Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

Вокалдық-аспаптық мектептер: әншілік, жыраулық, ақындық 
Қазақ вокалдық-аспаптық мектептері әншілік, жыраулық және 
ақындық болып бөлінеді. Яғни, үш негізгі жанр – ән, жыр мен айтыс. 
Әншілік пен ақындық өнерлері бір-бірімен тығыз байланысты. Осының 
мысалы, Біржан сал, Естай және басқа да ауыз кәсіби мәдениеті мен 
өнерінің қайраткерлерін халық арасында әнші, сал және ақын деп 
атаған. 
Сал мен серілердің іс-әрекетіне әлеуметтік-көркемдік функциялар 
мен музыкалық-стильдік қағидаттардың бірлігі тән: а) универсалды 
жалпыға бірдей принцибін іске асыратын синкретизм (Қ. Нұрланова). 
Атап айтқанда, а) бірлік, әр индивидуалды жеке авторлық стильдегі 
дәстүрлі және жаңашылдық пен жалпы мәдениеттегі үйлесімдік өзара 


117 
байланыс пен диалектикалық арақатынасы; ә) көпшілік алдындағы 
жеке вокалдық-аспаптық түріндегі музыкалық-поэтикалық шығарма- 
шылығы; б) жеке-стильдік жүйелердің алуан түрлілігін бейнелейтін 
жоғары дамыған саналы авторлық институт; в) ән-поэтикалық жүйе- 
нің, музыкалық тілдің және форма құрылымының стильдік бірлігі
г) шығармашылықты эстетизациялауға басым бағыттың көрінісі ретін- 
де жоғары көркемдік деңгейдегі әндерді жасау; ғ) ауыз кәсіби әндер- 
дің орындалу коммуникативтік, яғни байланыстық құрылымына 
домбыраны енгізу; е) кәсіби іс-әрекеттің жоғары критерийлерін өсіру, 
атап айтқанда, шеберлікті игеру және дамыту. 
Сал мен серілердің музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті орын- 
даушылық және вокалдық шеберлікпен, әндердің жеке-стильдік заңды- 
лықтарымен ерекшеленетін керемет әншілер мектебін қалыптасты- 
руды қамтамасыз етті. 
Сал мен сері әндерінің тақырыбы мен бейнелік жүйесі үшін астар, 
емеурін, теңдеу, ауыстыру, айқындаулар, тұспалдап түсіндірулер, 
егіздеулер шартты-поэтикалық формулалар жүйесі тән. Ғашықтық 
әндер жанры махаббаттың рухани мәнін ашады және де сүйіктінің 
керемет бейнесін жарқын суреттейді. Нақтырақ айтқанда: а) заттар 
мен өмір құбылыстарына салыстырмалы жетілдіру үлгісі ретінде 
әйелдер портретінің элементтерін; ә) іңкәрлік, ынтызарлық секілді 
анықтаушы сөздермен жеңіл қызығушылық не меңзейту түрінде 
махаббаты қобалжытуы; б) қарама-қарсылақтарда құрастырылған жұп 
поэтикалық символдар мен параллелизмдер арқылы аң аулаудың 
қызықты көріністері секілді сал мен серінің мінез-құлық стереотип- 
терінің, яғни таптаурының рухын терең махаббат сезімдері және 
қарым-қатынастарын); в) Ғашықтық әндердегі ең ұнамды кездесетін 
тақырып туған өлкенің табиғатын мадақтау айналасында аңсау, 
сағыныш, қоштасу мен қайғы, оған деген сағыныш, кездесулер туралы 
армандаған махаббат уайымы. 
Мұң-шер деп аталынатын лирикалы-философиялық әндерге 
қысқаша тоқталсақ олар өмір туралы субъективті ойлар. Мұң-шер 
әндерінің түрлеріне ғұрыптық емес саз-сарындар енеді (Б. Қоқымбаева). 
Олар: а) әншінің – жұбату, қалыңдықтың жұбанышы, қыздың тағды- 
рына деген жанашырлығын білдіру. Бұл әндер сыңсу, қоштасу, зар 
секілді ұзатылған қыздың түрлеріне әуені мен поэтикалық клише- 
леріне тікелей сәйкес келеді (Ақан серінің «Ақтоқтының аужары» 
және «Ақтоқтының зары»); ә) Жас кезеңдерімен байланысты әндер
оның ішінде жиырма бес – жастық шақпен қоштасу (25 жас – ересек 
мүшеліне кіру) және ақырғы қоштасу әндер – өмірмен қоштасу 
әндері. Олар әдет-ғұрыптық жоқтаудың (Салғара «Жиырма бес», Ақан 


118 
сері «Майда қоңыр» және «Әудем жер», Әсет «Ақырғы сөз», Жаяу 
Мұса «Сапар») рухани және интонациялы-әуендік өзгеруімен және 
ақындардың толғауы – философиялық толғаныстар мен өсиет – өлер 
алдындағы тілек сөздері (Үкілі Ыбрай «Қалдырған», Біржан сал 
«Теміртас») байланысты; в) Дүние, адамның өмірі туралы тақыры- 
бына арналған әндер – лирикалық қара өлең субъективті-тұлғалық 
сипаттағы дәстүрлерін жалғастырады (Біржан сал «Дүние», Балуан 
Шолақ «Дүние» және т.б.) [73, 148 б.]. 
Осылайша саз ауыз кәсіби мәдениетіндегі өкілдерінің музыкалы-
шығармашылық мұрасы терең мазмұнымен, үйлесімдік пен суырып-
салманың икемдігімен, орасан зор жыр-эмоционалды күшімен 
сипатталады. 
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін еліміздің зиялы ғалымдар 
қауымы Ұлы Дала Елінің мәдени тарихының көптеген парақтарын 
интерпретациялады. Отандық гуманитаристиканың жаңа деректері 
материалдық емес (музыкалық-поэзиялық) мұрадағы Болмыстың мәңгі- 
лігі туралы идеяны таратуға күш-жігерлерін бағыттаған ата-бабалары- 
мыздың зияткерлік-шығармашылық қызметінің мәнін анағұрлым 
терең түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, Естай Беркимбаев пен 
Жаяу Мұсаның, Жарылғапберді мен Иманжүсүптің, Майраның және 
олардың ізбасарларының мәдени мұраларын Туған жердің «арқа 
сүйеуі» ретінде түсіндіруге жол ашылады. 
Төмендегі ережені талқылау үшін гипотеза ретінде қосқанды жөн 
көрдік. Зерттеушілер дәлелдегеніндей, жоғарыда аталғандар мен түп- 
нұсқалық ауызша дәстүрдің басқа да қайраткерлердің шығармашы- 
лықтары тұтас сипатқа ие. Біздің ата-бабаларымыз оларды «сегіз 
қырлы, бір сырлы» деп сипаттаған. Сонымен қатар олардың мәдени 
мұрасын зерттеуге қатысты арнайы ғылыми білім (музыкатану, 
әдебиеттану) тұрғысынан әлі де болса сараланған амал сақталуда. 
Жаңа мыңжылдықта Абай мен Шәкәрімнің философиясы туралы 
ереже негізделген бірқатар еңбектер пайда болды. Біздің ойымызша
кең – мәдениеттанушылық және мәдени-философиялық тұрғыда, 
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында оларды рухани 
қайраткерлер деп сипаттаған орынды. Бұл тұрғыдағы көзқарас жаңа 
Қазақстанда талап етілетін идеяларды өзектендіру үшін перспективті 
болатынына сенімдіміз. 
Сонымен Тәуелсіздік Қазақстан Республикасының әлемге 
«айтары бар». Бұл біздің қасиетті де лайықты еліміз және адамзатты 
болашаққа – Рухани болашаққа, атап айтқанда, Мәңгілік елге бастар 
Жолын болжайтын мәдени мұрамыз


119 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет