Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Т. Кампанелланың саяси утопиясы



Pdf көрінісі
бет88/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   217
философия хасанов

Т. Кампанелланың саяси утопиясы 
  
Қайта ӛрлеу дәуірінде саяси және әлеуметтік мәселелер бірінші орынға 
шықты. Мемлекеттер арасындағы соғыстар мен шекаралық мәселелердің 
кесірінен еуропа елдерінің орталықтандырылуға ұмтылыстары арта түсті. 
Ішкі талас-тартыстан шаршаған халық мемлекеттің тұрақтылығы мен 
бірлігіне мұқтаж болды. Елді біріктіруші күш тек кӛзі ашық саяси билікте 
еді. Сондықтан еуропа елдерінің саяси шешімдері елді канондар мен 
ортағасырлық теологиялық реттеулерден автономды түрде діни және әдет 
философиясынан құтылуға ұмтылдырды.
Никколо ди Бернардо Макиавелли (1469-1527 жж.) – Флоренцияның 
алғашқы мемлекеттік қайраткері, мемлекеттік мәселелерге теологиялық емес, 
қарапайым халықтың кӛзімен қарап, қорытынды шығарған тарихшы, 
әлеуметтанушы 
(Ф. 
Энгельс). 
«Басқарушы», 
«Флоренциялық 
жылнамалар» трактатында мемлекеттің және құқықтың антиклерикалық 
тұжырымдамаларын қозғаған. Жиі кездесетіндей, оның кӛзі тірісінде 
еңбектері ақталмай, 1513-1515 жж. жазылған «Патша» еңбегі тек ол қайтыс 
болғаннан кейін ғана басылып шыққан болатын.


Макиавелли автономды мемлекеттің қайраткерлік қызметін саяси 
кӛзқараспен түсіндірді. Бұл тіл табысушылықты ол «саяси реализм» деп 
атады. «Патша» еңбегінде қолданған «мақсат нәрсені ақтайды» деген тезисі 
шынымен де иезуит Эскобардыкі және оның ұраны екен. Макиавелли бұл 
тәсілді саясатта қолдану керек, идеалдың бір түрі деп қарау керек дейді. 
Оның баға жетпес еңбегі деп мемлекеттік құрал ретінде керемет мифте 
саясатты қолжетімсіз анализге айналдыра отырып, оны ғылыми дәрежеге 
кӛтеруі. 
Адал, үлгілі басқарушының қасиеттерін қарастыра отырып, 
Макиавелли тарихта алғаш рет мемлекеттің экономикасын ең маңызды 
фактор деп тапты. Қарапайымдылықты адамның арқауы деп тауып, салықты 
ауқымды мемлекет кӛтере алмайды дейді. Макиавелли патшаны адал
ақкӛңіл бола алмайды, болса тек бӛтендердің тарапынан болады деп 
пайымдайды. Мемлекеттік мәселелерді шешуге келгенде басқарушы 
арыстандай ер жүрек, түлкідей қу болуы керек дейді: «аңдардың ішінен 
патша екі жануарға ұқсап бақсын: арыстан, түлкі». 
Макиавелли бірнеше жылдар бойы шешімі таба алмай жүрген 
саясаттың адамгершілікпен жібін үзді. Оның ойынша, саясатты ғылыми 
зерттеу абстрактылы морализациядан босатылуы қажет. Осы орайда, Ф. 
Бэкон: «Макиавеллиге айтар алғысымыз шексіз, себебі ол адамдардың іс-
әрекеттерін ашық та тура жеткізді» дейді. Флоренциялық дипломат, ойшыл 
саясатты әлемтануда адамның сенім символы деп қарады. 
Макиавелли «Күш моралы» трактаттарында патша құқығын жиі еске 
алып, саясаттың арсыз және әділетсіз тұстарын талқыға салған. Бірақ, ол 
Италияда болған жағдайды тек басшылыққа жүргізілген үздіксіз тәжрибе 
ғана шеше алады деп ойлаған. Сәттілік қалай болғанда да керек еді. Мораль 
мен адамгершілік «ертең қайтып келеді». Италия шыдады және «қалпына 
келді». Бірақ, «ертең» олар үшін неге екені болмай-ақ қойды. Макиавелли 
құрған саяси адамгершілік ӛз отанына – Черазе Борджиа мен Муссолиниден 
бастап қазіргі күнге дейін қызмет етуде. Бірақ, «күш моралы» жақсылыққа 
әкелер ме екен? 
Макиавелли ақылды басшы тұрғанда алып мемлекет құруға болады деп 
сенді. Мемлекеттің тарихи процесінің қалыптасуына жеке тұлғалар, яғни ұлы 
адамдар әсер етеді. Ол адамдарда ӛздеріне кӛңіл аудартушы күш бар. 
Олардың артықшылықтарының сыры ӛз дәуірінің қажеттілігін ӛзгеден жақсы 
әрі тез түсініп, оны шеше біледі. 
Ӛзінің қарама-қайшылықтағы дәуірін ұсынушы ретінде Макиавелли 
адамдардың 
сатқындығын 
мемлекеттік 
қызығушылықтармен 
байланыстырады. Адамгершіліктің және діни қағидалардың нығаюында 
мемлекеттік биліктің орны жоқ. 
Макиавеллидің еңбектерімен танысқан адамдарда оны қатыгез, есепшіл 
адам деген пікір қалыптасу мүмкін. Шын мәнінде, Макиавелли мемлекеттік 
құрылғылардың құрбанына айналып, оны ӛзгерткісі келген. Ол бай адам емес 
еді, басқа ойшылдар сияқты оның билік титулы жоқ, мемлекеттік элитаға тән 
емес адам болатын. Ӛз зерттеулерінің қабылданбай қалғандығынан 


Макиавелли жұмысынан айырылып, ӛмір сүру үшін қала шетіндегі ауылға 
қоныстанған. Оған ауылдың қарапайым кӛрші-фермерлері кӛмектесіп, 
тамақтандырып жүрген. Ӛз нанын күні бойы сабақ беру үшін бірнеше 
километр жаяу жүріп тапқан. Осындай жағдайларда оның әйгілі трактаттары 
жазылған болатын. Макиавелли мәселелердің ішкі жағдайын жақсы білетін, 
бірақ іштей ӛткізіп барып саралайтын. Зерттеушінің қойған диагнозы дұрыс 
қойылып, мемлекетті шын мәнінде құтқару керек еді. 
Макиавелизм – соңғы Қайта ӛрлеу дәуірінің «таңғажайып» пен 
«сұмдықтың» арасындағы капитализмді танытушы ӛтпелі кезеңі. «Патша» 
авторының мақсаты гуманды еді, бірақ адами емес. Осыдан ренесанстың 
екіжақтылығы байқалады. Осы заманның ӛкілдері еркін түрде жақсылық пен 
жамандықтың ерекшеліктерін түсіндіре алмады, себебі жанында Құдайға 
сенім жоқ еді. Адамзат тарихының ең басты трагедиясы осы тақырыптың 
аясында болды. Б.Г. Кузнецованың айтуы бойынша: «Қайта ӛрлеу локальды 
құндылық, қазіргі құндылық болып табылады». 
«Утопия» еңбегінің авторы, саяси утопияның негізін қалаушы, 
флоренциялық гуманизмді дамытқан ағылшындық – Томас Мор (1479-1555 
жж.). Еркіндіктің гуманистік бағытын жандандыру үшін Мор ӛз ӛмірін қиды. 
VIII Генрих басқарған кезеңде қызметте болған Мор ӛлім жазасына кесілді. 
Басында бұл шығарма «Алтын кітап» деп аталған. «Утопия» сӛзі грек 
тілінен «еш жерде жоқ, жансыз» деп аударылады. Қоғамдық ой-сананың 
идеалдары, гуманистік идеал, адамгершілік туралы және адамдардың 
еркіндігі туралы кӛптеген идеялар айтылған Мордың «Утопия» еңбегі 
Платонның «Саясат» еңбегімен тығыз байланысты. Жеке меншіктікті – ӛз 
кітабында ол саяси мәселлердің капиталы деп табады. Утопияда бұл мәселені 
үлгі ретінде алады. 
Мордың мақсаты – гуманды тұлға қалыптастыру мен оны қоғаммен 
байланыстыру. Бірақ тарих бәрін ӛз орнына қойып, ӛмірмен 
байланыстырылған құрылым «ойдан табылған болшаққа» кедергі келтіреді. 
Шынайы ӛмірге араласу философияның міндетіне жатпайды. «Минераваның 
үкісі түнде жорыққа ұшпайды», ол күндізгі іс-әрекетіне есеп беріп, таңды 
тезірек атыруға асығады. Утопия: біздің іс-әрекетімізге мән беру үшін керек 
бірақ, онымен ӛмірді шектеуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет