Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет32/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 
1. «дәстүрлі» ұғымына альтернативтік, яғни балама көзқарастар 
2. «Шығыстардың» көптігіндегі дәстүрлі мәдениеттердің қасиет- 
тері 
3. Батыс аймақтардағы дәстүрлі мәдениеттердің қасиеттері 
4. Номадшылдық өмір сүру бейнесі ретінде 
5. Номадшылдық мәдениет түрі ретінде 
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі: 
1. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи: 
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 89-95. 
http://кітапхана.қаз/catalog/201101/201101.htm 
2. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография – Астана, 2002. – 
832 б. 
3. Аманов Б.Ж., Мұхамбетова Ә.И. Дәстүрлі қазақ музыкасы және 
ХХ ғасыр. – Астана: Мастер По, 2013. – 332 б. 


109 
4. Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка мерекесі аталып 
өтуде 22 Қазан 2013 https://e-history.kz/kz/news/show/2403/ 
21 тақырып. Қазақ елінің ауызша саз мәдениетінің әлеумет- 
тікдинамикасы 
Тақырыптың мақсаты: Қазақ халқының ауызша саз мәдение- 
тінің әлеуметтікдинамикасын сипаттау 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: ауызша саз мәде- 
ниет, қара өлең, ауызша кәсіби тәжірибе, рухани оқиға, іштесу 
Қазақ халқының ауызша саз мәдениетінің әлеуметтікдинами- 
касы тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Қазақ халқының ауызша саз мәдениетінің 
2. Күй – түрік әлемінің феномені ретінде 
Дәріс: 
1. Қазақ халқының ауызша саз мәдениетінің 
Ғалымдардың пайымдауынша, музыка әлемінің қалыптасуы 
фоникалық (фоно – дыбыс, дауыс) және меликалық (мелос, мелика – 
әуенді, яғни әндетілетін) кезеңдерге бөлінетін ұзақ тарихи эволюция, 
қалпы дамуы барысында өтті. Киелі-салт-жоралық тәжірибедегі көркем 
дүниетанымның алғашқы тарихи нысаны фоникалық архаикалық түрі 
болып табылады. 
Бұл біріншіден, адамның өмір тіршілігінің өзекті әлеуметтену 
тәсілі, ұжымға қосылу, қоғамға қатыстылық және болмыс құпиясына 
ие болу ретіндегі ажырамас сатысы. Екіншіден, өмір сүрудің қажетті; 
бірақ сұрапыл емес, ұрпақтан ұрпаққа таратылатын салт-дәстүрлер, 
әдет-ғұрыптар, дәстүрлер түрінде бекітілген шарты болып табылады. 
Қазақ саз ауызша мәдениеті – жаңа тарихи ғасырдың феномені
атап айтқанда: меликалық кезеңі. Ұлы дала көшпенділерде, салттық-
мифологиялық шығармашылықпен туындаған рухани ортасы маңызды 
дүниетанымдық константаларды анықтады. Атап айтқанда: болмыс- 
тың табиғи көріністері ретінде Гармония, яғни Үндестік мен Хаос, 
яғни Ретсіздік ғарыш пен жер заңдарын интуитивті (сезімді) түсінуі, 
ұғыну, шексіз қасиетті бастамасының басымдығымен анықталған 
Универсумды, яғни жалпы әлемді тұтас түрде қабылдауы. 
Уақыт өте келе, өмірлік тәжірибені бекітудің, сақтаудың және 
трансляциялаудың әмбебап көзі ретінде маңызды фольклор басым 
болып табылады. Фольклордың тұтас түріндегі көркем элементтері 
ретінде музыкалы-поэтикалық, хореографиялық және драматикалық 
шығармашылық болып ұсынылады. Фольклордың танымдық, эстети- 


110 
калық және тұрмыстық функциялары оның ажырағысызы мен тұтас- 
тығын қамтамасыз етеді және бұл бірлік бейнелі-көркемдік нысанда 
жүзеге асырылады. Сондықтан фольклор (оның ішіндегі көркем 
элементтерімен) дәстүрлі рухани мәдениеттің жүйесіне кіріп, уақыт 
өте келе көркем мәдениетке қосылатын шығармашылықтың ерекше 
формаларына ие. 
Қазақ халқының көшпенділер мәдениетінде фольклорлық дәстүр- 
ден көркем феномені ретінде саз өнеріне өту Қара өлең болып 
табылады. «Қара» ежелгі түркі тілінен – ұлы, күшті тағы да бірнеше 
коннотациясы, яғни көп мағыналары бар (алғашқы, басты, қарапайым, 
құдіретті, қасиетті сияқты). Осылайша, халықтың рухын шоғырланған 
түрде білдіретін феноменнің өмірлік мәнін көрсетеді. 
Өлең – музыкалы-поэтикалық тұтастық: өлең; ән; өлең шығару; 
өлеңнің құрылуы; өлең өлшемі; өлең жинағы; ән айту; өлеңді жатқа 
айту; өлең айту. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қара өлең – 
музыкалық және сөздік/ поэтикалық бастауды біртұтас тұтастықта 
біріктіретін саз мәдениетінің ерекше феномені. 
Халқымызда қара өлең тар және кең мағынада қолданылады. Тар 
мағынада қара өлеңнің мазмұны адамның өмірі мен тағдыры, оның 
арманы мен үміттері туралы толғаныстары мен ойлары, қысқа өлең-
поэтикалық мағынадағы жоғары адами идеалдар көрініс беретін 
фольклорлық қарапайым әншілік жанр. 
Кең мағынада қара өлең әуесқойлық музыкалық іс-әрекет, яғни 
ортадағы саз қызметінің (тыңдау, орындау және шығару) ұлттық түрі. 
Осы мағынада Қара өлең той бастар, ауылдың алты ауызы, қонақ кәде, 
бастаңғы секілді әртүрлі тақырыптардағы түрлерін қонақжайлылық 
рәсімінің ажырамас бөлігі ретінде енгізеді. Рәсімнің мәні – қонақтар- 
дың әрқайсысы зияткерлік әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін 
шеңберде көрсетуі. Және де тек қара өлең ғана емес, сонымен қатар, 
сөзбен тығыз байланысты күйлерді де тарту әбден мүмкін. Дәстүр 
бойынша күйді тарту алдында сөз арқылы тарихта болған оқиғалар 
немесе өзі туралы аңыздар, әңгімелер баяндалады. Қонақтар арасында 
айтыстар – музыкалы-поэтикалық сайыстар: қайым-айтыс (қыздар мен 
жігіттер топтарының арасындағы сайыс); қыз бен жігіт айтысы; 
тақпақтасу, қағысу (сөз арқылы айқасу); географиялық объектілерді 
білу жарысы – тау, жер, су өлең; өтірік өлең – шынайы емес мазмұн- 
дағы өлеңдер; жыр сайысы; шешендер сайыстарды да өткізу әбден 
мүмкін (Сабырова Ә.). 
Сонымен қара өлең салттық-мифологиялық шығармашылықтың, 
нақты айтқанда қонақжайлылық салтының аясында жетілдірілген. 
Ғылыми түрде қонақжайлылық «Дәстүрлі қазақ музыкасы және 


111 
ХХ ғасыр» атты ұжымдық монографияда Б.Ж. Аманов пен Ә.И. 
Мұхамбетованың ойдағыдай жазылған. Даму барысында ол музыкалық-
поэтикалық фольклордан саздың кәсіби мәдениетіне өтпелі форманы 
білдіреді. Қара өлеңнің маңыздылығы қатысушылардың әрқайсысының 
шығармашылық актісі өзіндік ерекшелігі, суырып-салмалық шеберлігі 
тұрғысынан бағаланғанына байланысты. Сонымен қатар жоғарыда 
айтылғандай, саз мәдениетінің кез келген жанрларын орындауы 
ынталандырлады. 
Уақыт өте келе қара өлең қонақжайлылық салтынан тыс өмір сүре 
бастайды, бұл ауызша кәсіби саз мәдениетінің қалыптасу процесін 
жандандырды. Осылайша, қара өлең эволюциясы барысында кәсіби 
шығармашылығы мазмұнды, тақырыпты, өлеңнің көлемін, музыкалық-
интонациялық және композициялық заңдылықтарына негізделіп әнші, 
сал мен сері ән өнерінің кеңінен пайдаланатын іргетасы болып 
табылады. 
Сонымен қатар қара өлеңнің әсері әншілік мәдениетінің саласы- 
мен ғана шектелмейді. Жоғарыда айтылғанындай, қара өлең тұтас 
феномен ретінде ауызша кәсіби саз мәдениетін қалыптастыру үшін 
басты негіз болып табылады. 
Жалпы шығыстық, ең алдымен, түркі дәстүріне сүйене отырып 
қазақ мәдениеті номадтық негіздерінің дәйекті дамытумен сипатта- 
лады. Көшпенділік постмодернистік (модерннен кейінгі, қазіргі заман) 
терминология бойынша «Басқа» болмыс ретінде көшпенді өмір сүруі 
әлемге тұтас көзқарастың қалыптасуына ықпал ететін пайымдау, 
аңдауының (созерцание) маңызды мәнге ие болуына себепші болды. О 
дегені, пайымдау «сезімтал танымның формасы ғана емес, сонымен 
қатар ол зияткерлік танымның формасы болып табылады» [27, 147б.]. 
Басқаша айтқанда, ойлау мен сезімталдықтың ерекше байланысында 
ашылатын екі негіз бар. 
Пайымдаудың негізі ретінде дамытушылық сипатындағы ауызекі 
болмыстың мәдениет пен оның субъектісінің үздіксіз және тікелей 
байланыс принципі жатыр. Сондықтан «ауыздан ауызға бір-біріне 
айтылғандықтан асыл да жасыл түрінде бүгінгі заманға жеткендігі». 
«Ауызша мәдениеттің рухани нәрі, мәйегі тыңдаушы көпшілікпен 
байланысты», – деп Қ.Ш. Нұрланова әрі қарай былай жалғастырады: 
«Ауызша дамыған мәдениет пен оның субъекті (тыңдаушысы) ерекше 
және өзгеше қарым-қатынаста болады. Бүл жерде әр адам тыңдаушы 
бола білген, тыңдауға кедергі жоқ. Екіншіден, тыңдап қана қоймай, 
тыңдаған рухани дүниені тыңдаушы жадында сақтай білген. Үшінші- 
ден, сақтап қана қоймай, бір-біріне айтып, ғасырлар бойы үзілтпей 
жеткізе білген. Халықтың жиған-терген руханилығы тыңдаушы 
адамның жадында, көкейінде, санасында, тіпті бейсанасында да орын 


112 
алып өле-өлгенше бірге болған. Тыңдаушы көпшіліктің осы рухани 
қасиеті ауызша мәдениеттің интеллектуалдық ортасын қалыптастырып 
үзбей дамытады». 
Сондықтан ауызша мәдениеттің ішкі сыры оның тыңдаушымен 
етене біртүтас байланыста болуында, өзара тіке байланысты болуында, 
тыңдаушы көпшіліктің етене біртұтастық байланысы ерекше рухани- 
лық қасиеттілікті қалыптастырады. Ол қасиеттілік – тыңдаушы 
көпшіліктің бәрі бір адамдай интеллектуалдық биіктікте болып, 
интеллектуалдық ортасын құрастырады. 
Қазақ елінде жан-жақты дамыған көркем мәдениет – ол ауызша 
дамыған мәдениет. Ал, осы ғасырлар бойы дамыған мәдениеттің ішкі 
сыры, құпиясы – оның адаммен (яғни тыңдаушысымен) біртүтас етене 
тіке байланыста болуында. Осы аталған етене, тік, «өгей емес» 
байланысты сонымен қоса адаммен (тыңдаушымен) мәдениеттің 
арасындағы етене тіке қарым-қатынас. Және де бүл қарым-қатынас 
түбегейлі болып келуі тиіс. Ал, енді тіке байланыс, тік-тіке қарым-
қатынас дегенге келсек, оны былай тарқатуға болады. Қазақ елінде 
терең тамырлы түрлі мәдениет ауызша дамыған: фольклор, әдебиет, 
музыка, құқық, этика, эстетика, философия. Ғасырлар бойы жинаған 
елдің барлық білімі (қандай түрде болмасын) адамның, әрбір адамның 
жадында, көкірегінде, санасында, зердесінде ажырамас түрде орын 
алған. Бүл жерде бір айтып кететін жәйт, сол барлық білім (все 
знание) әрбір адамның жадында болады, сонымен қоса ол білім 
әртүрлі толқытулықта, деңгейде, дәрежеде болады. 
Түптеп келгенде бұл қүбылыстың іштей сипатына үңілсек, бүның 
рухани қүпиясы осы қарым-қатынас байланыста деп тұжырымдауға 
болады, ал қарым-қатынас байланыстың қасиеттері мынадай болып 
шықты: 1. етене тіке байланыс (прямая непосредственная связь куль- 
туры с ее субъектами) 2. айнымас қарым-қатынас байланыс (неизмен- 
ная постоянная взаимосвязь, отношение), 3. үзілмес қарым-қатынас 
байланыс (непрерывная взаимосвязь, взаимоотношение). 
Осылайша атап кеткен үш қасиет бір жерден біртүтас болып 
шығып ауызша мәдениеттің түбегейлі түрде ішкі негізі болып, ішкі 
сипаты, рухани өзегі болып, оны ғасырдан ғасырға жеткізе білген. Бүл 
үш қасиеттің үшеуі үзілмес, айнымас және тіке байланыс болғандық- 
тан, бүкіл ауызша мәдениет болмысының рухани сырын қүрайды. Бүл 
мінездеме қазақ елінің ауызша дамыған мәдениетінің негізгі принцип- 
тері деп білуге болады. Ауызша мәдениеттің ішкі мәні мен сәні, 
рухани сыры осы аталған үш қасиеттіліктің біртүтастығынан турады 
дейміз, бүл біртұтастық ауызша мәдениеттің рухани болмысын 
(бытие) құрайды, қалыптастырады. 


113 
«Көк» кілттік константасының этимологиясы әртүрлі аймақтық 
нұсқалар мен көпмағыналық мәнге ие. Қазақтарда, қырғыздарда, 
түркімендерде ұлттық аспаптарға арналған бұл күй, немесе куу; 
алтайлықтар мен хакастарда – «кай» – эпикалық аңыз; татарлар мен 
башқұрттарда күй – ән де, аспаптық пьеса да. аспаптық пьеса; татар- 
лар мен башқұрттарда – әрі ән, әрі аспаптық шығарма. Күй әртүрлі 
орындаушылық нұсқаларда да, атап айтқанда, аспаптық шығарма, ән, 
жыр ретінде қазір де Ұлы Даланың көптеген халықтарының классика- 
лық мұрасы болып табылады. 
Осылайша Ұлы Дала көшпенділерінің саз мәдениетіне бірқатар 
ерекшеліктер тән: 
– сазды ғарыштық сұлулық пен үйлесімнің жердегі көрінісі 
ретінде түсіну, музыкалық өнерді сакрализациялау; 
– көркем ойлаудың тұтастығы; адамның өміршеңді іс-әрекетімен 
саз тәжірибесінің бөлінбеуі, үйлесімсіздігі; 
– қарым қатынас және шығармашылық үдерісінде саз тәжірибені 
ауызша трансляциялау, яғни тасымалдау тәсілі (Қ.Ш. Нұрланова); 
– қоғамның барлық мүшелерінің белгілі бір дәрежеде жеке тұлға- 
ның әлеуметтенуі мен әлеуметтік-мәдени бірегейлігінің шарттарының 
бірі ретінде музыкалық іс-әрекеттің әртүрлерін иелену міндеттілігі; 
Көк Мәңгі Тәңірінің ерекше дарынымен атап өтілген, «сегіз 
қырлы, бір сырлы» сазгер-күйшіні қабылдауы. 
Сонымен қатар олардың әрқайсысы туған ортада өзінің бағытта- 
луына және мәртебесіне ие. Әншінің, сал мен серінің музыкалық-
шығармашылық қызметінің мазмұны махаббат пен неке, берік отба- 
сылық қатынастар тақырыптарын құрастырды. Жыраулар өздеріне тән 
іс-әрекетін жоғары міндет ретінде бағалайды. Осыдан ертеден келе 
жатқан сиқырлық табиғи дарындылаққа сенім, өз орнын халықтың 
рухани құндылық жүйесін уағыздаушы ретінде түсіну пайда болады. – 
жырды орындаушы (жырды қар.). Жыршы ханның кеңесшісі, халық- 
тың аруақтармен байланысын қамтамасыз ететін болашақты болжап 
айтушы болған. Өзінің шығармашылық ісінде этностың жоғары 
рухани және әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған. 
Осылайша қазақ саз мәдениетінің мәні Адам мен Әлем арақаты- 
насы және олардың байланыстарын полифониялас логикасымен сипат- 
талатын, рухани бастаманың Әлеміне енгізу арқылы тең шығарма- 
шылық қарым-қатынастарының үйлесімділігін құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет