Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет74/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Ареал (лат. area – жер, кеңістік) – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктердің бел- гілі бір түрлері тіршілік ететін аймағы.

Арид аймағы (лат. aridus – құрғақ) – егін шаруашылығына қолайсыз (шөлдер жəне жартылай шөлдер) жасанды суландырылған аз сулы географиялық аймақтардың жинақ атауы.

Аридтік климат – атмосфера ылғалдылығы жеткіліксіз жағдайда қалыптасқан климат.

Артефакт (лат. arte/actum – жасанды істелген) – табиғи емес жасанды жолмен пайда болған кез келген зат.

Аруақ – жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша қайтыс болған адамдардың тіршіліктегі адамдарды желеп-жебеп жүретін рухы.
Археология (грек. ἀρχαῖος – ежелгі, көне + λόγος – сөз, ой, сана, заң) – нақты ес- керткіштер бойынша адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым.

Архитектура (сəулет өнері) (лат. archіtectura құрылысшы) – құрылысты жоба- лау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері.

Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Бірік- кен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция (лат. assimilatio – ұқcасу, сіңісу, сіңу) – саны аз, саяси-əлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нəтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы. Ассимиляция барысында бір халық өзінен үлкен екінші доми- нант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, əдет-ғұрпын, дінін, мəдениетін, өзін- дік сана-сезімін, т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады. Ассимиляция екі жолмен жүреді: күштеу арқылы немесе табиғи жолмен.

Ассоциация (лат. assotiatio біріктіру) – адамдардың қандай да бір нақтылы нə- тижелерге жету мақсатында əртүрлі қауымдастықтарға, одаққа жəне топқа бірігуі əрі олардың тығыз қарым-қатынасының нəтижесі немесе үрдіс.

Атақоныс – ең алдымен жеті аталық рулық-қауымдық территория.

Ата-баба – туыстық-рулық қатынастардың іргелі принциптері мен нормалары бойынша белгілі бір тайпалық құрылымға кіретін жеті аталық рулардың ортақ ата тектерінің атауы.

Атамекен (араб. мəкан – орын, жай) – туған жер, өлке. Түркі қауымына ор- тақ «ата» сөзімен қосылып, əуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мəні кеңейіп, ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақ- тарына мəңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі.

Атау – белгілі бір затты білдіретін, кең ауқымды мағынасында – тек материал- дық объект ретінде ғана емес, біз атай алатын барлық нəрсе ретінде ұғым беретін тіл өрнегі.

Атеизм (франц. atheisme, грек atheon құдайсыздық) – табиғаттан тыс күштер- ге (рухтар, құдайлар, ақыреттік өмір, т.б.) сенуді жоққа шығаратын көзқа- растар жүйесі, бүкіл дін атаулыны бекерге шығару.

Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару ор- гандарының жүйесі. Оған үкімет пен əкімшілік жатады. Парламенттік рес- публикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік солардың бақылауында болады жəне олар- дың алдында есеп береді. Олардың жұмысы заңға негізделіп, заң шеңбе- рінде іс істеуі керек. Əйтпесе парламент үкіметке сенім білдірмеуі мүмкін.

Атрибут (лат. attributio – бір нəрсенің ерекше белгісі, тұрақты қасиеті, заттың бөлінбес бөлшегі) – заттың өзіндік қасиеті, онсыз зат өмір сүріп, мəн-ма- ғынаға ие бола алмайды.

Ауыл – көшпелі жəне жартылай көшпелі адамдардың дəстүрлі қонысы.

Ауыл (деревня) – тарихи түрге жататын ауылшаруашылығының елді мекені, олар белгілі бір жерге иелік етіп жəне оны өңдеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет