Девиация (лат. deviatio – ауытқу) – жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқу, яки жеке адамның немесе топтың осы жалпыға ортақ қалыпты нормадан ауытқып, оның жалпы қоғамға немесе белгілі бір топқа жағымсыз əсері болатын əлеуметтік əрекеті.
Деградация (франц. degradation – құлдырау) – бірте-бірте төмендеу, құлдырау; жағымды қасиеттердің төмендеуі немесе жоғалуы.
Дедукция (лат. deductio – сырын ашу) – пайымдау амалдарының жəне зерттеу əдістерінің бірі.
Демагогия – өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уəделер беру, дерек- терді бұрмалау жəне т.т. арқылы əсер ететін саяси əрекеттің түрі. Күн- делікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Демография (грек. demos – халық + grahpo – жазамын) – белгілі бір аймақта- ғы тұрғындар туралы, олардың санын, құрамын, құрылымын, территория бойынша бөлінуін, уақытқа байланысты өзгерістерін зерттейтін ғылым.
Демографиялық болжам – əлемдегі, белгілі бір елдегі, аймақтардағы халықтар- дың санының өсуіне алдын ала 1 – 10 жыл көлеміндегі қысқа мерзімге, бір ғасырлық ұзақ мерзімге есептеу əдісімен болжам жасау.
Демографиялық дағдарыс – белгілі бір аймақта əлеуметтік, экономикалық, та- биғат ықпалдары əсерінен халық ұдайы өсуінің тежелуі.
Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл немесе қарқынды өсуі. Осын- дай дүмпу кезеңінде өлімнің саны азайып, туудың саны көбейеді, ол халық санының жедел өсуіне алып келеді.
Демографиялық көрсеткіштер – халықтың жалпы саны, жынысы, туылу, өлім, жас нəрестелер өлімі коэффициенттері, халықты өндіру коэффициенті бойынша сəйкестігі, миграция көрсеткіштері мен басқаларынан тұрады.
Демографиялық саясат – белгілі бір жоспар бойынша халық санын өсіру неме- се шектету.
Демократия (грек. demos – халық + kratos – билік) – 1) мемлекет түрі; 2) тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты.
Депопуляция (лат. depopulatio – талқандаушылық, тонаушылық, үркіншілік) – демографиялық дағдарыстың көріну түрі, халықтың абсолютті санының өткен санақпен салыстырғанда төмендеуі.
Депортация (лат. deportatio – қуғындау, көшіру) – белгілі бір халықты күштеп көшіру.
Дерекнама – белгілі бір ғылыми зерттеуге негіз болатын жазба дүниелер, ескерт- кіштер.
Десоциализация (лат. de... – болмағандықты, орындатпауды, жоюды көрсететін сүйеу, франц. socialisation – социализация) – жеке тұлғаның қоғаммен байланысының əлсіреуі немесе жоғалуы.
Дефиниция (лат. definitio – анықтау) – ұғымның немесе заттың нақты белгілерін жəне басқадай ерекшеліктерін, мазмұнын логикалық нақты анықтау.
Дешт – сусыз тасты сорлар, малтатас беттері.
Диалектика (грек. dialegomai – пікірталас, əңгімелесу өнері) – табиғаттың, адамзат қоғамының жəне ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заң- дылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына əкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын жəне қа- рама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың əрқа- шан қозғалыста болатын жəне өзгеріп отыратын құбылыстарын танудың ғылыми əдісі.
Диаспора (грек. diaspora – таралу, шашырау, бытырау) – күштеп көшіру арқылы түрлі саяси-əлеуметтік жағдайға душар болған, басқа елдердің ортасына барып паналаған этностардың шашыранды топтары.
Диверсификация (лат. diversi-focato – түрлендіру) – белгілі бір мəселені жан- жақты зерттеу. Зерттеліп отырған мəмілеге бір қырынан ғана емес, оған əсер ететін басқа құбылыстардың да ерекшеліктерін ескере отырып, сан қырынан қарастыруды мойындау.
Достарыңызбен бөлісу: |