Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет77/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Бұқаралық коммуникация (лат. massa – кесек + communicare – біреумен кеңе- су, ақылдасу) – ақпарды (хабарды), білімдерді, рухани байлықтарды, мо- ральдық жəне құқықтық (праволық) нормаларды жəне тағы да сол сияқты техникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі. Бұқаралық мəдениет (лат. massa – кесек + culture – өңдеу, тəрбиелеу) – 1) əртүрлі тарихи кезеңдерде мəдениеттің əлеуметтік жіктелуі процесі нəтижесінде

азды-көпті көрініс табатын əлеуметтік мəдени құбылыстардың жиынты- ғы; 2) нақты белгілер мен мінездемелерге жауап беретін əлеуметтік фе- номен; 3) көркем мəдениеттің түрі (стилі), «классикалық», халықтық мə- дениеттен алшақ жəне өнердің өмірдің аса маңызды салмақты саласынан ойын-сауық саласына ойысып, «сəн сезімін» жоғалту жəне т.б.; ықпалдасу процестерінің күшеюі нəтижесінде стандартталған мəдени формалардың, ережелер мен бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын, трансұлттық мəдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мəдениеттің ерекше қабаты.


Бұқаралық сана – белгілі бір қоғамдағы бұқараның, таптардың, əлеуметтік топ- тардың күнделікті өмір жағдайларын, сұраныстары мен мүдделерін көр- сететін қоғамдық сана.

Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб. ﻡﻝﻉ‎) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынты- ғы. Білім адамзат мəдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып та- былады. Ол сана, таным, объективті əлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми жəне т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста əрі солар арқылы анықталады.

Бірмезгілділік – кеңістіктері бірінен-бірі алшақ оқиғалардың уақыт жағынан тұстастығы.

Бюрократия (лат. bureau – бюро, канцелярия жəне грек. kratos – күш, билік, үстемдік; канцелярияның билігі) – атқарушы билік орталықтарының қо- ғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жүйе; қоғамның жəне мемлекеттің саяси, экономикалық, əлеуметтік-мəдени салалардағы қызметтерінде ресми жəне бейресми ше- неуніктік байланыстарға негізделген билік жүйесі.
– В –
Верификационизм (лат. verus – ақиқат + facere – жасаймын) – ғылыми ақиқат, оның деректері эмпирикалық тексеру арқылы айқындалады деген əдісте- мелік концепция.

Веcтернизация (ағылш. vestern – батыстық) – батыс мəдениеті үлгілерін қабыл- дау, басқа мəдениеттердің батыстандырылуы немесе батыстық донор мə- дениеттен реципиент ретінде жеке құндылықтарды қабылдауы.

Волюнтаризм (лат. voluntas – ерік) – ерікті қоғам дамуы мен оны санаға, қоғам заңдылықтарына қарсы қою жəне қоғамдық дамудың шешуші факторы ретінде мойындаудан шығатын идеология мен психологияның, саясат пен тəжірибенің мəні.
– Г –
Гармония (үйлесімділік) (грек. harmonia – пайда болу, қалыптасу) – белгілі бір тұтастықтың бөліктері мен элементтерінің бірегей, бірге əрекет етуі, өзара үндестігі.

Гендерлік зерттеу (ағылш. gender, лат. genus – ру) – бір мəдениет аясында жы- ныстық айырмашылықтары бар адамдардың, яғни əйелдер мен ерлердің мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу.

Генезис (грек. genesis – пайда болу, қалыптасу) – дамушы құбылыстың, нəрсе- нің, болмыс-бітімдерінің бастапқы кезеңі, шығу тарихы, қалыптасу саты- лары.

Генезикалық əдіс (грек. genesis – пайда болу, қалыптасу) – əлеуметтік құбылыс- тар мен процестерді, олардың пайда болуы мен дамуына талдау жасай отырып зерттеу тəсілі.
Генеология (грек. genealogіa – шежіре) – туысқандық қатынастарға негізделген, шыққан арғы тектен бастау алатын ұрпақтар сабақтастығын білдіретін ұғым. Генетикалық тəсіл (грек genetіkos – шығу тегіне тəн) – табиғи жəне əлеуметтік құ-

былыстарды олардың дамуына талдау жасауға негізделген зерттеу тəсілдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет