Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет86/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-əлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.

Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық жəне рухани қыз- меті процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар.

Қоғамдық пікір – əлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғалар- ға, əлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық са- наның жағдайы.

Қоныстық айналма түрі – құрылыстар айнала орналасқан қоныс типі.

Қоныстың сақиналы түрі – құрылыстар шеңбер бойы орналасқан, құрылыс жоспарының типі.

Қоныстардың сызықтық түрі – құрылыстары бір сызықтың, əдетте, жол неме- се өзен жағасын бойлай орналасқан құрылыс жоспарының типі.
Қоныстың түйдекті түрі – қоныста құрылыстар топтала орналасқан, құрылыс жоспарының типі.

Құбылыс – мəннің əр сəттегі өзгерген белгілі бір түрі, оның басқаша даму не өзгеру формасы.

Құдай – діни ілімдер мен түсініктерде аса құдіретті, табиғаттан тыс, бүкіл əлем- ді жаратушы жəне басқарушы күш.

Құндылық – танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы.

Құран (араб. «əл-Құран» – дауыстап оқу, жатқа айту) – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы.

Құрылым негізгі қаңқалы құрылым, үйдің бағаналы құрылымы, негізі қаң- қадан (көлденең бағаналар мен тігінен орналасқан рамалар) тұратын үй құрылымы, аралары кез келген жеңіл материалмен (тоқыма шарбақ, қыш, шикі кірпіш, сабан) толтырылған.

Қыстау – жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты, белгілі бір жер телімінде қыс бойы қонып отыруға қолайлы қоныс.
– Л –
Левират (лат. levir – қайын аға, қайын іні) – жесір əйелді қайтыс болған ерінің інісіне тұрмысқа шығуға міндеттейтін некелік ғұрып.

Логос (грек. logos – ұғым, ой, сана, ілім ) – көне грек философиясында бəріне ортақ заңдылық, рухани бастау, əлемдік сана.

Локализация (франц. localisation – орналасқан жері) – бір нəрсені нақты бір жер- ге алып бару, құбылыс процестердің таралуын шектеу.

Локомация (лат. locō mōtiō – еркін қимыл) – орын ауыстыру, ауысу.

Люмпен – қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама атауы. Оған қаңғыбас- тар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер жəне т.с.с. жатады.
– М –
Магистрантқа арналған пəннің бағдарламасы (Syllabus) – əрбір сабақтың тақы- рыбы жəне ұзақтылығы көрсетілген əр пəннің оқыту бағдарламасы.

Магистранттардың оқу жетістіктерін бақылау – əртүрлі бақылау тапсырма- ларының (жазбаша жұмыстар, тестілер, практикалық жұмыстар, ауызша сауал жəне т.б.) негізінде нақты пəн бойынша магистранттың білім жетіс- тіктерін тексеру; ол өз кезеңінде ағымдық, аралық жəне қорытынды бақы- лауға бөлінеді.

Магистранттардың өзіндік жұмысы (МӨЖ) – оқу-əдістемелік əдебиеттермен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, реферат- тар, шығармалар мен есептер түрінде бақыланатын өзіндік жұмысқа бе- рілген белгілі бір тақырыптар тізімі бойынша жұмыс.

Магия (лат. magia, грек. mageia сиқыршылық) – белгілі əрекетке жəне сөздерге кереметтей қасиет беріп дəріптеуші ерекше күш.

Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған əрекеттің ой-санадағы көрінісі.
Мал шаруашылығы – ауылшаруашылығының ең басты тармақтарының бірі мал шаруашылығы. Мал шаруашылық өнімнің өндіруіндегі ауылшаруашылық өнімдердің өсірілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет