АзаттықтыҢ өшпес рухы Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘне оспан батыр



бет37/38
Дата09.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#124171
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

106 Бұл радиостанциясын маршал Х.Чойбалсан Л.Берия арқылы алғызған-ды. Монғол деректерінде аталып өтілуінше, Чойбалсан 1944 жылы қаңтар айында Оспан батыр мәселесімен Мәскеуге барғанда, Сталин 22 қаңтар күні кешкісін оның құрметіне қонақасы берді. Оған В.И.Молотов, Г.Маленков, Л.Берия, А.Микоян, елші И.А.Иванов қатысты. Осы кеште Чойбалсан Бериямен кездесіп байланыс апараты (радиостанция) қажет екенін айтты. Рахметұлы С. “Оспан батыр және маршал Чойбалсан”. Оспан батыр. Алматы, 2007, 84-бет.

107 Сүгірбаев Генерал Дәлелханның Кеңес Одағына өткен уақыты туралы түрліше жылдар береді. 1942 жылы қазан айында, 41-бет, 1941 жылы күзде, 50-бет және 1941 жылы қазан айында, 222-бет, 1941 жылы 224-бет, өткенін жазады.

108 Сүгірбаев, Дәлелханның Кеңес Одағынан Алтайға оралу уақтын 1944 жылы үшінші айдың басы екенін атап өтеді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 50, 222-бет. Дәлелхан Жанымханұлы Кеңес Одағының оны 1944 жылдың аяғында Оспанмен бірге іс алып жүруі жөнінде тапсырмамен жібергенін айтады. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 55-бет. Ал Баян Өлгейлік саяси қайраткер Жеңісхан Дүзелбаюлы болса Сүгірбаевтің Кеңес Одағынан Алтайға оралған кезінде көргенін айтады: “1943 жылы күз аяғында Ақкөл жақпен Баян Өлгейге келді. Сол кезде аймақ бастығы мен едім. “Бірер ай мол айлық бер” деп Чойбалсаннан жеделхат келді. Одан Оспанға жеткіз деген бұйрық келді. Атпен Бұлғынның Үлкен Жырғылтысындағы Оспанның қолына ертіп барып табыс еттім.” Рахметұлы Ш. Оспан батыр. Баян Өлгей, 1995, 57-58-бет.

109 Бұл сөзді Сүгірбаев де растайды. Ол бұл турасында былай дейді: “Дәлелханның екі жылдан аса уақыт із-тозсыз жоғалып кетуі адамар арасында Шың Сысай оны да қолға алған болса керек деген ұғым тудырған еді. Сондықтан Дәлелхан да алғаш келген кезде:

- Мен Шың Сысайдың түрмесінен шықтым. Ол – шектен асқан жендет, жиренішті зорекер, саяси алаяқ, ол Шынжаңдағы әр ұлт халқының мойнынна мініп лаған қанашуы, ол бүкіл Шынжаң халқының ортак жауы. Оған қарсы өліспей-беріспей, батыл ниетте қарулы күрес жасағанда ғана, оның озбыр үкіметін жойғанда ғана еркін, бейбіт, бақытты тұрмысқа кенелетін боламыз, - үгіт жүргізді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 51-52-бет.



110 Патыхан да кітабында әкесінің Сарсүмбе – Жеменей арқылы шекарадан өткенін айтады. Сонда 41, 50-бет. Дәлелхан Жанымханұлының келтіруінше, Дәлелхан Сүгірбаевты 1942 жылы Сарсүмбедегі Совет консулы ұрлап әкеткен. Оны жүк машинасының арасына қол-аяғын байлап жатқызып Жеменей шеқарасынан өткізіп алып кеткен. Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 55-бет.

111 Сүгірбаев әкесінің Қазақстандағы күндері туралы былай деп жазады: “Дәлелхан Сүгірбаев Совет Одағына барғаннан кейін Алматыда екі жыл болып, ондағы “Шығыс Дашосында” [Шығыс Университеті] білім асырады. Төңкерістік назария [теория] үйренеді. Әскери тәлім-тәрбие алады және бірнеше рет келелі кеңестерде болады. Төңкерсітік бо – уғандарды, өнеркәсіп, кен кәсіпорындарын, колхоз, совхоздарды, экскурциялайды. Сөйтіп, төңкерістік идеямен, әскери өнермен қаруланады. 1943 жылы 9 айда ол Совет Одағы өкіметіне өзінің отанына қайтып төңкеріс жасамақшы екенін, олардың бұл жөнінде интернационалдық көмекте болып, жан-жақтылы қолдауын үміт ететінін білдірді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 51-бет.

112 Оспанға осындай көзқарасты Патыхан да байқатады. Ол еңбегінде Оспан үшін “білім жақтан алғанда, әліпті таяқ деп білмейтін нөл сауат” деп сипаттама береді. Сонда, 106-107-бет. Ал онымен көп уақыт бірге жұмыс істеген Дәлелхан Жанымханұлы болса Оспан батырды басқаша суреттейді: “Оспан батыр қарапайым бір адам емес. Тума қабілеті күшті, зерек еді... Бұрын өкімет істеріне қатынаспаған, іс-тәжрибесі болмаған болса да, аймақтық әкімшілік мекемесін басқарып, меңгеруде артықша іскерлігі бар еді. Бір нәрсені алдын ала түсініп, кең ойлайтын және қайратты, бар іске батыл кірісетін анық батыр еді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 59-бет.

113 Сүгірбаев Оспан мен Дәлелхан арасының алшақтап кетуінің себебін талдағанда, екеуінің арасындағы осынау саяси көзқарас айырмашылығын ескермейді. Ол мұны тек екеуінің жеке бастарына қатысты мәселелермен түсіндіруге тырысады. Бұл туралы Сүгірбаев “Дәлелхан мен Оспанның жеке бас араздығы деген мәселеге келейік: Оспанның Дәлелхан жөнінде бүгіп жүрген қандай кегі бар – бұл жағы маған қараңғы. Бірақ Дәлелханның Оспан жөнінде пәлендей жеке басымдық наразылығы болған емес. Қызғаныш етті дейтін мүмкіндіқ тіпті жоқ. Оны жасы, жолы үлкен деп барынша құрмет етуші еді: “Оспан” демей “Ошаға”, “батыр” деп атайтын. Қызмет жөнінде болса, үнемі ырықтылықпен оның қасына барып пікір айтып, мәслихат көрсетіп, нұсқау сұрап тұратын” деп, - Дәлелханның Оспанға әрқашан сыпайылық және құрмет көрсеткенін айта келіп екі қайраткер арасындағы келіспестіктің, Оспанның үш аймақ төңкерісінен бет бұрып онымен жауласуының себебін былай деп түсіндіреді: “...Оның [Оспан айтылып отыр] надандығы, діншілдігі, құрапаттығы, атақ құмарлығы, теріс азу – тоңмойындығы, шегінен асқан мүддешілдігі сияқты нұқсандарды қамтыған табиғаты себеп болды.” Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 220-221-бет. Оспан батыр 1947 жылы Қытай генералы Сұң Чиланға айтқан сөзінде Дәлелхан тобынан алшақтап кету себебін олардың басым көпшілігінің Кеңес Одағына жақын болғандығы екенін айта келіп былай деген: “Ахметжан қатарлы адамдар менің Әлиханмен болған ара қатынасымды және өздерін қолдамайтындығымды білгеннен кейін, мені өздерінің айтқанымен жүрмейді ойлап, көзімді жоғалтып жібермекші болды. Олар Алтай аймағындағы қазақтардың тағы да бір бастығы Дәлелханды маған қарсы қойып, оны менің орныма шығаруға ұрынып көрді. Сондықтан мен орталық үкіметтен жәрдем талап еттім. Мен, сөзсіз, олармен ең соңына дейін күресемін” Сәмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы, 2000, 237-бет.

114 Нұрғожай батыр Мәкінан деп атаған Дағлыс Маккирнан (Douglas Mackiernan) (1913-1950) 1947-1949 жылдарында Үрімжі қаласында АҚШ консулының орынбасары қызметін атқарған. Оның аты еңбектерде “Мекернан, Мәкнан, Макернен, Мәккернан, Мәкінан” деп түрліше аталуда. Дұрысы Мәккирнан болуы керек. Біз сондықтан осы есімді қолдандық.

115 Бұл туралы Дәлелхан Жанымханұлы былай дейді: “Сонымен үрдіс көшіп Шонжы қаласына жақын келгенде Оспан батыр хабар алып отыр екен. 30 кісімен әкемді қарсы алды. Ертесі бір көшіп Шонжыдан өте шығып қондық. Ақшамға таяу Оспан батыр жалғыз өзі әкемнің үйіне келді. Шай ішіп отырғанда Америка консулының орынбасары Мекернан [Мәккирнан] Сентайдағы орыс әскерлерімен бірге біздің ауылға келді. Батырмен бірге барып Мекернанмен амандастым. Үрімжідегі Америка консұлханасында бас консул Факстон бұл кісіні маған таныстырған болатын. Және: “Келешекте сіздермен бірге болады” деген. Мекернан орысша біледі. Жанында Бисақ деген Америкалық жігіт бар. Ол монғолша және қытайша білетін доктор еді. Бұлар тегінде Алтайдан бірге келген орыс әскерінің бастығы Иосиф Самойловпен тілдес еді.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 84-85-бет. Сүгірбаев та мұны растайды: “...қасында өзінің Ханзу [Қытай] тілі аудармашысы бар Манат қосып берген Мәжит дейтін жігітпен бірге Мәкинан таң шеті сөгілмей жолға шығып Бәйтіктегі Оспанның ауылына барады. Мәккирнан ол арада төрт күн тұрады. Оспанмен күндіз-түні құпия әңгімеде болады. Оспанға хансушаны қазақ тіліне Құрманбай Тиянақұлы аударып беріп отырады. Екі күннен кейін Мәккирнан Жұнғо-Монғолия жақтың жер түзілісін суретке алады және картаға түсіреді. Осылайша Оспан әмерикандық достарына да елеулі еңбек көрсетіп олардың сенім-құрметіне иеленеді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 161-162-бет. Америқан деректерінде Мәккирнанның Оспан батырмен алғашқы кездесуі 1947 жылы маусым айының орта шенінде болады. Оның машинасын айдап Бәйтік Боғдадағы Оспанға апарған айдаушысы Эрвин Контесченидің айтуынша, олардың арасындағы әңгімеде басты тақырып Көктоғайда орыстардың кен қазуы болған. Оспан батыр Мәккирнанға сол Көктоғайдағы қандайда бір кенге орыстардың өлердей қызығып алып, тасып жатқанына мән бере алмағанын, сол тастардың не екенін шеше алмағанын айтады. Сонымен ол тас-кен тасыған бір жүк машинасына шабуылдап қолға түсірген тастардан консулға береді. Мәккирнан сол тастарды Үрімжіге қайтқаннан кейін арнайы апараттармен зерттесе онда радияциялық белгілер табады. Бұл жағдай АҚШ-тың Үрімжіде қызмет атқарған бұрынғы консулы Едмунд Клаптың 1943 жылы орыстар Алтай тауларында уран кендерін қазып тасығаны жөніндегі орталыққа білдірген күдіктерін растады. Мәккирнан Оспанмен болған әңгімелесуді Вашингтонға толық білдірумен қатар сол тастардан да сондағы Ядролық Энергия Комиссиясына да жөнелтеді. Орталық Барлау Агенттігі мен АҚШ Сыртқы Істер Министрлігінің деректеріне және қуәгерлердің сөздеріне негізделіп Мәккирнанның Үрімжідегі іс-қимылдары жан-жақты баяндалған “Тибетке қарай” атты кітапта аталғанындай бұл жағдай Сталиннің Кеңес Одағының алғашқы ядролық қаруын жасап жатқандығы жөніндегі мәліметтерді қуаттайды да, Мәккирнан бұл турасында көбірек мәлімет қолға түсіру үшін барлау жұмыстарын бастатады. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork, 2002, 30-35-бет. АҚШ ІІ. Дүниежүзілік соғыстың ақырында атап айтқанда 1945 жылы 6 тамызда Жапонияға ядролық бомба тастап үлкен үстемдікке жеткен еді. Енді оның сыртқы саясаты қолында ядролық қаруы бар дара мемлекет ретіндегі үстемдігін мейлінше ұзақ уақыт сақтап қалуға бағытталды. Бұл үшін АҚШ саясат белгілеушілері осындай қаруды басқа ешбір елдің жасап шығармауы үшін бүкіл күш-қуатты жұмсауға шешім қабылдады. Олар тым болмағанда осы монополияларын мүмкіндігінше ұзартуды ойлады. Бұған қарсы Сталин де 1946 жылы 25 қантарда қандай да ауыр құнға түссе де, осы қаруды жасап шығаруды бұйрық берді. Көп кешікпей Кеңестік қызметкерлер АҚШ-тың ядролық жоспарларын ұрлап қолға түсіріп қару жасауға кірісті. Бірақ сол қару жасаудағы ендігі үлкен қиыншылық ол үшін қажетті көлемде уранның Кеңестік территорияларда табылмауы болды. Мәселен Кеңес Одағының ядролық қару проектінің директоры Игор Курчатов 1943 жылы шілде айында Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасының Орынбасары Михаил Первукинге жазған баяндамасында атом қаруы жасау үшін 50-100 метрика тонна уран қажет екенін, бірақ қолда небары 1-2 метрика тонна ғана уран бар екенін айта келіп 50 метрика тонна уранды қайдан табатындықтарының белгісіз екенін атап өтеді. Holloway D. Stalin and the bomb. New Heaven – London 1994, 100-бет. Сондықтан Сталин өзінің ықпалы астындағы Шығыс Еуропа елдері мен Шынжаңнан да уран іздете бастайды. Кеңестік алғашқы ядролық қарудың жасалу процесін егжей-тегжейлі баяндалған “Сталин және Бомба” атты кітапта алғашқы атомдық қаруда қолданылған уранның небары 33 пайызы ғана Кеңестік кендерден қамтамасыз етілгені келтіріледі. Қалғаны Шығыс Германия, Чехославакия, Бұлғария, Польша сияқты елдер және ықпалы астындағы Шынжаңнан әкелінген. Сонда, 177-бет. Осындай жағдайда Оспан батырдың орыстардың Алтайда кен қазуына рұқсат етпеуі Мәскеудің Дәлелхан Сүгірбаевқа қолдау көрсетуіндегі себептердің бірі болғаны анық. Неміс ғалымы Ханс Брекер Бәйтік Боғда уақиғасының да уранға байланысты болу ықтималына меңзейді. Оның айтуынша, Оспан және үзенгілестерінің Кеңестік саясаттың бақылаудан шығып кетуі “Пейташұн уақиғасы” яғни “Бәйтік уақиғасы” деп аталады. Оспан батыр Бәйтік тауын паналап бекініс алғаннан кейін Сыртқы Монғолия қосындары шабуыл жасады. Осы қосындарға Монғолия әуе күштері де көмектесіп 1947 жылы 5 мамырда Бәйтіктегі Қытай бекіністерін де бомбалады. Осы уақиғаға Қытай Сыртқы Істер Министрлігінің наразылық білдірді. Кеңес Одағы бұл уақиғаны мойындамай кері қақса да, ол халықаралық үлкен уақиғаға айналды. Брекер шекарадағы бекіністерге таластан туындаған “Бәйтік уақиғасының” сол аймақтағы бай уран кендеріне байланысты болу ықтималына меңзейді. Bräker H. “Çin – Sovyet İlişkilerinde Milliyet Hareketleri”. Stratejik Açıdan Sovyet Müslümanları ve Diğer Azınlıklar. İstanbul, 1988, 203-бет. Шынжаң тарихы жөніндегі зерттеулерімен танымал Линда Бенсын да Қытайдың осы уақиғаларға байланысты Кеңес Одағына айыптағанын айтады. Benson L. Osman Batur: “The Kazak’s Golden Legend”. The Kazaks of China Essays on an Ethnic Minority. Edited by Linda Benson – Ingvar Svanberg, Uppsala 1988, 170-бет Сүгірбаев та “Бәйтік уақиғасына” естеліктерінде кең көлемде тоқталып ол турасында түрлі көзқарастарды егжей-тегжейлі ортаға салады. Қараңыз: Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 159-163 және 208-217-беттер. Бұл турасында шетелдік ғалымдар егжей-тегжейлі мәлімет береді. Қараңыз: Forbes A. Warlords and muslims in Chinese Central Asia. London – New York, 1986, 206-215-бет; Wang D. Under the Soviet shadow the Yining incident ethnic conflicts and international rivalry in Xinjiang 1944-1949, 271-277-бет; Benson L. The Ili rebellion the moslem challenge to chinese authority in Xinjiang 1944-1949, 122-125-бет. Мәккирнанның Үрімжіде Кеңес Одағының ядролық қару жасауы мәселесінде тағы бір құпия қызметі болған. Ол осы қызметін Оспан батырлар түгіл, қасында оққағар болып жүрген орыс азаматтарына да айтпаған. АҚШ барлау органдары 1948 жылы шілде айында Кеңес Одағының атом қаруын жасайтынына көзі жетеді де, оны ең ерте дегенде 1953 жылы іске асырады деп межелейді. Holloway D. Stalin and the bomb. New Heaven – London 1994, 220-бет. Ендігі мәселе Кеңес Одағынын сол қаруды қашан іске асыратынын дәл кезінде білу еді. АҚШ ядролық алғашқы сынақтың да Орталық Азияда бір жерде орындалатынын мөлшерлейді. Бұл жағдайды барлау үшін ең ыңғайлы орын деп Үрімжі консулдығы деп табылады. Мәккирнанның әркімнен жасырған құпия қызметі міне осы еді. Ол әуедегі радияция деңгейін өлшейтін арнаулы аппараттарды белгілі жерлерге көміп орналастырады. Сөйтіп 1949 жылы 29 тамызда Семейде алғашқы жарылыс жасалғанда АҚШ-тың Аласқа мен Жапонияның тынық мұхитындағы Кеңес Одағы шеқарасы әскери ұшақтарының әуе сүзгіш апараттары 3 қыркүйекте желмен келген радиоактивтік ұшқындарды белгілейді. Сонымен қатар Мәккирнанның апараттары да радиоактивтік белгілер береді. Сөйтіп АҚШ, тағы басқа текресулерден кейін Кеңес Одағының атомдық қаруға қол жеткізгеніне көзі жетеді. Бұл туралы 21 қыркүйекте президент Труманға мәлімет берілді. 23 қыркүйекте президент мәлімдеме жариялап “бірнеше апта бұрын Кеңес Одағында атомдық сынақтың жасалғанын” әлемге хабарлайды. Laird T. Into Tibet The CIA’Şıncañ first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 82-89-бет.

116 Коминтерн 1943 жылы 15 мамырда тарады.

117 Мамыр болу керек.

118 Шынжаң өлкелік Қоминдаң армиясының қолбасшысы.

119 Хасан Оралтай бұл жиындарда негізінен екі мәселе талқыланғанын айтады. Біріншіден: Қытай коммунисттері суыт түрде жақындап келеді. Олар Шығыс Түркістанға басып кіргенде не істеу керек? Екіншіден: Оған қарсылық көрсете аламыз ба? Бұл жөнінде әркім әртүрлі пікір баяндады. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 88-91бет.

120 Ланжу 1949 жылы 26 тамызда қолға түсті.

121 Үш аймақ үкіметі 1949 жылы қыркүйекте бірқатар шешімдер қабылдап Кытай Компартиясына ұсыныстар жасады. Олардың бірінде Жанымхан, Оспан, Қадуан, Қалибек, Жолбарыс және Айсебек қатарлы адамдардың тұтқындалып, мал-мүліктерінің тәркілену керектігі айтылды. L.Sheng. Çin’in Xinjiang Bölgesi Geçmişi ve Şimdiki Durumu, Xinjiang Halk Yayınevi, Urumçi 2006, 181-183-бет.

122 Бұл туралы Сүгірбаев былай дейді: “Уаң Жын Халық Азаттық Армиясын бастап Шынжаң шекарасынан өтіп Құмылға келе сала Уақыт сияқты адамды Баркөлдің көл маңындағы “Тоқтар Сайы” деген жерінде отырған Оспанға партияның саясатын түсіндіріп хат жазып сәлемдемемен жібереді. Олар барғаннан кейін хатты таныстырып беріп халықпен ендігәрі жауласпай дұрыс жолда жүруін, Алтайға немесе Үрімжіге қайтып барып, үкімет жүктеген міндетті осылай істейтін болса, оның өткендегісінің бәрі қузалмайтынын айтады. Бірақ Оспан бір ауыз лебіз білдірмеген бойы жолға салады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 194-195-бет.

123 Сүгірбаевтің айтуынша, Қапас Тіркешұлы бастатқан бірқатар адамдар Жеті Құдық деген жерде жол тосып Шының орынбасары, Командир Лу Шауыйды төрт жауынгермен Құмылдан Үрімжіге келе жатқан жолында атып өлтірген. Сонда, 197-бет.

124 Тибетке қарай кітабының авторы Томас Лерддің атап өтуінше, Мәккирнан 27 қыркүйекте Баркөлдегі Оспанға барды. Оның қасында Васили, Леонид, Стефан және Орталық Барлау Агенттінің қызметкері Франк Бесак (Frank Bessac) болды. Мәккирнан да түрлі мылтықтар, екі пулемет, қол гранаталары және он килодай алтын бар еді. Мәккирнан Оспан қасында бір айдай болып 30 қазан күні, қасында төрт жол бастаушы қазақпен Тибетке қарай аттанды. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 112-120-бет. Сүгірбаев естеліктерінде Оспан Мәккирнанды қасына төрт жігіт беріп 1969 жылы тамыз айында қашырып жібереді, дейді. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 192-бет. Ол төрт қазақ жігіті Зәлебай, Қиса батыр, Қариға және Зиратбай. Оспан батыр Мәккирнанды соларға тапсырып Гаскөлдегі Құсайын тәйжі ауылына жеткізулерін әмір етті. Солардың бірі болған Зәлебай бірнеше күн жүріп америқалықтарды аман-есен Құсайын тәйжі ауылына жеткізгендіктерін және сол жерден маусым айында Тибетке қарай жолға салғандықтарын айтады. Gayretullah H. “Altaylarda Kanlı Günler”. İstanbul 1977, 96, 99-бет. Лерд жолаушылардың Гаскөлге 29 қараша күні жеткендіктерін атап өтеді. Ол жерде төрт айдай болып қыстың өтуін күткен Мәккирнан мен жолдастары 20 наурызда Тибетке қарай аттанып кетеді. Олар көлік ретінде Гаскөлдегі қазақтардан ет жейтін 15 түйе мен 2 ат сатып алады. Өйткені Тибет жолында жазға дейін мал жейтін өсімдік болмайтын. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 145-153-бет. Сондықтан Гаскөлдегі қазақтар шөптің ішіне тілімдеп ет салып ат-түйе секілді көліктерді ет жеуге үйреткен. Бесак пен Звансов кейін Лердке егер ет жейтін түйелер болмағанда, Тибетке жетулерінің екіталай екендігін айтқан Сонда, 161-бет. Хасан Оралтай өмірінде тұңғыш рет түйе мінген америкалықтар көріп таң қалғанын “Гаскөлде түйе мінген америқалықтар” деген сөзбасымен былай деп суреттеуде: “Гаскөлге барған күніміздің ертеңінде 1950 жылдың ақпан айында, біздің аулыға қарай түйеге мінген бірнеше бөгде кісінің келе жатқанын көрдік. Олар не қазаққа, не қытайға ұқсайды. Алдында келе жатқан біреуі, мінген түйесін шөгерген бойда, қарғып түсіп құшағын ашып Қалибек Хакімге қарай ұмтылып барып құшақтады. Ол 1949 жылдың көктемінде Үрімжіде Қалибек Хакіммен кездесіп, үйдің шамын сөндіріп қойып қараңғыда отырып сөйлескен. Кейін Оспан батыр, Жанымхан қажы және Қалибек Хакіммен Көктал – Толы жайлауында жиналыс өткізбек болған. АҚШ-тың Үрімжідегі вице консулы, яғни бас консулдың орынбасары Mr. Douglas Mackiernan еді. Жанындағылар консулдың хатшысы Mr. Frank Bessac және атшы ретіндегі антикоммунист екі орыс. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 126-бет. Жолаушылыр 1950 жылы 29 көкек күні Тибеттің Шеғар Кұнлұң деген жерінде тибеттік тонаушылардың шабуылына душар болып Мәккирнан, Стефан және Леонид қаза тапты. Тек Бесак пен Звансов аман қалып тұтқынға түсті. Кейін оларды Американ үкіметі құтқарып алып кетті. Laird T. Into Tibet The CIA’s first atomic spy and his secret expedition to Lhasa, Newyork 2002, 171-177-бет.

125 Қолжазбада Қанатбайдың әкесінің атының орны бос тасталған.

126 Дәлелхан Жанымханұлы 1949 жылы 15 желтоқсанда Қанатбай және Шаймардан Ермекұлынан Үрімжідегі Коммунисттік Партияның бастығы Уаң Эңмао, Бұрхан Шаһиди, Тау Сио және генерал Фиң Дехұй атына арналып бір хат берілгенін айтады. Ол хаттың мазмұны: “Хаттарыңызды алдық. Қыстың қатты суық күндерінде жолға шыға алмадық және Үрімжіге бара алмадық. Солай болса да орнымызға уәкіл етіп екі кісі жібердік. Сіздермен бет көрісіп, жағдайларымызды түсіндірумен бірге берген нұсқауларыңызды алып қайтады.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 88-бет.

127 Сүгірбаев та Оспан мен Уаң Жын арасында болған осы байланысты атап өтеді: “1950 жылы екінші айда Шынжаң Өлкелік Халық Үкіметі Оспанға Уақит Қалелұлын, Құрманбай Тиянақұлын және бұрын Шонжыда тұрған 5 атты әскерлер шысынын ақиқатқа қайтқан туанжаңы Ма фамилиялыны т.б. өкіл етіп жібереді. Олар атпен бір жексенбі жүріп Баркөлдің Бисан деген жерінде отырған Оспанға барады. Оларда Оспанға халықпен, халық үкіметімен жауласып өкініште қалмауды, дұрыс жолға оралуды насихаттайды. Оспан а дегенде өліспей-беріспейтінін айтып сес көрсетеді. Соңына келгенде, Жанымханның ақыл көрсетуімен зымияндыққа басып: “Бағынсақ – бағынайық. Бірнеше талабымыз бар. Өлкелік өкіметтің бастықтарына ауызба-ауыз айтып қайтсын” деген жауапты беріп Қанатбай мен Шаймардан Ермекұлын өкіл етіп қосып Уақиттарды қайтарады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 195-196-бет.

128 Сүгірбаев осындай өкілдер келгенін растап басқаша сипатта былай деп әңгімелейді: “Өлкелік Халық Үкіметі Қанатбайларды шын ықыласпен күтеді. Олардың талаптарын негізгі жақтан қанағаттандыратынын білдіреді. Сонымен қатар партия саясатын толық түсіндіріп, көптеген сәлемдеме беріп жолға салады. Тағы ілгерілей түсінісу мақсатымен бұрынғы өлкелік қауіпсіздікті сақтау қолбасшылығы бастығының орынбасары Зәкария мен қуыршақ Шынжаң газеті мекемесі бастығының орынбасары Нәзір Омаровты Өлкелік Халық Үкіметі атынан Қанатбайларға қосып жібереді. Бұл тұста Оспан “шарт – жағдай пысып жетті. Мен үшін ең ұтымды орай осы” деген жерге келіп болған, сондай-ақ Жолбарыс та жиырма неше адаммен Құмылдан қашып шығып, Оспанға қосылып алған еді. Сонда, 196-бет. Дәлелхан Жанымханұлы Қанатбайлардың қайтып келуі туралы былай деп жазады: “Үрімжіге кеткен азаматтар да келген еді. Олар Үрімжіде Алтайдан барған кісілермен сөйлесіпті. Және басқа аймақтардан да қазақ бастықтарының жиналысқа қатынасқанын айтты. Үрімжідегі өкімет орындары жаңадан қайталап Жолбарысбек, Оспан батыр, Жанымхан қажы және Дәкей қажының Үрімжіге келулері керек. Бір дастарханда отырып сөйлесеміз және келісімге келеміз депті. Сонымен қабат “Халыққа үлестіріп беріңдер” деп пұл және шай жіберіпті.” Дәлелхан Жанымханұлы осы мәселеге байланысты сөзін жалғастырып былай дейді: “Үрімжіден полковник Зәкария және Нәзір екеуі келді. Қолдарында генерал Фиң Дехұйдың жазған хаты бар. Мазмұны: “Үрімжіге келіп келісімге қол қойыңдар. Болмаса әскери шара қолданамыз” деген. Бұл хат батыр мен қажыға (Жанымханға) арналған екен. Осылайша күш көрсетіп келуге мәжбүр етіп отыр.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 89-90-бет.

129 Оралтай бұл жиналыстың 1950 жылы қаңтар айында болғанын айтады. Оралтай Х. Елімай-лап өткен өмір. Ыстамбұл, 1999, 130-бет.

130 Сүгірбаев осы жиналыстың 1950 жылы көкек айында болғанын растайды: “1950 жылы 4 айдың басында Бисанның “Тарсу” деген жерінде Жолбарыс, Сұлтан Шәріп – бәрі бір жиын ашады. Онда қарулы бүлік тудыру жөнінде бекімге келіп тарасады. 196-бет.

131 Сүгірбаев бұл соғыста керісінше үкіметтік армияның жеңіске жеткенін алға тартады: “...1950 жылы 6 айда “Тарсу” деген жердегі бандылар ойнағының төбесінен түсіп олардың тас-талқаны шығарады. Оспан, Жанымхан, Жолбарыс, Сұлтан Шәріп тағы басқалар жандарын қоярға жер таба алмай, торғайдай тозып Бисан тауының шығыс жақ сілеміндегі жыныс орманға кіріп кетеді. Қапас Тіркешұлы, Кәшапат бастатқан жиырма неше адам Пуқаңға, ал Қанатбай, Құсайын Ұяң, Құрман бастатқан отыздай адам Шонжыға келіп қару тастап бағынады. Сүгірбаев П. Алтай Арпалыстары. Үрімжі, 1995, 197-бет. Нұрғожай батыр, бірнеше жол төменде, Қапас Тіркешұлы, Кәшапат бастатқан адамдардың бұл жерде емес, кейін Болымжы дейтін жерде бағынып кеткеткенін айтады. Дәлелхан Жанымханұлы да үш аймақ әскерлерінің жеңіліс тапқанын айтады: “Сөйтіп отырғанда “Дашытуға жау келіпті” деген хабар алдық. Полковник Талғатбек басшылығындағы Үш аймақтың атты әскері екен. Елді басып қалмасын деп дереу әскер жіберілді: Нұрғожай батыр, Жәмет батыр, Қапас батыр, Кешәпат батыр, Шыбарайғыр Қапас батыр, Әсен үкірдай және ағам Хамит. Сонымен бірге полковник Хаңның басшылығындағы дүнген әскерлері және Иосиф Самойлов қарамағындағы орыс әскерлері жауды қамап алып қатты соққы берген. Соңында олар Шонжыға қарай қашқан.” Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. Алматы, 2000, 90-бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет