Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Білім берудің сипаттамасы
2. Музыкалық білім берудің пайда болуы
3. Шығыс халықтарындағы музыкалық білім берудің ерекшеліктері
4. Түрік және қазақ мәдениетіндегі ауызша музыкалық білім беру
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі:
1. Кокумбаева Б.Д. Казахская музыкальная культура: учебное пособие
/ Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ПГПУ, 2020. – 134 с. – сс. 51-58.
http://кітапхана.қаз/catalog/200825/200825-001.htm
82
2. http://zkoipk.kz/qz/smartconf2018/6-section/4293-15.html
Заманауи
музыкалық білімнің талабы, деңгейі, сапасы
3. https://faktiler.kz/muzyka-turaly-kyzykty-malimetter/ Музыка туралы
қызықты мәліметтер
4. Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің орысша-қазақша-
ағылшынша сөздігі // Құрастырушылар: Б.Ж. Қоқымбаева, Е.Ю. Личман,
Б.У. Итемгенова. Аудармашылар: У.М. Мақұлов, А. Личман, А. Хасенов,
Р. Хасенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 200 б. – 119 б. http://кітапхана.қаз/
catalog/130815/130815-003.htm
16 тақырып. Ауызша білім беруді Тәуелсіздік Қазақстан
Республикасындағы мәдени феномен ретінде актуализациялау
Тақырыптың мақсаты: заманауи зерттеушілердің ауызша білім
беру туралы ой-пікірлеріне шолу
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: ауызша білім беру,
шығыс данышпандары, білім берудің ұлттық тұжырымдамалары
Ауызша білім беруді Тәуелсіздік Қазақстан Республикасын-
дағы мәдени феномен ретінде актуализациялау тақырып бойын-
ша сұрақтар:
1. Ауызша білім беру туралы зерттеулер: жалпы сипаттама
2 . Ауызша музыкалық білім беру туралы А. Райымбергеновтың
ой-пікірлері
Дәріс:
1. Ауызша білім беру туралы зерттеулер: жалпы сипаттама
Қазіргі кезеңде ұстаздың шәкіртпен таңқаларлық іштесуі, яғни
«іштей тән» тірі байланысының арқасында ауызша білім беруді түркі
мәдениетінің рухани константа, яғни тұрақты шама мәні ретінде
қабылдау идеясын негіздейтін көптеген еңбектер пайда болды.
(Қ.Ш. Нұрланованың термині бойынша, 151 б. Қазақ даласының
ойшылдары) Іштесу – қарым-қатынас, сіз-біздесу, араласу деңгейлерің
еңгізетің ең биік және терең мән-мағынасы (Қ.Ш. Нұрланова, Человек
и Мир, 5 б.) адамды қоршап тұрған орасан зор әлемді көруге деген
қызығушылығының арқасында ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік
тәжірибенің ұлы даналығын бейнелі түрде жеткізе білуінде көрініс
тапты.
«Нағыз рухани тәлімгер, данагөй біртіндеп өзінің санасын интуи-
тивті, яғни қадағалау қарап, үніліп түсіну мен тәжірибеге дайындай-
ды. Өткені олар «тұтастықты қабылдау қабілетін, әдеттер мен саналы
көзқарастар арқылы адамдарға қойылатын дүниетанымның қалыптас-
қан стандарттарын, яғни, қатып қалған дүниетанымнан құтылу үшін
дамыту қажет.
83
О дегені А. Нысанбаев пен Н. Сейдахметованың пікірі бойынша
идеяны рухани көздерге, мәдениеттің терең қабаттарына оралу деп
түсіну мағынасында. «Түркі әлеміндегі білім беруге деген көзқарас
таңғажайып феномен. Білім беру деген тек практикалық мақсаттар
үшін ғана емес, даналықтың жолын түсіну, кемелдікке жету үшін
қажет. Себебі түркі ойшылдары үшін бұл әлеммен өзара әрекеттесудің
мақсаты болды. Мысалы, әл-Фараби адам «білім беруді шығармашы-
лықпен, жан дүниесінің тереңінде өткізуі керек» деп есептеді.
Осылайша білім беру деген – «қайта келу деген өзін өзінді табу деген»
мағынасында дейді», – Нысанбаев А., Сейдахметова Н.
Қазіргі кезде көптеген елдерде білім берудің ұлттық тұжырымда-
малары әмбебап және жекеленген тепе-теңдігін реттейтін өте тиімді
фактор болып көрінеді. Мысалы, «Қазақстан Республикасында білім
беруді дамыту тұжырымдамасында» тұлғалық фактордың ашылуына
ықпал ететін жекеленген ұстанымдың білім берудегі қажеттілігіне
назар аударылады. Білім беру парадигмасындағы, яғни үлгідегі ұлттық
мазмұн елдің рухани дәстүрін қазіргі заманғы интеграциялық оқу-
тәрбие үрдісіне қосу болып табылады.
«Шығыс білім беру дискурсында (пікір айту деген мағынада)
толерантты, яғни шыдамдылықты диалогтық (сұхбаттық) әлеует
дәстүрлермен рухани-тәжірибелік сабақтастық жүзеге асырылады.
Мұндай білім беру парадигмасы мәдени мұраны трансляциялауға
ықпал етеді. Сөйтіп ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал
етеді», – дейді философтар.
«Қазіргі заманға тәрбие философиясы ретінде білім философия-
сының оралуы жылдам орындалатын міндет емес, керісінше ұзаққа
созылатын шығармашылық процесс. Бүгін біз онымен айналысамыз –
және бұл бізді ғасырлар дәстүрлердің «борышкерлері» деп ақтайды,
қазіргі мәдени мәңғұрт болмас үшін қарыздарды өтеуіміз керек».
Шынында да, Батыс пен Шығыстың көрнекті ғалымдары, немесе
көшпенділердің зияткерлік-шығармашылық дәстүрінің қайраткерлері
болсын, тек тікелей байланыстағы Ұстаз-Шәкірт жүйесі арқылы ғана
танылуы мүмкін және танылады. «Жеке қарым-қатынастардың құнды-
лығы терең білім беруде. Онда білім тек формальды түрде берілмейді,
керісінше жиі кездесетін айрықша және маңызды ойлау бейнесі мен
стилін меңгереді». «Адам тек жеке қарым-қатынас кезінде жеткізе
алатын кейбір жіңішке, еліктіретін сигналдар белгілер бар, мысалы,
көптеген жылдар бойы тәжірибенің арқасында қалыптасқан, тек өзіне
тән әдіс-тәсілдер. Мұндай даналықты әрдайым сөзбен сипаттауға
мүмкін емес, олар тек «қолдан қолға» қабылданады және жеткізіледі.
Мұндай ерекше білім беру әсіресе өнерде және спортта аңық орын
84
алады және көрінеді. Мысалы, теннис жаттықтырушылары көптеген
құпияларды тек бір жолмен береді: оқушыға мұны қалай жасау
керектігін көрсету арқылы. Көбінесе олар өздері не істеп жатқанын
және бұл нақты соққының неге тиімді екенін тұжырымдай алмайды –
түсінушіліктен бас тартады. Бірақ шәкірттері оларға көздерімен қарап,
айналы нейрондардың барлық күштерін қолдана отырып, оларды
қабылдайды».
Гриннің бұл жолдары ауызша сипатқа ие болған тәңірлік білім
беруіне де қатысты. Оның маңыздылығы халық ортасында танылып,
әлеуметтік-мәдени шындықтағы өзгерістерге бейімделуге көмектеседі.
Ауызша білім беру институтының сабақтастығының тарихи мысал-
дары – қорқыттанушылардың, күйтанушылардың, құрмаңғазытану-
шылардың және басқа да көптеген интеллектуалды-шығармашылық
тұлғалардың іс-әрекеттері, олардың арқасында өткендегі атақты
ұстаздарымыздың шығармалары қоғамда әлі де таратылып келеді.
Осылайша Қазақстанда Қорқыттың ізбасарлары – бүкіл әлемде оның
қылқобыздағы аңыз-күйлерін орындайтындар және оның шығарма-
шылық мұрасын эпостану, яғни жыртану және музыкатану, философия
және тарих, мәдениеттану, түркітану және тәңірліктану тұрғысынан
зерттейтің қорқыттанушылар.
2. Ауызша музыкалық білім беру туралы А.Райымбергеновтың
ой-пікірлері
Тәңірлік білім беруді жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайдағы өмір-
шеңдігінің ерекше үлгісін атақты күйші, жаңашыл-ұстаз және өнерта-
нушы А. Раймбергенов зерттеп, жүйелеген. Ғалым түркі және қазақ
руханилығының тасымалдаушысы ретінде білім беру жағдайында
музыкалық өнерді қазіргі жағдайда сақтауға және дамытуға болады
деген терең ойды дәйекті түрде негіздейді. А. Раймбергеновтың зерттеу
пәні – Орта Азиядағы ауызша түрдегі барлық кәсіби музыкалық
мәдениеттерге тән Устаз-Шакірт мектебінің даму тетіктері. Ғалым
күйші Қазанғап пен оның шәкірттерінің өмірі мен шығармашылық
жолы туралы кең экспедициялық материал жинай алды. Зерттеудің
негізгі нәтижесі – бір жарым ғасыр ішінде домбыра мектебінің барлық
кезеңдері қайта құрылды, төрт буын шәкірттері мен ізбасарларының
есімдері қалпына келтірілді. Осылайша, күйші Қазанғаптың батыс
қазақстандық домбыра мектебінің «Ұстаз-Шәкірт» атты қазақ мектебі
тұңғыш рет ерекше феномен ретінде көрінеді.
Жетістікке Кеңес Одағы кезінде «Ұстаз-Шәкірт» білім беру жүйесі
қазақтың ауылдарында дамуын жалғастырды. Нәтижесінде «Ұстаз-
Шәкірт» ауызша білім беру Қазақстанда еуропаланған академиялық
мектеппен қатар өмір сүрді. Ол мұғалім мен оқушылар арасындағы
85
жеке шығармашылық байланыста трансляцияланды. Шәкірт Ұстазы-
ның дүниетанымымен, музыкалық тәжірибесімен, тіпті кейде өмірі-
мен бөлісті. Ол күйлерді тек қана адам баласының әмбебап құйма
құлақ, яғни есту қабілеті бойынша және ұстаздың қолына қарап
қабылдап қойған жоқ. Сонымен қатар ізбасарының өмірге көңіл
бөлуіне, қарауына себепші болды, дүниеге деген көзқарасын, бейнелі
ойлауының және орындаушылық мүмкіндіктерін қалыптастыруға
жәрдемдесті. Неге десе осындай жағдайда ұстазы тек формалды, яғни
үстірт біліммен емес, керісінше өзінің өмірлік тәжірибесімен ажырамас
жинақталған рухани тәжірибесімен бөлісті. Сөйтіп шәкірттері ұстазы-
мен бірге көпшіліктің бірегей импровизациялық, яғни суырып салма-
лық ретіндегі рухани оқиғаға (духовное событие – Қ.Ш. Нұрланова)
қатысып өзі де көпшілік ортасында үлкен жиын-тойлар мен тартыс-
тарға дайындалуға алғашқы қадамдарын басады, жеңіске ұмтылады.
Түптеп келгенде ауызша білім беру тұрі оқушыға күйлердің мазмұ-
нына тән әлемге, шығармашылықтың жоғарғы рухани мағынасына
деген көзқарасын толық түсінуге мүмкіндік берді. Ең бастысы,
олардың зияткерлік-шығармашылық іс-әрекеті туралы түсініктерді
жоғары өнер мен халыққа қызмет ету ретінде қалыптастырды.
А. Райымбергенов Қазанғаптың ұстазы Үсен-төре туралы мынадай
тарихи дерек келтіреді. Өнертанушының мақаласы орысша жазылған-
нан сон, бұл дерек А. Сейдімбектің монографиясында келтірген түрін-
де еңгізіп отырмыз: Үсен төре Сыр бойы мен Арал төңірегінде даңқы
жайылған күйшілердің бірі. Өмір сүрген заманы ХIХ ғасырдың бас
кезі, Меккеге барып қайтқан қажы. Төңірегінде ақыл-парасатымен,
мейірім-шапағатымен қадыры артқан адам. Әсіресе, өлмес өнердің
парқын білетін рухының сергектігі басқа көп төреден Үсенді даралап
көрсетеді. Әйгілі Қазанғап күйшіге көп тағлым берген, күйшілік
өнерге баулып, даранын ұштаған.
Әрідегі Абылай, Арынғазы, Дәулеткерей, Мүсірәлі, Жантөре, одан
беріндегі Мұхит, Қаңалы, Қамал, Сарнияз, Шепен, Қасым, Шәкім,
Темірхан, Өрейжан, Салауат, Науша Бөкейханов, Қамбар Медетов
сияқты өнерпаз төрелердің ішінде Үсен төренің де өзіндік орнына
дара. Ол күй өнерін дәстүрдің озығына балап, алқалы жиындарда
күйшілердің болуын мәртебе-мерей ретінде орнықтырып, додалы күй
сайыстарына өзі тікелей ұйтқы болып, өнерді елдің салтына айнал-
дырған адам.
Үсен төре туралы белгілі күйші-домбырашы Бақыт Басығараев
мынандай естелік айтады: Жасы 90-ға келгенде Үсен төре 90 құнан
қой сойдырып өзіне-өзі ас беріпті. Аяқ жетер жердегі ел-жұртты
шақырып айтыпты дейді: «Уа, ағайын-әлеумет, мен кемдіксіз 90 жыл
86
ғұмыр кештім. Ғапыл ажал бір күні жетіп, мен де дүниеден көшермін.
Осы өмірімде халық үстінде би болған соң, біреуге тілім тиген шығар,
не біреудің таяғын біреуге алып берген шығармын. Егер, әділетсіз ісім
болса, менен зәбір көрген зәбірінің есесін алсын, малы кеткен - малын,
ақысы кеткен – ақысын алсын. Сөйтіп, менімен ырзалассын деп,
әлеуметке жар салып отырмын. Мен өлген сон да ас берілетінін
білемін. Бірақ, тірліктегі ризаластыққа не жетсін. Дүние өтер-кетер,
ұрпаққа өнегелі ісіміз жетер!» – деп «Өтті дүние» деген күйін тартып,
жиынды бастаған екен дейді. Бұл Үсен төренің болмыс-парасаттын
аңғартатын әнгіме».
А. Райымбергеновтың негізгі зерттеу тақырыбы Қазанғаптың
ауызша домбырашылық мектебі болғандықтан, келтіргенді тақырып
бойынша әрі қарай ғалымның мақаласына сүйеніп жалғастырайық:
Үсен-төре үшін ұлы күйшінің даңқы барлық байлықтан қымбат
болды. Бірінші кездесуде Үсентөре Қазанғапты ең құрметті қонақ
ретінде қарсы алып, жәрмеңке ұйымдастырып, бүркітпен аң аулады.
Қазанғап, жасы ұлғайғанына қарамастан, Үсен-төрені өзінің ұстазы
деп санайтын. Суфи ҮсенТөре оған рухани білімнің жолын көрсетті,
оған қазақ ортасында жоғарғы аристократиялық, яғни төрелік, хандық
арасында жайылған «төре қағысының», немесе «төре тартысының»
орындаудың көрегендік, нәзік ерекшеліктерін ашты. Әрі қарай Е. және
Е. Басығараевтардың «Қазанғаптың ізімен, күйші Бақыт Басығараев»
деген кітапқа сұйеніп былай дейді: Үсен төре «Өтті дүние» деген
күйін тартып бастайды да, күйдің ортасына жеткенде, домбыраны
Қазанғапқа берді. Сөйтіп, Қазанғап ұстазының қоштасу күйін аяғына
дейін орындады. Басығараев Ерсайын, Басығараев Еділ. Қазанғаптың
ізімен, күйші Бақыт Басығараев. – Алматы: Әуен, 2003 – 158 б.
Көріп отырғанымыздай, трансляцияның ауызша сипаты оқушыға
мұғалімнің импровизация, яғни суырып салма әдісін түсінуге, вариация,
яғни нұсқалау өнеріне үйренуге мүмкіндік береді. Осылайша тәңірлік
мәдениетінің өміршеңдігін шығармашылықтың жоғары формаларын
ұсынатын импровизация мен композициясы, яғни құрылысы анықтайды.
Қазанғаптың ең жақсы оқушылары мен ізбасарлары Қадырәлі
мен Жұмабай Жансүгіров болды. Қазір 88 жастағы Жұмабай ақсақал –
Қазанғап мектебінің меңгерушісі. 2015 жылы Жұмабай «Ақтөбе
облысының Жыл адамы» деп танылды, 2017 жылдың қараша айында
ақсақал Ақтөбеде өткен «Қазанғап» халықаралық орындаушылар
байқауының лауреаттарына Дипломдар тапсырды және домбырашы-
лардың жаңа жас буынына бата берді. Бұл Қазанғап кәсіптік мектебі-
нің даму және сабақтастық бағыттарының бірі.
ХІХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басынан бастап күй мәдениеті
білім берудің трансляторы ретінде қазіргі заманға сай болды: 1994
87
жылдан бастап Ақтөбеде Қазанғап атындағы домбырашылардың
республикалық конкурстары өткізіліп келеді. Бұл жарыстардың бір
ерекшелігі, оған дәстүрлі және академиялық оқытылған домбырашы-
лар қатыса алады. Алғашқы республикалық конкурстың Гран-при
лауреаты Жұмабай-ақсақалдың шәкірті Қожагелді Аманов атанды. Ол
қазылар алқасын, жарысқа қатысушылардың барлығын және тыңдау-
шыларын тек керемет шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге бұрын-
соңды белгісіз Қазанғап күйлерімен таң қалдырды. 2017 жылы
«Қазанғап» байқауы Халықаралық болды, оған Қазақстан, Хакасия,
Қарақалпақия, Алтайдың қатысқан халық орындаушылары әрқайсысы
өз репертуарларына Қазанғаптың күйлерін кіргізді.
Осылайша Қазанғап мектебі – шынайы орындаушылардың іс-
әрекеттері арқасында ұлы күйшінің шығармашылық мұрасын автох-
тонды, яғни қаймағы бұзылмаған стилистикалық тазалығында сақтал-
ған тірі дәстүр ретінде бүгін де өмір сүреді. Қазанғап домбыра мекте-
бінің сақталуы мен дамуы Ақтөбе және Қарақалпақ облыстарының
шөлді аудандары өркениетті өнеркәсіп орталықтарынан алыс орналас-
қан және әскери полигондары орналасқан аймақтары ретінде қол
жетімді емес болғандықтан. Сондықтан Қазанғапаның күйлері ұзақ
уақыт бойы халқымыздың философиясы мен өмірге деген сүйіспенші-
лігін бейнелейтін рухани әлем болуынан айырылмады.
А. Райымбергеновтың 37 жыл ішінде Ақтөбе облысының барлық
аудандарында жиналған көптеген экспедициялық далалық жазбалар
мен материалдар, Қарақалпақияға сапарлар, Орынбор, Ақтөбе, Шалқар
қалаларының мұрағаттарын зерттеуі Қазанғаптың дәстүрлі күйші
мектебінің 64 шәкірттерінің есімдерін, өмірбаяндары мен репертуар-
ларын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Домбыра мектебінің тари-
хында ұжымдастыру мен қуғын-сүргін жылдарында қайтыс болған
көптеген күйші-домбырашылардың ядролық және химиялық сынақ-
тармен ластанған туған жердің тағдырымен бөліскен, мәңгі көшіп,
туған жерлерін тастап, Қазанғап күйлерінде өз Отанының бір бөлігін
қалдырған адамдардың есімдері өшірілді.
ХХ ғасырда қазақтың халық аспаптары мен фольклорлық
ансамбльдерінің оркестрлерінің репертуарына бірнеше күйлер кірді,
олардың ұжымдық орындауы импровизациямен үйлеспейді, күйлерді
бұрмалап, жеке орындаушылықтағы тірі ағзадан бұрып, өткеннің
қатып қалған ескерткіштеріне айналдырды.
Қазанғаптың мұрасын қазіргі заманның жойқын әсерінен қорғауда
оның күйлерінің ұжымдық орындауға жарамсыз, стильдік ерекшелік-
тері маңызды рөл атқарғаны, метрырғағы мен қағыстарының техника-
сының күрделілігімен ерекшеленді, бұл оның күйлерінің формасының
сақталуына қамтамасыз етті.
88
Қорыта келе, Қазанғаптың негізгі шығармашылық мұрасы аутен-
тикалық, яғни тұп нұсқа орындаушылардың қолында дамуын жалғас-
тырды. Тарихи бұрылыстарға қарамастан, бұл мектептің дамуында
бірнеше ұрпактарды ажыратуға болады. Сөйтіп күйші-домбырашының
65 күй, олардың құрылу тарихы, 300-ден астам күйлерінің нұсқаулары
шәкірттері орындаған Қазанғаптың шығармашылық мұрасы жиналды.
Арнайы экспедицияларының бай ғылыми материалы Батыс Қазақ-
стандағы ауызша, қаймағы бұзылмаған орындаушылық қуатты
мектептердің бірінің тарихын ашуға мүмкіндік берді. Уақыт өте келе
жоғалтпаған, бірақ Қазанғаптың күйлерін жетілдірген ұлы мектеп
олардың өміршеңдігін дәлелдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |