Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері


Шағын фермаларда қолданылатын сауын қондырғыларын



бет4/18
Дата23.03.2023
өлшемі129.26 Kb.
#471033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
dip -almaty-oblysyndagy-amiran-agro-zhshs-siyr-sauu-zhane-sutti-algash-ondeu-zhelisin-zhobalau-2018-54

Шағын фермаларда қолданылатын сауын қондырғыларын

технологиялық талдау

Машинамен сиыр сауу үшін өнеркәсіп алуан түрлі сауын қондырғыларын шығарады. Олар өнімділігімен, операторлар жұмысын ұйымдастырумен және техника-экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді.


Атқаратын қызметіне байланысты сауын қондырғылары мен агрегаттарын мынадай топтарға бөледі:
-малды байлаулы тұрған орнында, сүтті шелекке құйып сауатын қондырғылар мен агрегаттар;
- малды байлаулы тұрған орнында сүтті сүт түтігіне жинау арқылы сауатын қондырғылар мен агрегаттар;
-малды сауын залдарында байламай, құрама және тасқынды - конвейерлі тәсілмен сауатын қондырғылар;
-малды жайылымдарда және жазғы лагерлерде сауатын қондырғылар;
-малды жеке қосалқы шаруашылықта және шаруа қожалықтарында саууға арналған дербес сауын агрегаттары.
Бұл қондырғылар мен агрегаттардың технологиялық сұлбалары 3 суретте көрсетілген. Машинамен мал сауудың өндірістік процесін ұйымдастыру көбінесе төмендегі төрт тәсіл бойынша жүргізіледі:
- әр сиырды фермадағы арнайы бөлінген орнында жыл бойы сауу. Сиырлар байлауда күтіп - бағылады. Бұл жағдайда мынадай сауын қондырғыларын пайдалану ұсынылады: аппараттарын тасымалдауға болатын және сауылған сүтті шелектерге жинайтын АД-100Б немесе ДАС-2В маркалы (5,а сурет), сауылған сүтті сүт түтіктері арқылы ортақ ыдысқа жинайтын АДМ-8А (5,б - сурет) маркалы, конвейерлік әдіспен сиырларды күтіп бағу жағдайында қолданылатын арнайы қондырғылар (3г сурет);
-жыл бойы кешендерде, фермаларда, алаңдарда немесе жеке сауылатын бөлмелерде, арнаулы станоктарда сиырларды жыл бойы ұстап сауу. Сиырлар басжіпсіз бос күтіп бағылады. “Тандем”, “Елочка” немесе конвейерлік типтегі станоктары бар сауын қондырғылары (5,д...з сурет) қолданылады;
-қыс айларында - фермада, жаз айларында - тұрақты лагерде сауу. Сиырларды күтіп-бағу жүйесіде солай аталады (қорада - жайылымда). Фермаларда - АД-100Б, ДАС-2В, АДМ-8А сауын қондырғылары, ал жайылымда (лагерьде) - мал атаулы станоктардың бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін әмбебап - жылжымалы УДС-3Б және қатарлас орналасқан немесе “Елочка” типтес станоктары бар қондырғылар қолданылады;
-қыс айларында - фермада, жаз айларында - жайылымда сауу.
Күтіп бағу жүйесі қорада - жайылымда принципіне негізделген. Жайылымда – УДС-3Б, фермада-АД-100Б, ДАС-2В, АДМ-8А сауын қондырғылары пайдаланылады. АД–100Б және ДАС-2В қондырғылары 100 басқа дейінгі табындағы сиырларды саууға арналған. АД-100Б қондырғысы үштактылы тоғыз “Волга”сауу аппаратымен, ДАС-2В қондырғысы - екітактылы тоғыз АДУ-1 сауу аппаратымен жабдықталған. Бұл қондырғылардың жалпы көрінісі (4 суретте) көрсетілген. Олар вакуум - сораптан (7), вакуум-түтіктерінің магистральды (2) және жұмысшы бөліктерінен тұрады. Сауу аппараттарын (1) сауу шелектерімен қосу үшін, соңғысын вакуум-шүмекке жалғастырады. Арнаулы құрылғы (5) сауу аппаратарының аспалы бөлігін (қақпақтарымен бірге) жууға арналған. Сонымен бірге қондырғының жинағына вакуумметр (3), вакуум-баллон (9) және қосалқы бөлшектер сақталатын шкаф (4) кіреді. Ал сауыншылар сүт құйылған флягаларды сүт сауылған жерден сүт жинайтын жерге тасымалдау үшін бірөсті екідоңғалақты қол арбаны пайдаланады. Сауын қондырғысының технологиялық жұмыс процесі негізінен екі циклдан: сауу және сауу аппараттарын жуудан (дезинфекциялау) тұрады.
АДМ-8А сауын қондырғысы екі нұсқада: 100 және 200 сиырды саууға арналып шығарылады. Бұл қондырғы тұйықталған екі жүйеден тұрады: сиырларды машинамен сауу процесін жүзеге асырушы жүйеде вакуум жасауға арналған түтіктер және сауылған сүтті жинау мен тасымалдауға арналған сүт түтіктері.
1 - сауу аппараты, 2 - вакуум-түтік, 3 - вакуумметрлер, 4 - қосалқы бөлшектершкафы,5 - сауу аппараттарын жуатын құрылғы, 6 - флягаларды тасымалдайтын арба, 7 - вакуум-сорап, 8 – вакуум-реттегіш, 9 - вакуум-балкон

Сурет 4. Сүтті шелекке жинайтын сауын қондырғысы


200 сиырға арналған қондырғыда он алты АДС-1 сауу аппараты, баллондарымен қоса вакуум жасауға арналған екі УВУ-60/45 қондырғылары, екі вакуум-реттегіш және ауа түтіктер жүйесі бар (5- сурет).
Сүт желісі диаметрі 38 мм шыны түтікшелерден тұратын сүт тасымалдайтын түтіктерден, топтастырылған сүт есептегіштен (АДМ-52 типтес мөлшерлегіш), сүт жинағыштан (ауа бөлгіштен), НМУ-6 маркалы сүт сорабынан, тасқынды сүзгіден, екі пакеттен құралған пластиналы ОМ-1000 УЗ маркалы сүт салқындатқыштан, сүт түтіктері мен сауу аппараттарын циркуляциялық жолмен жууға арналған автоматты құрылғыдан және құрал-саймандарды сақтауға арналған шкафтан, сондай-ақ сауылған сүт мөлшерін дербес (зоотехникалық) есептеуге арналған УЗМ-1 құрылғысынан тұрады. Одан басқа, тұтынушылардың қалауы бойынша АДМ-8А қондырғысы ТОВ-І немесе ТО-2 маркалы сүт салқындатқыш танкпен, УАП-400/09 (ВЭТ-200-дің орнына) электр сужылытқышымен жабдықталады. Бірыңғайландырылған АДМ-8А сауу қондырғысының конструктивті-технологиялық сұлбасында ауа түтіктері диаметрі 25 мм болат түтіктерден жасалған сегіз тұйық тармақтардан, ал сүт түтіктері сауу кезінде диаметрі 38 мм-лік шыны түтікшелерден, төрт тармақ етіп қайта жасалатын екі тұйық тараудан тұрады. Сауу аппараттары ауа және сүт түтіктерімен бірлестірілген сүт-ауа шүмегінің көмегімен жалғастырылады.
Азықтаратқыштың жемшөп тарататын жолмен өтуін қамтамасыз ету үшін сауу жұмысы жүргізілмейтін кезде, сол жолдың шетінде сүт түтіктерін жоғары көтеретін құрылғы орналастырылады. Сүт жиналатын бөлмеде сүтті алғашқы өңдеуден өткізетін жабдықтар, сүт түтіктерін жуу жүйесі және электр сужылытқышы орнатылады. АДМ-8А қондырғысында машинамен сауудың технологиялық процесі бірінен соң бірі орындалатын төменгідей операциялардан тұрады: 1) қондырғыны сүт саууға дайындау; 2) сиырдың желінін саууға дайындау және емшектерге стакандарды кигізу; 3) сауу және соңғы операцияларды орындау; 4) бақылау кезінде әр сиырдан алынатын сүт мөлшерін анықтау; 5) сүт жиналатын бөлімге сүтті тасымалдау; 6) топтастырылған 50 сиырдан алынатын сүт мөлшерін анықтау; 7) сүтті сүзгіден өткізу; 8) сүтті салқындату; 9) сүт сақталатын ыдысқа сүтті құю; 10) сауу қондырғысын жуу және дезинфекциялау; 11) сүтті жиналатын ыдыстан тасымалдаушы құралдарға құю.
УДС-3Б әмбебап сауын стансасы сиырды жайылымда, жазғы лагерьлерде саууға арналған. Оны сондай-ақ фермалардағы сауын залдарында пайдалануға болады. Қондырғы шана үстіне екі секция етіп жиналған, оған қатарлас - өтпелі тәріздес сегіз сауу станогы орнатылады (5 сурет).



  1. Вакуум-сорап, 2-сақтандырғыш клапаны, 3- су сорабы, 4- вакуум –баллон, 5-вакуум-реттегіш, 6-вакуумметр, 7-суыту жәшігі, 8- сұйықты жуу ваннасы, 9- сут жинау ыдысы, 10-сақтандырғыш камерасы, 12 –суытқыш фильтрі, 13 – желінді жуатын шашыратқыш, 14- сауу аппараты, 15 - Вакуум краны, 16-сүт өлшегін, 17- суық су багі, 18-жылытқыш котелы, 19-араластырғыш сорабы

Сурет 5. УДС – 3Б әмбебап сауын стансасы


Құнарландырылған азық салынатын астауды бекіту үшін станоктар мал кіретін жағынан көтергіш иінмен, ал қарсы жағынан есікпен жабдықталған. Станоктардың арасына қолмен жұмыс істейтін шнекті мөлшерлегіші бар, сыйымдылығы 0,25 м3 шанақтар орнатылған. Бұл қондырғыда үштактылы сегіз «Волга» сауу аппараты бар. Олардың әрқайсысы жеке сиырдан алынатын сүттің мөлшерін анықтауға арналған УЗМ–1 есептегішімен жабдықталған.


УДС–3Б қондырғысының сүт түтіктерімен ағып келген сүт жина-ғышқа құйылады, ал одан әрі сорап сүтті алғашқы өңдеуден өткізу жүйесіне, ең соңында флягаларға айдайды. УДС–3Б қондырғысының сүтті алғашқы өңдеуден өткізу жүйесі АДМ–8А қондырғысының жүйесімен бірыңғайландырылған. Тек қана оның бұл қондырғыдан айырмасы: оның жұмысына диафрагмалы СБ – 43А сүт сорабы пайдаланылады. УДС-3Б қондырғысының құрамына станоктардан, сауу аппараттарынан және сүт желілері мен жабдықтарды циркуляциялап жуатын құрылғылардан басқа күш беретін, сумен жабдықтайтын және жарық беретін электр жабдықтары кіреді. Күш беретін агрегат ротациялы УВУ-60/45 вакуум – сорабынан, қуаты 8,0 кВт УДС-2-5С карбюраторлы қозғалтқыштан, су айдайтын сораптан және жұмыс орындарына жарық беретін электр генераторынан тұрады. Агрегат сыртқы электр жүйесінен қоректенетін электр – қозғалтқышымен де жұмыс істей алады.
Сумен жабдықтайтын агрегат жабдықтар мен сиырдың желінін жуып – шаюға қажетті ыстық немесе жылы суды жеткізіп тұруға арналған. Ол су жылытатын сыйымдылығы 0,1 м3 қазаннан және салқын суға арналған, сыйымдылығы 0,175 м3 ыдыстан тұрады. Ыстық су мен жылы суды әртүрлі қатынаста араластыратын диафрагмалы сорап – араластырғыш ауа жүйесіне қосылған пульсатордан жұмыс істейді. Желінді жылы сумен жуып – шаюға шашыратқыштар пайдаланылады. Сиыр сауылатын станоктарды жарым – жартылай бөлшектеп автокөлікпен тасымалдайды. Дербес сауын агрегаттары мен қондырғылары халықтың жеке шаруашылықтарында және шаруа қожалықтарының шағын мал фермаларында сиырды саууға арналған. Аталған шаруашылықтарда мал басының өсуіне байланысты бұл агрегаттар мен қондырғылар кеңінен қолданылуда. Өнеркәсіп жылжымалы және тұрақты дербес сауын агрегаттары мен қондырғыларының оннан астам түрін шығарады. Мысалы, АИД–1, АИД–1-01 дербес сауын агрегаттары, УДПС–1 “Сухиничинка” жылжымалы сауын қондырғысы және т.б. Олардың техникалық сипаттамасы 2 кестеде берілген.

Кесте 2-Дербес сауын агрегаттарының техникалық сипаттамасы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет