Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Дамаскин О. В. Коррупция: состояние, причины, противодействие. – М., 
2009. – 304 с. 
2. Добреньков В. И., Исправников Н. Р. Коррупция: современные подходы 
к исследованию. – М., 2009. – 207 с. 
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 
Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. 
ӘОЖ 323/324(075) 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ 
Жұмабаева А., студент 
Ғылыми жетекшісі: Өтебалиева Қ.Е. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
Аңдатпа. Мақалада алдымен қоғамдық бақылау ұғымына жалпы түрде түсінік 
беріледі, қоғамдық бақылу кезеңдеріне сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты 
қоғамдық бақылаудың институттары жайлы жалпы түрде түсінік беріледі. 
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, қоғамдық бақылау, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы ісқимыл, қоғамдық бақылау тетігі. 
Сыбайлас жемқорлықтың етек алуы елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-
экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады. Сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл бойынша нығайту шараларын ойдағыдай жүргізу қызметі одан әрі 
жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық 
қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес. Барлық қолжетімді құралдарды 
қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру 
жұмыстарын қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат 
құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-
жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалаушы құжат – 
БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-
бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді 
құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды [1].


38 
Азаматтық қатысу деп азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының олар 
тұратын мемлекет пен жергілікті қоғамды басқаруға қатысуы түсініледі. Азаматтық 
қатысу нысандары азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының мемлекеттік 
органдар шешімдерінің дайындалуына, қабылдануына және бақылауына қатысуы 
болуы мүмкін. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлықты кәсіпкерлік 
құрылым ретінде таратуы жағдайында олар өздерінің қызметін бақылай алмайды, 
шешім қабылдай алмайды. Тек қана азаматтардың, азаматтық қоғамның мемлекеттік 
органдар қызметіне белсенді және тұрақты қатысуы өз қызметінде сыбайлас 
жемқорлық тәжірибесін қолданудан біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді.
«Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдаланылады, 
нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми және тәжірибелік қызметте 
«бақылау» термині өте жиі қолданылады. Ғалымдар оған әртүрлі: құрал, фактор, нысан, 
элемент, функция, қызмет, жүйе, шарт, реттегіш, кепілгер, құбылыс, институт және әдіс 
ретінде түсінік береді. Қоғамдық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге 
асыратын бақылау мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды білдіреді. Қоғамдық 
қатысу идеясы қоғамдық істерді басқару процесіне басқарушыларды тартуды немесе 
қосуды болжайды. Қоғамдық бақылау «мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды 
қоса алғанда, олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық 
институттар қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы 
болып табылады [2].
Жалпы қоғамдық бақылау қоғамның негізгі функцияларының бірін білдіреді, 
оның субъектілері азаматтар мен олардың бірлестіктері, сондай-ақ негізгі объектілері – 
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғалары болып табылады.
Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдар мен азаматтардың коммуникациялары 
саласында жария саясатта азаматтардың тікелей қатысуын, азаматтардың әлеуметтік 
белсенділігінің нысаны ретінде қатысады. Бұл ретте қоғамдық бақылау проблемаларды 
анықтауды және оны шешу үшін ресурстар қалыптастыруды талап етеді.
Мемлекеттік органдар жұмысын қоғамдық бақылау демократияның базалық 
элементі болып табылады. Қоғам мемлекетке өкілеттіктер мен ресурстар бере отырып, 
олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін барлық негіздерге ие.
Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз міндеттерін 
орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын қадағалауы [3].
Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен бастамалық 
топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты тоқтату және 
оған жол бермеу мақсатында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің 
мекемелер мен мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында
меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы.
Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
– қоғамның жетілуі;
– тәуелсіздік;
– адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің 
жариялығы мен ашықтығы;
– мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік қатынастар.
Қоғамдық бақылау:
1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін бірыңғай 
басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген институттарын басқару 
нысандары ретінде болады;
2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету және осы 
мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі құралдарын білдіреді;


39 
3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру мен 
біріктіру әдісі болып табылады;
4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап құқық 
бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер етуі мүмкін құқықтық 
жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық жауапкершілікке тарту тетігін 
әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік нормаларды орындаудың кепілі ретінде болады;
5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан жақты 
ажырамас өкілеттігі болып табылады [4].
Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылау 
тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау 
жүйесін қалыптастыру жүргізілуде, қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік 
құқықтық базаны қалыптастыруға талпыныстар жасалуда.
Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық қоғам мен 
мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу қажет.
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы 
азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасуының негізгі нысандары 
мыналар болып табылады:
– мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау;
– қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы;
– азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы;
– мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және сараптамалық 
органдарды құру.
Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау, жариялылық, 
міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық мүдделерді қорғауға ат 
салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық бақылау органдарын заңды деп тануы 
қағидаттарында құру ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары
Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары мыналар 
болып табылады:
– қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және кәсіби 
топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік биліктің заңнамалық 
(өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия сайлауларының сайланушылары 
атқарушы биліктің саяси бағыттылығын негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың 
сенімін ақтамаған партияларға сенім білдіруден бас тартады;
– ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби одақтар; 
– мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту үшін 
құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы бірлестіктер;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметін 
қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер;
– сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау заңнамасын 
сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар.
Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін азаматтық 
қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды – ҮЕҰ) дамыту және сол арқылы 
олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін күшейту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін шешімді мәселелер 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және азаматтық 
құралымдарды дамытуға, осы процеске ҮЕҰ және барлық деңгейдегі мемлекеттік 
органдар өкілдерін тартуға ие болады. 
Қоғамдық бақылау кезеңдері


40 
1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері 
мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын, 
осындай органдар мен адамдар қызметі туралы жеткілікті толық және дұрыс 
ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдері мен 
әрекеттерінің азаматтар үшін айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет.
2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері 
мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың осы кезеңін іске асырудың 
мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер мен құжаттардың талдауын жасауда 
болады. Қоғамдық сараптама қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін 
кезеңі болып табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық 
ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді. 
3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға жариялы түрде 
ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында мүдделер теңгерімін 
қамтамасыз ету. 
Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды 
кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 ж.), «Мемлекеттік 
қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), 
«Қоғамдық бақылау туралы» (2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру 
болды. [5] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет