Қазіргі қазақ орфографиясындағы мәселелер



бет4/14
Дата12.11.2022
өлшемі101.5 Kb.
#464657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
қиындықтар

хана, ара, аралық, басы, құмар, танухат, қап, гүл, бау, шөп, ақы, жай, жегі, тікен, жапырақ, тамыр құрастыруыш сыңарлар арқылы біріккен сөздер жалпы бірге жазылатын сөздердің алдыңғы қатарын құрайды.
Казақ тіліндегі сөздердің бірігуіне көбіне тіркес соңындағы қосымшалар кедергі болады екен: алма ағашы, электр шамы, іс парағы, т.с.с. Белгілі ғалым Н.Уәлиұлы осындағы ы, і езуліктерін түсіріп, бір зат, термин атауы ретінде бірге жазуды ұсынады: электршам, іспарақ, алмаағаш. 1929ж. Қызылордада қабылданған емле ережесінде Т.Шонанұлының ұсынуымен, калька тәсілімен аударылған тіркестер тәуелдік жалғауынсыз жазылуы қабылданған еді.Ал 1934-1937ж. М.Кемал түрік тіліндегі мекеме аттарын тәуелдіктің ІІІ жақ жалғауынсыз қалыптастыруға күш жұмсаған екен: Тенизбанк, Ітібанк т.б. Біздіңше, атаулардың номинативтенуі үшін, тіл экономиясы үшін, ұғымдардың танымдық сипатын күшейту үшін буын санын азайтып жазу, изафеттің 2-типінің қолданысын шектеуде жазу қызметін пайдалану тиімді болмақ, яғни іс қағазы сөзін, мысалы, ісқағаз деп жазсақ, сөзді жинақылаймыз, екіншіден атауға ие болу процесін жеделдетеміз.
Кезінде 1929ж. Қызылордадағы емле конференциясына қатысушылар “тілді тұтынушылар санасында біртұтас ұғым болып танылатын, екі сөзден тұратын, аралық қосымшасыз” сөздербірігіп жазылады деген ереже шығарған. Бұл принцип 1929ж. емле ережесінде де, 1940ж. орыс графикасымен бірге түзілген емле ережесінің жобасында да, 1941ж. орфография сөздігінде де, 1948ж. М.Балақаев құрастырған сөздікте де ұсталынды. Алайда сол сөздердің орыс тілінде бөлек жазылатын емлесінен (народное хозяйство - халық шаруашылығы, т.с.с.), орыс орфографиясында фразеологиялық тіркестердің бөлек таңбаланатындығынан, қазақ тіліндегі идиомалық атаулар мен лексикалық атаулардың арақатынасы сөзайналым процесі тұрғысынан дұрыс пайымдалмағандықтан бөлек таңбаланатын сөз қатары көбейді. Бұл мәселені одан әрі ұшықтырды. Сондықтан емле ережемізге енгізілген түзетулер, емле сөздігіне енген өзгерістер, негізінен, бірге жазылатын сөздердің емлесін толықтыруға бағытталды, бір зат пен ұғым атауы болатын, қатар тұрып жұрнақтармен түрленетін тұрақты тіркестер соңғы 2007ж. сөздікте бірге жазылды: ақкөңіл, ақкөңілді, ақкөңілділік, ақкөңілдену, ақниет, ақниетті, ақниеттену, ақниеттілік, ержүрек, ержүректену, ақжағалдану, ақжарқындылық,ақжүректену, ақжүректену, ақжүректік, ақниетті, ақниеттену, ақниеттілік, ақпақұлақтану, ақпейілді, ақпейлділік, ақпейілдену,алакөңілдену, алакөңілдік, алақолдық, алаяқтық, атқамінерлік, атсалысушылық,атүстілік, ашкөздену, ашкөздік, ашықауыздық, ашықауыздану, басбұзарлық, баскесерлік, бассауғалау, бозөкпелік, бойұрушылық, боркеміктену, босбелбеулік, боссөзділік, бұлаңқұйрықтану, шаласауыттылық, бірбеткейлік, бірмінезділік, бірсөзділік, дүниеқоңыздану, дүниеқоңыздық т.б.
2) Қазіргі қазақ емлесінің бір алуан қиындығын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет