Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


қатынастар (яғни материалдық игіліктерді ӛндіру барысында қалыптасатын  адамдардың арасындағы қатынас) қоғамның материалдық базисін



Pdf көрінісі
бет121/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   217
философия хасанов

қатынастар (яғни материалдық игіліктерді ӛндіру барысында қалыптасатын 
адамдардың арасындағы қатынас) қоғамның материалдық базисін құрайды, 
ал ғылым, мәдениет, ӛнер, саясат, құқық, мораль, философия, дін сияқты 
қоғамдық сананың түрлері осыған «қондырылады».
Маркс адамзат қоғамының тарихы – бірін-бірі алмастырып отыратын 
қоғамдық-экономикалық формациялардың тізбегі және онда материалдық 
игіліктерді ӛндірудің әдістері ең басты рӛлді атқарады деген тұжырымды 
ұстанды. Ол екеуден беске дейін жалғасатын формацияның түрлерін 
анықтады: алғашқы қауымдық құрылыс; құл иеленушілік құрылыс; 
феодалдық құрылыс; капиталистік құрылыс; коммунистік (социалистік) 
құрылыс.
Ф. Энгельстің «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» атты 
еңбектерінде диалектиканың басты заңдары беріледі: 1) қарама-
қайшылықтардың күресі мен бірлігі заңы (диалектикалық қайшылықтардың 
заңы); санның сапаға және сапаның санға айналу заңы (сандық ӛзгерістердің 
сапаға айналу заңы); 3) терісті теріске шығару заңы.
Үшінші кезең маркстік философияның түрлі ұлттық мәдениеттерге 
таралуымен ерекшеленеді. Ресейде ол Г.В. Плеханов пен В.И. Лениннің, 
Германияда – Ф.Меринг пен К. Каутскийдің, Италияда – А. Лабриола мен А. 
Грамшидің шығармашылығы арқылы танылды.
Ресей марксизміне тән басты ерекшелік – ол қоғамдық-саяси 
құрылысты практикалық тұрғыдан ӛзгертуге бағытталды. Орыстың ең 
бірінші марксисі Г.В. Плеханов (1856-1918жж.) болды. «Тарихқа монистік 
кӛзқарастың дамуы мәселесі», «Материализм тарихы бойынша очерк», 
«Марксизмнің негізгі мәселелері», «Тұлғаның тарихтағы рӛлі» деп 
аталатын еңбектерінде ол марксизмнің философиялық және әлеуметтік 
негіздерін айқындайды.
Плехановша, марксизм бұл – ӛмірге деген тұтас кӛзқарас, 


материализмнің ең жоғары әрі заманауи формасы. Ол тек тарихи 
материализм мен саяси экономияны емес, диалектика мен таным теориясы 
мәселелерін де қамтиды.
Материалистік диалектиканы қолдана отырып, ол қоғамның дамуы ішкі 
қайшылықтардың күресі нәтижесінде дамиды деген тұжырым жасайды. Осы 
қайшылықтарды шешудің әдісі ретінде революцияны «қоғамдық ӛмірдің 
ажырамас заңдылығы» және оның мәні «сандық ӛзгерістерді сапаға 
айналдыруында» деді. Бұл тұстағы маркстік теория сол кездегі құрылысты 
құлатуға бағытталған болатын, сол себепті де оған қарапайымдылық, 
аңғырттық тән еді. Дегенмен, ол Қазан революциясына сынмен қарады. 
Плеханов социалистік революция тек экономикалық жағынан жоғары 
дамыған елдерде басталуы мүмкін, себебі ӛндіріс пен әлеуметтік ӛмірдегі 
ішкі қайшылықтардың пісіп жетілуі сол кезде ғана мүмкін деп ойлады. Ал 
Қазан революциясы «тарихтың заңдарын бұзады» деп есептеді.
Алғашқы 
марксистің 
философиялық 
кӛзқарастарында 
тарихи 
материализм мәселелері де басты орында тұрды. Тарихты материалистік 
тұрғыдан емес, әрі монистік тұрғыдан да түсіндіруді жақтаушылардың бірі 
бола отырып, ол Маркстің экономикалық қатынастардың маңыздылығы 
турасындағы ойларын географиялық детерменизмнің ықпалымен түзетуге, 
«жӛндеуге» тырысты. Ол экономикалық ӛмірді анықтауда географиялық орта 
шешуші рӛл атқаратынын дәлелдеуге тырысты. Плехановтың кӛзқарасы 
бойынша, географиялық орта ӛндіріс күштерінің сипатын белгілеп, 
қондырғының дамуына қажетті объективті алғышарттарды қалыптастырады.
Тарихты жасайтын қалың бұқара, оған жеке тұлғалардың қыңырлығы 
мен бассыздығы әсер етпейді, ол тарихтың заңдарына негізделеді деп 
пайымдады. Солай бола тұра, Плеханов ХІХ ғасырдағы әлеуметтік 
теорияларында үстем болып келген «инертті тобыр», «алып батыр» туралы 
субъективтік-идеалистік теорияларды мойындамайды. Ұлы адамдардың рӛлі, 
оның ойынша, қоғамдық жаңа қажеттіліктерді бәрінен бұрын түсініп, 
қоғамдық қатынастарды ӛзгертуді басқаларға қарағанда қатты тілейтінімен 
ғана шектеледі.
Маркстік философияның дамуының жаңа кезеңі В.И.Лениннің (1870-
1924 жж.) шығармашылық қызметімен байланысты. Оның негізгі 
философиялық еңбектері «Халықтың достары» деген не және олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет