Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

 
Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Орта ғасырдағы мәдениет қалай аталынады 
2. Тәңірлік қандай халықтарға тән 
3. Тәңірліктің ерекшеліктері 
4. Күйдің этимологиясы 
5. Күйдің ерекшеліктері 


69 
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі: 
1. Қоқымбаева Б.Ж. Тәңірлік мәдениет түрі – түркі тілдес халықтардың 
ортақ мұрасы// Түркістан және Түркология. Халықаралық ғылыми-теория- 
лық конференция материалдардың жинағы. – Түркістан, 2017. – 587 б. – 
175-178 бб. http://ulagat.com/2020/07/14/ 
2. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи: 
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 48-51. 
http://кітапхана.қаз/catalog/201101/201101.htm 
3. Қоқымбаева Б.Ж. Әлеуметтік-мәдени динамика аясындағы күйші 
тұлғасының трансформациясы// Аль-Фараби – 2017 – №3 – 51-65 бб. 
4. Г.В. Томский, Б.Ж. Қоқымбаева Өнер, театр және әдебиеттегі 
Аттила бейнесі// ОРТАЛЫҚ–АЗИЯ ӨНЕРТАНУ ЖУРНАЛЫ №3 2019 - 
107-115 бб. ISSN 2414–4177 03. https://www.yandex.kz/clck/jsredir?bu=wjr5h 
&from=www.yandex.kz%3Bsearch%2F%3Bweb%3B%3B&text=&etext=2202.
U6_0AzmYkakueTr81CB9WUH8pOVydrQuTyQZpEI_5xs9H5ogXPPpDsa6FB
I42xYpys5b0TRH70EEFfoy1cgR7BmrPce1mZgdQJiOXrDuYrMrjuP0GF6gpz
HRYJ-k8MJQZHV5bW9zcWl5c3F3Y21hdg.3a4a2a51508c1babbf27c8a13ace7 
2953c743a7c&uuid=&state=jLT9ScZ_wbo,& 
14 тақырып Музыкалық өнер көркем феномен ретінде 
Тақырыптың мақсаты: Музыкалық өнерді көркем феномен 
ретінде сипаттау 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: көркем өнер, музы- 
калық кәсібилік, оның түрлері, монодия, көп дауыстылық, импровиза- 
ция, суырып салмалық. 
Музыкалық өнер көркем феномен ретінде тақырыбы 
бойынша сұрақтар: 
1. Музыкалық өнердің көркем феномен ретіндегі қалыптасуы: 
жалпы сипаттама 
2. Шығыс және Батыс мәдениеттердегі музыкалық кәсібилігі 
Дәріс: 
1. Музыкалық өнердің көркем феномен ретіндегі қалыптасуы: 
жалпы сипаттама 
Қысқаша көрсетілген Шығыс және Батыс мәдениетіне тән заңды- 
лықтар көркемдік феномен ретіндегі музыкалық өнерде де елеулі із 
қалдырды. Басқа өнерге қарағанда, музыка «көркемдік құралдарына 
кейінірек толықтай ие болды», – дейді 19 ғасырдың көрнекті музыка- 
танушысы Х. Риман. Осы мәдени-тарихи кезеңде музыкалық өнер 
әлемнің әртүрлі ареалдарында аймақтық айырмашылықтары бар 
кәсіби феномен ретінде биіктерге жетеді. 


70 
Шығыс мәдениетіндегі акустикалық қанар көзінің басымдығы 
музыкалық кәсіпқойлықтың ауызша феномен ретінде қалыптасуы мен 
дамуына әкелді. Бұл Шығыстың барлық музыкалық мәдениеттеріне 
тән жалпы заңдылық. 
Шығыс мәдениеттеріндегі музыкалық кәсіпқойлықтың ұстаным- 
дық ерекшелігі – монодияның (бір дауыстылығының) полифониядан 
(көп дауыстылығынан) басым болуы. Ұзақ уақыт бойы кеңестік 
ғылымда монодия тек фольклоры дәстүрге ғана тән музыканың ең 
қарабайыр түрі деген көзқарас басым болды. Монодияны осылай 
жарықтандырған кезде ғалымдар (грек. мonodia – жеке дауыста 
айтылатын ән деген) мағнаны білдіретін этимологиясына (шығу тегіне) 
сұйенді. 
Қазіргі кездегі зерттеулер бұл пікірді жоққа шығарады. Бүгінгі 
заманда монодияға неғурлым көбірек көңіл бөлінуде. Әлем халықта- 
рының мұрасын жинай, талдай және зерттей отырып, музыкатану бір 
дауысты музыкалық өнердің мәнділігін жаңа тұрғыдан қарауға келіп 
отыр. Біріншіден, Х. Кушнарев, С. Галицкая, Ю. Плахов, И. Кожабеков, 
т.б. зерттеушілердің пайымдауынша, әр халықтың монодиялық 
мәдениеті – құрделі, әртүрлі құбылыс болып табылады. Монодияда 
музыкалық өнердің негізгі ұстанымдары пайда болып, әрі қарай 
дамыған. Мұнда мелодия (әуен), ырғақ, ладтық ойлау, форма, тембр 
(дыбыстың бояуы), динамикасы (музыкалық дыбысталу күші) секілді 
музыкалық тілдің негізгі құралдары қалыптасқан. 
Екіншіден, монодия мен гармония, жеке дауыстылық және көп 
дауыстылық – музыканың екі өзара байланысты жақтары сияқты 
жалпы адамзат мәдениетінің феномені. Мұның салмақты дәлелі – 
ауызша кәсіби музыкалық өнердің көркем феномені ретінде қалып- 
тасуы мен дамуы. 
«Үндістанның, араб елдерінің, Қытайдың, иран тілдес халықтар- 
дың, ортаазиялық түріктердің және басқалардың ұлы музыкалық 
мәдениеттері ауызша болғаны, олар ноталар немесе музыканы жазбаша 
жазудың басқа жүйесін ойлап таппағанында емес. Оның себебі, 
күрделі және нәзік кәсіби мәдениеттердің терең мәні еуропалық кәсіби 
музыкаға қарағанда мүлде басқа философиялық-эстетикалық негіздер- 
мен байланысты. Сондықтан бұл музыканың жазбаша бекітілуін 
қолдануды жоққа шығарады», – деп жазады А.И. Мұхамбетова. 
Осылайша монодия өзінің байлылығымен, ішкі мазмұндылығы- 
мен әлемдегі халықтардың мұрасын тануда және музыкалық өнердің 
шыңына, табыстарға қол жеткізуде адамзаттың рухани мәдениетінің 
тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік ашады (И. Кожабеков). 
2. Шығыс және Батыс мәдениеттердегі музыкалық кәсібилігі 


71 
Шығыстың музыкалық кәсіпқойлығына тән келесі заңдылық – 
бұл импровизация, яғни суырып салып шығару (лат. Improvisus – 
күтпеген, кенеттен) алдын ала дайындықсыз, халық алдында орындау 
кезінде шығарманы ойлап, бірден шығару қабілеттілігін танытудағы 
мәдени шеберлікті білдірудің жоғары түрі. 
Импровизация Шығыс мәдениетінің негізін, атап айтқанда, 
мақам-маком циклың құрайды. 1. Мақам – араб, түрік және иран 
сазындағы негізгі түсініктердің бірі, ол осы аймаққа таратылған 
музыка ойнау ұстанымын танытады; 2. Жеке орындаушы басымдылық 
ететін вокалды – аспапты цикл. Мақам – қала өркениетінің феномені, 
оның тақырыбы мен бейнелері араб-парсы поэзиясымен, яғни мұсыл- 
мандық Шығыс жазба мұрасымен байланысты. Қазақтарда мақам – 
әуен, ырғақ, мәнер – қызылордалық жырауларға тән жырды арбаулық 
салттық әуенде орындау. Олар күшті, жалынды дауыс интонациямен, 
яғни үнімен ерекшеленеді. Мақом – 1. Өзбек және тәжіктердің ауызша 
дәстүрлі кәсіби сазындағы негізгі түсініктердің бірі, мақамның аймақ- 
тық түр ерекшелігі. 2. Белгілі бір философиялық, әлеуметтік-этикалық 
немесе лирикалық-психологиялық тұжырымды (Рост – сұлулық пен 
жетілгендіктің, ал Бузрук – ұлылық пен қомақтылықтың өлшемін 
белгілейтін әуеннің үлгісі); 3. Ауызша дәстүрлі кәсіби музыканың 
жанрлық жүйесі (бұхаралық шашмаком, хорезмдік, дутарлық мақомдар). 
Жеке әңгіме тақырыбы – қазақ музыкалық кәсіпқойлығы. Бір 
жағынан, бұл шығыс типіндегі музыкалық кәсібилікке қатысты. Екінші 
жағынан, онда қазақ, кеңірек – түрік сазына тән ерекшеліктері бар, 
олар келесі модульде толығырақ қарастырылады. Үшіншіден, көшпелі 
мәдениеттің феномені ретінде саздың әлеуметтік-мәдени негіздерін 
сақтайды және дамытады. 
Еңді батыс мәдениетіндегі музыкалық кәсібилікті сипаттайық. 
Алдыңғы тақырыпта айтылғандай, антикалық әлемінің негізінде пайда 
болған Батыс мәдениетінде алдымен жіктелу бағыты қабылданды. 
Мұның сенімді дәлелі – әуелі қазіргі мағынада ғана емес, музалардың 
іс-әрекетерімен байланысты кез-келген өнер немесе ғылымды да 
белгілеген «музыка» термині болып табылады. Сонымен қатар жіктеп 
саралау принципі әрдайым жаңа жанрларды қалыптастыруда: опера 
және симфония, балет, камералық-аспаптық және хор өнері көрінеді. 
Адамның құдыреттілігі табиғаттан үстемділігі идеясы қоршаған 
әлемді түбегейлі өзгеруге, жекеншілікке бағыттауды қалыптастырды. 
Осылайша діни ортағасырлыққа балама ретінде зайырлы (ақ сұейкті) 
мәдениетке бағыт алынды. Ал шығыс мәдениеті, андау, сыртқы іс-
әрекеттерді емес, ішкі рухани өзгерістерге деген ұмтылыс, дәстүрлер- 
дің маңызды рөлі, топтың (қоғамның) қызығушылығы жеке адамның 


72 
қызығушылығы мен құқықтарынан басым болуы тән болып қала 
береді. 
Жоғарыда айтылған тенденциялар батыс мәдениетінің музыкалық 
өнерінің көп дауыстылығы сияқты ерекшелігімен байланысты, оның 
қалыптасуы мен дамуы хор және хор музыкасының материалымен 
жарықтандырылуы мүмкін. Хор (грекше: χορός – көпшілік) – хор 
ұжымы, әншілерден құралған музыкалық ансамбль (хористер, хор 
артистері); адамның дауыстарын бірлесіп шығаруы. Алғашқы әншілік 
топтардың бірі – трагедия кезінде қолданылатын ежелгі грек хорлары, 
онда ол басқа кейіпкерлердің таңдауын анықтайтын қоғамдық пікірдің 
рөлін атқарды. Ежелгі грек хоры әрдайым бір дауысты әндеткен, бірде 
өндеусіз, бірде китараның сүйемелдеумен бірігіп орындалды. 
Хор қатысқан трагедия жанрының генезисі (пайда болуы) 
«трагос» – ешкі, «бөртпе» сөзінен шыққан және бастапқыда «ешкі 
әні» дегенді білдіреді. Бұл салт ежелгі Грецияда әр көктемде жасалды. 
Ешкі киген діни қызметкерлер (кейінірек актерлермен ауыстырылды) 
Грекияның қалаларына серуендеп, ырымдық әндер айтты, бұл шеру 
тіршіліктің тірілуін, көктемді, табиғаттың ұйқыдан оянғандығын 
білдіреді. Содан кейін бұл салт ежелгі театр сахнасында орындалып, 
ғасырлар өткеннен кейін театр өнері дамыған сайын ол жеке жанрға, 
яғни хорға айналды. 
Осылайша жоғарыда келтірілген ережелер хордың ежелгі салт-
ғұрыптық жиынтықтан хорға, ән ұжымына ежелгі грек трагедиясының 
ажырамас бөлігі ретіндегі эволюциясын көрсетеді. 
Трагедиядан бастапқысы тарихы және әнмен би билеп сүйене 
отырып негізгі формасы болған хор, антикалық әлемімен мәдени 
сабақтастық байланысты халықтар арасында дамиды. Олардың 
ішінде – Батыс Еуропаның тұрғындары және көптеген славян этника- 
лық топтары. Молдовандар, румындар, болгарлар үшін бұл халықтық 
дөңгелек би – «хоро», грузиндер үшін – ерлерге арналған «хоруми» 
атауына айналған әскери жаппай би. Музыка, би және ойын әрекет- 
терін біріктіретін хор билері Ежелгі әлемде өте танымал. Югославия- 
дағы славяндар үшін олар коло, украиндар үшін веснянки, белорустар 
мен орыстар үшін карагодтар және т.б. 
Англияда, Ирландияда, Уэльсте және Голльде «хорнпайп» 
(ағылшын тілінен: хор - мүйіз, пайп - труба) – 16-19 ғасырларда 
танымал болған халықтық музыкалық аспап және халық билері. 
Негізгі түрі – ерлердің жеке биі, сол аттағы хорнпайп музыкалық 
аспаптың сүйемелдеуімен орындалады. 
Сонымен хор – бұл христиан мәдени әлемінің егіншашу шаруа- 
шылық халықтары жасаған антикалық әлемнің ұжымдық әрекеті. 


73 
Музыкалық байланыстар аясындағы ежелгі реликтер, яғни ескінің 
жұрнағы келесі эволюциядан өтті: а) Хор – ең ежелгі салттық әрекет; 
б) Хор – ежелгі грек трагедиясының ұжымдық қатысушысы; ә) хор - 
вокалды музыканы орындайтын ән тобы; в) Хор-хор тобының 
орындауына арналған музыкалық шығарма. 
Уақыттардың қатынастырушы буын болуы синкретикалық 
монодиялық мәдениеттен қазіргі шындықтың қуатты қабатына – хор 
музыкасына дейін созылады. Бұл сапасында хор композиторлық 
(жазбаша) тәжірибенің ажырамас бөлігі болып табылады. Алдымен 
хор - христиан әлемінің қасиетті музыкасының, атап айтқанда: месса, 
кантаталар, ораторияларының жетекші формасы болды. Қайта өрлеу 
дәуірінде хор опера мәдениетіне енеді. Кейін ол жеке музыкалық 
шығарма ретінде де, аспаптық музыканың ажырамас бөлігі ретінде 
(симфония) және вокалды-аспаптық шығалмалар ретінде құрылды. 
Батыс әлеміндегі көптеген халықтар арасында қалыптасқан өзінің 
алдыңғы шеберлерінен хор музыкасы көп дауысты орындауда 
көрінетін күш, дыбыс қуатын иемденеді және Батыс әлемінің эстети- 
калық, көркем феномен болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет