Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет10/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

 
ЛИТЕРАТУРА 
 

Назарбаев Н.А. Послание Президента РК - Лидера Нации народу 
Казахстана. Стратегия Казахстан-2050: новый политический курс состоявшегося 
государства // Казахстанская правда. — 2012. — 14 дек. 

Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 годы. 
Указ Президента Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 986 // [ЭР]. Режим 
доступа:http://adilet.zan.kz/ 

Кузьминов Я.И. Механизм коррупции и особенности его проявления в 
государственном аппарате // Административное право: теория и практика. М., 2002. С. 
23. 

Закон РК "О противодействии коррупции". Алматы, 2017 


31 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ
 
Жайылханов А.Н., студент
Ғылыми жетекшісі: Усенбаева А.У.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін 
қауіптілігі, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі ретінде 
қарастырылған. 
Түйінді сөздер: экономика, қоғам, блок, мемлекет, азаматық қоғам
сыбайластық, парақор. 
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті 
мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-
өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын 
жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы 
елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан 
да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының 
бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында 
жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық 
парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау 
мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде 
қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы 
тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен 
қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін 
болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық 
танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да 
парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган 
басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, 
жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. 
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін 
тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың 
конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына 
сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет 
атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, 
бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының 
орындаулын қамтамасыз етуге міндетті [1]. 
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы 
салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз 
әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара 
кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті 
болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу 
жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат 


32 
салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз 
және халық сенімінен шығатынымз анық. 
Көптеген елдердің тәжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың 
пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты әрекеттермен 
жиі ұшырасатындығын байқатып отыр.
Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстылық 1994-1996 жылдары Біріккен ұлттар 
ұйымының 
(БҰҰ) 
ұлттық, 
аймақтық 
және 
ауқымды 
кездесулері 
мен 
конференцияларының, съездерінің басты арқауы болып, сайлау мен басқа да саяси 
науқандардың негізгі мәселелеріне (көптеген ұлттық, сондай-ақ аймақтық 
қауымдастықтардың тағдырына байланысты) айналған екен. Жемқорлық үшін, тіпті, 
қазіргі және бұрынғы президенттерді де, вице-президенттер мен экс-президенттерді де, 
премьерминистрлерді де, әскери-саяси блоктар мен алып экономикалық топтардың 
лидерлерін де қызметінен алып, жауапқа тартып жатады [2]. 
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматық қоғамда үйреншікті 
құбылысқа айналса, ал екінші жағынан, Қазақстанның қауіпсіздігіне, елдің
экономикасының дамуына кереғар әсер ететін факторға айналуда.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлық 
стандарты - мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлқын 
қалыптастыру және оны сақтау, заңнамамен бекітілген шектеулер, тыйым салулар мен 
талаптар түріндегі ережелердің жиынтығы. 
Егерде мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы 
ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі
қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс 
істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға 
жазбаша нысанда хабарлауы тиіс. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын 
адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген ададамдар 
қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғу мүмкін әрекеттерді жасауына жол 
бермеу мақсатында, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті 
жүзеге асыруға, мүлікті және мүлікті емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе 
табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты 
пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін 
орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
шектеулерді қабылдайды [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет