«Қазынашылық іс» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 баспа 11. 06. 2015 жыл «5В050900» «Қаржы» мамандығы студенттері үшін



бет3/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#204637
1   2   3   4

                  

3. Жоғары білім беруді қаржыландыру
Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм беру жүйесiнде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекшi университеттің ерекше мәртебесi бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгін арттыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық ЖОО-ы ашылды.
      Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингентi және мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы өсiп отыр.

Жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде білім беру гранты арқылы жүзеге асырылады. Білім беру гранттарының мамандықтары мен жалпы көлемі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей белгіленеді.________________________________________________________


 Оқу жылы | Жоғары оқу  |Оқитындардың| Мемлекеттік тапсырыс (оқуын
          |орындары саны| контингенті | жалғастырушылардан басқасы)
__________________________________________________________________
2000/2001       181          440715                21970
2001/2002       182         514738                 25265
2002/2003       173         590982                 25465
2003/2004       180         656561                 26465
__________________________________________________________________

Студенттердің ортажылдық саны келесідей айқындалады:

К орта = студенттердің жыл басындағы саны - шығарылған студенттер саны /2 + қабылданған студенттер саны / 3 - оқудан шығарылған студенттер + қайта қабылданған студенттер саны

Жоғары білім беру оқу орындарының жұмысшыларына қосымша төлемдер:

Ғылыми дәреже үшін: ғылым кандидаты – 1 ең төменгі еңбекақы мөлшері

ғылым докторы -2 ең төменгі еңбекақы мөлшері Кафедра меңгеру үшін - 10%

Тақырып 8.Денсаулық сақтауға арналған бюджет шығыстары.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстардың құрамы мен құрылымы. Медициналық мекемелердің қызметін қаржыландыру және жоспарлау. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қаржыландыру көздері.

Кең профильді ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру, халықтың денсаулығын сақтауға байланысты шығыстар. Емдеу мекемелерінде құралдарды пайдалану мен құрудың жаңа әдістері. Мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері.

Бюджеттен денсаулық сақтауға бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау.
Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі.
Меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғаларға, олардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуi бойынша жұмсаған шығындарын бағдарлама әкiмшiлерiнiң өтеуiнiң негiзгi шарттары мен ережелерiн белгiлейдi.

60 Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындарды өтеу, мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат есебiнен, заңнамада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.

Шығындарды өтеу:

мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде шығыстар сметасы бойынша; мемлекеттiк мекемелерден басқа, медициналық ұйымдарда орындалған медициналық қызметтер көрсетудiң көлемi үшiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен шарттық негiзде жүзеге асырылады.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсететiн жеке және заңды тұлғаларға күрделiнi қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген медициналық ұйымдардың қызметiне байланысты шығындардың барлық түрлерi өтеледi.

Мемлекеттiк медициналық ұйымдардың күрделi шығындары Қазақстан Республикасы бюджетiнiң шығыстары экономикалық жiктемесiнiң тиiстi ерекшелігi бойынша күрделi трансферттер түрiнде өтеледi.

Меншiк нысанына қарамастан, бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындары жан басына шаққандағы норматив бойынша өтеледі.

Жан басына шаққандағы норматив - медициналық қызметтердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын бiр адамға есептелiп, қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы. Жан басына шаққандағы норматив бiр тұрғынға анықталады.

Ауылдағы денсаулық сақтаудың ерекшелiгiн, қызмет көрсету учаскесiнiң географиялық алшақтығын, ауылдық елдi мекендегi халық тығыздығының төмендiгiн ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жан басына шаққандағы нормативтi жеке белгiлеуге құқылы.

БМСК-тiң қаржыландыру көлемi тұрғындардың санын қызмет көрсетiлетiн аумақтың жан басына шаққандағы нормативiне және жыныстық жасын түзету коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша есептелiнедi:

К қарж. = С тұрғ.* Ж норма.* Ж коэфф., мұнда:

К қарж. - БМСК ұйымын қаржыландыру көлемi,

С тұрғ. - бекiтiлген тұрғындардың саны,

Ж норма. - жан басына шаққандағы норматив,

Ж коэфф. - жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi.



Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициентi - бұл, тұрғындардың жасы-жынысы бойынша әр түрлi санатына медициналық көмектi тұтыну деңгейiндегi айырмашылықтарды ескеретiн коэффициент.

Жасы-жынысы бойынша түзету коэффициенттерiн қолдануды және есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы уәкiлеттi орталық атқарушы органы анықтайды.

Меншiк нысанына қарамастан, мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалардың шығындары амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша өтеледі.

Амбулаториялық-емханалық тарификатор - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтер тiзбесi.

Амбулаториялық-емханалық тарификатордың негiзгi экономикалық көрсеткiшi нақты қызмет құнының қызметтердiң барлық түрiнiң орташа құнына қатынасын көрсететiн қызметтердiң шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.

Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi қызметтердiң шығын көлемi коэффициентiн амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:

К қарж. = К ш. * Б т., мұнда:

К қарж. - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшiн қаржыландыру көлемi,

К ш - қызмет көрсетулердiң шығын көлемi коэффициентi,

Бт - амбулаториялық-емханалық тарификатордың базалық тарифi.

Бюджеттiк жылға арналған бағдарламаның әкiмшiсi амбулаториялық-емханалық ұйымдарда көрсетiлген қызметтер үшiн базалық тарифтi арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген, шығыстар нормативтерi негiзiнде есептелген бюджет қаражатын жоспарланған қызметтер санына бөлу жолымен, қызметтер шығыны коэффициентiн ескере отырып немесе формула бойынша анықтайды:

Бт = К қаражат /(Жс * К ш.ор.), мұнда:

К қаражат - арнайы мамандандырылған емханалық көмекке көзделген бюджет қаражаты,

Жс - амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметтердiң жоспарланған саны,

Кш.ор - барлық жоспарланған қызмет көрсетулер бойынша шығын көлемiнiң орташа коэффициентi.

3. Стационарлық шығындар клиникалық-шығындық топтар негізінде өтеледі.

Клиникалық-шығындық топтар (КШТ) - аурулардың, оларды емдеуге жұмсалған шығындар бойынша ұқсас, клиникалық бiртектi топтары.

КШТ-тың негiзгi экономикалық өлшемi аурудың осы тобының шығындарының барлық топтар бойынша орташа шығындарға қатынасын көрсететiн, шығын көлемiнiң коэффициентi болып табылады.

Клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландыру көлемi шығын көлемi коэффициентiн стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасына және стационар деңгейi коэффициентiне көбейту жолымен, мынадай формула бойынша анықталады:

К қарж. = К шығ. * Б стац. * К дең., мұнда:

Қ қарж.- клиникалық-шығындық топтар бойынша емделiп шыққан жағдайды қаржыландырудың көлемi,

К шығ.- шығын көлемі коэффициентi,

Б стац. - стационарлық көмектi қаржыландырудың базалық ставкасы,

К дең. - стационар деңгейiнiң коэффициентi.

Ауруханаiшілік ауыстырылған науқастарды емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу бiр рет емделу жағдайы ретiнде жүзеге асырылады.

Оларды тексеру процесiнде негiзгi диагнозы расталмаған немесе мамандандырылған медициналық ұйымға ауыстыруды талап ететiн басқа аурулары анықталған науқастарды емдеу аяқталмай жұмсалған шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.

Стационарды алмастыратын медициналық көмектiң түрлерiн көрсету кезiнде шығындарды өтеу науқастарды дәрiмен тегiн қамтамасыз ету ескерiле отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның әдiстемесiне сәйкес емделу жағдайы үшiн жүзеге асырылады.

Стационарлық көмектiң шектi көлемiн олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын жергiлiктi мемлекеттiк денсаулық сақтауды басқару органдарының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.


Тақырып 9. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстары.


Зейнетақы төлеу аумағындағы мемлекеттік саясат. Осы шығындарды қаржыландырудағы бюджеттің рөлі Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы.

Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғау. «Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (мүгедектікке байланысты, жасы бойынша және асыраушысынан айырылғанда). Мемлекеттік арнайы жәрдемақы. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының түсімдерін қамтамасыз ету. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығыстары.

1. Әлеуметтік қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
Әлеуметтік қамтамасыз ету ақшалай төлем, медициналық көмек, мүгедектерді еңбектік және тұрмыстық орналастыру, жеңілдіктер беру, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу түрінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруды көздейдi:



1) бiрiншi деңгей (негізгi) - мемлекет кепілдiк беретін әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерi. Бұл халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң барлық санатына еңбек еткен жылдары мен жалақыларына қарамастан, бiрдей әлеуметтiк қатер жағдайында, деңгейi бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етедi;

2) екiншi деңгей (мiндеттi) - жұмыс iстейтiн (жұмыс iстеген) адамдарды мiндетті әлеуметтiк сақтандыру есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдер. Жұмыс берушiлердiң және/немесе қызметкерлердiң мiндетті сақтандыру жарналары мiндетті әлеуметтiк төлемдердiң көзi болып табылады. Бұл жағдайда, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейi әр адамның сақтандыру жүйесiне қатысуының ұзақтығы мен мөлшерiне байланысты;

3) үшiншi деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердiң ерiктi аударымдар есебiнен жүзеге асырылуын пайымдайды. Аударымдар бұл жағдайда, жеке, жинақтаушы, ерiктi және/немесе кәсіптiк болып табылады.

Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгi деңгейi Қазақстан Республикасының барлық азаматтары негiзгi әлеуметтiк қатерлер туындаған жағдайда, еңбек стажы мен жалақысына қарамастан, негізгі әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығына ие болады. Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгі деңгейiне мынадай әлеуметтiк төлемдер кiретiн болады:

- қартаюына қарай мемлекеттiк негiзгi зейнетақы төлемдерi;
- мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк негiзгi жәрдемақы;
- асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттiк негiзгi жәрдемақы;
- жерлеуге арналған мемлекеттiк жәрдемақы (тек негiзгi әлеуметтiк төлемдер алушылар үшiн).

Әлеуметтік кепілдік жүйесінің негізгі стандарты өмір сүру минимумы табылады. Өмір сүру минимумы арқылы тұтыну корзинасының құнына тең болатын бір адамға қажетті минималді табыс көрсетіледі.

Өмір сүру минимумы халық санына сәйкес және халықтың жыныстық-жастық топтары бойынша тоқсан сайын республика және аймақтар бойынша есептеледі.

Ол 2 бөлімнен тұрады: ғылыми негізделген тұтыну нормасына есептелген 20 ең қажет азық түліктен тұратын азық түлік корзинасының құны және азық түлік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерге кететін шығындар және де екінші бөлім Қазақстан Республикасының үкіметі орнататын, тіркелген үлес ретінде есептеледі.

Азық-түлік корзинасы денсаулықтың агенттігімен анықталған азық-түлік өнімдерін пайдаланудың физиологиялық нормасы және ғылыми негізделген статистика бойынша өкілді органмен есептеледі.

Азық-түліктік емес тауарлар мен қызмет көрсетулерді үлесі 30% мөлшерінде орнатылған. 2004 жылы тамақ өнімдерін сатып алуға байланысты ақшалай шығыстар құрамында, өткен жылдардағыдай, ет және ет өнімдеріне (9,8%), нан өнімдеріне және жарма өнімдеріне (9,7%), қантқа, кондитер өнімдері мен тәттілерге ( 3,6%) жұмсалатын шығыстар басым; азық-түлік емес тауарларға байланысты шығыстарда киім, аяқкиім және мата сатып алуға байланысты шығыстар үлесі басым; ақылы қызметтерде – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге байланысты шығыстар.

Берілген көрсеткіш баға өсуімен байланысты болашақта ұлғаюы мүмкін. Өмір сүру минимумының өсуі өз кезегінде халықтың табысының өсуін талап етеді.

Өмір сүру минимумы келесілер үшін арналады:

Өмір сүру деңгейін бағалау және кедейлік шегін анықтау.

Әлеуметтік саясат бағыттарын анықтау және халықты әлеуметтік қолдау бойынша шараларды жүзеге асыру.

Еңбекақының, зейнетақының ,жәрдемақының және т.б. әлеуметтік төлемдердің белгіленген минималды көлемін негіздеу.

Кедейлік шегі адамның минималды қажеттілігін қанағаттандыруға арналған қажетті табыс шегін көрсетеді. Басқаша айтсақ кедейлік шегі әлеуметтік көмексіз жанұяға өмір сүру қиынға соғатын нақты алынған ақшалай табыстың деңгейін көрсетеді.

Республика бойынша кедейлік шегі деңгейі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен, ал аймақтар бойынша еңбек, жұмыссыздық және халықты әлеуметтік қорғау бойынша өкілді органмен есептеледі.

Кедейлік шегі өмір сүру минимумынан пайыз есебінде анықталады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005 жылдың 2 тоқсанында ол 2380 теңгені құрады. Кедейлік шегінің ауытқуы негізінен тұтынушылық корзина құнындағы айырмашылығымен анықталады.


2. Мүгедектікке байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектерді үш категорияға бөлуге болады. Бірінші категорияға жататындар:

  1. жалпы аурудан, еңбектік қызметтен, кәсіби аурулардан мүгедектер, бала кезінен, соның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

  2. әскери қызметкерлер ішіндегі мүгедектер (мерзімдік әскерлерден басқа), әскери міндетін орындауға байланысты емес немесе әскери және қызметтік борышты өтеуге байланысты емес ауру нәтижесінде алынған мүгедектікке ұшырағанда ішкі істер органдардың басшылық және қатардағы құрамындағы мүгедек адамдар.

Аталған мүгедектер категориясына жәрдемақылар 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі көлемде белгіленген:

- І топ мүгедектеріне – 10 айлық есептік көрсеткіш;

- ІІ топ мүгедектеріне – 7,5 айлық есептік көрсеткіш;

- ІІІ топ мүгедектеріне – 5 айлық есептік көрсеткіш;

- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға- 7 айлық есептік көрсеткіш;

- І топ бала кезінен мүгедектерге - 10 айлық есептік көрсеткіш;

- ІІ топ бала кезінен мүгедектерге - 8 айлық есептік көрсеткіш

- ІІІ топ бала кезінен мүгедектерге - 6 айлық есептік көрсеткіш

Жәрдемақы алатын мүгедектердің екінші категориясына келесілер жатады:

әскери қызметті өту кезінде алынған жарақат, контузия, ауру салдарынан мүгедектікке ұшыраған мерзімдік әскери қызметкерлер және азаматтық немесе әскери ядролық объектілерде авариялық жағдайдың нәтижесінде немесе авария салдарын жою кезінде мүгедектікке ұшыраған азаматтар;

төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан, соның ішінде ядролық жарылыстар салдарынан және олардың себеп-салдарынан анықтауды жүргізу әсерінен болған мүгедектер. Жәрдемақы келесі көлемде белгіленеді:

- І топ мүгедектеріне – 12 айлық есептік көрсеткіш;

- ІІ топ мүгедектеріне – 9,5 айлық есептік көрсеткіш;

- ІІІ топ мүгедектеріне – 7 айлық есептік көрсеткіш.

Үшінші категорияға жататындар: әскери қызметті атқарғанда алған жарақат, контузия, ауру нәтижесінде мүгедек болған әскери қызметкерлерге (мерзімді әскери қызметкерлерді қоспағанда) немесе қызмет міндеттерін орындауда мүгедек болған ішкі істер органының қызметкерлері. Үшінші категорияға жәрдемақы келесі көлемде тағайындалады:

- І топ мүгедектеріне –16 айлық есептік көрсеткіш;

- ІІ топ мүгедектеріне – 11 айлық есептік көрсеткіш;

- ІІІ топ мүгедектеріне – 7 айлық есептік көрсеткіш.


3. Асыраушысын жоғалтуға байланысты жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі
Асыраушысынан айырылғанына байланысты жәрдемақы алу хұқығына оның асырауында болған еңбекке жарамсыз жанұя мүшелері ие болады. Жанұяның еңбекке жарамсыз мүшелері болып келесілер саналады:

18 жасқа толмаған балалары, іні-қарындастары, немерелері және осы жасқа толғанша мүгедек болса 18 – ден асқандары және егер іні-қарындастары, немерелерінің еңбекке жарамды ата-аналары жоқ болса. Асыраушысынан айырылған кәмелеттік жасқа толмағандар оларды асырап алған жағдайда да жәрдемақы алу хұқығын сақтап қалады.

Зейнетақымен қамту заңына сәйкес зейнетақы жасына жетпеген әкесі, шешесі (соның ішінде асырап алған), әйелі, күйеуі.

8 жасқа жетпеген, қайтыс болған адамның балаларын, іні-қарындастарын немесе немелерін күтумен айналысатын және жұмыс істемейтін ата-аналарының бірі немесе жұбайы, сондай-ақ атасы, әжесі, інісі, қарындасы (жасынан, еңбек қабілетінен тәуелсіз).

Зейнетақымен қамту заңына сәйкес зейнетақы жасына жеткен заң бойынша оларды қамтамасыз етуге тиіс тұлғалар жоқ болып, басқа қайнар көздері болмаған жағдайдағы ата-әжелер.

Оқушыларға жәрдемақы, орта білім беру оқу-орындарын және күндізгі бөлімдегі жоғарғы және орта арнайы оқу орындарын аяқтағанша 23 жасқа толғанға дейін төленеді. Жетім балаларға тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкілдеріне (асырап алушы, қамқоршы) төленеді. Аталған жәрдемақылар қайтыс болған адам жанұясының мүшесі еңбекке жарамсыз деп есептелетін кезеңге, ал зейнетақы алу жасындағы тұлғаларға-өмір бойына тағайындалады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақының ең жоғарғы айлық көлемі оның жанұясының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 12 айлық көрсеткіштен аспауы керек.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға хұқығы бар еңбекке жарамсыз бір жанұя мүше болса, жәрдемақы 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады.

- еңбекке жарамсыз 2 жанұя мүшесі болса 4,3 айлық есептік көрсеткіш әрбір мүшесіне;

- еңбекке жарамсыз 3 жанұя мүшесі болса 3,5 айлық есептік көрсеткіш әрбір мүшесіне;

- еңбекке жарамсыз 4 жанұя мүшесі болса 2,8 айлық есептік көрсеткіш әрбір мүшесіне;

- еңбекке жарамсыз 5 жанұя мүшесі болса 2,3 айлық есептік көрсеткіш;

- еңбекке жарамсыз 6 немесе одан да көп жанұя мүшелері болған жағдайда 12 айлық есептік көрсеткіштің тең бөлімдері ретінде әрқайсына төленеді.

Қос ата – анасынан айырылғанда (жетімдерге) жәрдемақы әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал қалған еңбекке жарамсыз жанұя мүшелеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады, бірақ барлық еңбекке жарамсыз мүшелерінің жәрдемақы көлемі 15 айлық есептік көрсеткішкөлемінен аспауы керек.

Қызметтік міндетін өтеу немесе әскери қызметте жүрген кезінде алынған контузия, жарақат, ауру нәтижесінде қайтыс болған әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жанұя мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы әрбір жанұя мүшесіне 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тағайындалады, бірақ барлығы 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінен аспауы керек.
4. Жас шамасы бойынша жәрдемақыларды тағайындау тәртібі.

Жасы бойынша жәрдемақы азаматтарға зейнетақы жасына жеткен соң МЗТО, жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төленбесе немесе зейнетақы көлемі минималды мөлшерден төмен болған жағдайда тағайындалады. Зейнетақы жасына жеткен және міндетті зейнетақы жарнасын төлеген азаматтарға айлық жасы бойынша жәрдемақы заңмен орнатылған минималды зейнетақы көлеміне үстеме ретінде есептеледі жасы бойынша жәрдемақы төлеу республикалық бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.

Егер алынатын зейнетақылық төлем көлемі белгіленген жәрдемақы көлемінен аз болса, онда жәрдемақы төлеу зейнетақыға жәрдемақы көлеміне дейін қосымша ретінде жүзеге асырылады.

Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға жәрдемақы толық көлемде төленеді. Мүгедекке зейнетақы тағайындалған кезде жәрдемақы төлеу тоқтатылады. Егер мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы мен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы төлемдерінің қосындысы сәйкес мүгедектік категориясы үшін белгіленген мүгедектік бойынша жәрдемақының айлық көлемінен кем болса жәрдемақы төлеу орнатылған жәрдемақы көлеміне дейін зейнетақы төлемдеріне қосымша ретінде төленеді.


5. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібі.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мынадай мөлшерде төленеді:



  1. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға - 15 айлық есептік көрсеткіш;

  2. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 15 айлық есептік көрсеткіш;

  3. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 2,4 айлық есептік көрсеткіш;

  4. жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлты Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 2,7 айлық есептік көрсеткіш;

  5. Ұлты Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырған жесірлеріне - 2,7 айлық есептік көрсеткіш;

  6. қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына; Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптары және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 2,8 айлық есептік көрсеткіш;

  7. қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (ерлеріне) екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) 0,9 айлық есептік көрсеткіш;

  8. Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш;

  9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткiш, мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, соғыс жылдарында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген тыл еңбеккерлеріне - 1,0 айлық есептiк көрсеткіш;

  10. 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар қатарындағы адамдарға - 0,5 айлық есептік көрсеткiш;

  11. біріншi және екiншi топтардағы мүгедектерге - 1,4 айлық есептік көрсеткіш;

  12. үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептік көрсеткіш;

  13. он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,9 айлық есептік көрсеткіш;

  14. он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға: бірінші - екінші топтағыларға - 1,4 айлық есептік көрсеткiш; үшiншi топтағыларға - 0,6 айлық есептік көрсеткiш;

  15. "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналарға, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына - 1,9 айлық есептік көрсеткіш;

  16. жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғынсүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;

  17. Қазақстан Республикасына ерекше сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1,0 айлық көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет