ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет80/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Әбішев Қ. Философия. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998. 119 б. 


265 
қазақ философиясында “жетілген адам” мәселесі жалпы шығыс 
философиясы шеңберінде қарастырылып, адамды этика, адамгершілік 
тұрғысынан қарай отырып, сонымен қатар оны білімділікке, 
парасаттылыққа шақыруға ерекше көңіл бөлінеді. “Түркі тілдес 
халықтарының Конфуцийі” деген беделге ие болған Жүсіп Баласағұн 
Конфуций сияқты адам мен адам, адам мен мемлекет арақатынасы, 
әсіресе мемлекетті басқару мәселесін айшықтағанына байланысты 
жетілген адам мәселесін осы тұрғыдан қарастырады. Ал әл-Фараби 
бұл мәселені “Мұрат қоғамды” ұйымдастырумен байланыстырады. 
Әл-Фараби бақыт мәселесіне, ең алдымен адамның осы дүниеде 
бақытты өмір сүруінің жолдарын іздестіруге өзінің философиясын 
бағыттады. Сонымен қатар, әрбір жеке адамның жетілуіне ақыл-
ойдың, парасаттылық пен білімнің рөлін ерекше жоғары бағалады.
Кетеген болса – түйең жау, 
Тебеген болса – биең жау, 
Ұрысқақ болса – келінің жау, 
Бәйбішең аю болса аса алмассың, 
Қарау болса, әй деуге бата алмассың,
Мейманға отыңның басы болса суық,
Еліңе жақсы жігіт атанбассың!
1

Үмбетей жыраудың осынау жыры әдепті адам болмақтың басты 
шарты үй ішінен, отбасынан басталады деген ойды тарқатады. 
Азаматтың өз ортасында, елінде ісі жүріп, абыройы биіктеп кетуі үшін 
бар жағдай отбасынан басталып, көңілі тыныш, көкірегі жүйрік болуы 
керек екен. Бұлай болмаған жағдайда, яғни, отбасында сені түсінетін, 
ақыл бөлісетін кісі табылмаса бейне “арқаңа тұз артқандай” еңсең 
езіліп, ілгері басқан аяғың кері кетіп, күнкөрістің қамымен кеткенің. 
Ақын-жыраулар сан тараулы өмірдің қиындығы мен қуанышын, шер 
мен қайғысын, байлығы мен кедейлігін, ылдиы мен өрін кезек алып, 
сырластыра суреттеп көзге елестетуге шебер. Адам бойындағы кісіні 
кері кеткізер кесапат қылықтарды қанын шығара ашумен қатар, жақсы 
мен жаманның айырымын таразылап көрсетуімен қымбат. Ақылгөй 
даналарды тыңдаған жас қауым іштей жаманнан жиреніп, жақсыға 
ұмтыла жүреді, өзін ар таразысының алдында әрқашан салмақты, таза 
ұстауға тырысып бағады. Жыраулар өмірдің өткіншілігін, дүниенің 
опасыздығын айтып, пәлсапалық түйіндеулер жасайды. Пенденің көзі 
мен көңілі тойымсыз, ашқарақ көңіл ішсем, жесем, байысам, қуансам, 
құшсам, сүйсінсем деп, еш басылып болмайды. Дүниені жиған үстіне 
жинай берсем, жұрт менің байлығыма қызықса, тіпті кезі келгенде 
аяғыма жығылса деп армандайды. Тоқтамы, шүкіршілігі кем адамдар 
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. — Алматы: Ғылым, 1982. 111 
б. 


266 
сол арманының соңына шам алып түсемін деп жүріп жарық 
тіршіліктің баянсыз боларын, бәрінің де бүгін бар, ертең жоқ екеніне 
ой жібермейді. Намысты ұмытады.
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде кісілікке жетелейтін рухани 
күштердің арасында намыс ерекше рөл атқарады. Намыс адамдық 
Менді қайрай түседі; “ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді” дейді 
халық. Қазақ руханиятындағы өмірдің мәні мәселесімен айналысқан 
ғалым Г. Нұрышева намысты кісілік пен елдікті (қауымды) 
тұтастырып тұратын фактор ретінде қарастырады.
«Намыс» ұғымына Д. Кішібеков өзінің «Қазақ менталитеті: кеше, 
бүгін, ертең» (Алматы: Ғылым, 1999) деген монографиясында 
арнаулы тоқталып өтеді. Оның пікірінше, намыс адамгершілік 
қасиеттің ең бағалы көріністерінің біріне жатады. Әрине, намыстың 
түрлері көп. Ол отандық намыс, ұлттық намыс, діни намыс, жершілдік 
намыс, рулық намыс, жыныстық намыс, семьялық намыс, мамандық 
намыс болып бөлініп кете береді. Намыс бар жерде жігер бар, 
қайсарлық, алған мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын 
табандылық бар. Намысы жоқ, ар-ұяттан, тіпті адамдық бейнеден 
айырылады. Намыс азаматтықтың басты бір көрінісі. Қазақ халқының 
тегі нашар емес. Ол мықты халық. Онда намыс та, жігер де, батырлық 
та болған. Оның негізі де бар. Тарихқа үңілейікші. Александр 
Македонский көп әскерлерімен Орта Азия жерлеріне енгенде мықты 
қаруланған күштің қарсылығына тап болған, олардың ішінде әсіресе 
ерекше қимыл көрсеткен сақ-скифтер екендігі тарихтан белгілі. 
Томиристің (Тұмардың) намысты ту етіп, осыған дейін 
жеңілмеген парсы патшасы Кирді талқандағанына да тарих куә. 
Әрине, тарихтан әр түрлі себептермен қазақ халқының боданға (орыс 
тілінің «подданный» деген сөзінің аудармасы) айналғанын, халық 
арасында құлдық психологиясы, жасықтық, үрей, қорқыныш сияқты 
сезімдердің де тарағанын бекерге піыгара алмаймыз. Алайда, намыс 
осы халық ділінде ешқашан өшпеген. Мысал ретінде Желтоқсан 
көтерілісін келтіруте болады. 
Мәселен, 1986 жылы 17-19 желтоқсанда қазақ жастары халқына 
беделді Дінмұхамед Қонаев жаламен жұмыстан алынғанда, оның 
орнына Қазақстанның басшысы қазақ ұлтынан, не болмаса 
қазақстандық болсын деп заңды талап қойып ұлттық намысты 
қорғаған, жоқ па? Осынау әділетті талап-тілек аяққа тапталып, арты 
қанды қырғынға ұласып, қаншама адам қаза болды. Қазақ қыздарына 
қол тигізіп жатқан қарулы милиция қызметкерлерінің дөрекілік ісіне 
шыдай алмаған жас өрен Қайрат Рысқұлбеков нағыз азаматтық, 
жігіттік намыспен осындай әділетсіздікке қарсы тұрып, араласып, 
аяусыз жазаланды. Ол өлімге кесілсе де оған қасқая қарап тұрып, 


267 
тергеушілер алдында басын имеді. Оның «Атам десең атыңдар, еркек 
тоқты құрбандық» — деген сөзі кейін нақылға айналып, ұлт намысын 
қорғаудың тамаша ұраны болды. Қайраттың осынау жүректілігі 
ұрпақтан-ұрпаққа үлгі боларлық, ұлттық намысты жанынан артық 
бағалаудың тамаша үлгісі.
Әрине, қазақ қоғамында, намыссыздық пен жігерсіздіктің 
көріністері де кездесіп отырған. Қазіргі заманға байланысты 
Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Жаудан да, даудан да 
қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын 
бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі 
айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді 
сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді 
де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан 
бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ». Қазақтың дәстүрлі әдет 
құқығы немесе әдеп жүйесі туралы сөз болғанда жалпыадамзаттық 
нормалармен қатар діни ықпал арқылы енген, алайда ұлттық дәстүр 
құндылықтарын өз бойына жинақтаған ұғым-түсініктерді де естен 
шығармаған жөн.
Осындай ұғым-нормалар арасында қазақ әдеп жүйесі мен 
тұлғааралық қатынастарды реттеу қызметтері бойынша «күнә» мен 
«кінә», «обал» мен «сауап», «тәубе», «киелілік», «бейнет» пен 
«зейнет», «қанағат», «рахымдылық» т.т. маңызды рөл атқарады. 
Қазақы түсінікте аталған ұғымдар тек рухани дүниемен шектелмей, 
нақтылы тіршіліктегі кісілік өасиеттердің маңызды бөлігін 
құрастырады. Енді оларға қысқаша талдау беріп өтелік. 
Күнә ұғымы халық санасында ислам діні арқылы кең жайылған. 
Бұл алланың қаһарына ұшыраған адамның басынан жиі кездеседі.
Күнәға жалпы адамгершілікке жатпайтын көптеген теріс қылықтар 
(нәпсіқұмарлық, арамдық, азғындық, опасыздық, екіжүзділік, 
жауыздық, т.б.) жатады. Өз күнәсін кешіру үшін адам қателігін 
мойындап, ізгілік бағытында аянбай қызмет етуі тиіс. 
Күнәһарлық кешірілуі екі талай, сойқан мінездің көрінісі болса, 
кінә күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылыс. Кінәні әдетте ықылас 
қойып түзеуге, жуып-шаюға болады. Кей жағдайда дұрыс секілді 
көрінген іс-әрекеттердің өзі де адамдарды кінәлі етіп қоюы мүмкін. 
Мәселен, аңдамай сөйлеу, қателесіп кету, осындай қылыққа жатады. 
Кінә мен күнә ұғымдары қазақ ақын-жазушылары мен даналарының 
қашанда жиі талқыланған мәселесі болып келген. Оларды қазақ 
өмірінің айнасы деп қарастыруға болады. Мысалы, Шәкәрім өз 
замамындағы теріс қылықтармен келіспес күрес жүргізе отырып, ол 
замана мәселелерін, адамның өміріндегі адал еңбек пен маңдай тер 
төгіп, жасаған кәсіптің орны мен маңызын, адамзат қоғамының дамуы 


268 
барысындағы өнер мен ғылымның, мәдениеттің пайдасын шабыттана 
айтып, мынадай тұжырым жасайды: «Өзінің қадір-қасиетін жақсы 
білетін адам өзгелерді де қорламайды. Ол ісінде де, сөзінде де 
ешқашан пасықтыққа бармайды, ол әрқашанда сабырлы, ұстамды 
болады. Өзін құрметтейтін адам өзі барда өзгелердің де өзін лайықсыз 
ұстауына, бейпіл сөздер айтуына немесе дауыс көтеруіне жол 
бермейді. Ол өзі орындай алмайтын жеңілтек уәделер бермейді. Ол 
берген сөзінде тұру қажет екенін біледі. Өзінің қадір-қасиетін 
сезінетін адам сенімді бағалай біледі». 
Күнә ұғымы әр мәдени-өркениеттік жүйеде, әр түрлі мазмұнға ие 
болуы мүмкін. Мысалы, христианды мәдениетте басты күнәларға 
жататындары: өзін құдайдан жоғары санау («грех гордыни»), 
пайдакүнемдік («грех корысти») және нәпсіқұмарлық («грех 
сладострастия») болып есептелсе, онда мұсылмандық өркениетке 
бұлардың қатарына шарап ішу, бес парызды орындамау, несиеге 
берген ақшадан пайда табу т.т. қосылады. 
Көшпелі қазақ мәдениетінде «обал» және «сауап» түсініктерінің 
моральдық реттеуші қызметі жоғары болған және бұл ұғымдар діни 
мазмұн шеңберінен шыққан. 
Обал — жақсы нәрсенің қадірін біл, оны тастама, түбінде оның 
зарын тартасың деген ұғымды білдіреді. Бұл — қоршаған ортаға зиян 
келтіруге, жамандық жасауға, яғни жындыны жәбірлеуге, жансызды 
бүлдіруге болмайды деген сөз. Мәселен, біреуге қиянат жасау — обал. 
Нанның түйірін аяққа басу, не оны рәсуа ету де обал. «Судың да 
сұрауы бар» дегендей тамақты босқа ысырап ету, соны жасау үшін 
төгілген терді, қажырлы еңбекті бағаламау деген сөз. Көргенсіздік пен 
әдепсіздіктің осындайлардан шығатынын түсіну қиын емес. Сөйтіп 
обал ұғымы біреуге қиянат жасаған жағдайдың бәрінде де орын 
алады. 
Сауап — бұл айналадағы жанды-жансыздың бәріне бірдей 
жақсылық жасауға, қамқорлық көрсетуте байланысты айтылатын 
ұрым. Мәселен, құстың ұясын түзеу, жетім-жесірге қарайласу, аяқ 
астындары нан қалдықрын көтеріп алу — бұл сауап. 
Обал мен сауап ұрымдары қазақ ырымдарында жан-жақты
көрініс 
тапқан. 
— «Қазақ шашты далага тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты 
ұясына салса — бас ауруға шалдырады, бас айналғыш болады, 
ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдырады деп пайымдайды.Обал 
мен сауап нормалары ауызекі мәдениетте киелілік түсінігімен астас 
келеді. Оның негізінде анималистикалық, тотемистік және фетишистік 
көне нанымдар да жатыр.


269 
Қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі әдептіліктің басты белгілеріне 
жататындары: атамекен мен туған халқына деген сүйіспеншілік, ар-
ұятты қастерлеу, намыстылық, мейірімділік, ізеттілік, ата-бабалар 
әруағы мен ақсақалдарды сыйлау, ата-аналық парыз бен балалық 
қарыз, әділдік, қанағатшылдық және т.т. Басқаша айтқанда, этностың 
басты ұғымдары әдептіліктің, кісіліктің төңірегінде топтасқан. 
Бірақ, қазақ дәстүрлі мәдениетінде айшықталған әдеп 
ұстанымдары батыстық этика ұғымдарынан басқаша, өзіндік бітімі 
бойынша тұжырымдалады. Біріншіден, кісілік қасиеттер ауызекі 
поэтикалық арнада көркем суреттемелер арқылы берілген. Екіншіден, 
әдеп нормалары (кісілік белгілер) қазақы руханиятта құқықтық, діни, 
көркем өнерлік нормалармен синкретті әрекет еткен. Үшіншіден, әдеп 
нормалары ақын-жырауларда ауызекі мәдениеттің көне үлгілерін 
қамти отыра жырланған. 
Жақсылық пен жамандықты айыру табиғат құбылыстарына 
табыну, олардан мейірім күту, әсіресе, бата беру, сыйыну, құрбандық 
шалу сияқты қазақы рәсімдерде, бәдік өлеңдерде анық байқалады. 
Сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше дерек сілтемелер келтірейік. 
Аспан шырақтарына табынудың үлгісі: 
Ай көрдім, аман көрдім, 
Баяғыдай заман көрдім. 
Ескі айды есірке, 
Жаңа айды жарылқа
1

Наурыз күні берілетін батаның бір түрі: 
Ақ мол болсын, 
Қайда барса жол болсын, 
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын, 
Ұлыс береке берсін 
Бәле-жала жерге енсін!
Бәдік өлеңінде жамандықты аластау басты тақырып ретінде 
алынады: 
Көшер болсаң әй бәдік, жыланға көш! 
Құйрығы жоқ, жалы жоқ құланға көш! 
Көш айласын білмесең мен айтайын, 
Жердің жүзін қаптаған тұманға көш!»
2
.
Әдеп, тіпті, жалпы рухани мәдениет, жақсылық пен жамандықты 
айыра білу қабілеттілігінен басталады. Жануардың жануар болып 
қалатын түпнегізі осы қабілеттіліктің болмауында. Қ. Жарықбаевтың 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет