Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


ол үшін тек бір жерге ғана бару керек



Pdf көрінісі
бет21/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

ол үшін тек бір жерге ғана бару керек» деді. 
2. Мәдениет типологиясы туралы жалпы түсінік 
Осылайша мәдениет біртұтас рухани феномен болып табылады. 
Ал ғылыми тұрғыдан мәдениетті зерттеудің нұсқаларының бірі 
идеалды, яғни мұратты, абстрактілі, яғни дерексіз модель құру ретінде 
типологиялық шешім болып табылады. Типологизациялаудың негізгі 
шарты – бұл критерийлердің бірлігі, соның негізінде мәдениеттердің 
типтері ажыратылады. Ең жиі кездесетін типология өлшемдері: 
– шаруашылық бейнесі немесе шаруышылық-мәдени түрі (аңшы- 
лық пен жинақтаукөшпелі мал шаруашылығы, егін шаруашылығы); 
– әлеуметті-мәдениеттік реттеугіш, яғни регуляция типтері 
(дәстүрлі – индустриалдық және индустриалдықтан кейінгі, немесе 
постиндустриалдық); 


58 
– мәдениеттің аймақтық тиістілігі (Шығыс пен Батыс мәдениеті, 
жерортатеңізді, латиноамерикандық және т.б.); 
– дінмен байланысты (діни және ақсүйектік мәдениет); 
– мәдениеттің трансляциялау, яғни тасымалдаушы түрі (ауызша – 
жазбаша – аудиовизуалды). 
Мәдениеттің қандай да бір түрінің қалыптасуына басты ықпал 
еткен шаруашылық негіз. Шаруашылық етудің анағұрлым көне 
бейнесі – синкретикалық экономика, мұнда адамдар тамақтарын аңшы- 
лықпен, балық аулаумен, жидек, жеміс, жаңғақ және басқа өсімдіктер- 
ді жинаумен тапқан. 
Ежелгі заманда шаруашылық етудің екі түрлі бейнесі дамыды: 
отаршыл жерөңдеушілердің аграрлық әлемі мен көшпенділердің тыным- 
сыз әлемі. Сипатталған дәстүрлі қоғамда қалыптасқан шаруашылық-
мәдени негіздер кейіннен – әлеуметмәдени реттеудің индустриалдық 
және постиндустриалдық, яғни индустриалдықтан кейін деген мағы- 
нада типтерінде өз мәнін сақтап қалды. Көшпенді немесе басқаша 
айтқанда номадттық мәдениетке мәнді негізделген қазақтардың 
рухани әлемі осы айтылғанға айқын дәлел бола алады. 
Жалпыадамзаттық мәдениет оның қайталанбас өзгешелігін 
жасайтын көптеген жергілікті нұсқалармен сипатталады. Шығыс және 
батыс парадигмалары – әрқайсысының өз ерекшелігі бар анағұрлым 
ірі үлгілер. 
Мәдениеттің рухани феномен ретіндегі эволюциясы (қалыпты 
дамуы) коммуникациялық технологиялардың өзгеруінен де байқалады. 
Мак-Люэнге сәйкес, мәдениет түйіні – адамдардың санасын және 
олардың өмір салтын қалыптастыратын қарым-қатынас құралдары. 
Осыған сәйкес ол жазбашаға дейінгі (жазусыз), жазбаша (кітап) және 
экрандық (ақпараттық) қоғамдар мен мәдениеттерді бөліп көрсетті. 
Коммуникацияның ауызша нысандары пайда болған және дамыған 
жазбашаға дейінгі мәдениет жалпы өмір салты, қоршаған ортаны 
қабылдау және түсіну принциптеріне негізделген; «Гутенберг галакти- 
касымен» аяқталатын жазбаша мәдениет даралық, ұлтшылдық және 
өнеркәсіптік революциялар дәуірі; электрондық коммуникация құрал- 
дары арқылы (инфокоммуникация) акустикалық кеңістікті қабылдау 
типі бойынша әлемді көп өлшемді қабылдауды беретін заманауи кезең 
(«электрондық қоғам», «жаһандық ауыл»). 
Г. Мак-Люэн теориясы орыс тіліндегі медиакеңістікте кеңінен 
таралды және одан әрі дамыды. Мұнда а) жазбашаға дейінгі әлеуметтік-
мәдени шындықта «әлемді қабылдау мен қарым-қатынастың барлық 
түрлері есту және басқа сезу органдарына негізделген»; б) мәдениет 
тарихындағы бұл кезең ең ұзақ; c) «Мұнда байланыс және ақпарат 
берудің маңызды құралы - тіл» - деп дұрыс көрсетілген. 


59 
Бұл ретте ауызша болмыс «мәдениеттің рухани саласын қалып- 
тастыру үшін» тек қана алғышарты болып табылады дегендерімен 
келісу мүмкін емес. Қалыптасқан жағдайдың себебі мынада: жазбаша- 
ға дейін (жазбасыз) анықтама тек рухани мәдениетті қалыптастыруға 
дайындық кезеңі ретінде ғана жалпы адамзаттық өркениеттің бірінші 
кезеңі туралы конвенциялық, яғни келісім шартқа жәрдемдескен. 
Сондықтан ауызша мәдениеттің бүтіндік ретіндегі сапалық ерекшелігі 
мен мәдени-тарихи мағыналар ғылыми-философиялық талдаудың 
назарынан тыс қалғандығы да осы фактіні қамтиды. 
Шындыққа келсек, есту мүшелеріне негізделген ауызша акустика- 
лық мәдениет (AАМ) ғылыми қызығушылығы тек қана өткеннің 
тарихи ескерткіші ретінде ғана емес. Біріншіден, зерттеушілер атап 
өткендей, есту қабілеті, адам өмірінің маңызды феномені, оның 
рухани іс-әрекетінің нысаны, ойлау мен сананың феномені болып 
табылатын тілдің қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Екіншіден, 
біздің алыс ата-бабаларымыздың вербалды (ауызша) сөйлеуі сазбен 
тығыз байланыста қалыптасты, яғни музыкаланған сипатқа ие болды. 
Сонымен, үшіншіден, мәдениеттің қалыптасу процесінде ауызша 
рухани феномен ретінде тіл мен саздың басымдығы музыкалық 
мәдениетті, өнерді, білім беру мен ғылымды түсіну үшін жаңа 
көкжиектерді ашады. 
Сонымен мәдениет – әртүрлі сатылардағы және жердің әртүрлі 
аймақтарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қамтитын 
тарихи дамып келе жатқан феномен. Осылайша әлемнің сан 
алуандығы адамзат алдында оның көрінуінің барабар нысандарында 
пайда болады және рухани-шығармашылық іс-әрекеттің байлығы мен 
әртүршілігімен сипатталады. Сонымен бірге зияткерлік іс-әрекеттің 
басқа-басқа түрлерін өзіндік мәдениетке бөлініп шығарулы біршама 
кешірек пайда болды және көптеген нұсқалар тудырғанымен 
сипатталады. Олар бос орында қалыптаспайды, өйткені бұл жағдайда 
да дамудың үздіксіздігі заңы нақты қолданылады. Мәдениеттің жаңа 
саласының қалыптасуы бұрынғысын жоймайды, олар өзара әсерлесіп, 
бірін-бірі байытады. Сондықтан мұнда әр мәдени нысанды мұқият 
қамту міндеті қойылмаған. Олай болса біз музыкалық мәдениеттің 
жекелеген формаларын тақырып аясында қысқаша талдаумен ғана 
шектелеміз, атап айтқанда: музыкалық өнер, музыкалық білім және 
музыкалық ғылым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет