Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-əлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.
Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық жəне рухани қыз- меті процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар.
Қоғамдық пікір – əлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғалар- ға, əлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық са- наның жағдайы.
Қоныстық айналма түрі – құрылыстар айнала орналасқан қоныс типі.
Қоныстың сақиналы түрі – құрылыстар шеңбер бойы орналасқан, құрылыс жоспарының типі.
Қоныстардың сызықтық түрі – құрылыстары бір сызықтың, əдетте, жол неме- се өзен жағасын бойлай орналасқан құрылыс жоспарының типі.
Қоныстың түйдекті түрі – қоныста құрылыстар топтала орналасқан, құрылыс жоспарының типі.
Құбылыс – мəннің əр сəттегі өзгерген белгілі бір түрі, оның басқаша даму не өзгеру формасы.
Құдай – діни ілімдер мен түсініктерде аса құдіретті, табиғаттан тыс, бүкіл əлем- ді жаратушы жəне басқарушы күш.
Құндылық – танымның, белгілі бір объектінің адам үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы.
Құран (араб. «əл-Құран» – дауыстап оқу, жатқа айту) – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы.
Құрылым – негізгі қаңқалы құрылым, үйдің бағаналы құрылымы, негізі қаң- қадан (көлденең бағаналар мен тігінен орналасқан рамалар) тұратын үй құрылымы, аралары кез келген жеңіл материалмен (тоқыма шарбақ, қыш, шикі кірпіш, сабан) толтырылған.
Қыстау – жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты, белгілі бір жер телімінде қыс бойы қонып отыруға қолайлы қоныс.
– Л –
Левират (лат. levir – қайын аға, қайын іні) – жесір əйелді қайтыс болған ерінің інісіне тұрмысқа шығуға міндеттейтін некелік ғұрып.
Логос (грек. logos – ұғым, ой, сана, ілім ) – көне грек философиясында бəріне ортақ заңдылық, рухани бастау, əлемдік сана.
Локализация (франц. localisation – орналасқан жері) – бір нəрсені нақты бір жер- ге алып бару, құбылыс процестердің таралуын шектеу.
Локомация (лат. locō mōtiō – еркін қимыл) – орын ауыстыру, ауысу.
Люмпен – қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама атауы. Оған қаңғыбас- тар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер жəне т.с.с. жатады.
– М –
Магистрантқа арналған пəннің бағдарламасы (Syllabus) – əрбір сабақтың тақы- рыбы жəне ұзақтылығы көрсетілген əр пəннің оқыту бағдарламасы.
Магистранттардың оқу жетістіктерін бақылау – əртүрлі бақылау тапсырма- ларының (жазбаша жұмыстар, тестілер, практикалық жұмыстар, ауызша сауал жəне т.б.) негізінде нақты пəн бойынша магистранттың білім жетіс- тіктерін тексеру; ол өз кезеңінде ағымдық, аралық жəне қорытынды бақы- лауға бөлінеді.
Магистранттардың өзіндік жұмысы (МӨЖ) – оқу-əдістемелік əдебиеттермен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, реферат- тар, шығармалар мен есептер түрінде бақыланатын өзіндік жұмысқа бе- рілген белгілі бір тақырыптар тізімі бойынша жұмыс.
Магия (лат. magia, грек. mageia – сиқыршылық) – белгілі əрекетке жəне сөздерге кереметтей қасиет беріп дəріптеуші ерекше күш.
Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған əрекеттің ой-санадағы көрінісі.
Мал шаруашылығы – ауылшаруашылығының ең басты тармақтарының бірі мал шаруашылығы. Мал шаруашылық өнімнің өндіруіндегі ауылшаруашылық өнімдердің өсірілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |