Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әр бір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-ға дейтін төрт буынды сөздің
1-буыны (ат) –түбір, 2-буыны (ты) – сын есім тудыратын жұрнақ,
3-буыны (лар) – көптік жалғау, ал 4-буыны – (ға) – септік жалғауы.
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Буынның жуан, жіңішкелілігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
Қазақ тілінің төл сөздері де, буындары да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы. Сондықтан байырғы сөздерді Смайл, Сқақ, Рза, Реалды түрінді жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы.
Бас (бірінші) буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Мырзабеков екіге бөледі. Ал І.Кеңесбаев үшке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді. Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, бітеу буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді.Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады.
Ашық буын жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Дыбыстық құрамы:
А: а-на, ә-же, е-не, ы-ды-сы;
ВА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, да-ла;
Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын.
Дыбыстық құрамы:
Достарыңызбен бөлісу: |