Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет120/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   217
философия хасанов

«Капитал», 
«1844 
жылғы 
экономикалық-философиялық 
қолжазбалар», «Неміс идеологиясы», «Саяси экономияға сын» деп 
аталатын еңбектерінде қоғамның дамуының объективтік заңдары 
болатындығы және оның дамуы табиғи жолмен – бір формациядан екіншіге 
(сатыға) ӛтуі арқылы жүзеге асып отыратыны айтылады. Мұндай дамуға 
материалдық игіліктерді ӛндіру әдістерінің қалыптасуы, дамуы және ауысып 
отыруы негіз болады. Осылайша, Маркс дерексіздікке, терең пайымдауларға 
негізделген осыған дейінгі философиялық зерттеулердің бағытын ендігі 
жерде адамдардың материалдық-практикалық қызметіне қарай бұрды. 
Сӛйтіп, адамзат қоғамы мен тарихындағы практиканың рӛлі және оның 
маңызы анықталды.
Маркс ертеректе жазылған еңбектерінің ӛзінде теориялық ойдың
соның ішінде философияның тек түсіндірушілік қана емес, ӛзгерте алатын 
қызметі туралы да жазған болатын. Ендігі жерде ол бұл қызметті теорияның 
практикаға қызмет етуі, ал практиканың теорияны анықтайтын 
қызметімен байланыстырды. «Философтар ӛмірді түрлі жолдармен түсіндіріп 
келді, бірақ мәселе оны түсіндіруде емес – ӛзгертуде» деді. Теория мен 
практиканың бірлігі тұжырымдамасы жеке меншіктің үстемдігіне, қалың 
бұқараны ӛз еркіне бағындыруға және оларға зорлық-зомбылық кӛрсетуге 
құрылған капиталистік қоғамды коммунистік қоғамға ӛзгерту туралы 
маркстік ілімге негіз болып қаланды.


Марксизмнің классиктері практиканы әр қырынан түсіндіреді: практика 
заттарға бағытталған әрекет; практика – табиғат пен қоғамды ӛзгертуге 
бағытталған адамдардың әрекеті; практика – адамдардың қоғамдық-тарихи 
қызметі; практика – адамзаттың тіршілік ету әрекетін бейнелейді.
Ӛзінің еңбектерінде олар диалектиканың жолын ұстанатындықтарын
алайда ол диалектика Гегельдің (идеалистік) түсіндіруінен ӛзгеше екенін 
әлденеше рет айтқан болатын. Олардың диалектикасы Энгельстің бейнелі 
тілімен жеткізер болсақ, «баста орналасқан». Марксизмнің негізін салушылар 
диалектиканың тарихи жаңа формасын – материалистік диалектиканы 
ұсынады. Олардың ойынша, барлық нәрсенің негізінде материалдық болмыс 
жатыр: «Сананы болмыс анықтайды». Маркс ӛзінің «Капиталында» 
диалектиканың мәні адамзат тарихы мен капиталистік қоғам заңдарын 
танудың теориясы мен әдістемесі бола алуында деп кӛрсетеді. Бұл заңдарды 
ол абстрактылықтан нақтылыққа ӛту, тарихилық пен логикалықтың бірлігі 
әдістеріне сүйене отырып зерттейді. Маркстің ойынша, материалдық 
игіліктерді ӛндірудің әдістері қоғамдық ӛмірдің негізін құрайды. Ол оны 
ӛндірістік күштер мен ӛндірістік қатынастарға бӛледі. Ӛндірістік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет