Қазақстанның ТӨлем жүйелерін


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ



бет3/11
Дата01.07.2016
өлшемі2.87 Mb.
#170304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ

Қазақстан экономикасының жылдан жылға үдемелі дамуы жағдайында Қазақстанның ұлттық төлем жүйелерінде (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) қолма-қол жасалмайтын төлемдердің үнемі өсуі байқалады. Соңғы он жылда төлем жүйелеріндегі төлемдер көлемі 2001 жылмен салыстырғанда саны жағынан 2,8 есе және төлем сомасы бойынша 18,3 есе өсті (1-сурет).



1-сурет

2001 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы төлем жүйелеріндегі ақша ағынының динамикасы

2008 жылы әлемдік қаржы дағдарысы ұлттық төлем жүйелері арқылы жүргізілетін төлемдер көлемінің төмендеуіне әкеп соқты (2007 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеу). Сонымен қатар мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерге қолдау көрсету жөніндегі қабылдаған шаралары банк секторындағы өтімділік проблемасын төмендетуге мүмкіндік берді және Қазақстанның төлем жүйелеріндегі төлем көлемінің өсуіне ықпал етті, ол оң үрдіс 2010 жылы да сақталды.

Жалпы алғанда 2010 жылы ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілген төлемдер көлемі 187 704,4 млрд. теңгені құрады, бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер саны 29,7 млн. транзакция көлемінде қалыптасты. 2009 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 14,6%-ға (3 785,3 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 17,5%-ға (27 958,8 млрд. теңгеге) өсті.

2010 жылы Қазақстанның төлем жүйелері арқылы бір күнде орташа алғанда 753,8 млрд. теңге сомаға 119,3 мың транзакция жүргізілді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда саны жағынан 14,6%-ға және сомасы бойынша 17,5%-ға көп.



2-сурет

Төлем жүйелеріндегі 2009 және 2010 жылдардағы төлемдер көлемі

Төлемдер саны



Төлемдер сомасы



2010 жылы қаржы секторы субъектілерінің ұлттық төлем жүйелері арқылы ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыруы кезіндегі едәуір белсенділігі Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (төлемдердің жалпы көлемінің 47,0%), сондай-ақ банкаралық депозиттермен және банктер мен клиенттердің меншікті қаражатын аударуымен (тиісінше 25,5%) операциялар жүргізген кезде байқалды. Төлемдер көлемінің өсуі негізінен Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша төлемдер көлемінің 33,3%-ға ұлғаюымен байланысты болды (2-кесте).

2-кесте

Төлем жүйелеріндегі төлемдер мақсаты бірыңғай жіктеушісінің кодтары бойынша төлемдер ағыны

Бөлім

Төлемдердің түрлері

2009 жыл

2010 жыл

Өзгеріс

млрд. теңгемен

жалпы көлемнің %

млрд. теңгемен

жалпы көлемнің %

млрд. теңгемен

%-бен

0

Зейнетақы төлемдері және әлеуметтік жәрдемақылар

2 932,7

1,8%

3 640,4

1,9%

707,6

24,1%

1

Ерекше аударымдар

3 188,0

2,0%

3 267,0

1,7%

79,0

2,5%

2

Шетел валютасымен және қымбат металдармен операциялар

19 896,1

12,5%

19 754,8

10,5%

-141,3

-0,7%

3

Депозиттер

46 762,0

29,3%

47 786,9

25,5%

1 025,0

2,2%

4

Заемдар

1 552,8

1,0%

1 602,8

0,9%

50,0

3,2%

5

ҚР резидент еместері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер, депозиттік сертификаттар

1 207,3

0,8%

95,1

0,1%

-1 112,2

-92,1%

6

ҚР резиденттері шығарған бағалы қағаздар және вексельдер

66 161,4

41,4%

88 197,5

47,0%

22 036,1

33,3%

7

Тауарлар және материалдық емес активтер

6 026,8

3,8%

8 134,8

4,3%

2 108,0

35,0%

8

Қызметтер

6 031,2

3,8%

7 133,5

3,8%

1 102,3

18,3%

9

Бюджетке төлемдер және бюджеттен төленетін төлемдер

5 987,3

3,7%

8 091,6

4,3%

2 104,2

35,1%




Жиынтығы

159 745,6

100,0%

187 704,4

100,0%

27 958,8

17,5%


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет