Қазіргі қазақстандағы этникалық ЖƏне этномəдени



бет85/103
Дата03.01.2022
өлшемі0.51 Mb.
#451268
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103
Калыш А. Қаз. этномәдени процестер (1)

Космогония (грек. kosmos – ғарыш жəне gonea – туу, шығару, ұрпақ) – аспан де- нелері жəне олардың жүйесінің пайда болуы мен дамуын зерттейтін аст- рономияның саласы.

Космонимия (грек. kosmos – ғарыш) – аспан объектілерінің атаулары.

Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағ- дайдың əсер етуімен белгілі бір əлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.

Көшпелілік (номадизм) – отырықшылық шаруашылыққа тəн емес, қозғалма- лы мəдени-шаруашылықтық типке жататын шаруашылық жəне өмір сүру формасы. Тар мағынада көшпелілік ұғымы көшпелі жəне жартылай көш- пелі мал шаруашылығымен айналысатындардың мəдени-шаруашылық- тық типіне жəне тип тармағына жатады.

Көші-қон – 1) кең мағынада халықтың белгілі бір территория шекарасынан тыс жерге, қанша уақытқа жəне қандай мақсатпен екендігінен тəуелсіз, кез келген орын алмастыруы деп түсіндіріледі; 2) тар мағынада тұрақты ме- кен ету орнын өзгертуге байланысты орын ауыстыру.

Көші-қон сальдосы (итал. caldo қалдық) – көшіп келгендер мен көшіп кеткен- дердің арақатынасындағы халықтың механикалық өсімін анықтайтын ұғым.

Көші-қон (уақытша, маусымдық) – бұл үздіксіз мекен ету орнын ұзақ уақытқа жəне уақытша өзгертуге байланысты сапарлар.

Кредит (Credit, credit-hour) – тыңдаушының, оқытушының оқу жұмысы көлемі- нің өлшем бірлігі. Бір кредит академиялық кезең жұмысындағы тыңдау- шының апталық аудиториялық жұмысының академиялық сағатына тəн.

Критерий (грек. kriterion – өлшем) – орындалуы қандай да бір заңның немесе тəсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт.

Кросс-мəдени психология (ағылш. cross – қиылыс, қоспа, салыстыру) – əртүрлі мəдени жəне этностық топқа жататын индивидтердің психологиясында-
ғы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды зерттеу; психологиялық өзгешелік- тердің əлеуметтік-мəдени, экологиялық жəне биологиялық ерекшеліктермен байланысын, сондай-ақ бұл өзгешеліктердің қазіргі өзгерістерін зерттеу.

Культ, ғибадат (лат. сultus – күтім, құрметтеу) – ерекше тылсым күшке сену ба- ғытында жасалатын қимыл, əдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығы.

Кіші қала – мемлекет заңына сəйкес халқының саны белгілі мөлшерден аз болып келетін қалалар категориясына жатқызылған тұрғылықты мекен орны.
– Қ –
Қабілет – адам психикасының өмір сүруінің ішкі шарттары мен тəсілдері.

Қайшылық – қандай да болсын дамудың, қозғалыстың ішкі көзін көрсететін ка- тегория.

Қала – мемлекеттік заңмен белгіленіп қала категориясына жатқызылатын елді мекен.

Қала халқы – қалада өмір сүретін тұрғын халықтар.

Қалалық ауылдар – нақтылы көп халықты көбіне ауылшаруашылығы емес функциялар орындайтын ерекше тұрғылықты орындар.

Қанағат барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нəпсіге ермеу.

Қарама-қарсылық – қайшылықтың даму сатыларының бірін білдіретін категория.

Қасиетті барлық аса киелі құндылыққа, мінəжатқа жататын нəрселер.

Қауым – 1) рулық-туыстық байланыстар негізінде пайда болған əлеуметтік ұйымдастық. Ол ортақ мүдделер, ортақ құқықтар мен міндеттері біріктір- ген əрі бірыңғай заңдарға бағынатын адамдардан құралады. Рулық, отба- сылық, көршілік болып жіктеледі: 2) белгілі бір қажеттіліктерді қанағат- тандыру мақсатымен орындалатын іс-əрекеттер негізінде пайда болатын адамдардың күнделікті өмірінің əлеуметтік ұйымдастырылу түрі.

Қауымдастық (лат. associatio – құрама) – бірлестік, одақ; ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін (мысалы, пайда үлесін, салынған капиталға дивиденд алу үшін), сондай-ақ саяси, ғылыми, мəдени немесе өзгедей мақсаттар- ға жету үшін ұйымдардың (кəсіпорындардың, мекемелердің) немесе жеке тұлғалардың шарт негізінде бірігуі; нақты шекаралар, тұрғылықты жер- лер немесе территориялар ішінде əрекет ететін əлеуметтік байланыстар жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет