Бейсенов Қ.Ш. Қазақ топырағында қалыптасқан ғаклиятты ой кешу үрдістері. – Алматы: Ғылым,
1994. 72 б.
3
Қазақ даласының ойшылдары (ХV-ХVIII ғ.ғ) 3-ші кітап /ред. Нысанбаев Ә. – Алматы: ФСИ,
2001. 7 б.
275
болып шыға келді. Әрине, исламның өркениеттендіру қызметін ешкім
бекерге шығарып отырған жоқ. Алайда, әруақты қадірлеу соқыр
сенімге жата қоймас. Әр тарихи кезеңнің, этномәдениеттің өзіндік
реттеу тетіктері (әдебі) болған.
Таза діни ұстанымда бұл дүниенің жалғандығына басты назар
аударылады. Әлем жетіспеушілігі оның кемістігін о дүниеде
толтыруға болады деген ой туындайды. Алайда қатал даланы шебер
игере білген көшпелілер үшін бұл дүниенің қиындықтарын жеңе білу
өз қабілеттілігін жетілдірумен байланысты. Ол үшін жоғары
моральдық қасиет қажет. Осындай өмірлік позиция ақын-жыраулар
шығармашылығында анық жарияланады. “Мен нағыз адаммын, себебі
адамдық белгілерді өз бойыма жинақтай білдім”,- дейді олар.
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен,
Тобыршығы биік жай салып.
Дұспан аттым, өкінбен,
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен,
Ту құйрығы бір тұтам,
Тұлпар міндім, өкінбен,
Туған айдай нұрланып
Дулыға кидім, өкінбен,
Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім өкінбен
1
, – дейді Доспамбет жырау.
Хандық дәуірінің көркем санасында, бір жағынан, күйбең
тіршіліктің ырықсыз иесі болу құпталмаса, екінші жағынан, қиял мен
елеске бағытталған өмір де мұрат болмады. Осы тұрғыдан қазақ ақын-
жыраулары діндегі әдептік бастамаларға басты назар аударды. Бұл
жөнінде белгілі философ Қ.Ш. Нұрланова өз ойын былай
тұжырымдайды: қазақта “жалпы жарық дүниеге табыну мәдениеті
терең орын алған. Ешнәрсеге, ешкімге қиянат жасамау –
мұсылманшылықтың
негізгі
этикалық
арқауы.
Қазақ
дүниетанымының негізі – этикалық арқау”
2
.
Сол сияқты хандық дәуірдегі қазақ мәдениетінде де түркілік
“Тәңірі” мұсылмандық “Алламен” бір бейнеге айналып кетті. Ақын-
жыраулардың
әдептік
түсініктері
де
жалпы
мұсылмандық
1
Бес ғасыр жырлайды. 1-ші том. — Алматы: Жазушы, 1984. 38 б.
2
Қазақ даласының ойшылдары. 2-ші кітап /ред. Нысанбаев Ә. – Алматы: ФСИ, 2001. 141 б.
276
контекстіден аулақ болмады. Сөзіміз дәлелді болу үшін ақын-
жыраулар шығармашылығына жүгінейік:
Басты, бірінші тілек аллаға арналады:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа
1
.
Немесе жыраудың басқа да өсиеттері:
Ей, айтшы, Алланы айт,
Аты жақсы құдайды айт.
Төрт шадияр Мұстафа,
Нұсқап ашқан ғаламды айт.
Тәңірім сөзі бұрқанды айт,
Кәлим Алла құранды айт,
Тәңірім салса аузына
Жан жолдасың иманды айт
2
.
Халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау,
құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып
табылады. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, үлкен адамға орын беру,
оны төрге шығарып құрметтеу, оған сәлем беру, көңіліне қарау –
адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан дәстүрлер. Ерлік пен елдік,
отаншылдық пен сүйіспеншілдік, ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы
мен адал достық – бәрі де ақын-жырауларымыздың жыраулық
поэзиясынан орын алған, осының өзі – болашақ ұрпақтарыздың
бойына бүкіл кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін
бала тәрбиесінің бастау бұлағы.
Жыраулық поэзияның ірі өкілдері Асан қайғы мен Қазтуғанның,
Доспамбет пен Шалкиіздің, Ақтамберді мен Бұқар жыраудың ж.т.б.
елдік пен ерлікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-
жырлары, туған жер, ата-қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам
жайлы философиялық толғау-тұжырымдары, өткір ойшылдық пен
шешендік өнер өнегелері адамзат атаулыға тән асқақ кісілік идеяны
паш етеді. Осы үлгі-өнеге тұтар, ұрпағымыз мақтанышпен мәңгі
естерінде ұстар ақын-жырау, даналарымыздың әрқайсысының өмір
жолдары сол өзі өмір сүрген заман тарихымен тығыз сабақтастықта
жатыр. Жалпы кісілік құндылық болып табылатын: салауаттылық,
инабаттылық, ізеттілік, ар-ұятты болу, қайырымдылық, перзенттік
парыз, ата-анаға, отанға қызмет ету, ұлтын, халқын отанын сүю,
қорғау, әдептілік, имандылық, ар-намыстылық, өнерпаздық, ата-текті
қастерлеу, бүкіл адамзаттық адамгершілік қасиеттерді ардақтау, ерлік
деген ұғымдарды тәлім-тәрбиеде кісілік өлшемдердің көрсеткіші деп
1
Бес ғасыр жырлайды. 1-ші том. — Алматы: Жазушы, 1984. 92 б.
2
Сонда, 114 б.
277
санасақ, адам бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге баулуда
жыраулық позэиядан аларымыз өте көп.
Тұтастай белгілі бір кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік, тарихи
сипатын таныта алатын дидактикалық-философиялық сарындағы
толғаулармен қатар сөз зергерлері адамгершілік, этика, мораль
тақырыптарын да адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты келістіре
жырлап, ел ішінде тәрбиелік міндет атқарып отырғаны байқалады.
Кісілік құндылықтары туралы жалпы пайымдаудан кейін,
олардың қазақтың әдеп мәдениетіндегі нақтылы көріністеріне назар
аударалық. Академик Әлкей Марғұлан қазақ халқының эпикалық
мұрасында мынадай құндылықтар басты орын алады дейді:
“…қаһармандық жырлар, сұлу ертегілер туғызуға патриархалдық
дәуірдегі негізгі сарындар мынадай еді:
А) бейбітшілік;
Ә) ел қорғаған ерлерді ардақтау;
Б) жұртқа ақылшы болатын қарияларды қадірлеу (Қорқыт,
Жиренше шешен, Асан қайғы);
В) алып ер туатын ананы құрмет тұту;
Г) алпыс басты “ақ орданың аяулысы” – жас әйелді біреуге олжа
түсірмеу;
Д) келешекте ана болатын қыз баланы тәрбиелеу;
Е) ер баланы баулап, садақ аттыру, жапан түзге жалғыз жіберіп,
аң аулатып, ерлік сынаудан өткізу (мергендер типі);
Ж) жүйрік жылқыны тануды бағалау… Міне, осының бәрі аталық
дәуірдегі жұртшылық тілегін білдіреді”
1
.
Жақсылық, әділеттілік, достық, махаббат сияқты әмбебапты
кісілік қасиеттермен қатар, ақын-жыраулар шығармашылығында
мұсылмандық (имандылық, сауаптылық, тәубешілдік, рахымдылық
және т.б.), көшпелілік (тектілік, төзімділік, шешендік, сөзге тоқтау,
қауымшылдық, балажандық, меймандостық, киелілік және т.б.)
құндылықтары жырланады.
Жазусыз ақпараттық аяда қалыптасқан кісілік құндылықтарда
діни, этикалық және қауымдық бастауларды үйлестіру мәселесі
маңызды. Мысалы, “киелі” түсінігін кейбір зерттеушілер христиан
халықтарындағы “сакральды”, “қасиетті” (священный) сөздерімен
тели салады және аталған ұғымды тек діни мағынада түсіндіреді. Бұл,
әрине, көшпелілік тұрмысты жете білмеуден шығады. Кезінде Шоқан
Уәлиханов қазақтар екі тылсым күшті: “киелі” мен “кесірді”
мойындайды деген. Дәстүрлі мәдениеттегі ырымшыл қазақ үшін киелі
нәрселер мнемоникалық рәміздер қызметін атқарды. Батыстық
бағыттағы зерттеушілер үшін “киелі” діни әдет-ғұрыптармен ғана
1
Достарыңызбен бөлісу: |