Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті



Pdf көрінісі
бет30/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

МОДУЛЬ III.
Қазақ музыка мәдениетінің әлеуметтікдинамикасы 
19 тақырып. Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы туралы 
жалпы сипаттама 
Тақырыптың мақсаты: Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы 
туралы жалпы түсінік беру 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: мәдениеттің 
әлеуметтікдинамикасы, іс-әрекет, архаикалық акустикалық мәдениет, 
дыбыстық-аспаптық тәжірибе 
Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы туралы жалпы сипат- 
тама тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы 
2. Ежелгі акустикалық мәдениеттің қалыптасуы 
 
Дәріс: 
1. Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы 
Мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы – ішкі және сыртқы фактор- 
лардың әсерінен мәдениет пен адамда болатын өзгерістер. Өзгерістер, 
яғни, даму – әлеуметтің де, мәдениеттің де ажырамас қасиеті. Осылай- 
ша мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы – қоғамның құндылық-
мағыналық саласын жасаушысы, адам іс-әрекетінің үдерісі мен 
нәтижесі. 
Іс-әрекет – сыртқы дүние мен адамды мақсатты өзгеруімен 
байланысты адам болмысының басты атрибуты, яғни ерекше белгісі, 
төлсипаттардың бірі. Осылайша, адамның іс-әрекетінде социодинами- 
касы мәдени-тарихи өлшемге ие мәдениет құрылады. 
«Музыкалық мәдениеттің морфологиясы: әдіснама мәселелері» 
тақырыбында атап өтілгендей, мәдениеттің әлеуметтікдинамикасы үш 
кезеңнен тұрады: алғашқы рухани-практикалық тұтастық, жеке 
салаларға бөлінуі, біріктірілген тұтастық. Бұл – мәдени-тарихи 
үдерісінің жалпы үрдісі, оның әртүрлілігі адам мен қоғам іс-әрекетінің 
нәтижесі болып табылады. Ол өз тарихи-мәдени дамуында келесі даму 
кезеңдерін өтеді: архаикалық, яғни ежелгі акустикалық мәдениет, 
дәстүрлі акустикалық мәдениет, музыкалық өнер, кәсіби музыкалық 
практика. Адамзат тарихының барлық кезеңдерінде музыкалы-шығар- 
машылық іс-әрекет, мәдениеттің социодинамикасында өтетін өзгеріс- 
терді белгілейтін сезімтал барометр ретінде қызмет атқарады. Әр 
тарихи кезеңнің қайталанбас бірегейлігі, әртүрлі әлеуметтік-мәдени 
қауымдастықтарда адамды ілесіп жүретін, «ерекше климат», «заман 
рухын» ұсынады. 


100 
Осылайша мәдениет социодинамикасына тарихи сипаттама тән. 
Сонымен қатар бұл географиялық өлшемімен сипатталады, өйткені 
мәдениет жалпы (жалпыадамзат феномені) ғана емес, ерекше (ұлттық) 
және жеке (жеке индивидке тән) болып табылады. 
Тарихи (диахрондық) және географиялық (синхрондық) өлшем- 
дерді есте ұстай, мәдени-тарихи үдерісінің аясында қазақ музыкалық 
мәдениетінің сипаттамасын берейік. 
2. Ежелгі акустикалық мәдениеттің қалыптасуы 
Мәдениет, оның ішінде музыкалық салада, ежелгі заманда қалып- 
тасты. Осы кезеңдегі есту қабілетіне негізделген ауызша феномен 
ретіндегі музыка «архаикалық акустикалық мәдениет» (акустика – 
дыбыс құбылыстарын зерттеу саласы) деген анықтамасын алды. Бұл 
жалпы адамзат өркениеттің алғашқы кезеңінде мәдениетіне трансля- 
циялаудың, яғни тасымалдаушы ретінде басты орын ауызша тәсілі 
тән. Осы тіл қалыптасқанға дейінгі кезеңде қарым-қатынас жасаудың 
басты құралы ретінде дыбысты-интонациялық кешен маңызды орын 
алған. Бұл процесс шеңберінде күнделікті өмірдегі дыбыс-сигналдан 
семиотикалық, яғни ақпаратты сақтайтын және беретін белгілік жүйе 
ретінде, дыбыс-тілге дейін ұзақ эволюция, яғни қалыпты даму болды. 
Осылайша музыка мен музыкалық мәдениеттің қалыптасуына 
адамның алғашқы дыбысты-шығармашылық практикасы әсер етті. Ол 
күтпеген, өздігінен (әлі саналы емес) сипаты бар қоршаған ортаның 
дыбыстарын эмоционалды-сезімдік қабылдауына негізделген. Бұл, 
қоршаған ортаны және өзін-өзі тануды түсінуге бағытталған музыкалы-
шығармашылық іс-әрекеттің субъективті түрі. 
Сомасы әлі қоғамдық сананың тұтастығына қалыптаспаған, дара 
тәжірибенің басым болуы, қоршаған шындық пен өзінің ішкі әлемін 
сезінетін, әрбір адам бір мезгілде «шығарушы» да, «орындаушы» да 
және «тыңдаушы» болған кезде, көбінесе іс-әрекеттің индивидуалдық, 
яғни жеке формаларын құрастырады. Осылайша, ежелгі акустикалық 
мәдениет соло, яғни жеке синкретикалық тұтастықты ұсынады. 
Архаикалық адамның музыкалы-шығармашылық іс-әрекетінің 
іске асыру мәдени формалары ерте фольклорлық интонациялау, яғни 
әндету және дыбыс-аспаптық практика болып табылады. Ежелгі ата-
бабалар іс-әрекетінің алғашқы «нәтижесі» тек бір рет ғана шығарылған 
және елестетілген жеке-дара құбылыс. Сонымен қатар, адамша дыбыс- 
талуының қалыптасу үдерісі музыкалы-шығармашылық іс-әрекеттің 
қажетті нәтижесін жинақтау қайнар бұлағы болды. 
Осылайша бұл кезеңде архаикалық акустикалық мәдениет тұтас 
түрді ұсынады. Ғылыми еңбектердің кешендеріне негізделген акусти- 
калық мәдениеттің алғашқы моделін жалпы адамзат феномені ретінде 
сипаттауға болады. Осындай мифологиялық мәдениет аясында 


101 
қалыптасқан түрінде музыка жетекші орынға ие болды. Архаикалық 
классикалық мифтің ерекшелігі – әлемді жанды-жансыз деп бөлмей-ақ 
бір тұтас ретінде қабылдануы. 
Келесі кезең – қос құрылымға негізделген дуалды мифология. 
Мұнда көне адам алғаш рет өлімді өмірінің соңы ретінде түсініп, бұл 
«жаңалықты» жоқтауда (жерлеу зарында) білдіреді. Бұл көркем мәде- 
ниет және өнер ретінде сипаттауға келмейтін өте ерекше құрылым. 
Онда қазіргі түсініктегі саз-сарын жоқ, оған тұрақсыздық, аяқталма- 
ғандық тән. Жоқтауды орындауға қайғы, қасірет, күйініш сезімдері 
итермелейді және ол музыкалық емес интонацияларға толы болады, 
кез келген жерде жоқтау өксікпен, зармен, айқаймен үзіліп кетуі 
немесе мүлдем тоқталуы мүмкін. Осылайша, жерлеу жоқтауларын 
архаикалық акустикалық дәуірдің синкретикалық феномені ретінде 
анықтау заңды. 
Сонымен қатар Өмір мен Өлім мәселесі – жалпы адамзат 
өркениеттің «мәңгілік» тақырыбы. Осыған орай, біріншіден, жоқтау 
музыкалық өнер ретінде мәдениеттің ауызша да, жазбаша да түрінде 
жанр ретінде терең дамып қалыптасады. 
Екіншіден, өлім антитезасы, яғни қарсысы ретінде Жер бетіндегі 
барлық халықтардың мәдениетінде алғашқы музыкалық жанр болып 
бесік жыры табылады. Оны әлемдік мәдениеттің әмбебап жанры ретін- 
де сипаттауға әбден болады. Өйткені ана бесік жырын қай тілде айтса 
да оны үнемі жаңылмай тануға болады, ол басқа жанрлардан ерекше. 
Бұл айтылғандар бесік жырының музыкалық тілінің ерекшелік- 
терімен түсіндіріледі. Олардың ерекшелігі махаббатқа, мейірімге, 
нәзіктікке, қамқор-лыққа толы интонациясында. Бесік жыры – адамзат 
тарихында алғаш рет махаббат сезімі қалыптасқан жанр және қоғам 
тарихындағы алғашқы махаббат ер адам мен әйел адамның арасын- 
дағы махаббат емес, Ананың өз Нәрестесіне деген махаббат болды. 
Сонымен халықаралық мәдениетте барлық жер беті тұрғындарының 
барлығына түсінікті, аударуды қажет етпейтін алғашқы және жалғыз 
музыкалық тіл пайда болды. 
Ана махаббатының әнұраны – бастапқы қалыпты мәдениетте 
және өнердің көптеген түрлерінде жетекші тақырыптардың бірі. Ол 
әлемнің барлық халықтарының мифінде адамзат тегінің арғы шешесі 
ретінде Акку, Ак каз бейнесінде дәріптелген. Ана жүрегінің ғажайып 
сезгіштік қасиетін бабаларымыз аңғарған және Қорқыт туралы түріктің 
көптеген көшпенді этноқоғамдарында аңыздарда сақталған. Палеоли- 
тикалық «венералар» – палеолит дәуірінің мүсінді бейнелері – анаға 
табынушылық деп есептейтін өнертанушылармен де келісеміз, өйтке- 
ні әйел денесін сұлулық кілті деп түсіну анағұрлым кеш – антикалық 
әлем өнерінде пайда болды. 


102 
Ана махаббаты риясыз, шексіз, сондықтан да бесік жырының тілі 
де жылылыққа, жайлылыққа, тыныштыққа (бейбітшілікке) толы. 
Музыкалық белгілер – бірқалыпты қалғытатын ырғақ, сабырлы қарқын, 
бір сарынды қозғалыс. Бұл таза сезім әлемі тыныштыққа толы. 
Сондықтан ана айтқан бесік жыры сәбиді ұйықтатып, тыныштандыра 
отырып, иландырушы психологиялық әсер етеді. 
Бесік жырының жанрлық ерекшелігі оларды ер адам мен әйел 
арасындағы махаббат сезімінен туындаған лирикалық махаббат 
өлеңдерімен салыстырғанда айқын көрінеді. Ер адам мен әйел адам 
арасындағы жеке махаббат мүлде басқа сезім тіліне ие. Ол күманға, 
толқынысқа, құмарлыққа, дірілдеген токқа, экспрессияға, шабыттылық- 
қа, күтуге, зарығуға толы: 
Өлі бойға жан жүгірді, 
Қайратым құрыш болды нан. 
Мұз жүрегім май сықылды, 
Еріп от боп күйді жан. 
Қор қылуға құдіреттен. 
Жүрегіме түсті өрт. 
Тайды аяғым ескі серттен, 
Түсті емсіз қатты дерт. 
Музыкалық өнерден де көптеген мысалдар келтіруге болады. 
А.С. Пушкиннің лирикасына Г. Берлиоз, Р. Шуман, Р. Вагнер, 
Ф. Шуберт, П.И. Чайковский және т.б. романтик-композиторлардың 
шығармалары сарындас. 
Осылайша көркем мәдениет және музыкалық өнер тарихындағы 
бірінші жанр бесік жары болып табылады. Бұл туралы әуенді канти- 
лена түріндегі лирикалық музыкалық бастау мысалында – музыкалық, 
сазды тілдің қалыптасуын қадағалауға және қайта жаңғыртуға болатын 
бесік жырының тілі дәлел бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет