Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет80/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Дискриминация (лат. discriminatio – алалау, бөлектеу) – нəсілдік, этникалық, жы- ныстық, жастық жəне басқа да белгілеріне немесе субмəдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі.

Дискурс (лат. discursus – сөз, баяндау, əңгімелесу, сөйлесу) – сөйлесу арқылы берілетін ойдың əлеуметтік астарына талдау беретін ұғым.

Дислокальдық – жұбайлардың бөлек қоныстануы.

Дисперсиялық (лат. dispersion – шашырау) – географиялық объектілердің нақты- лы аумақтағы бытыраңқылығының дəрежесі.

Диспропорция (лат. dis – айыру, ажырату + proportio – пропорция, арақатынас, шамаластық) – жастық құрылымдағы сəйкессіздік. Мысалы, бір мемле- кетте əйелдер санының көп болып ерлер санының аз болуы немесе бала- лар санының көп болып кəрілер санының аз болуы.

Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам.
Догматизм (грек. dogma – пікір, ой) – тексерусіз, зерттеусіз соқыр сенімге ғана сүйенген, дəлелденбеген қағида негізінде теориялық жəне саяси мəселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін абстрактілік ойлау əдісі. Доктрина (лат. doctrina – ілім, ғылым) – іс-əрекет жасауға бағыт беретін нақты- лы нұсқаулар принциптерінің жиынтығы. Саяси доктрина саяси іс-əрекет-

ті ұйымдастыруға жəне саяси құбылыстарды қарастыруға арналған өзара келісілген қағидаттар жиынтығы, бірізділікпен құрылған тұжырымдама болып табылады. Доктрина көбіне билік үшін күрестің, саяси қозғалыс мүшелерінің ықпалдастыру құралына айналады.



Доминанта (лат. dominans – үстем, негізгі, басым идея) – семантикалық тұрғыда неғұрлым қарапайым, стилистикалық тұрғыда бейтарап, синтагматикалық жағынан орнықты, ұқсас немесе жақын мағыналас синоним сөздерді өз айналасына топтайтын сөз.

Дуализм (лат. dualis – екі жақты) – материалдық жəне рухани мəдениетті екі қа- рама-қарсы, бірақ негізі мəдени элементте бір-бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мəдениет дуализмі.

Дүние – жер жүзіндегі, ғарыш кеңістігіндегі барша заттар мен құбылыстар, та- биғат, жаратылыс, тіршілік, өмір, өлім жөніндегі ұғымдар жүйесін қамти- тын категория.

Дүниетаным – адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық нор- маға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі (бастапқы) сенім, қа- лып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.

Дін (араб. – сенім, наным, илану) – дүниетаным, дүниені қабылдау, сондай-ақ Аллаға немесе Жаратушыға сену.

Діни ғимараттар – Құдайға сыйыну жəне түрлі діни дəстүрлер өткізу үшін ар- найы салынған құрылыстар. Діни дəстүрлерге сай əртүрлі көптеген архи- тектуралық-композициялық тəсілдер табиғаттан тыс өңделген жəне адам- зат іс-əрекетінің берілетін амалы, дүниедегі адам өмірін бар, міне, осы арнайы ғимараттарға қолданылады.

– Е –
Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тəуелсіздігі. Мем- лекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекет- тің ішкі жəне сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тəуелсіздігі жəне елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақта- ры болады.



Егін шаруашылығы – ауылшаруашылығының ең басты саласы: техникалық жем-шөптік т.б.

Ел – көне түркі тілінде халық сөзінің синонимі ретінде қолданылған атау.

Еңбек – адамның іс-қимылының негізгі түрі, оның тіршілік ету тəсілі.

Еңбек бөлінісі – əртүрлі жəне бір-бірімен өзара байланыста болатын еңбек түр- лерінің, өндірістік қызметтердің, жалпы істің, сондай-ақ олардың арасын- дағы қоғамдық байланыстардың жиынтығы.
Ереже – белгілі бір заңдылыққа негізделген жазбаша тəртіп, қағида.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет