Б. Ж. Қоқымбаева, Ж. А. Кожахметова Қазақ музыкалық МӘдениеті


Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет12/56
Дата25.05.2022
өлшемі6.27 Mb.
#458636
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Кокымбаева БЖ Кожахметова Оқу

Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Еліміздегі XIX ғасырдағы саз мәдениетінің ерекшеліктері 
2. Бүл кезде қандай саз мектептері белгілі болды 
3. Батыс өңірінің домбыра мектептері 
4. Еліміздегі композиторлық практиканың шығу тарихы 
5. Еліміздегі композиторлық практиканың ерекшеліктері 
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі: 
1. Кокумбаева Б.Д. Казахская музыкальная культура: учебное пособие 
/ Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ПГПУ, 2020. – 134 с. – сс. 24-25. 
http://кітапхана.қаз/catalog/200825/200825-001.htm 
2. Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің орысша-қазақша-
ағылшынша сөздігі // Құрастырушылар: Б.Ж. Қоқымбаева, Е.Ю. Личман, 
Б.У. Итемгенова. Аудармашылар: У.М. Мақұлов, А. Личман, А. Хасенов, 
Р. Хасенова. – Павлодар, ПМПИ, 2013. – 200 б http://кітапхана.қаз/catalog/ 
130815/130815-003.htm - 93-94 бб., 102 б., 153-154 бб. 
3. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография – Астана, 2002 – 
832 б. – 363-476 бб. 
4. Тақырып бойынша Б.Ж. Қоқымбаеваның 7-ші видеодәрісі Модуль 1. 
Лекция 7. https://youtu.be/ZTB-LQ5w5v4 
5. Джумакова У. Творчество композиторов Казахстана 1920-1980-х 
годов. Проблемы истории, смысла и ценности.–Астана: Фолиант, 2003. – 
232 с. – сс. 37-54. 
8 тақырып. Бесінші – постномадтық - кезеңдегі қазақ саз 
мәдениеті
Тақырыптың мақсаты: Қазақстанның музыкалық өміріндегі 
бесінші кезеңің сипаттау 
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: Постномадтық 
кезең, болмыс, антиномизм, арқа сұйеу, қоңыр, қара
Бесінші – постномадтық - кезеңдегі қазақ саз мәдениеті 
тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Постномадтық, яғни көшпелілік өмір бейнесі және мәдениет- 
тен кейінгі кезең: жалпы сипаттама


39 
2. Постномадтық кезеңнің өкілдері ретінде Естай Беркімбайұлы- 
ның шығармашылық іс-ірекетіне мінездеме 
Дәріс: 
1. «Постномадтық кезең» анықтамасы біздің көшпелі ата-бабала- 
рымыздың кеңестік дәуіріндегі отырықшы-егіншілік өмір салтына 
көшкен уақыты аталынады. Шаруашылық-мәдени типтің өзгеруі 
ұлттық психологияның, сананың, менталитеттің түбегейлі өзгеруіне 
ықпал етті. Бір ғана мысал келтірейік. Көптеген шағын этностар осы 
кезеңде өздерінің алғашқы аттарын орыс аттары мен тектеріне ауыс- 
тыруға мәжбүр болды. Қазақтар өздерінің есімдері мен тектерінде 
қалғандай секілді. Бірақ орыс транскрипциясы мағынасын бұрмалап, 
өзіне тән жоғары қиелі қасиетті жоғалтуға әкелді.
Мысалы, кеңестік Шығыстың тұңғыш академигі, біздің ұлы жер- 
лесіміз Қ.И. Сәтбаевтың аты-тегін алайық. Аутентикалық айтылуында 
Сәтбай – берекелі бай. Сәт – бақыт, жұлдыздардың қолайлы әсері
Сәтбай – сәтті бай деген мағынада. «Сәтті» сөзі қазақ тілінде кең 
мағынада тараған: сәтті аяқтау; сәтті болу; сәтті бітіру; сәтті жорык; 
сәтті жыл; сәтті іс; сәтті күндер. 
Академик тұлғасына қайта оралайық. Егер оның өмір жолын 
метафизикалық (терең философиялық) мағынада талдасақ, тағдыр 
оған шынымен сәтті, қолайлы болды. О дегені қарапайым адам тағдыры 
емес, Хюбнер түсінігіндегі кең тарихи мағынадағы тағдыр ретінде. 
Себебі өзінің де, сонымен бірге отбасының басқа мүшелерінің үлесіне 
тиген қиындықтарға қарамастан, ол өзінің, отбасының, руының және 
халықтың атын шығарды. Осындай жоғары мағынада ол шын мәнінде 
Сәтті бай. Ал орыс транскрипциясында Сатбаев сатпа ма, сату ма 
деген мағынадан құрылған секілді көрінеді. Бұл жалғыз фактіні КСРО 
халықтарының менталитетінің деформация, яғни мәні өзгеру үдерісін 
айқын көрсететін әмбебап ретінде тануға болады.
Әр ғасыр өзінің ерекше белгісімен уақыттың ретроспективасына, 
яғни өткенді шолу енеді және бұл оған ерекшелікті, тарихтағы бірегей, 
таптырмайтын орынды қамтамасыз етеді. Егер кеңестік кезеңдегі 
қазақ руханиятына айтылғандарды болжайтын болсақ, онда ХІХ ғасыр 
халық тарихына күйші, ақын, жырау, әнші, сал-сері жеке кәсіби 
шығармашылығының гүлденуі ретінде жоғарыда қысқаша баяндалды. 
ХХ ғасыр қоғамдық сананың жаңа рухани бағдарларының қалыпта- 
суымен ерекшеленеді, олар сөзбе-сөз мағынада құндылықтардың 
төңкерісін тудырды.
Көптеген ұлттық мәдениеттер, соның ішінде қазақ мәдениеті үшін 
бұл түбегейлі дүниетанымдық өзгеріс аутентикалық дәстүрлердің 
тікелей жалғасы болған жоқ, өйткені ол сырттан әкелінді.


40 
Ұлттық болмыстың даму мәселесі ретінде жаңадан пайда болған 
рухани түсінуді қазақ зиялылары ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында алға 
тартты. Антиномизм, яғни қазақ руханиятының қарама-қайшылығы 
оның ортақ тағдырының ауқымында жасампаздық пен қиратудың, 
бекітудің және теріске шығарудың бөлінбеуінен тұрды: мәдениеттің 
жаңа жүйесі дәстүрлі сананы бұзды. Қазақ сазгерлерінің (күйші, ақын, 
жырау, әнші, сал-сері) іс-әрекеті осы бір мәнді емес жағдайда ұлттық 
болмыстың уақыт талабына батыл, ашық қабылдауы болды. Бұл іс-
әрекет саласы қиылыспайтын «жағалаулардың» «көпірлерін» құрды. 
Оның шығармашылық нәтижелері сәйкесінше қарама-қарсы мағына- 
ларды жинады және ажыратылмайтын түрде дамыды.
2. Постномадтық кезеңнің өкілдері ретінде Естай Беркімбайұлы- 
ның шығармашылық іс-ірекетіне мінездеме 
Оған мысал ретінде ақын, әнші, сал және композитор ретінде 
халық жадында қалған атақты жерлесіміз Естай Беркімбайұлының 
шығармашылық іс-әрекеті. Осылайша, оның тұлғасының маңыздылығы 
екі мәдени-тарихи дәуір шегінде шығармашылықпен айналысқан 
қайраткер ретінде айқындалады. Бір жағынан, Естай ауызша кәсіби 
дәстүр қайраткерлері саңлақтар, атап айтқанда: акындық және сал-
серілік топқа жатады. Бұл ретте біздің атақты жерлесіміз Байғабыл 
Жылқыбаев, Жүсүпбек Елебеков және әншілік өнердің басқа да белгілі 
шеберлері түпнұсқа түрінде – Арқа әншілік дәстүрінің мұрасын 
ұқыптап жеткізген сал-серілердің өкілдерінің бірі болып табылады. 
Екінші жағынан, Естайдың шығармашылық қызметі кеңестік 
Қазақстанның жаңа әлеуметтік-мәдени өміріне үйлесіп кетті. Ол ақын- 
дар мен жазушылардың бірінші облыстық слётінің (1939) жұмысына 
қатысты, Қазақстан композиторлары кеңесінің мүшесі ретінде (1939) 
белсенді қоғамдық қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары Естай 
өз өнерімен адамдарды еңбектегі ерліктерге жетеледі. Оның «Туды 
күнім», «Өмір» және т.б. әңдері кеңестік өмірге арналды. 
Бұл тұрғыда атақты жерлесіміздің шығармашылық жолы ұлттық 
«Мен» өзегін сақтай отырып, қоғамда болып жатқан әлеуметтік-
мәдени өзгерістерге бейімделе алған ақын Жамбыл Жабаев, күйші 
Дина Нұрпеисова, әнші және ақын Жаяу Мұса және басқалар сияқты 
көрнекті қазақ шеберлерінің мәдени мұрасы мен шығармашылықта- 
рына ұқсастығымен ерекшеленеді. 
Естай тұлғасы туған елінде, туған жері Сарыарқада қалыптасты. 
Сары – Күннің бейнелі атауы, ол барлық көне халықтар үшін үлкен 
құрметке ие болған Құдай. Арқа – тікелей мәні дене мүшесі. Қазақтарда 
«арқа сүйеу», «арқасы бар» деген мағынасы терең тіркестер бар. Оның 
мағынасы «тірегі, қолдаушысы бар» дегенді білдіреді. Басқа мағынасы 
«қазір де болашақта да адамның мәңгі тірегі мен қолдаушысы бұл – 


41 
Жарық Дүние (сондай-ақ бұл Өмір және Дүние, Өмір мен Дүниенің 
ажырамастығын сезініп түсіну: әр адам ішкі терең түйсігімен білетін 
мәңгілік «арқа сүйеу» дегеніміз осы). Ол адамның түсінігінде үнемі 
болады және бұл тіректің күштілігі мен мәңгілігіне күмән келтіре 
алмаймыз. 
Ұлт генофонды Қазақстанның шығыс, орта және солтүстік 
аймақтарында, орта жүздің ән мектебінде (Арқа әншілік дәстүрі) 
анағұрлым терең көрініс тапқаны тарихи қалыптасқан жағдай, оны 
«Ақылың болса, ән тыңда» мақалынан да байқауға болады. Бұл қысқа 
фразеологизмде ата-бабамыздың ауызша кәсіби мәдениеттің көңіл 
көтерушілік (уақыт өткізу үшін) емес, әлеуметтік-қалыптастырушы 
жоғары қызмет атқарған даналық әсемдігінің табиғаты ашылады. 
Сонымен ақындар (суырып салма ақындар мен әншілер) кең ән 
репертуарын шығарушылар мен орындаушылар бола отырып, көшпелі 
этноқоғамда халықтың рухани мұрасын сақтау және тарату миссиясын 
атқарды. Олардың басты қызметі айтыстарға қатысу және дәстүрлерде 
берілетін ырымдар бойынша отбасылық-тұрмыстық салттарды өткізу 
болды. Ақындардың азаматтық миссиялары «оларды сақтап қана 
қоймай, оны тірі жадыдан барлық тыңдаушылардың жадыларына 
тікелей беру» болды.
Махаббат пен оның тамаша көріністерін дәріптеген сал-серілер 
мен әншілердің лирикалық-әншілік шығармашылықтары қоғамның 
үйлесімділік пен тұрақтылығының негізі ретіндегі отбасы мәртебесін 
бекітуге бағытталды. Сонымен қатар олар «махаббаттың рухани және 
жанға жылы әсемдігі, оның үйлесімділігі мен мәңгілігінің мәні алдыңғы 
қатарға қойылған дала этикетінің негіздерін жастарға дарыту, тәрбие- 
лік қызметті» жүзеге асырды. 
ҚР Тәуелсіздік әлеуметтік-мәдени өмірінде «мәдениетіміздің 
рухы» анықтамасына ие болған қазақ мәдениетінің мәнін «Қоңыр 
үнді, қара домбыра» тіркесі де береді. Қоңыр – қазақтардың дәстүрлі 
музыкасының негізгі түсініктерінің бірі: ойшыл, терең, пайымдаушы 
деген мәнде; терең ойды, өмірдің барлық күрделі көріністерін: өткені, 
бүгінгісі мен болашағы туралы ой-толғау үстіндегі жай-күйді білдіреді. 
Күй өнерінде төкпе және шертпе дәстүрінде кездеседі; ән мәдениетінде 
мәдениет реңкін: жұмсақ, байыпты, әдемі үн, баяу ән, баяу әуенді беру 
үшін қызмет етеді. Мұндай мағына Естайдың орындаушылық және 
вокалдық шеберлік пен жеке стильдік заңдылықтардың кемелділігуімен, 
сөйлеу және әуендік интонациялармен сипатталатын «Жайқоңыр», 
«Назқоңыр», «Майда қоңыр», «Қоңыр жел» әндеріне тән. 
Көпмағыналы мәдени әмбебап «қара» сөзінің де әртүрлі мәндік 
деңгейлері бар. «Қара жер, қара шаңырақ, қара сөз, қара домбыра» 
және т.б. тіркестер тұрақты, мәңгі, уақытқа бағынышты емес дегенді 


42 
білдіреді; ә) жанрдың атауында қара сөзі бастапқы, басты, қарапайым, 
ұлы, күшті, қарымды, қасиетті өлең сияқты бірқатар коннотацияларға 
ие. Сонымен «қара өлең», «қара домбыра» дүниетанымдық констан- 
талары ата-бабаларымыздың рухани мәдениетінің өмірлік мәні бар 
және мағына жасаушы мәнін көрсетеді және білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет