2 Технологиялық бөлім
2.1 Сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық сұлбасын дәйектеу
Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте әр сиырдан сауылатын сүттің мөлшерін 12000 л-ге жеткізу үшін ферманы отандық және әлемдік селекция және биотехнология жетістіктерін пайдалану нәтижесінде алынған жоғары генетикалық әлеуетті малмен жасақтау қажет.
Малдың генетикалық әлеуетін және азықтық қоректік мүмкіндіктерін максимал пайдалану және технологиялық процестерді оптималдау, малдың биологиялық қажеттілігін қамту үшін фермадағы технологиялық процестерді кешенді механикаландыру қажет. Шаруа қожалығында келешекте сиыр сүтінен алуан түрлі сүт өнімдерін өндіру үшін фермадағы технологиялық процестерді кешенді механикаландыру. Сүтті алғашқы өңдеу дегеніміз - сауылған сүттің бастапқы қасиеттерін өзгертпей, оның санитарлық-гигиеналық сапаларын арттыруға бағытталған операциялардың кешені. Сүтті алғашқы өңдеуге қабылдау (есепке алу), тазарту, салқындату, пастерлеу, стерилдеу, сақтау және тасымалдау сияқты операциялар кіреді. Жеке тұрған сиыр қораларында, жазғы лагерьлерде және жайылымдарда, әдетте, сүтті ферма жанындағы сүтханаға немесе сүт өнеркәсібі кәсіпорындары жүйесіне жөнелтерден бұрын, оны қабылдап, алдын-ала салқындататын, есепке алып, сақтайтын уақытша орындар салынады. Ал жеке орналасқан фермалар жанынан салынған сүтханада барлық сиыр қораларынан келіп түскен сүт қабылданып, алғашқы өңдеуден өткізіледі, бүкіл шаруашылықтағы сүт құятын ыдыстарды дезинфекциялау ұйымдастырылады. Тауарлы - сүт фермаларында сауылған сүтті қабылдағанда (есепке алу) өнімнің сапа көрсеткіштері еске алынады. Бұл көрсеткіштердің ең негізгілері - сауылған сүттің мөлшері мен оның майлылық дәрежесі болып табылады. Шаруашылықтарда сауылған сүтке жеке және жалпы (топтық) есеп жүргізіледі. Сауу қондырғылары жоқ жерлерде сүтті арнайы таразыға тартады немесе өлшейді. Машинамен сауғанда және сүтті арнайы ыдыстарда сақтаған кезде, соңғысында жалпы және топтық сүт мөлшерін анықтайтын белгі болады. Кейбір шаруашылықтар сүт автоцистерналарына орнатылған арнайы есептегіштерді де пайдаланады. Бұл есептегіштер қотарылған сүттің (литр есебімен) мөлшерін көрсетеді.
Сүтті алғашқы өңдеуден өткізген соң, оны кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе, қышқылсүт өнімдеріне ұқсатады. Бұл технологияның сұлбасы алынатын өнімнің түріне (пастерленген сүт, қаймақ, сүзбе, сары май және т.б.) және қаптама типіне (фляга, полиэтилен пакеттер, полистирол стакандар және т.б.) қарай анықталады.
Сүтті ұқсату үшін технологиялық жабдықтардың әмбебап жиынтығы бар. Ол пастерленген сүт, әртүрлі тағамдық заттар (қаймақ, майонез, кетчуп, кремдер, пасталар және т.б.) алуға мүмкіндік береді. Сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық операциялары алынған өнімнің тұтынушыларға жеткізу жағдайына байланысты болады. Тұтынушыға сүтті жеткізудің екі түрі болады. Бірінші жағдайда сүт фермада алғашқы өңдеуден өткізіліп, арнайы сүт зауытына жіберіледі. Екінші жағдайда сүт фермада алғашқы өңдеуден толық өткізіліп, сүт өнімдері бірден тұтынушыларға жеткізіледі.
Сүтті алғашқы өңдеу желісінің негізгі технологиялық сұлбалары 15 суретте көрсетілген. Фермалар сүт өңдеу зауыттарына жақын орналасқан жағдайда, сүтті салқындатпай бірден зауытқа жөнелтуге болады.
Мал басы 25-тен 200-ге дейін шағын фермаларда резервуар-салқындатқыштарды қолданып, сүтті алғашқы өңдеуден өткізеді.
Мал басы 200-ден 800-ге дейін фермаларда сүтті ортадан тепкіш тазартқышпен тазартып, пластиналы салқындатқышпен суытып, сақтайды. Сиырлар эпизоотиямен ауырғанда, сүтті пастерлеуден өткізеді. Негізінен ферманың нақты жағдайына байланысты сүтті алғашқы өңдеудің басқа да технологиялық сұлбалары қолданылады. Соңғы кезде автоматтандырылған сауын модулі кеңінен қолданылатындықтан, сүтті алғашқы өңдеу және ұқсату процесінде өнімді ыдысқа қаптап, қолдануға даяр ететін жабдықтар мен механизмдерді қарастырған нарық жағдайында тиімді болып келеді.
сиырды сауын залында сауу → сүтті құбырдан сораппен ұзақ мерзімді пастер-леуіш ыдысқа жинау → сүтті пастерлеу → пастерленген сүтті резервуар – салқын-датқышта суыту → суыған сүтті резервуарда уақытша сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |