Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 
(2003 жылғы 31 қазан).
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы: Қазақстан Республикасының 
1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы (2014 жылғы 29 желтоқсандағы өзгерістерімен 
және толықтыруларымен).
3. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегиясы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 
26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген. 


33 
ӘОЖ 323/324(075) 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ 
 
Жамиғат Н., студент
Ғылыми жетекшісі: Ізтұрғанова Г.Қ. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Мақалада сыбайлас жемқорлықтың қазіргі таңда қоғамның өзекті 
мәселесі екендігі және сол мәселемен күресудегі негізгі мақсат-бағыттар 
қарастырылды. 
Түйінді сөздер: Сыбайлас жемқорлық, қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл, мемлекеттік саясат, жауаптылық. 
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті 
мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-
өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын 
жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы 
елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан 
да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының 
бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында 
жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық 
парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау 
мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде 
қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. 
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы 
тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен 
қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін 
болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық 
танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да 
парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган 
басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, 
жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. 
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін 
тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың 
конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына 
сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет 
атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, 
бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының 
орындаулын қамтамасыз етуге міндетті. [1] 
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы 
салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз 
әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара 
кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті 
болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу 
жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат 


34 
салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз 
және халық сенімінен шығатынымз анық. 
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол 
азаматтардың 
арыз-шағымы. 
Мемлекетіміздің 
әрбір 
азаматы 
Қазақстан 
Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың 
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. 
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, 
денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз 
сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, 
біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие 
боламыз. 
Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа 
тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң 
қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», - деп атап 
көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда 
берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай 
орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңның 
мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас 
жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының 
ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық 
бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың 
зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, 
мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ 
оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас 
жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың 
пайда болу жағдайларын белгiлейдi [2]. 
Қазақстан Республикасы-ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік 
органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына 
негізделген. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу - мемлекеттік органдардың, 
мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы 
кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен 
іске асырылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет