Б. Б. Ахметова Редакционная коллегия



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата24.07.2024
өлшемі1.62 Mb.
#503037
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
materialy-konferenczii-universitetti-basқaru-ayasyndaғy-akademiyalyқ-adaldyқ-sayasaty (2)

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақcтан Реcпубликаcының 2015-2015 жылдарға арналған cыбайлаc 
жемқoрлыққа қарcы cтратегияcы / Қазақcтан Реcпубликаcы Президентінің 2014 жылғы 
26 желтoқcандағы №986 Жарлығымен бекітілген. 
2. Нұр 
Oтан» партияcының 2015-2025 жылдарға арналған cыбайлаc 
жемқoрлыққа қарcы іc-қимыл бағдарламаcы, «Нұр Oтан» партияcы Cаяcи кеңеcінің 
2014 жылғы 11 қарашадағы №001 қаулыcымен бекітілген.
3. http://antikorkz.kz/index.php/programma-2015-2025.  
4. Материалы cайта Transparency International. http://www.transparency.org/. 
5. Предупреждение 
кoррупции в cиcтеме oбразoвания. Практичеcкoе 
рукoвoдcтвo. - Эшбoрн, 2004. (Preventing Corruption in the Education System. A Practical 
Guide. Eschborn, 2004).
 
ӘОЖ 342.9 
 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТ 
 
Манас А.Г., студент 
Ғылыми жетекшісі: Кирбасова Л.Г. 
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті, Ақтау қ. 
 
Аңдатпа. Қазіргі ғылыми, оқулық және қоғамдық-көсемсөздік әдебиеттерде де 
сыбайлас жемқорлыққа түрліше анықтама беріледі. Сыбайлас жемқорлық тарихи 
алғашқы анықтамалары құқық саласына жатады. Сыбайлас жемқорлық - өзінен-өзі 
пайда болатын құбылыс, әлеуметтік өмір қойнауында бұғып жатады, мәдени-
этникалық және аумақтық шекараларды мойындамайды. Сыбайлас жемқорлықты жою 
немесе оны жедел мақсатты бағдарлама негізінде әлеуметтік тұрғыдан елеусіз деңгейге 
дейін тез де тұрақты түрде азайту мүмкін болмауда.
Түйінді сөздер: сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, 
ұлттық шекара. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Қазақстанның ішкі саясатының негізгі 
стратегиясы ретінде Қазақсан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 
тәуелсіздікті жариялаған жылында бірінші рет жарияланған болатын.
1992 жылы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 
Н.Назарбаевтың «Қылмыстың ұйымдасқан нысандарына және сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қоюымен 
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты өзінің алғашқы құқықтық негізін 
алды, бұл мемлекеттік саясаттың дербес саласы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 


142 
іс-қимыл саясатын институционалдандыру процесін есептеу нүктесі деп санауға 
болады. 
Мемлекет басшысы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске 
асырудың бүкіл тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің бас 
сәулетшісі және оның негізгі интеграторы болып табылады, оның қызметіне жаңа 
көзқарасты бастамашылық ету, сондай-ақ барлық мемлекеттік институттар мен 
қоғамның кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын 
құрудағы күш-жігерін біріктіру функцияларын өзіне тұйықтайды. 
2012 жылы Елбасы ұсынған «Қазақстан-2050» ел дамуының ұзақ мерзімді 
стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы тұжырымдамалық 
«революция» үшін негіз қалап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тежеудің қазіргі заманғы 
жүйесінің тиімділігін сапалы жаңа деңгейде қалыптастыру үшін елеулі серпін берді. 
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік феномен қоғам мен қоғамдық қатынастар 
туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және 
шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі сәтінен бастап мүмкін 
болады. Өйткені нақ осы жағдайда лауазымды басшыда қоғам, мемлекет мүддесі үшін 
емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда 
болады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және қазіргі күніде бар 
күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінеді – сыбайлас жемқорлықтың көрініс 
беру формаларының өзгеруі барысында оның ауқымы тарылмайды. 
Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың еркін жұмыс істеуін әжептәуір 
шектейді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін төмендетеді, ел үшін 
пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы ең бір басты бөгеттердің бірі боп 
табылады. Таза және әлеуметтік бағыттағы бизнес нарықтан күшпен ығыстырылып 
шығарылады, өйткені бұндай бизнесті сыбайлас жемқорлық тиімсіз кәсіпке 
айналдырады.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кетеді, 
сондықтан онымен күрес глобальдық ауқымда жүргізуді қажет етеді. Одан түсетін 
түсімдер «жуылғаннан» кейін әлемдік және ұлттық қаржы ағындарына құйылады да, 
мемлекеттік және халықаралық билік пен экономика институттарын бұзады. Ол заңның 
демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне қатер төндіреді, қоғамның моральдік 
тіректерін, билікке деген сенімді, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік 
әділеттілік қағидаттарын қиратады, бәсекеге бөгет жасайды, экономикалық дамуды 
қиындатады. Әсіресе ең қауіптісі – мемлекеттік билік орындарындағы сыбайлас 
жемқорлық. Бұл жағдайда ол монополияның билікпен симбиозының, мемлекеттік 
қызметшілердің шешім қабылдаудағы қауқарсыздығының және шенеуніктердің 
бақылауда болуы мен оларға құқықтық жауапкершілік жүктелмеуінің көрінісіне 
айналады. Тәжірибенің көрсетуінше, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың 
бүкіл жүйесін бұзады, мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің беделінің 
құлдырауына мүмкіндік жасайды. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына 
кедергі жасайды және әсіресе экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне 
мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан түрлі 
әдістемелік ыңғай-бағыттар бар. Оны ежелден-ақ түрлі әлеуметтік,саяси, 
криминологиялық, құқықтық аспектілерде қарастырған. Осылайша, Платон мен 
Аристотель сыбайлас жемқорлықты саяси категорияға жатқызды, Н.Макиавелли оны 
мемлекеттің азаматтық ізгілікті бұзатын жалпы сырқатының белгісі санады, 
Ш.Монтескье оны нәтижесінде жақсы саяси тәртіп немесе жүйе жарамсызға айналатын 
дисфункциональдық үдеріс ретінде сипаттады. Қазіргі ғылыми, оқулық және қоғамдық-
көсемсөздік әдебиеттерде де сыбайлас жемқорлыққа түрліше анықтама беріледі. 
Сыбайлас жемқорлық туралы онымен күресудің әмбебап амалын анықтауға негіз 


143 
болатын бірауызды ұғымды қалыптастыру – күрделі эволюциялық үдеріс. Сыбайлас 
жемқорлық тарихи алғашқы анықтамалары құқық саласына жатады. «Коррупцияның» 
анықтамасына келетін болсақ латын сөзінен аударғанда «сатып алу», «пара беру» 
мағынасын білдіреді. Рим құқығында сонымен қатар «сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян 
келтіру, фальсификациялау, сатып алу» мағынасын білдіреді. Орыс тілінің сөздігінде 
сыбайлас жемқорлықты парамен сатып алушылық, лауазымды басшылардың, саяси 
қайраткерлердің сатымпаздығы ретінде сипаттайды.
Халықаралық құқық көздері сыбайлас жемқорлыққа әлдеқайда кеңірек анықтама 
береді және тиісінше сонымен байланысты құқықбұзушылық субъектілерінің 
кеңейтілген шеңберін көрсетеді.
Кейбір анықтамаларда, мәселен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі БҰҰ 
хатшылығы дайындаған ережеде берілген анықтамада коррупция қылмыстық істердің 
жіктелген төмендегідей 3 тобының ретінде түсіндіріледі: 
а) лауазымды адамдардың мемлекет меншігін ұрлауы, жымқыруы және иеленуі; 
б) жеке басының пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдалануы; 
в) қоғамдық парызбен жеке есеп арасындағы мүдделер қақтығысы. 
Сыбайлас жемқорлықты жою немесе оны жедел мақсатты бағдарлама негізінде 
әлеуметтік тұрғыдан елеусіз деңгейге дейін тез де тұрақты түрде азайту мүмкін емес.
Әлемдік тәжірибеде сонымен қатар нарықтық механизмдердің сыбайлас 
жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күрестегі өзіндік жеткілікті мәні негізделген 
жоқ. Орныққан нарықтық қатынастары бар елдерде ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас 
жемқорлықпен күрес онжылдықтар бойы жүргізіліп келеді. Алайда бұл құбылыстар 
қолданылып отырған шаралардың арқасында тежелсе де, өмір сүруін жалғастырып 
және дамып келеді. Айтылмыш елдерде тиісті құқықтық нұсқаулар үнемі жетілдіріліп, 
толықтырылып отырадыы және олар міндетті түрде қатаңдана түседі, сондай-ақ 
сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстарды әшкерелеу тарапындағы 
оперативтік-ізкесушілік, қылмыстық-процессуалдық, бақылаушылық-қаржылық және 
өзге де қосымша шаралар енгізіліп отырады. Зерттеушілер сыбайлас жемқорлықтың 
дамуының шартты географиялық атаулармен аталатын төмендегідей үш түрлі моделін 
атап көрсетті. Ол модельдер сыбайлас жемқорлықтың жүйелі құбылысқа, яғни, саяси 
құрылым мен бүкіл қоғамдық өмірдің ажырағысыз бөлігіне айналуын сипаттайды.
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар ретінде мемлекеттік немесе 
соған теңестірілген қызмет атқаратын адамдардың өз қызмет бабын одан өзі үшін де, 
өзге біреулер үшін де мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз жолмен алу 
мақсатында пайдаланатын, қасақана қылмыстық жазаға лайық әрекеттер саналады. 
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарға сонымен қатар айтылған адамдарға 
аталған игіліктер мен артықшылықтарды жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы 
арқылы сатып алуға бағытталған қасақана қылмыстық, жазаға лайық әрекеттерді 
жатқызуға болады. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қызмет субъектілері 
қатарына мемлекеттік немесе оларға теңестірілген қызметтерді атқаруына өкілеттілік 
берілген адамдар, сондай-ақ лауазымды адамдарды сатып алу үшін оларға заңсыз түрде 
мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке адамдар жатқызылады. 
Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлерінің бірі пара алушылықпен тиімді 
күресу үшін оның түп тамырынан бастау алып, оларды пара беруге итермелейтін және 
нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа адамдарды үйіретін себебін түсіну керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет