Метафорлық атаулар – рельеф, гидрография жəне басқа да географиялық атау- лардың бөлшектерін (детальдарын) белгілеу үшін сипаттық, өзге тілдік, ауыспалы мағынада қолданылатын атаулар.
Метод (грек methodes – зерттеу не тану жолы, бір нəрсеге жетудің жолы) – мақ- сатқа жетудің тəсілі, белгілі бір түрдегі жүйелі қызмет.
Методология (грек. мethodos – таным жолы + logos – ілім) – 1) белгілі бір ғы- лымда қолданылатын танымдық əдіс-тəсілдердің жиынтығы; 2) таным мен дүниені өзгертуге бағытталған практикалық қызметтерді ұйымдасты- рудың принциптерін, құралдары мен алғышарттарын зерттейтін білімдер саласы.
Мигрант – басқа жерге түпкілікті немесе уақытша қоныс аударған адам.
Миграция (лат. migratio – көші-қон, қоныс аудару) – адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржо- лата қоныс тебу процесі.
Миф (грек. мythos – көне аңыз, əңгіме) – тарихтың ертедегі кезеңдерінде туған хикаялар: олардағы қияли бейнелер (аңызға айналған батырлар, оқиғалар жəне т.с.с.) табиғат пен қоғамның түрліше құбылыстарын жалпылай тү- сіндіруге əрекет жасаудан келіп туған.
Мифология (грек. мythos – аңыз + logos – ілім) – алғашқы санадағы шындықтың ерте дүниедегі халықтық ауызекі творчествоға тəн қиялы түрінде бейне- леуі.
Міндетті компонент (Core Subjects) – оқу бағдарламасы бойынша магистрант- тардың міндетті түрде оқитын пəндері.
Мобильдік (лат. mobilis – қозғалмалы, өзгеріс) – қоғамдағы əлеуметтік топтар- дың өзгермелілігін білдіретін ұғым.
Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, əдіс-тəсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалар- дың өзгеруі.
Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру) – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік фактор- лардың əсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың ке- шенді жүйесі.
Мораль (лат. moralіs – əдет-ғұрып) – қоғамдық сананың бір формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функция- сын атқаратын əлеуметтік институт.
Мұрағаттану (архивоведение) – еңбекті ғылыми ұйымдастыру жəне мұрағат қызметінің экономикасының тəжірибесін тарихты жəне ұйымды, теорияны жəне құжаттарды есепке алудың сипаттамасын сақтауын қамтамасыз ете- тін, мұрағат жұмысын үйрететін кешенді пəн. Мемлекеттік құқықты тарих- ты ұйымдастыру тəжірибенің мерзімінде пайда болып тарихи заттарды құ- растырады. Соңынан тарихи ғылымның қосымша бөліміне айналды.
Мүмкіндік – құбылыстардың өріс алуының объективті бағыттарын, олардың пайда болуына қолайлы жағдайларды айқындайтын категория.
Мінез – адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты, өмір жағдайларына сəйкес жəне солардың ықпалымен байқалып отыратын оның тұрақты пси- хикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.
– Н –
Нақтылық – көпжақтылық, күрделілік, дамығандық, тұтастық.
Наным – субъектінің жағдайы, ол жеке адамның рухани дүниесімен тығыз бай- ланысты болады, идеяларда бейнеленетін, объект туралы белгілі бір ақпа- рат хабарының негізінде пайда болады, басқа да сезімдермен қатар наным сезімімен қосарласып, адам қызметінің мотиві, стимулы, мақсаты жəне бағдары болып табылады.
Нəсіл – шығу тегіне жəне əртүрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене құрылысына, терісіне, көзінің түсіне жəне т.с.с.) байланысты бірлескен адамдар тобы.
Негіз – белгілі бір құбылыстың, нəтиженің өмір сүруіне жəне оны айқындауға алғышарт жасайтын қажетті жағдай.
Неке – əйел мен ер кісі арасында жəне балаларға, сондай-ақ қоғамға қатысты құ- қықтары мен міндеттерін айқындайтын тарихи қалыптасқан, реттелінген қарым-қатынастың түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |