ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет81/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы (ХV-ХVIII ғ.ғ). 2-ші бөлім. – Алматы: 
ҚазМУ, 1988. 87 б. 
2
Сонда, 82 б. 


270 
қосавторлықпен жазған “Әдеп негіздері” кітабында бұл ұғымдарға 
мынадай анықтамалар беріледі: “Жақсылық – жалпы әдептің 
баламасы, адамгершілік пен имандылықты білдірудің ең жалпылама 
ұғым-түсінігі. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымына 
кіреді… жамандық – керісінше, адам күнкөрісіндегі жағымсыз 
көріністердің жалпылама аталуы. Оған қоғамдық 
пікірмен 
айыпталатын теріс қылықтар мен пиғылдар жатады”
1

Қазақы дүниетанымда жақсылық пен жамандық ұғымдары ақын-
жыраулар шығармашылығында жан-жақты әрі көркем суреттелген. 
Бұл түсініктер таза поэзия аумағынан шығып, халық даналығы 
үлгілеріне, философиялық пайымдауларға айналған. Жақсылықтың 
отаны - Жерұйықтың қандай басты белгілері бар? Бұл сұраққа 
жауапты заман талаптарынан, халықтың арман-аңсауларынан, 
өкініштері мен мұқтаждарынан іздеу керек. Шоқан Уәлиханов – осы 
мәселеге алғашқы назар аударғандардың бірі. Ғалымның сараптауы 
бойынша, қазақтардың аңыздарында ноғайлармен көрші отырған 
кездері алтын заман болғаны туралы айтылады. “ноғайлы мен 
қазақтың бағы жанған заманда” – дейді олардың эпостары әрбір 
қиссаларының басында
2

Яғни, Жерұйық ешқандай утопия да емес, болашақ туралы 
сәуегейлік те емес, бұрынғы туыс түркі халықтарының (алты алаш) 
бірлігін жырлау болып табылады. Жерұйық идеясын батыстың 
утопиялық құрылымдарымен теңдестіру біздің зерттеулерімізде жиі 
кездесетін үлгі болып табылады. Бұл әдістеме батыстық барлық 
модельдердің біздегі баламаларын іздеумен әуестенеді. Халық 
“жерұйықты” – “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды немесе 
елді қиыншылықтан құтқаратын батыр, дана, көсем туралы утопиялы 
әңгіме, аңыз шығарады және бұл аңыздық тұлғалар тарихта болған 
кейіпкерлерден шығарылады. Осыдан барып мессияндық роль 
атқаратын адам, елге ырыс-дәулет беретін қоныс жайында әпсана-
хиқаят қалыптасады”
3

Қазақ әдебінде жақсылық пен жамандық синкретті: әрі әдептік, 
әрі тәлімдік, әрі өнегелік категориялар ретінде баяндалады және олар 
кісілік қасиеттердің санатында жүзеге асу мүмкіндіктерімен 
жырланады. Бұл өмірлік философияда жақсылықтың өлшемі адамның 
өз атына сай тіршілік етуі болса, онда жамандық тіршілікті шектеу 
деп түсіндіріледі. Яғни, жақсылық адам мен әлем арасындағы 
үйлесімдік. Тек нағыз адамның қолынан ғана жақсылық жасай білу 
1
Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. —Алматы: Мұраттас, 1997. 112 б. 
2
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. 235 б. 
3
Сонда, 145 б. 


271 
келеді. Жамандық – үйлесімсіздік, шектен шығу, теріс қылық,, “ғаріп” 
нәрсе: 
Бұл заманда не ғаріп ? 
Ақ қалалы боз ғаріп, 
Жақсыларға айтпаған 
Асыл шырын сөз ғаріп, 
Замандасы болмаса, 
Қариялар болар тез ғаріп, 
Қадірін жеңге білмесе, 
Бойға жеткен қыз ғаріп,... 
Мүритін тауып алмаса, 
Азғын болса пір ғаріп
1

Жоғарыдағы жолдардан жақсылық пен адамдық қасиеттер 
көрінісі ғана емес, оған қоса жалпы ізгілікпен тепе-тең, абсолютті 
бастау ретінде қарастырылатынына көзіміз жетеді. Қазақ философы Қ. 
Әбішев жазғандай, жақсылықтың айшықты өлшеміне адамдардың 
дүниемен қатынасына да, өзара қатынастарына да олардың ешқашан 
өшпес құндылықтар екенін мойындап, оларды сақтау, қастерлеу және 
оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрік ететіннің бәрін де жамандық 
деп қарау
2

Бұл сипатта жамандықтың жиі кездесетін түрі – жетесіздік, 
қадірлей білмеу: 
Ауылдағы жамандар 
Ер қадірін не білсін! 
Көшіп-қонып көрмеген 
Жер қадірін не білсін! 
Көшсе, қона білмеген, 
Ақылыңа көнбеген 
Жұрт қадірін не білсін!
3

Бұл жерде маңызды этикалық мәселе көтеріліп тұр. Ол – 
жақсылықтың шартсыздығы. Біздің ісіміз жақсылық па, әлде 
жамандық па деп дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ол дауысқа 
салынбайды, тылсымдық түрде бірден аңғарылады. Не болса да, сол 
болуы керек. Өйткені ізгілік адамның болмысымен тікелей қатынасты, 
жақсылықтың жасалуы есеппен жүрмейді; онда ол оны сатқанмен, 
міндетсінгенмен бірдей әрекет болып табылады; ол “өз қайтарымын 
күтпейтін және адамның шынайылығынан туындаған өмірдегі нұрлы 
қадамдар болып табылады”. Жақсылықтың бағдары – адамды 
көтермелеу. Керісінше жасалған әрекет жамандыққа әкеледі. 
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. — Алматы: Ғылым, 1982. 8 б. 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет