Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері



бет2/18
Дата23.03.2023
өлшемі129.26 Kb.
#471033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
dip -almaty-oblysyndagy-amiran-agro-zhshs-siyr-sauu-zhane-sutti-algash-ondeu-zhelisin-zhobalau-2018-54

1 Әдеби шолу



    1. Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері

Сүт және сүт өнімдері – маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екінші орын алады. Сондықтан сүтті сиыр шаруашылығын дамыту, сүт өндіруді ұйымдастыру және оның сапасын жақсарту, шикізаттың алғашқы қасиеттерін сақтай отырып, әртүрлі сүт өнімдерін дайындау технологиясын игеру – қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі.


Сүттің құрамындағы қоректік заттарды тиімді пайдалану, белгілі бір уақыт аралығында оның құрамындағы ақуыздарды сақтап қалу, қосымша өнімдер шығару жолдары, өндірістің және сүт өнімінің өзгергіштік мөлшерінің жыл мезгілдеріне тәуелділік мәселелері бір – бірімен байланысты.
Қазіргі кезде сүттің ең құнды бөлігі – ақуыз, тек 45% - ға пайдаланылады. Қосымша өнімдердің басым бөлігі мал азықтандыруға жұмсалады немесе мүлде пайдаланылмайды. Өнімнің сапасы мен шығымы тек сүт құрамындағы компоненттер мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге физикалық – химиялық, технологиялық қасиеттерге де байланысты, ал олар әр түрлі жағдайлармен (мал тұқымы, жасы, азықтандыру деңгейі) анықталады. Қазіргі кезде сүт өнімдерін дайындау технологиясын жетілдіруде бұл өте маңызды мәселе, себебі бұл сұрақтардың шешімі дайындалған сүттен неғұрлым көп өнім дайындау үшін қай аймақта қандай мал тұқымын өсіру қажет, сауын табындағы малдың жасы нешеде болуы керек, қандай азықпен, қалай қоректендірілуі керек екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Сауын сиыр шаруашылығында сүт өнімінің мол және экономикалық жағынан нәтижелі болуы сиыр табынының құрамына да байланысты. Осыған байланысты сиыр табынын жас малмен толықтырып, кәрілерін уақытында шығарудың маңызы зор. Малдың өсуі, табынның сапасы және құрамы, сондай-ақ шаруашылықта ұйымдастыру жұмысын жүргізу сиыр табыннң дұрыс қалыптастыруға байланысты. Осы уақытқа дейін малдан өнімді көп алу үшін оның санын көбейту қажет болды, мұндай жағдайда әр сиыр табында 10- 12 жыл пайдаланылып, тек жылына 8%-ы ғана табыннан шығарылатын. Көптеген зерттеулер бойынша, сиырлар алты рет бұзаулағаннан кейін, бір кг сүт өндіруге 25% азық өлшемі артық жұмсалғаны байқалады. Сондықтан кәрі сиыр сүтінің өзіндік бағасы жас сиырларға қарағанда жоғарылау, әрине мұндай жағдайда оларды сиыр табынында ұстаудың қажеті шамалы. Сонымен мал табынындағы сиыр жасының шаруашылық экономикасына тигізетін әсері зор.
Сиырларды азықтандыру сүтті түзу процесі мен құрамына әсер етеді. Сауу кезінде сүтпен бірге бөлінетін құрғақ заттар мөлшері әдетте сиырдың өз салмағынан едәуір көп болатыны белгілі. Мысалы, сиырдың жылдық өнімі 3000 кг болса, онда сиыр ағзасынан сүтпен бірге 390 кг, ал өнімі 4000 кг болса, 500 кг – нан артық құрғақ зат бөлінеді.
Сиырларды көп мөлшерде, құрамында кальций тұздары аз азықтармен (сығынды, картоп) азықтандырғанда да сүттің сапасы төмендейді: ол ұлтабар ферментінің әсерінен нашар ұйып, құрамында май мен ақуыз мөлшері өте төмен болады. Қазіргі кезде өнім деңгейі әр түрлі сүтті сиырлар үшін қолайлы рацион құрылымы ұсынылып отыр. Жылдық өнімі 3000 кг сиырлар рационы жалпы қоректілігінің 40- 50%-ы шырынды азықтардан ( сүрлем, пішендеме, қызылша), 30 - 35%-ы ас–бұршақ тұқымдас пішенінен, 20 - 25%-ы құнарландырылған азықтан (құрамажемнен) тұруы қажет. Рационда әр азық өлшемінде кем дегенде 100-110г қорытылатын көмірсу болуы керек. Төмендегі суретте шаруашылықтан шағын көрініс, сиырлар серуен алаңында.

Сурет 1. Амиран-Агро шаруашылығынан көрініс


Сиырлардан сауылған сүт өнімі мен оның құрамына жеткіліксіз азықтандыру көп әсер етеді. Жеткіліксіз азықтандырғанда сүттің технологиялық қасиеттері де төмендейді, сүттің өзіндік құны, жұмсалған азық шығыны артады. Мұндай сүттен жасалған сүт өнімнің сапасы төмен болады. Сауу санын әр табын үшін өнім деңгейі мен желін көлеміне сәйкес анықтау керек.


Сиыр фермаларындағы жұмыс кешенінің ішінде сиыр сауу - еңбекті көп қажет ететін операциялардың бірі. Сиыр саууды механикаландыру – еңбек өнімділігін арттырудағы және сүттің өзіндік құнын кемітудегі басты резерв болып саналады.
Сиыр фермаларында машинамен саууды енгізу сауыншылардың еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді, өнім өндіруді арттырады және фермадағы санитарлық – тазалық жұмыстарын жақсартады.
Қазіргі кезеңде республикамыздың мал фермаларында ірі қара малды күтіп – бағудың 15 - ке жуық технологиясы қолданылады. Бұл технологиялардың әркелкі болып келуі – экономикалық жағынан тиімді келетін машиналар мен жабдықтар жинағын жасауды күрделендіреді, машиналар санын ұлғайтуға, оларды жасап – шығару және пайдалану шығындарының өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған тәжірибелер, өндірістік пен ғылыми зерттеулердің негізінде еліміздің әртүрлі табиғи – климаттық жағдайларына бейімделген және ірі қара мал фермаларын кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ете алатын негізгі бес технология дәйектелді.

  1. Мал басы 100 - ден 400 - ге дейінгі ірі фермалар мен мал басы 10-нан 100-ге дейінгі шаруа қожалықтарының фермаларында сиырды байлауда ұстап сүт өндіру технологиясы. Бұл технологияда сиыр сауудың екі техникалық жүйесін қолданады: сүтті тасымал шелегіне немесе басқа да ыдысқа жинау және сүтті тұрақты сүт түтігі арқылы жинау.

2. Мал басы 200 - ден 400 - ге дейінгі фермаларда конвейер немесе автоматты бас-жіпті қолдану арқылы сиырларды сауын залының станоктарында сауу технологиясы. Сиырды жайылымда ұстағанда, оларды әмбебап сауын қондырғыларында сауады. Бұл технология бірінші технологиялық бір түрі болып табылады.
3.Мал басы 100 - ден 400 - ге дейінгі ірі фермаларда және мал басы 10-нан 100-ге дейінгі шаруа қожалықтарында сиырды қалың төсеніште бос ұстап сүт өндіру технологиясы. Мұндай технологияда сиырды сауын залдарында сауады да, ал сүтті өңдеу, сақтау және салқындатуды арнайы техникамен жабдықталған цехтарда жүргізеді.
4.Сиырды байлаусыз, бокста ұстап сүт өндіру технологиясы. Бұл технология сиыр саууды және азықтандыруды ұйымдастыру тәсілі бойынша үшінші технологиясы ұқсас, тек айырмашылығы – көңді тұрақты құрылғылармен жинап – шығарады (үшінші технологияда – жылжымалы құрылғыларды пайдаланады).
5.Сүт өндіретін фермалардағы мал басын толықтыруға арналған жұмысшы және асыл тұқымды бұзаулар мен құнажындар өсіру технологиясы. Мұндай фермалардағы мал басы 200 - ге дейін, 200 - 1000, және 1000 - 2000 болып келеді.
Аталған сүт өндіру технологиялары жүйесінде малдың биологиялық әлеуетін, олардың оптималдық өнімділігін қамтамасыз етудің үш деңгейі белгіленген.
Бірінші деңгей – интенсивті (жоғары интенсивті) технологиялар (А) – мал тұқымының генетикалық мүмкіншіліктерін 85 - 95 % және одан жоғары пайдаланғандағы процестер жиынтығы.
Мұндай технология негізінде малды азықтандыру, оларды ветеринарлық – санитарлық қорғау жайлы терең білім мен техника – жабдықтардың жаңаша жетістіктерін, энергия үнемдеуді қамтамасыз ете отырып, оның жаңа түрлерін пайдалану шетел және отандық озат шаруашылықтар жетістіктеріне сай болады.
Технологиялардың қалған екі деңгейі – орта интенсивті және жай интенсивті (Б және В), тиісінше техника – экономикалық көрсеткіштері және малдың өнімділігі төменірек. Осы технологиялар бүгінгі таңда көптеген шаруашылықтардың шын мәніндегі мүмкіндіктеріне сай келеді.
Сиырды байлап ұстаған жағдайда А, Б және В интенсивтік деңгейдегі технологиялар мен операциялар жиынтығы әр сиырдан жылына 5000, 4000 және 3000 литр сүт алуды қамтамасыз еткенде, еңбек шығыны 1 т сүтке 20, 30 және 40 адам – сағатқа тең. Сүт – тауарлы фермалар, шаруашылықтың материалдық және қаржы-лық мүмкінділіктеріне қарай, мал басының мөлшері үш топқа бөлінеді: 400 және онан көп сиырға дейін, 100 - ден 400 сиырға дейін және 100 бастан төмен малға арналған. Сонымен қатар Қазақстанда аталған тәсілмен - сиырды байлап ұстаудың кеңірек тарағандығын атап өткен жөн.
Жоғарыда келтірілген технологиялар: А, Б және әртүрлі ұжымдық фермерлік, шаруа қожалық, өндірістік кооперативтер, т.б.) және жанұялық шаруашылықтарда кеңінен қолданылады.
Атап өтетін жай, мал шаруашылығы үшін 600 - ден астам машиналар, құрал – жабдықтар және олардың түрөзгерістері пайдаланылса, оның 100- ден артығы сүт өндіретін фермаларда жұмыс істейді екен. Осындай әртүрлі техника бірыңғайландырылып жасалған элеметтік базаны пайдалану негізінде түзіледі.
Отандық және шетелдік тәжірибелерді жинақтап қорыту нәтижелері көрсет-кендей, мал шаруашылығын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру өнім өндіруге жұмсалатын еңбек шығынын 5-7 есе, 100 кг сүтке 0,6-1,1 адам-сағ., 100 кг тірі салмақ өсуіне 0,8-1,3 адам-сағ. жеткізеді. Мұндай жағдайда, бір жұмыскер 55 - 65 сиыр, 2 - 3 мың бас бордақыдағы ірі қараны күте алады.
Ірі қара мал шаруашылығында, шағын фермаларда жұмыстарды механикаландыру және электрлендіру деңгейін көтеру үшін, фермерлік шаруашылықтар (шаруақожалықтар) үшін қажетті техниканың қалыптасқан түрқатары кеңейтілуі тиіс. Сүт өндіретін шаруашылықтардың даму үдерісі ескеріліп, олардың өз шикізатын өздері өңдеп, алынған сүт өнімдерін (кілегей, қаймақ, сүзбе, айран және т.б.) сауда нүктелерінде сатуға әрекеттенетіні ескеріліп, ауысымына 5 - 6 тонна сүт өңдейтін азтоннаждық цех жабдықтарын жасау қарастырылған.
Сауын сиыр өсірудің осы таңдағы жағдайын талдай отырып, нарықтық экономика жағдайында сүт өндірушілердің барлық нысандары үшін қолданылатын технологиялар мен техниканың шоғырын кеңейту қажеттігі анық болып отыр.
Оған қоса жаңа сауын қондырғыларын жасауға, пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар мөлшерін азайту үшін, олар өте жоғары деңгейде унификациялануы тиіс.
Осы проблеманы шешудің бір жолы – модулдік сауын қондырғыларын шығару. Мұнда белгілі ғимарат жағдайында және мал ұстайтын басқа технологиялық жабдықтарға бейімдеу үшін топтама модульдер санын өзгерту арқылы іске асырылады да, тұтынушы қалыптасқан түрқатардан өзіне қажет сауын қондырғысын таңдап алады.
Машина жасау өнімдерінің бәсекелестігі төмен болу себебінің негізі – технологиялық артта қалуы, тең жағдайда салыстырмалы көп шығындар келтіреді. Саланың осы заманғы қалыптасқан саяси - әлеуметтік жағдайларға және материалдық – техникалық базасына сәйкес еңбек өнімділігін арттырудың нақтылы және тиімді жолдарын қарастырған жөн. Кейбір Ресей ғалымдарының пікірінше, сауын техникасын оптималдау: сүт құбырына сауатын агрегаттар үлесі 65 – 70 %, сиырды арнайы залда сауатын сауын қондырғылары – 20 – 2 % және шелекке сауатын агрегаттар үлесі 5% - ке дейін болуы керек.
Қазіргі уақытта республика шаруашылықтары үшін сауын қондырғыларының мына типтерін шығару қажет:
- жеке меншік, қосалқы шаруашылықтарда (5 сиырға дейін) қолданылатын дара сауын аппараттары;
-фермерлік және ұжымдық шаруашылықтарда 25, 50, 100 және 200 сиырды саууға арналған сүтқұбырлы тұрақты сауын қондырғылары;
-«Тандем» және «Елочка» типтес 400 және одан көп сиыры бар сүт фермасы үшін автоматтандырылған арнайы сауын қондырғылары;
-100 және 200 сиырды тұрақжайда ұстап, жылжымалы сауын аппараттарымен сүт құбырына сауатын автоматтандырылған сауын қондырғылары.
Аталған қондырғылар ішінен 10-50 сиырға арналған, фермерлік типтес қондырғылар, өндірістен сериялы түрде шықпайды, ал құбырға сауатын қондырғылардың жекелеген түрлері соңғы жылдары шығарыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет