпиондары саналып, олардың қызметіне тыйым салынды. 1917 жылы наурызда діни реформация негізіндегі әлеуметтік-саяси қайта құру бастамасымен алға шықты. Мұны жүзеге асыру үшін ол «Воскресения» атты христиан демократиялық партиясын құрды. Қазан революциясын қабылдамаған Евангелдік христиандар оған діни «революция рухын» қарсы қойды. Алайда 1920 жылдардың ортасына қарай олар Кеңес үкіметінің билігіне қатысты жұмсақ позицияны ұстанды. 1930 жылдары Евангелдік христиандардың көпшілігі репрессияға ұшырады. Бұл уақытта Евангелдік христиандар Одағының жұмысы қысқарып, тек 1942 жылы ғана қайта жаңғырды. 1944 жылы биліктің қысымымен Евангелдік христиандар баптистермен бірігіп, евангелдік христиан-баптистер одағын құрды. Одақтың басшылығына Я.И. Жидков, А.В. Карев, И.И. Моторин, Н.А. Левинданто және басқалар болды. 1945 жылы бұл одаққа тағы да биліктің ықпалымен еуіншілердің бір бөлігі қосылды. 1963 жылы бұл одаққа меннониттер кірді. Алайда 1960 жылдары аяғында КСРО жаппай дінге қарсы акция басталған уақытта Евангелдік христиандардың шіркеулері мен құлшылық үйлері жабылды. КСРО-ның күйреуінен кейін жасырын түрде өз қызметтерін жалғастырып жатқан жекелеген Евангелдік христиандар қауымы діни ұйым ретінде ресми түрде тіркелді. Қазіргі уақытта Ресейде шамамен 4,5 мыңдай Евангелдік христандардың ұйымы тіркелген. Осылайша, 2004 жылы Евангелдік христиандар Ресейде тіркелген саны бойынша Орыс православие шіркеуінен кейінгі екінші орынға көтерілді [35].
Қазақстанда Евангелдік христиандар ретінде 1990 жылдан бастап «Грейс-Благодать-Рахым» шіркеуі, «Жаңа өмір», «Агапе» қауымдары миссионерлік қызметімен айналысады. Әсіресе, «Грейс-Благодать-Рахым» шіркеуінің жұмысын Германиядан арнайы білім алған пастор Ким Сам Сон жүргізеді. 1991 жылдың шілде айынан бастап шіркеу Библия мектебін ашып, 10 адам дайындайды. Осы дайындықтан өткендер бөлімшелер құрып, Библияны уағыздауды бастайды. Бөлімшелік жұмысты жүргізуді жетілдіру үшін Ким Сам Сонға америкадан пастор Ральф Нейбор, 1994 жылы Лоренс Конг көмекке келеді. Қазір шіркеудің 250 бөлімшесі бар.
Ким Сам Сон өзінің миссионерлік жұмысын алғаш жеке пәтерде бастайды. Аз уақыт аралығында Алматы үй құрылысы комбинатының бала бақшасын 5 жылға жалға алады да кейін келе оны толық сатып алады. Ол «Тин Чалендж» атты нашақорларға арналған миссияның ұйымдастырушысы Даг Бойлмен тығыз жұмыс жүргізеді [36].
Даг Бойл да өз орталығының қарамағына аэропорт маңындағы балабақшаны қосып алады. Бұл миссионерлердің уағыздарының түп мәні адам жүрегіне мейірімділік себу, ал іс жүзінде олардан мейірімділік күту қиын сияқты. Өз миссияларын жүзеге асыруда жылы орын деп Қазақстандық сәбилердің баспанасын саудаға салуларының өзі ешқандай мораль шеңберіне кірмейді.
Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты – Қазақстан халықтарының көзқарасын өзгерту, олардың Иисус Христосқа деген сенімдерін күшейту. Ол үшін шіркеу Қазақстанның түкпір-түкпіріне жіберуге рухани басшылар дайындайды.
Дайындық төрт кезеңнен тұрады: 1 курс Құдай сөзін тану туралы, 2-курс адамдардың қарым-қатынасын түсіну, 3 курс «А» типті евангелизациялау және «В» типті евангелизациялауды меңгеру. 4 курста адамға бөлімшенің рухани лидері болуды үйренеді.
«Благодать» шіркеуі 2010 жылдың аяғына дейін Қазақстанда толығымен евангелизация процесін бітіруді көздеді. Қоғамда қалыптасқан рухани дәстүрлерді (ұлттық әдет-ғұрыптар мен ислам дәстүрлері) бұзып, оған Библияның рухын кіргізу – негізгі мақсат. Ол үшін олар барлық ақшалай қаржыларын да, күш-қайраттарын да аямай салады.
1992 жылы Алматы қаласында орталық стадионда үш күндік Інжілдік хабар жиналысы өтті. Оған халықаралық деңгейде Ізгі хабар таратушы Питер Ясг қатысты. 1996 жылы негізі қаланған Інжілдік қазақ қауымы «Сәлем» мүшесі жағынан Қазақстан бойынша үш жарым мыңға жуықтап басқа елдерге миссионерлер аттандыруда. 1999 жылы Інжілдік мәсіхшілерді біріктіру мақсатында Қазақстан діни бірлестіктер ассоциациясы және 2004 жылы «Қазақстан інжілдік одағы» құрылды. Сонымен қатар, «Мухаббат», «Нижат» т.б. ұйғыр інжілдік қауымдары 2000 жылдан бастап жұмыс жүргізуде.
Қазақстандағы діни жағдайға шолу жасасақ, шынымен де дінге адамдардың жартысынан көбі біреудің айтқан ақылымен немесе үгіттеуімен келген. Қай діннің немесе діни секталардың үгіті күшті жүрсе, сол дінге адамдар көп барған. Әсіресе, қазір «Қазақстанда протестанттық секталардың жұмысының жақсы ұйымдастырылуына байланысты христиан дінін қабылдаушылар көбеюде» деген Р. Ескендірованың көзқарасына Заман Қазақстан газетіндегі «Қазақтар шіркеуге бара ма?» атты мақаласында ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ қазақ тілінде «Библияны» оқытып, сыйынуды қазақ тілінде жүргізетін «мәсіхшілдер» қазақ шіркеуінде қазақтар өте көп жиналады. Қазақстанда әртүрлі секталардың жұмысы туралы Министрлер Кабинетіндегі дін жөніндегі Кеңестің төрағасы Тельман Сауранбаев Соңғы жылдары Республикада евангелиялық бағыттағы қоғамның жұмысы күшейіп, протестанттық секталардың ақыл-ойды шатастырып, басын айналдыруымен айналысатын діни бағыттар көбеюде деп атап өтті. Осыдан кейін де көптеген авторлар кез келген діни ағымның Қазақстанда жұмыс жүргізуіне құқық берілді, ал олардың қалай жұмыс жасап жатқанына мүлде көңіл бөлінбеді, енді соны қолға алу керек деп алаңдаушылық білдіруде.
Достарыңызбен бөлісу: |