Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет75/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Ауыл қауымы – көшпелі жəне жартылай көшпелі мал өсірушілер қауымының көршілестікті білдіретін атауы.
Аффект (лат. affects – жан толқынысы) – адам көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, əсерленуі (долдану, үрейлену, т.б.).
– Ə –
Əдеп (араб. ﺏﺩﺃ‎ адаб) – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым, белгілі бір халықтың əдет-ғұрпында тұрақта- нып қалыптасқан этикалық тəртіп, тəрбие, ізеттілік, сыпайылық, ибалылық.

Əдет-ғұрып – адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары. Оларға көпшілікке ортақ еңбек ету əдістері, тұрмысқа жəне отбасыға байланысты адамдар арақатысының сол қоғамда кең тараған түрлері жəне діни салттар, тайпа, тап, халық өмірінің ерекшеліктерін бейнелейтін жəне қайталанып отыра- тын əрекеттер жатады.

Əділет – ғибраттық-праволық, əлеуметтік-саяси сана категориясы, адамның түпкілікті құқықтарының тарихи кезеңдерде өзгерістерге ұшырауына бай- ланысты оған берілетін шынайы баға туралы ұғым.

Əкімшілік – іске нақты басшылықтың орнына бұйрықшыл-жарлықшыл əдісті қолданушылық.

Əл-ауқат – материалдық мұқтаждығы болмауымен сипатталатын адамның эко- номикалық жағдайы.

Əлем – материалды дүние, материалды объектілер, сапалық жағынан əртүрлі болып келетін материя формаларының толық жиынтығы.

Əлем бейнесі – тарихи кезеңдерді этнология типологиясы бойынша бейнелеу үлгілеріне қатысты ұғым.

Əлеуметтік (лат. socialis – жолдастық, қауымдастық) – 1) адамның қоғамдық өмірінің мəні; 2) қоғамдық жүйелер құрылымдарын көрсету үшін қолда- нылады.

Əлеуметтік ақпарат қоғамдық, сондай-ақ адам, қоғам жəне табиғат арасын- дағы қатынастардың өзара əлеуметтік əсерін реттеп отыру үшін қолданы- латын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мəліметтердің жиынтығы.

Əлеуметтік антропология (грек. аnthropos адам + logos ілім, сөз) – əлеумет- тану мен этнографияға жақын, адамның шығу тегі мен даму сатыларын, өмірінің мəнін, индустрияға дейінгі аграрлы қоғамдағы əлеуметтік қаты- настарды, институттарды зерттейтін ғылым.

Əлеуметтік бағытталуы – адамның өзінің қоғамның əлеуметтік құрылымын- дағы орнын, жағдайын түсінуі, ұнамды əлеуметтік жағдайды таңдауы жə- не оған жету жолдарын белгілеуі.

Əлеуметтік байланыс – жеке адамдардың немесе адам топтарының бір-біріне деген кез келген əлеуметтік-мəдени қатынастарын белгілейтін түсінік.

Əлеуметтік бейімделу адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сəйкес жаңа əлеуметтік ортаны белсенді түрде игеруінен жəне əлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.

Əлеуметтік белсенділік – индивидтің қоғамдағы қызмет сипатын бейнелейтін ұғым.
Əлеуметтік ғұрып – адамдардың мінез-құлқын жəне олардың топтағы (қоғам-

дағы) қарым-қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан əдет.



Əлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қам- тамасыз ететін мамандандырылған іс-əрекетті жүзеге асырудың бір түрі.

Əлеуметтік конфликт – қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол əлеуметтік қауым жəне индивидтер мүдделерінің қа- рама-қарсы бағыттарының үдеуімен сипатталады.

Əлеуметтік қарым-қатынас – əлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық өмірдегі рөліне байланысты туатын, олардың өзара қа- тынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тəуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.

Əлеуметтік қауымдастық – əлеуметтік ішкі байланыстардың негізі – тұратын аймағы бір жəне бірлескен өмір сүру нəтижесінде қалыптасқан матери- алдық жəне мəдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет