Ерік – адамның белгілі бір іс-əрекетті атқаруға деген саналы құлшынысы.
Еріксіз көші-қон – сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937 – 1944 жылдар аралығында Қазақстанға кə- рістер, күрдтер, поляктар, немістер, шешендер, ингуштар, балқарлар жəне басқа халықтар күшпен кешіріліп əкелінді.
Ерікті түрде көшу өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) жəне мемлекет ұйым- дастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың жəне тыңайған жерлерді игеруді, шетелдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.
Ес – өткен өмір туралы түсініктердің белгісін сақтап, керек кезінде жандандыра алатын құбылыс.
Еуроцентризм – ғылым, білім, мəдениет, əдебиет, өнер жəне т.б. нағыз жетіс- тіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дəлелдеуге тырысатын ғылыми тұ- жырым.
– Ж –
Жағдай – заттың өзін қоршаған құбылыстарымен істестігін көрсететін катего- рия, ол зат осы құбылыстарға байланысты ғана өмір сүре алады.
Жалпы адамзаттық құндылықтар – бүкіл адамзаттың рухани тəжірибесінен туған адамгершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.
Жан – адамның, жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің де) бойындағы тірші- лік қуаты туралы түсінік.
Жаппа – төбесі жабық қарапайым баспана түрлерінің жалпылама атауы. Жап- паның күрке, итарқа, ұранқай, шошала деп аталатын түрлері бар.
Жаһандану, ғаламдану, əлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. global – əлем- дік, дүниежүзілік, жалпы) – жаңа жалпыəлемдік саяси, экономикалық, мə- дени жəне ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
Жастық құрылым – халықты балалар (0 – 12 жас), жасөспірімдер (13 – 15), ең- бекке жарамды жастағылар (15 – 60), кəрілер (60 жəне одан жоғары жас- тағылар) деп бөлу.
Жастық-жыныстық пирамида – халықты жасы мен жынысына қарай бөлу көрсеткішін графикалық суреттеу арқылы көрсету.
Жəдігер – ертеден қалған мұра, ескерткіш.
Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дəріптеу. Ол азаматтар- дың демократиялық құқықтары тапталған елдерде дамиды.
Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті (кəсіпорын, тұрғын үй, көлік құралда- ры жəне т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық эконо- микаға өту үшін қажетті шарттың бірі.
Жерсіндіру (акклиматизация) – жаңа климаттық ортаға адам ағзасының бейім- делу үрдісі.
Жоғары білім (higher education) – толық орта білім негізінде жоғары оқу орын- дарында берілетін жəне тиісті дипломмен куəландырылатын маманның кəсіби біліктілік дəрежесі.
Жұмыс күші – ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері.
Жұмыспен қамтылу – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен қам- тамасыз етілу көрсеткіші. Бұл көрсеткіш елдегі мемлекеттік кəсіпорын- дар мен мекемелерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілер- дің‚ ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруалардың‚ фермерлердің‚ елдегі мемлекеттік емес мекемелерде‚ саяси жəне əлеу- меттік ұйымдарда, жеке шаруашылықтар мен қожалықтарда‚ кооператив- терде жұмыс істеушілердің‚ жеке еңбек қызметімен айналысушылардың‚ əртүрлі оқу орындарында өндірістен қол үзіп оқитын жастардың‚ əскери қызметшілердің‚ т.б. жалпы санын сипаттайды.
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайда- лы еңбекпен айналысатын кəсіп таба алмай дағдаратын əлеуметтік-эконо- микалық құбылыс.
Жүйе – өзара қатынастар мен байланыстарда болатын, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы.
Жүйелік əдіс – негізгі міндеті құрылымы күрделі объектілерді – түрлі типтер мен кластар жүйелерін конструкциялау жəне зерттеу əдістерімен шұғыл- данатын ғылымдағы əдістемелік бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: |