Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Көркем өнердің сипаттамасы
2. Музыкалық көркем өнердің пайда болуы
3. Шығыс халықтарындағы музыкалық көркем өнердің еректе-
шіктері
4. Батыс халықтарындағы музыкалық көркем өнердің еректе-
шіктері
5. Монодия туралы түсінік
Жалпыға қол жетімді ұсынылған әдебиеттердің тізімі:
1. Кокумбаева Б.Д. Казахская музыкальная культура: учебное пособие
/Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ПГПУ, 2020. – 134 с. – сс. 45-51.
http://кітапхана.қаз/catalog/200825/200825-001.htm
2. https://kk.wikipedia.org/wiki Музыка // Уикипедия – ашық
энциклопедиясынан алынған мәлімет
3. https://faktiler.kz/muzyka-turaly-kyzykty-malimetter/ Музыка туралы
қызықты мәліметтер
4. К. Сахарбаева Қазақ күйшілік мектептерінің қалыптасуы (Құрманға-
зы атындығы ҚҰК мысалында) - Saryn art and science journal 2(15) 2017//
http://knk-nauka.kz/wp-content/uploads/2017/06/Saharbayeva_K_The_becoming_
of_Kazakh_kuy_schools_on_the_example_of_Kurmangazy_Kazakh_National_C
74
15 тақырып. Музыкалық білім беру ауызша феномен ретінде
Тақырыптың мақсаты: Музыкалық білім беруді сипаттау
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: білім беру, музыка-
лық білім берудің түрлері, ауызша музыкалық кәсіби практика
(АMКП), жазбаша композиторлық практика (ЖКП)
Музыкалық білім беру ауызша феномен ретінде тақырыбы
бойынша сұрақтар:
1. Музыкалық білім беру ауызша феномен ретінде
2. Түрік және қазақ мәдениетіндегі ауызша музыкалық білім беру
Дәріс:
1. Музыкалық білім беру ауызша феномен ретінде
Мәдениеттің бірде-бір қабаты адамның ішкі әлеміне білім беру
ретінде тікелей және терең әсер етпейді. Бұл тәрбие – білім беру
жүйесінің табиғатында дін, мораль, өнер, философияны қамтитын
мәдениеттің интеграцияланған ұқсастығы ретінде қаланған. Өйткені,
білім беру-тәрбиелеу саласы әр адамның өмірін, мінез-құлқын, ой-
өрісін анықтайды. «Білім беру – бұл тұтас адам болмысының
бейнесі». Мағынаны ашу және көрсету арқылы білім беру тіршіліктің
өсуіне ықпал етеді, өйткені тек көрініс тапқан мағына бола отырып,
адам болмысын адамша деп атауға болады.
Білім беру – өз нысандарының алуан түрлілігімен сипатталатын,
жалпы адамзат феномені. Адамзат тарихындағы жалпыға ортақ
құбылыс – ауызша мәдениет және соған сәйкес ауызша білім беру.
Сонымен қатар, бұл қабат адамзат мәдениетінің іргелі және жетекші
бөлігі болып табылады. Осы қабаттан адамзаттың мәдени өмірі мен
білім беру дәстүрі басталды. Индустриалдық өркениетке дейінгі бүкіл
ежелгі және ортағасырлық әлем негізінен ауызша мәдениеті мен
ауызша білім беру аясында дамыды.
Тақырып аясында орыс ғалымы және композиторы И. Мациев-
скийдің ауызша білім беру мәдени-тарихи өлшемде кешенді талданған
мақаласы өзекті болып табылады. Мұнда музыкалық білім беру
ауызша феномен ретінде шығыс және батыс мәдениеттеріне тән
халықаралық феномен ретінде айқындалады. Мұндай шешім ғалым
тұрғысынан зерттелетін феномен жалпы адамзаттық өркениеттің
қайталанбас әртүрлілігін беретін, дамып келе жатқан тірі құбылыс
екенін атап өтуге арналған.
Екіншіден, ауызша музыкалық білім беру И. Мациевскиймен
мәдени тұтастық ретінде сипатталады, атап айтқанда: өнер мен білім
беруінің бөлінбейтін бірлікті құрайтын ауызша-кәсіби музыкалық
мәдениет.
75
Үшіншіден, зерттеуші осы мәдени салаға құрылымдық-функцио-
налдық талдау жүргізеді, онда ауызша музыкалық кәсіби шеберліктің
келесі белгілері бөлінеді: 1) шебердің шығармашылық тұлғасы –
ауызша мәдени дәстүрдің тасымалдаушысы; 2) оның келбетінің және
іс-әрекетінің сипаттамасының өзі өмір сүрген ортаның біртұтас жүйе-
сіне сәйкестігі; 3) контакты/ түйісу коммуникациясы, трансляциясына
(музыкалық мәдениеттің өмір суыруы мен батыс етуі) тікелей
шығармашылық-орындаушылық байланыс ретінде талданылады. Атап
айтқанда: ұстаздан шәкіртке, ұрпақтан ұрпаққа.
Төртіншіден, И. Мациевский ауызша мәдениетіндегі кәсіпқойына
мінездеме береді. Оның пайымдауынша, «өзінің дарындылығы арқа-
сында қоршаған ортадан ерекшеленетін бірегей тұлға ғана; репертуар
мен оның қызмет ететін жүйесін, көрермендердің талғамы мен
ұмтылысын білетін; көркемдік шеберлігі және адамдарға, табиғатқа,
табиғаттан тыс құбылыстарға әсер ету үшін арнайы ұсынушы (соның
ішінде сиқырлы) қабілеттерге ие болған; қоршаған ортаның сеніміне
ие болған адам» ғана кәсіпқой бола алады.
Бесіншіден, зерттеуші қазіргі және болашақ адамзат мәдениетін-
дегі ауызша кәсіпқойлықтың өміршеңдігі мен болашағы туралы
пікірді қорғайды. «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, қаламен
байланысы, ... арнайы оқу орындарында оқу», жалпы «интеграциялан-
ған, аймақтық және әлемдік музыка жүйелерінің (жазба мәдениетін
қоса алғанда) ауызша кәсіпқойлардың шығармашылық тәжірибесіне
әсер етеді. Бірақ осы жағдайда да ауызша кәсіби мәдениеттің тасымал-
даушысы және қорғаушысы-сақтаушысы ретіндегі кәсіпқойдың
«жалпы және көркемдік дүниетанымына, ортаның дыбыс идеалына
сәйкес келіп тұрақтандырылады.
Ғалымның мақаласына қысқаша талдау жасай отырып, бұл
көзқарас, бір жағынан, музыкалық кәсіпқойлықты жалпыға ортақ деп
түсіндіруге ықпал ететіндігін атап өтеміз. Екінші жағынан, ерекше екі
құрылымды: ауызша музыкалық кәсіби практика (АMКП) және жазба-
ша композиторлық практика (ЖКП). Осылайша АМКП мен ЖКП-ны
біртұтас мәдени-тарихи тұтас екі бөліктен тұратын процесс ретінде
салыстыру үшін перспективалар ашылуда. Біз алдын-ала олардың
қызметтері, яғни функциялары туралы ережелерді көрсетейік. Бәрімізге
мәлім, ЖКП-сы тұтастай алғанда композиторлық мектептер, стильдер
мен жекедарашылдық айырмашылықтарындағы бірлік. Осыған ұқсас,
АMКП-сы да адамзаттық мәдениеттің қайталанбас дәмін құрайтын
көптеген жергілікті және авторлық мектептерден, бағыттардан, жеке-
дарашылдықтарды енгізеді. Әрине АМКП-сы аймақтық, өркениетті
және ғаламдық деңгейлерде түсіну және жүйелі түрде жіктеу болашақ
76
мәселесі ретінде көптеген зерттеушілердің қажырлы еңбегін талап етеді.
Мұнда қысқаша, оқу құралының тақырыбы тұрғысынан, қазақтың
ауызша музыкалық кәсіби тәжірибесі мен ауызша музыкалық білім
беруіне талдау жасалынады. Бұл өзекті, өйткені музыкалық өнердің
өміршеңдігі музыкалық білім беруді мәдениеттің трансляторы, яғни
тасымалдаушы ретімен байланысты.
2. Түрік және қазақ мәдениетіндегі ауызша музыкалық білім беру
Ауызша білім беру феноменін сақтап, дамытқан елдердің ішінде
Орталық Азия (ОА) халықтары, атап айтқанда: түркі, дәлірек айтсақ
түркі-моңғол әлемі. «Рухани білім, Рухани ілім, немесе Қасиетті кітап»
ұғымының бастапқы анықтамасы – аспан белгілерін, яғни Көк Мәңгі
Тәңірдің білімін түсіндірушісі; білім – Тейри бельгиси, билим –
карач.-балкар.
Этитии (моңғол, якут/саха) – Көк Мәңгі Тәңірдің дауысың, Сөзің,
яғни сазың біреудің немесе бір нәрсенің, оның ішінде табиғи құбы-
лыстың – этин (найзағай уақытындағы күн күркіреуі) көрінісі; Этитии
деген – бұл спонтандық, яғни күтпеген жерден, өздігінен, еріксіз
немесе діни транс, яғни бей-жай күйінде көрінетін білімді еске түсіру.
Тәңірлік дәстүрдегі этитии үөрек ретінде қабылданады, яғни, бір
нәрсе үйрену деген мағынада. Этитии жағдайдағы адам оқытылуы
керек; этитии рухани Ілім ретінде арнайы уһуйуу оқытумен байланысты;
үөрэх мен уһуйуу ұғымдары бір-біріне қайшы келмейді.
Этитии оқудың ретке келтіретін құралына айналады; Тәңірдің
кез-келген көрінісі – бұл этитии түрінде қабылданатын және ілім
түрінде жүзеге асатын жіберілген рақым; Оқыту барысында оны
жүйелеу үөрэх – ілім, арнайы оқыту уһуйуу білімінде, бичик деген оқу
кітабына жазылған немесе ауызша қасиетті ілім ретінде таратылады;
Этитии (монғ. онгод) танылған көріністердің жинақталуы – этитии –
якут тәңірліктің ауызша негізі ретінде оқыту жүйесін қалыптастыруға
ықпал еткен (Глоссарийден).
Халқымызда ауызша мәдениеті және, тиісінше, ауызша білім беру
басым орынға ие болды. О туралы елімізде келесі жолдар сақталған:
Адам күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңірім естиді
Тәңірдің күбірі – күй.
Бұл жерде, біріншіден, Күй – ежелгі түріктің «Көк»-тен шыққан
түпнұсқасы – Түркі әлемінің тәңірлік мәдениетіндегі бір мезгілде
Жаратушы және Оның жасағаны екендігіне назар аудару керек.
Екіншіден, Күй/Көк құдіреті, Тәңірдің күбірі (күбі – тамырдан деген,
яғни «терең», «маңызды» бірдеңе деген мағынада). Үшіншіден, күй –
руханилықты барабар, яғни адекватты түрімен кодтайтын/біріктіретін
сөзбен саздың ажырамас синкрезі, яғни біртұтастығы.
77
Сөйтіп, күйшіні түркі әлемінің мәдени кейіпкері ретіндегі оның
алғашқы Ұстазы деп танылуына негіз береді. Көк (Күй) туралы
көнеқытай жазбаларында мынадай мәліметтер сақталған: «Ертеде
Шунь Аспан асты елін музыка арқылы тәрбиелегісі келіп, Чун мен
Лиге сайын даладағы шөптердің арасынан Күйді тауып, сарайға алып
келуді бұйырды, осыдан кейін Шунь оны музыкалық мекеменің
басшысы етті.
Кейіннен Күй алты ладтарды ( қытайша мои) түзетіп, сегіз желге
(фэн) сәйкестендіру үшін бес нотаны (шэн) тепе-теңдікке (үйлесімдікке)
келтірді. Осыдан кейін Аспан асты елі толықтай мойынсұнды». Чун
мен Ли тағы да әлде біреулерді іздестіруге аттанбақшы болғанда
Шунь былай деген: «Музыка бұл – нәзік ци – аспан мен жердің өсуі
және кемуі қарқынын белгілейтін әуе материясы. Сондықтан тек
данагөй ғана оған үйлесімдік (сапа) бере алады. Музыканың негізі
осындай. Күй оның көмегімен бүкіл әлемді тепе-теңдікке әкелу үшін
оған үйлесімдік бере алды. Күй сияқтының біреуі де жеткілікті».
Келтірілген деректі куәліктен шығатыны, Күй – мифологиялық
дәуірдің мәдени кейіпкері, ежелгі Шығыстың ауызша акустикалық
мәдениетінің танылған ұстазы.
Мәдениет тарихында түркі әлемінде «сегіз қырлы, бір сырлы»
деген атпен танымал болған Қорқыт баба (Қорқыт Ата Әулие) есімі
сақталған. Халқымыздың сөзімен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы»
деп анықтаған жөн болып табылады. «Сегіз қырлы, бір сырлы» – жан-
жақты қабілеттерге ие тәңірліктің қасиетті типі. Бастапқы генетикалық
негізінде 8 қырлының іс-әрекеті өзінің айрықша ақылы, руханилығы,
шығармашылық дарыны, сөзсіз әртістік қабілетінің арқасында көзге
түскен бақсылардың, күйшілердің салттық-ғұрыптық тәжірибесінде
көрініс тапқан рухани-практикалық тұтастықты білдіреді. Олар қоғамда
аң аулау, емшілік, жерлеу сияқты маңызды істерді атқарды. Бақсы,
немесе күйші адам жанын ұлы түсінуші: оны жалғыз көруші, өйткені
оның құрылымы мен мақсатын біледі. Оның емшілік арсеналында –
психотерапиялық мәнге ие әртүрлі сиқырлы әрекеттер, арбаулардың
болуы тегін емес. Бір сөзбен айтқанда, олардың іс-әрекетінде
өркениетті қоғамда дін, медицина, білім салалары мен өнердің алуан
түрлері арасында бөлінетін тұтас түрде болатын әмбебаптың рухани
типі.
Тәңірлік рухани ілімнің негізгі қағидасы – аспан мен жердегінің
теңдігі, сакралды мен секулярлықтың, рухани мен материалдының
осы үйлесімділігі аясында «сегіз қырлы, бір сырлының» ауызша-
кәсіби мәдениеттің әртүрлі мамандандырылған типтеріне кейінгі
дифференциациясы жүзеге асырылатын, бекітуші негіздемесі болып
78
табылады. «Сегіз қырлы, бір сырлы» рухани-шығармашылық іс-
әретінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге қарамастан оларды
біріктіруші немесе басқаша айтқанда, мәдениеттің культ ретіндегі
тәңірлік негізі сақталуда.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» рухани-шығармашылық іс-әрекетінің
мәндік негізі көшпелі қазақтар мәдениетінің барлық тұстарын
анықтайтын тәңірлік күнтізбе құрастырады. Ә. Мұхамбетоваға сәйкес
мүшел күнтізбесіне ауызша-кәсіби мәдениет қайраткерлерінің қандай
да бір жас тобының мазмұны саласына бағдарлануы сәйкеседі. Осылай
ақындар «кемелденген адамның жан дүниесін оның зияткерлік және
әлеуметтік тәжірибе байлығымен бірге бейнелейді». «Жыраулар
шығармашылығы – ой мен рухтың ұшқырлығын, даналықты, үлкен-
дердің кемелденген дүниетанымдарын шоғырландырған жанрлармен
ұсынылған халықтың рухани тәжірибесінің шыңы».
Сал мен серілер қоғамдағы «жастар мәдениетін» анықтауға
міндетті болған. Олардың шығармашылығы бұл – жастар әлемі;
эмоционалды сезімге толы өмір сүру, табиғаттың, адал жүйрік пен
сұңқардың сұлулығын, әйелдің көріктігін, махаббат бақытын дәріптеу
және ... бұл жалған өмірде бақытқа қол жеткізудің мүмкін еместігі.
Сал-серілердің лирикалық-әңшілік шығармашылығы махабатты және
оның керемет көріністерін жырлауға, сондай-ақ қоғамды үйлесімді
және тұрақты негізі ретінде отбасы статусын нығайтуға бағытталды.
Сонымен қатар олар жастарға бірінші орынға махаббат, жан мен
рухани сұлулық, оның үйлесімділігі мен мәңгілігі қойылған дала
этикетінің негіздерін дарыта отырып, тәрбиелік қызмет атқарды.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» іс-әрекетінде өзіне барлық сегіз
міндетті жинақтаған күйші ерекше орын алады. Рухани-практикалық
тұтастық қойнауында туындаған ол бойына «көшпелі қоғамның өмірлік
және рухани тәжірибесінің барлық қырларын» жинақтады. Сондықтан
күйде мәдениеттің тәңірлік күнтізбесіндегі «өмірлік циклдің барлық
баспалдақтарының мазмұны көрініс тапқан», – дейді Ә. Мұхамбетова.
Сонымен сегiз қырлы хандармен, билермен, батырлармен бірге
қазақ қоғамының дүниетанымын қалыптастырған шынайы рухани
элита болып табылады. Ұқсастар бір-бірін айқындайды; тәңірлік
әлемдегі рухтың кодификалиялануы бастапқы мәннен, бастапқы
көзден бастау алады. Яғни, рухани өмірдің атанасиясы, Болмыстың
шындығы болып табылады. Мәңгілік, нақты шындық сол.
Жоғарыда айтылғандардан, қазақ қоғамының барлық әлеуметтік-
жастық қайраткерлерін қамтитын сегіз қырлы институтының нұсқасын
таныстыру заңды. Барлық 8 келбетімен меңгерген шынайы тарихи
қайраткерлердің бірі Қорқыт Ата Әулие, немесе Қорқыт Баба деп
атайды. Қазақ мәдениетінде оны Күй Атасы Қорқыт деп те атайды.
79
Ата – есімі (ат) бар адам. Көнелердің дүниетанымына сәйкес тек
ақсақалдар ғана бұл басымдыққа ие болған, өйткені олар ата-бабалары-
ның әлеміне – аруақтарға жақын болған. Сонымен қатар күйші, бақсы,
ұста, ұстаз; сал-сері, ақын, жырау. Тіпті бүгінге дейін қазақ ортасында
жырау немесе ақын, күйші немесе сал-сері, әнші болсын, әрбір жеке
өнерпаз жалпы шығармашылығын жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
Атап айтқанда, ұстаздың – шығарушының – орындаушының, яғни
саугер және ақын, әнші және аспапшы.
Қорқыттанушылардың (филологтар мен тарихшылардың, дінтану-
шылардың, философтардың және өнертанушыларының) зерттеулері
«ежелгі данагөйдің бейнесі мен мұрасы тек жазбаша деректерде ғана
сақталмаған; оның есімі өмір – өлім – мәңгілік экзистенциалды мәсе-
лерін тудырған және өзінің түпкілікті түрінде өзінің ерекше шешімін
ұсынған ғаламдық ауқымдағы ойшыл ретінде танымал жадпен қастерле-
неді. Атап айтқанда: сөз бен саздың ажырамас синкрезі, яғни біртұтас-
тығы арқылы ауызша аутентикалық трансляция, яғни тасымалдаушы
ретінде. Рухтың өзіндік ерекшелігі бүгінгі күнге дейін өзінің маңызды
мағынасында әлі күнге дейін тиісті түсінікке ие болмаған керемет
тәжірибе болып қала береді.
С. Акатайдың пікірінше, Қорқыт тәңірлік рухани ілімінің құру-
шысы, уағыздаушысы және жетекшісі ретінде бір уақытта екі әлемде
орын алады. Ойшылға қосылу арқылы С. Акатай айтқан идеяны одан
әрі дамытуға болады деп санаймыз. Біріншіден, екі әлем (Бу дүние
және О дүние) «8 қырлы, 1 сырлы» түпнұсқа фразеологизмінде мета-
форалық жалпылау алды. О дегені (осы жер әлеміндегі 4 түпкі және
аспан әлеміндегі 4 түпкілік). «Бір сыр деген бір құпия» иесі болған
8 қырлы тұлғаның мәнің болмыстың құпиясын өмір сүру мен өлімнің
өзара ауысуы ретінде білетін және жеткізетін зияткерлік-шығармашы-
лық қайраткер ретінде түсіндіруге болады. Басқаша айтқанда, өмір
мен өлімің мәңгілік ретінде. Қорқыт Ата Әулиенің үні – қыл-қобыздың,
дауыстың және сөздің бөлінбейтін синкрезисі, яғни біртұтастығы.
Өмірді кең мағынада, мәдени-философиялық түсініктегі рухани-
лықпен, яғни Мәңгілікпен байланыстыру Қорқыт Ата Әулиенің
зияткерлік-шығармашылық іс-әретіндегі жетекші идея болып табылады.
Және де рухани феномен болғандықтан дыбыспен, үнмен трасляция-
ланады. Қорқыт Ата Әулиенің үні – саз бен сөздің және қыл-қобыз-
дың ажырамас синкреттік біртұтастық. Жоғары әлемнің тұрғындары
құстардың үкілерімен, қошқардың мүйізі түрінде қыл-қобыздың басың
темір салпыншақтарымен әшкерелеген. Орта әлемді аспандағы ашық
шелек ретінде жасалып одан бақсының шақыруымен рухтар шығатын
аспаптың сырты, яғни корпусы, рәмізденеді. Төменгі әлем құралдың
ішіне орналастырылған айна арқылы асырылады, ол Дүниежүзілік
80
мұхитты немесе қазақтар айтқандай, «Төменгі суларды» бейнелейді.
Қобыздың жуан, бай, обертондарды, яғни басты және одан жоғары
қосылып дыбысталатын үндер қатарымен ерекше реңк беретін тембрі/
бояуы рухтардың келуінің белгісі.
Түркі мәдениетінің трансляторы ретіндегі ауызша білім берудің
өзіне тән «бата» сияқты салт-дәстүрмен сүйемелденеді. Бата – игі
тілек, сөздің сиқырлы күшіне сенімділікті ұялатады. Кез келген той,
іс, жол сапары батаны берумен басталып, сонымен аяқталады. Батаны
жасы үлкен ерекше сыйлы адамдар жасайды. Оның түрлері: тілек
бата, – өсіп келе жатқан ұрпаққа (балаларға, жастарға) арналады; ақ
бата немесе бата сөз, – ұстаздың өз шәкіртіне айтатын тілегі. Әсіресе
халық алдында бата алу жаңадан іске кіріскен билердің, шешендердің,
жыраулардың, ақындардың, күйшілер мен әншілердің кәсіптік шебер-
лік дәрежесін көтере түседі.
Тәңірлік білімнің өзіндік ерекшелігі мәдениеттің барлық салала-
рына тән әлеуметтік-мәдени негіздермен анықталады, атап айтқанда:
мәдени біртұтастық, немқұрайлылық, жеке мәдени формаларына
бөлінбеуі. Тәңірліктің табиғаты мен мәнін тұтастай, сонымен қатар
оның әртүрлі мәдени нысандарын сипаттайтын дәл осы бастама болып
табылады. Мысалы, қазақ мәдениетінде танылған ақындар, күйшілер
мен әншілер жас мұрагерлеріне, шәкірттеріне өздерінің білімдерін,
тәжірибелері мен шығармаларын ауызша трансляциялау түрде өсиет
және кеңес жанрлары арқылы береді. Ерекше жағдайларда ұстаздары-
ның өсиет немесе кенес орындағандары «бата» ырымымен жүргізіліп
домбырасын шәкіртіне беру арқылы жиі кездеседі. Осылайша, кәсіп-
тік оқыту үш үлкен кезеңнен тұратын мамандандырудың үйлесімді
жүйесі болды: эмпирикалық, яғни тәжірибелік дайындық, шебердің
басшылығымен үйрену, ең биік деңгейі – халық алдында ұстаздың
батасын алу.
Аталған жанрлар, бір жағынан, нақты бір оқиғаларға арналады,
екінші жағынан көпшілік алдында шығарылып орындалған сон
ортаның қоғамдық сипаттамасына айналады. Олардың ерекше әсері
мен өміршеңдігін күндегі жай мен жоғары болмыс, өмір мен өнер
нағыздалығы анықтайды. Сөйтіп, түркі мәдениетінің дәл мәні бұл
өмірдің мағынасын түсінудің негізгі мүмкіндіктерінің бірі ретінде
құрылады. Атап айтқанда, әдеттегі ахуалға ең негізгі «өзегі» ретінде
ену, оны өмірдің терең түсінігі ретінде шабыттандыру, «адамның екі
әлемге де тиесілі екендігі куәландыруы: тікелей болмыс әлеміне және
рухани мәңгілік құндылықтарға ұмтылу ізденістер әлеміне.
Осылайша ауызша рухани білім беру әлеуметтік-мәдени процесс
ретінде өзінің негізгі қызметін жүзеге асыра отырып, адам болмысы-
ның қасиеттерін дамытады. Атап айтқанда: жалпы кеңістіктегі ұрпақ-
81
тар бірігуі, оған қатысушылардың әрқайсысының тұрмысы және ортақ
болмысты қалыптастыруын. Сөйтіп, Ұлы Даласының түпнұсқалық
музыкалық білім беруін Мәңгілік ел руханилығын трансляциялануы
ретінде өзектендіру мәселесі дәлелденеді.
Сонымен қатар ұлттық, аймақтық (орта азиялық) және ғаламдық
идеялар тәңірлік білім беру моделінде таңқаларлық ұйлеседі. Бұған
мысал ретінде құс бейнесін философиялық мазмұнды және көркемдік
тұрғыдан іске асылырған Динаның «Бұл-бұл» күйін келтіруге болады.
Бұл-бұл – әлемдік мәдениет, өнер және әдебиеттің бейнесі. Сонымен,
тәңірлік мәдениеті, бұл жағдайда Динаның «Бұл-бұл» күйі ғасырлар
бойындағы даналықты қамтиды, мәселелердің шешімін табуға үйрете-
ді, ойлау, түйсігі мен қиялын дамытады. Ол өмірдің жаңа бағыттарын
ашады, бұл болашақтағы өзгерістер мен тұлғалық өсудің жолдарын
кедергісіз ұсынады. Жоғарыда айтылғандар қазақ рухани мәдениеті-
нің көптеген жанрларына, аңыз-күйлер, ән, жыр немесе айтыс болсын
тән; олардың барлығы қасиеттіден бастап күнделіктікте дейінгі деңгей-
лерде маңызды тәрбиелік және дамытушылық рөл атқарды. Сонымен,
түркі руханилықты трансляторы ретіндегі білім беруі даналық жолын
терең түсіну болып табылады.
Оның себебі: көшпелі орта «мәңгі тірі», яғни ауызша «қозғалысқа»
халықтық білім мен мәдени дәстүрлердің берілуіне ықпал етті.
Әншілер, күйшілер, ақындар, жыршы-жыраулар тек қазіргі заманғы
«өнер қайраткерлері» ғана емес. Олар, бір жағынан сол уақытта дана-
гөйлер, көзайымшылар, мұғалімдер, жастардың тәлімгерлері, әкімдер-
дің кеңесшілері. Сондықтан олардың күші, даладағы беделі. Екінші
жағынан олар ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлердің қамқоршысы және
тасымалдаушысы. Ғылыми терминмен анықтағанда – трансляторы
деген мағынада. Ұлы Даланың шежірелері, яғни ДАТ (даланың ауызшы
тарихнамалары), қуатты шығармашылық әлеуетке ие болғандықтан,
рухани құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа таратып, мәдени дамудың
үздіксіз тізбегін құра отырып, шығармашылық және конструктивті іс-
әрекеті барысында үнемі дамытып отырды (Б. Нуржанов).
Достарыңызбен бөлісу: |