Маңыз – заттың, бірнəрсенің мəні, мағынасы адамдардың іс-əрекетінде, олар- дың өзара қарым-қатынасы процесінде атқаратын қызметі.
Маргиналдық (лат. marginalis, грек. margo – шекара, шеті) – екі мəдениеттің өз- ара əсері процесіне қатысушы, бірақ екеуінің біріне де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамның немесе топтардың хал-ахуалы, рухани жағдайы.
Материалдық мəдениет – кеңістіктегі белгілі уақытша кезеңнің материалдық дүние объектілері (тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстары, еңбек құ- ралдары, азық-түлік пен ыдыс-аяқ, киім-кешек пен əшекей бұйымдар, транспорт (көлік) т.б.).
Материя (лат. materіa – зат) – адамның сапасынан тыс, тəуелсіз өмір сүретін жəне санада бейнеленетін объективтік шындық.
Маятниктік миграция – халықтың жұмыспен, оқумен немесе демалыспен бай- ланысты өзінің тұрғылықты жерін өзгертпей, екі немесе одан да көп мекен орындарына үздіксіз ауысуы.
Мəдениет (лат. cultura – өсіру, өңдеу) – адамзаттың болмыс пен сананың бар- лық салаларындағы əлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (белгі жүйелерін жəне т.б. жасау) жəне затсыздандыру (мəдени мұраны меңгеру) процестерінің диалектикалық бірлігі болып та- былады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мəндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.
Мəдениеттану – мəдениет туралы ғылым əрі философиялық ілім. Ол жеке пəн ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мəдениеттау пəні жергілікті жəне аймақтық мəдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олар- дың өзара байланыстары мен мəдениеттің басқа түрлерімен сабақтасты- ғын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мə- дени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мəдени қабат – адам іс-əрекетінің, ежелгі ғимараттардың, құрылыс жəне ша- руашылық қоныстары, күлдері, т.б. қалдықтарынан тұратын жердің (ар- хеологиялық) қабаты.
Мəміле – дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.
Мəн – белгілі бір нəрсенің мазмұны, барлық басқа заттармен салыстырылғанда белгілі бір жағдайдың əсерімен өзгеріске ұшыраған қалпы.
Мəңгілік ақиқат – əлемнің өмір сүру уақытының шексіз ұзақтығы, оның шарты
– материяның жаратылмайтындығы мен жойылмайтындығы, оның субс- танциялылығы, əлемнің материалдық бірлігі.
Мəтін – жалпы немесе бір тақырып көлеміндегі біріккен, сабақтастық пен тұ- тастық тəн, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.
Мегаполис (грек. megas – үлкен + polіs – қала) – көршілес агломерациялар са- нының өсуі нəтижесінде құралған, едəуір жаңа мекен орнының формасы. Мемлекет – қоғамды басқарудың, оның экономикалық жəне əлеуметтік құры- лымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі
институты.
Мемлекеттік тіл – көп ұлтты (көп тілді) мемлекетте халықтың ұлттық құра- мына қарамай ісқағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мəдениет, баспасөз бен байланыс (пошта, телеграф, т.б.) орындарында, құ- қық қорғау мен əскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу, т.б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мəртебелі тіл.
Менталитет (лат. menta, ағылш. mentality – оймен, ақылмен, жан құрылымы)
– белгілі бір адамның немесе əлеуметтік топтың əлеуметтік институт, топ туралы, сондай-ақ əлеуметтік ақиқат жөнінде санада қалыптасқан жалпы- лама жəне кеңінен таралған тұрақты бейнесін көрсететін ұғым.
Меншік – қандай да болсын бір объектінің субъектіге иелігі, ондай объект жеке адамдар, олардың топтары, мемлекет, қоғам түрінде болуы мүмкін.
Метафора (грек. metaphora – ауыстыру) – сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, су- реттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау.
Достарыңызбен бөлісу: |