Қазақ саз мәдениетінің аймақтық мектептерінің қысқаша
сипаттамасы
Қазіргі кезде музыкатанушылар қазақ саз мәдениетінің негізгі
аймақтық мектептерін анықтады. Зерттеушілер ауыз кәсіби тәжіри-
114
бені, атап айтқанда: күй, жыр, айтыс және ән зерделеуге ерекше назар
аударады. Ауыз кәсіби әндер құрылымның жетілуімен, кең ауқымда,
күрделі мөлшер-ырғақтық құрылымен ерекшеленеді. Сондықтан
оларды тек ұстаз-шеберден оқыған әншілер ғана орындай алған. Қазақ
ән өнерінде әндердің стилі, ладоинтонациялық құрылысы, олардың
құрылымы мен орындаушылық ерекшеліктері бойынша ерекшеле-
нетін бірнеше аймақтық кәсіби мектептер қалыптасты. Олар Арқа
(Сары Арқа – Орталық, Солтүстік және Шығыс облыстары), Жетісу
(Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс облыстары) және Батыс (Батыс
Қазақстан және Оңтүстік-Батыс облыстары) мектептері. Кәсіби әндер
көбінесе тыңдаушылардың назарына бағытталған жоғарғы регистрдегі
көтеріңкі дауыстан басталады, музыкатануда бұл «ақындық әуендік
формуласы» деп аталады.
Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік облыстарының
аумағында қалыптасқан Арқаның әні тыныс алудың кеңдігімен,
әуендік байлығымен, мазмұнының тереңдігімен және күрделі құрылы-
мымен ерекшеленеді. Сары Арқа аймағында көмейіне бұлбұл ұялаған,
күміс көмей әншілер өмір сүрді. Олар Арқаның ән салу стилін құрып,
қазақтың авторлық әнін кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне көтеріп,
сал мен серілердің дамыған ән дәстүрін қалыптастырды. Сары Арқа
өңірінің жарқыраған кәсіби шеберлері Біржан сал, Ақан сері, Жаяу
Мұса, Абай, Әсет, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жарылғапберді,
Иманжүсіп, Естай, Мәди секілді жұлдыздардың шығармашылықпен
белгілі. Олардың орындаушылық мектептерінің ізбасарлары – Әмре
Қашаубаев, Қали Байжанов, Игібай Әлібаев, Байғабыл Жылқыбаев
және т.б.
Аспаптық мектептер: күйшілік
Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа,
Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес,
елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің
бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің
айқын айғағы деп бағалаған жөн.
Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа,
бостандыққа ұмтылу, ел Тәуелсіздікдігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда,
қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ
жүзеге асырған, Тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық.
Күйлер негізінен үш аспапта – домбыра, қобыз және сыбызғыда
тартылады. Соның ішінде, дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең
таралған және аса биік профессионалдық өреге жеткен саласы-домбыра
күйлері.
Сахара аймақтарының тарихи, мәдени және жағрафиялық
ерекшелігіне, аспапта орындалу техникасына байланысты, қазақтың
115
домбырашылық, күйшілік өнерінде жеті түрлі орындаушылық дәстүр
мен мектептер қалыптасты. Атап айтқанда: Шығыс, Арқа, Қаратау,
Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау, Батыс мектептері деп аталады. Қазақ-
тың домбыра күйлері орындаушылы ерекшелігіне, күйдің құрылы-
мына байланысты шертпе және төкпе деп жіктеледі.
Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды
қамтиды. Өйткені Шығыс Қазақстан (Семей, Шыңғыстау, Шұбарту,
Аягөз, Тарбағатай), Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі,
сонымен қатар, Монголияның Баян-Өлгий аймағы қазақтарының күй
мұралары осы дәстүрге жатады. Бұл өңірдегі, негізінен, архаикалық
үлгідегі аңыз-күйлерден тұратын күйшілік, домбырашылық өнердің
тамыры тереңнен бастау алады. Әсіресе, теріс бұрауда (квинта)
тартылатын «Шыңырау», «Тауқұдірет», «Ақсақ марал», «Ақсақ қыз»,
«Ақсақ аю», «Бұлғын сусар», «Балжыңгер», «Сұрмерген» сияқты
күйлер – аңыз-әнгімелерімен астасып жатқан көне жадігерлер. Шығыс
Қазақстан домбыра күйлерінің «Сары өзен», «Беласар», «Қорамжан»,
«Ащы күй» сынды тағы бір бөлігі қазақ, пен қалмақ, шапқыншылығы
дәуірінен көрініс беретін тарихи шығармалар. Ал «Салкүрең»,
«Телқоңыр», т.б. халык, күйлері – өте ерте замандардан жеткен
туындылар.
Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі тұлғалардың бірі –
Кетбүға күйші. Қаһарлы Шыңғыс хан заманында өмір сүрген
Кетбүғаның ержүрек батыр, ақылгөй би, дәулескер күйші ретінде
есімі белгілі. Осы жинаңқа енген «Кетбүғаның күйі» («Қара ала белдік
мойнымда, сауға, Шыңғыс, сауға») сол дәуірлерден жеткен тарихи
туындылардың бірі.
Шығыс күйшілік дәстүріндегі ең ірі тұлға –
қазак, күй өнерінің,
оның ішінде шертпе күй саласының дамып, көркеюіне көп үлес
қосқан Байжігіт күйші. Абылай хан заманында өмір сүрген күйшінің
жоңғар шапқыншылығы кезеңіне арналған күйлерін белгілі жазушы,
тарихшы М. Мағауин қилы кезең симфониясы, тайған, кешулі
жаугершілік заманның музыкалық шежіресіне теңейді. Жаугершілік
заман тынысы ғана емес, бейбіт тұрмыс лебізі де сезілетін Байжігіт
күйлерінің тақырыбы әралуан. Оның «Көкбалақ», «Қайың сауған»,
«Шаңды жорық» сияқты күйлерінен жаугершілік заманның елесі
көрініс берсе, «Ерке атан» күйі мүңды тарихымен есте қалады. Семей
өңірінің Шұбартау ауданының шегіндегі Бақанас, Балқыбек, Көксала
өзендерінің бойында өмір сүрген күйші мұрасы Шұбартау, Аягөз
өңірінде сақталған. Біздің заманымызға Байжігіт мұрасының дені
Жүнісбай домбырашы арқылы жетті. Байжігіт күйлерін жаздырып,
насихаттап жүрген бүгінгі орындаушысы – домбырашы Таласбек
Әсемқұлов.
116
Шығыс күйшілік дәстүрінің бір тармағы – Шыңжаң өлкесіндегі
Алтай, Тарбағатай, Іле күйшілік мектептері. Алтай аймағында қалып-
тасқан күйшілік мектептің көрнекті тұлғаларының бірі Бейсенбі
Дөненбайүлы күйлерінің тақырыбы сан түрлі. Бежең (ел арасында
осылай атаған) туындылары Қытай Халық Республикасының Алтай
аймағында, Монғолияның Баян-Өлгий өлкесінде және Қазақстанның
шығыс өңірінде кеңінен тараған. Бейсенбі күйлері осы жинаққа Уәли
Бекенов, Ғабдылхак, Барлықов, Тайыр Белгібайұлы, Тұрсын Кәдейұлы
сынды майталман домбырашылардың орындауында бізге дейін жеткі-
зіліп отыр.
Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып
жатқан байтақ өңірдің атымен аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең
көрнекті тұлғасы – Тәттімбет Қазаңғапұлы. Шертпе күй саласында екі
ішекті алма-кезек даралап қағу, бір ішекті бойлай шерту әдістерін
көбірек қолданып, бүл тарапта жаңашыл бағыт, оқшау мектеп қалып-
тастырған Тәттімбет күйлерін терең ойға, философиялық толғамға
толы шертпе күйлердің үздік үлгісі деуге болады. Небәрі 45 жас қана
ғұмырында өшпестей мұра қалдырған, қазақтың күй өнерін жаңа саз,
соны өрнектермен байытып, түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан аса
күй шығарған Тәттімбеттің философиялык, ой-толғамдарға құрылған
«Қосбасар» (9 нүсқасы), «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Бес төре»
(I, II түрі), махаббат сырын шерткен «Сылқылдақ», «Көш жанаған»,
«Балбырауын», тарихи оқиғаларға арналған «Айдос», «Алшағыр»,
«Азамат қожа», «Бозайғыр», т.б. күйлерін үйреніп, кейінгіге жалғас-
тырған –
өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай болған.
Тәттімбет күйлерінің басым көпшілігі белгілі күйші, домбырашы
Әбікен Хасенов арқылы жетті. Ұлы күйші мұрасын Аққыз Ахметова,
Эпике Әбенова, Жақсылық Омашев, Уәли Бекенов, Мағауия Хамзин
сияқты саңлақ өнерпаздар да кеңінен насихаттады.
Достарыңызбен бөлісу: |