Әбішев Қ. Философия. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998. 259 б.
3
Бес ғасыр жырлайды. 1-ші том. — Алматы: Жазушы, 1984. 28 б.
272
Ақын-жыраулар шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалым-
жазушы Мұхтар Мағауин осы жөнінде мынадай ойын алға тартады:
“Жаман кім, жақсы кім – ол жағын жырау онша қазбаламайды.
Мысалы, Шалкиіздің түсінігіндегі жаман – жолдасының “басы жауда
қалғанда“ жан қиюға шыдамай бас сауғалап кетер адам. Ал жақсы –
жолдасын жауға қалдырмас, “тұсында тұлпары тарп ұрып тұратын
атаулы ер”
1
. Шалкиіздің жақсылық пен ізгілік түсініктерін мәтіндік
(немесе интермәтіндік) талдау мәселенің жаңа қырларын аша түседі
және ғылыми объективтің кепілі болып табылады. Сонымен, Шалкиіз
толғауларындағы жақсылыққа жататындары:
– алаштан байтақ озуы ;
– алғаным ару болуы ;
– батырлық өмір сүруі;
– ерлердің алдаспаннан игі қолы болуы ;
– бас иетін Темір сияқты сұлтанның болуы ;
– тәңірінің дәрежені артық етуі ;
– дұспанның қолы жете алмауы ;
– мал аямайтын достың болуы;
– ата-ана үйінің Меккеден артық болуы;
– жығылғанды тұрғызу, жылағанды уату;
– ата қоныс: қоғалы көлдер, қом сулар;
– туысқанның көптігі;
– көбе бұзар жебенің болуы;
– ел бастар ғадыл төре, сөз бастар шешен, қол бастар аға жігіт
бар;
– жақсылардың өлмейтін сөзі бар.
Жыраудың адам, оны қоршаған орта жайындағы түсінігі сол
заманның санасынан елес береді. “көптің құрығы ұзын”, “көп – жауға
сұс, елге – қорған”. Бұл мақалдың ақиқаттығы әсіресе білектің күші
билікші болған ескі жаугершілік заманда ерекше көзге түседі. Сол
қалың көпті қайтсем біріктірем деп жырау мұңаяды. Ол заман үшін
мұның жалғыз-ақ жолы ол – рулар туыстығы, қандастық. Сондықтан
Шалкиіз “жалғыздың жоғы табылмас, рулының оғы қалса табылар”
деген мақалдың даналығына бас ұрады. Алайда, туыстың бәрі бірдей
емес, жақсысы да, жаманы да бар.
Жақсылық пен жамандықтың арақатынасын зерттеу әдептанудың
басты мәселесіне жатады. Жақсылықтың үш түрлі түсінігін атап өтуге
болады: 1) ізгілік ретіндегі жақсылық – этикалық ұстаным,
онтологиялық бастау, әдептің жалпы принципі; 2) кісілік қасиет
(жақсы адам); 3) әрекет (жақсылық жасау). Жамандық, әдетте,
1
Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. – Алматы: Ана тілі, 1992. 29 б.
273
кісілікке қарсы бағытталған әрекет ретінде қаралады. Жамандық күнә,
кінә және мәдениетсіздіктен (мәкрұх) тұрады.
Бұқар жырау өз заманындағы жамандықтың басты себебі ретінде
қоғамдық күйзелісті алады.
Ай заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай,
Баспақ, тана жиылып
Пана болған заман-ай,!
Құл-құтандар жиылып,
Құда болған заман-ай!
Жақсылардың малы жоқ –
Жамандар малыменен теңелер!”
1
.
Бұқар жырау тек замани жамандықтарды сынап қана қоймай,
олардан арылудың жолдарын көрсетуге тырысады: “әрекетсіз
жақсылық жоқ, жақсы іссіз кісілік жоқ, кісіліксіз адам жоқ, адамсыз
махаббат жоқ, махаббатсыз бақыт жоқ”. Жақсылықты осылай түсіну
арқылы жырау “Адам тіршілігінің мәні не және ол не істеу керек?” –
деген сұраққа жауап іздейді. Жыраудың көзқарасы бойынша дүниеде
бәрі өткінші, тек адамның жақсы істері мен аты мәңгіге қалады.
Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе – өз
бойындағы адамшылықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға
лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы
дүниеден адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір
сүру барысында жоғалтып алмау бұл да адамның ең алдымен өз
алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам
тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді. Адам баласы
ежелден-ақ бақытты өмірді, бейбіт тіршілікті, берекелі тұрмысты
аңсап-армандап, іздеген. Қайткенде адам бақытты болады? Қай жерде,
қандай жағдайда ол өзін бақытты сезінеді? Міне мұндай сұрақтар әр
заманның данышпанын да, қарапайым жұртын да толғандырған.
Бұқар жырау жырларынан оның нақыл сөздерге философиялық
ойлы тебіреністерге толы, заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп
отырған азамат ақын болғандығын көреміз.
Шашырап шыққан қандар көп,
Шашау жатқан малдар көп.
Қайсыбірін айтайын,
Айта берсең сөздер көп”
2
, — деп, бір ішкі жан-дүниесімен
күйзеле толғайды. Оның толғауларынан жыраудың өмірге, өзін
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982. 75 б.
2
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия / құр. Мағауин М. – Алматы: Ана тілі, 1993.
120-124 б.
274
қоршаған ортаға деген философиялық көзқарасы аңғарылады.
Сонымен қатар жырау тек сөзбен емес, жамандықты іспен де
шектеуге шақырады. Құр сөз, дейді ол, бос, болып қалды:
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас не пайда.
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес не пайда.
Дін мұсылман болмаса,
Тіл мұсылман не пайда.
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда
1
.
Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың этикалық түсініктері
жоғарыда аталған фольклор үлгілерімен үндес келеді. Өйткені олар
бір этномәдени кеңістікте қалыптасқан. Хандық дәуіріндегі ақын-
жыраулардың этикалық ойларының философиялық негіздерін
қарастырғанда олардың исламдық және байырғы нанымдардың
синкретті қосындысы екендігіне назар аудару қажет. Бұл сипатта екі
қайшы пікір бар екендігін атап өтуге болады. Кеңес Одағында қазақ
ақын-жырауларының діни өкілдерді сынаған кейбір жолдарынан олар
исламды онша қолдамады деген тұжырым жасалды. Бұл сарын соңғы
жылдары жазылған кейбір зерттеулерде де орын алады. Мысалы,
қазақ халқының “аңқау елге арамза молда”, “молдаға мал қайғы,
момынға жан қайғы”, “мың күн ұжмақтан – бір күн тірлік”, “дін
қараңғы ін” сияқты мақалдарынан қазақ дүниетанымына материализм
мен пантеизмнің кейбір көріністері тән болды деген сараптаулар да
кездесіп тұрады
2
.
Келесі көзқарас ақын-жыраулар имандылық мәселесіне үлкен
көңіл бөлді, сондықтан олардың шығармашылығы діндарлық
ұстанымды қолдады деген пікірмен байланысты. А. Мейірманов
исламға дейінгі қазақтың монотеистік және табиғи нанымдары
моральдан тыс болды, тек мұсылманшылдық шынайы әдепке жеткізді
деген қағиданы ұсынады: “пұтқа, отқа, жеке адам басына, тауға, тасқа,
т.б… табынған соқыр сенім – ақылды бұғаулап, рухты басып-жаншып
өсірмеудің және қоғамның әлеуметтік күйзелуінің бірден-бір себебі”
3
.
Сонда тәңіршілдікті ту еткен түркі қағанаттары күйзелген қоғам
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия /құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993. 117
б.
2
Достарыңызбен бөлісу: |